Архитектура Аудит Военная наука Иностранные языки Медицина Металлургия Метрология Образование Политология Производство Психология Стандартизация Технологии |
Шартты рай (Conjunctivus)
Рецепте латын тiлiндегi шартты рай тек қана iс-қимыл жасауға итермелеу мағынасын беретiн түрi ғана қолданылады. Ќазақ тiлiнде шартты райдың б±л формасы – «Берiлсiн, аралыстырылсын» деген мағынада берiледi. Шартты рай жасалған кезде етiстiк негiзi өзгередi: I жiктеуде - а дауысты дыбысы –е дауысты дыбысына ауысады, ал II-III және IV жiктеулерде негiзге –а дауысты дыбысы жалғанады. Сосын өзгерген негiзге шартты райда өздiк жалғаулары жалғанады. Медицина терминологиясында шартты рай тек ІІІ жаќта ќолданылады. Шартты райдың негiзінiң жасалуы
Шартты райдыњ 3 жақтағы өзiндiк жалғаулары
Активтi және пассивтi түрдегi шартты райдағы етiстiктердiң жiктеулi
Рецепте жиi қолданылатын етiстiктер Рецептiң латын тiлiндегi бөлiгi Recipe -ал деген б±йрық райы, жекеше түрдегi сөзден басталады. Ол recepio, ere 3-алу деген сөзден жасалған. Б±л етiстiк рецепте шартты райға алмаспайтын жалғыз сөз. Ал басқа етiстiктер рецепте алмасып қолданыла бередi Рецепте жиi қолданылатын мына етiстiктердi еске сақтаңыздар: Б±йрық рай. Da.Signa – Бер.Белгiле. Misce.Da.Signa – Араластыр.Бер.Белгiле. Sterilisa – Тазарт. Repete - Ќайтала. Da tаles doses – Осындай мөлшерде бер. Шартты рай. Detur.Signetur – Берiлсiн.Белгiленсiн. Misceatur Detur.Signetur – Араластырылсын.Берiлсiн.Белгiленсiн. Sterilisetur – Тазартылсын. Repatatur - Ќайталансын. Detur tales doses – Осындай мөлшерде берiлсiн. Рецепте қолданылатын fio, fieri fio, fieri б±рыс етiстiгi жiктелген кезде активтi түрдiң жалғауын пайдаланады, ал аудармада пассивтi мағына бередi. Б±л етiстiктiң шартты райы fi – негiзiне а–ж±рнағы жалғану арқылы жасалады. 3-жақта жекеше түрде – fiat, 3 жақта көпше түрде – Fiant. fio,- fieri – жасалу, қ±рылу етiстiгi, misce – етiстiгiнен кейiн жазылады. Мыс: Misce fiat + iлiк септiгiндегi дәрiлiк форма жасалады; Misce, fiat pulvis – араластыр,±нтақ жасалынсын. Б±л етiстiк рецепте бiрнеше дәрi-дәрмектер атауларынан кейiн, оларға қандай дәрiлiк форма жасау кезiнде қолданылады. Етiстiктен кейiн дәрiлiк формалар атаулары: ±нтақтар, жаѓылма, пасталар, с±йық жаѓылмалар, эмульсиялар көп жағдайда жекеше түрде қолданылады, ал өсiмдiктер жиынтығы көпше түрде жазылады. Fio, Fieri – етiстiгiнiң рецепте қолданылуы (жекеше түрде). Misce, fiat pulvis – араластыр, ±нтаќ жасалынсын. Misce, fiat unguentum – араластыр, жағылмажасалынсын. Misce, fiat linimentum – араластыр, с±йық жаѓылма жасалынсын. Misce, pasta – аралыстыр, сыѓынды жасалынсын Misce, flat emulsum – аралыстыр, эмульсия жасалынсын Misce, flat suppositorium – араластыр, суппозиторий (балауыз) жасалынсын Misce, flat suppositorium vaginale – араластыр, қынаптық суппозиторлар (балауыздар) жасалынсын Жаңа сөздер
Дәрiлiк өсiмдiктер атаулары: Convallaria, ae f – ландыш, меруерт гүл Eucalyntus, i f – эвкалит Menta, (ae) f piperita – жалбыз Salvia, ae f – шалфей, ќырмызы гүл Valeriana, ae f – валериане, шүйгін шµп Дәр i- дәрмектер : Adrenalinum, -i n – адреналин Amidopyrinum, -i n – амидопирин Dibazolum, i n – дибазол Ichtyolum, i n – ихтиол Norsulfasolum, i n – норсульфазоль Nobocainum, i n – новокаин Oleum ricini – кастор майы Papaverinum, i n – папаверин Solutio Ammonii castici – нашатыр спиртi Sulfadimezinum, i n – сульфадемизин Synthomycinum, i n – синтомицин Xeroformium, i n – ксероформ Басқа сөздер Rectificatus, a, um – тазартылѓан Spritus, us, m – спирт Spirituosus, a, um – спирттелген I. Ет i ст i кт i ң бұйрық және шартты райларын жасаңдар . Белгiлеу, тазарту, беру, емдеу, араластыру, қолдану, қайталау, өмiр сүру, сау болу, аяқтау, таңдау, қоректену. II. Терминдерд i аударың ыз . Дибазол таблеткалары, аминазолдың жағылмасы, жалбыз т±нбасы, ксероформ жағылмасы, адреналин ерiтiндiсi, папаверин ерiтiндiсi, амидопирин түйiршiктерi, ихтиол жағылмасы, эвкалипт жапырақтарыныњ т±нбасы, йодттыњ спирттi ерiтiндiсi, эвкалипт майы, кастор майы эмульсиясы, фитин ±нтағы. 22 – сабақ Тақырыбы: Табыс - Шығыс септ i ктер i және олардың рецепте қолданылатын жалғаулықтары Табыс септiгi Accusativus – толықтауыш септiк к i мд i? нен i? деген с±раққа жауап бередi. Б±л септiктiң орта тегiнде септелетiн барлық зат есiмдер мен сын есiмдер, жiктеу түрiне қарамай мынандай ережеге бағынады: 1. Ass. sing (табыс септiгi жекеше түрi) жалғаулары Nom. sing (атау жекеше түрi) жалғауларымен сәйкес келедi. Мысалы: linimentum compsitum, semen dulce, tuberculum puperius. 2. Acc. pl (табыс көпше түрi) жалғаулары, Nom. pl (ата көпше түрi) жалғауларымен сәйкес келедi. Мысалы: linimenta composita, semina dulcia, tubercula superiora. Ал m және f тектерiндегi зат есiмдер мен сын есiмдердiң жалғаулары мынандай: Singularis (жекеше түрi) Pluralis (көпше түрi) I – am I – as II – um II – os III – em (im) III – es IV – um IV – us V – em V – es Ass. sing im – жалғауы sis-пен аяқталған грек зат есiмдерiне және tussis, is f; pertusis, is f; ferbis, is f; pelvis, is f латын зат есiмдерiне жалғанады. Шығыс септ i г i (Ablativus) Ablativus – табыс септiгi к i мнен ? н еден ? деген с±раққа жауап бередi. Шыѓыс септiгiніњ жалғаулары: Sing. (жекеше) plur (көпше) I – a I – is II – o II – is III – e (i) III – ibus IV – u IV – ibus V – e V – ebus 3 жiктеудегi i-жалғауы 1) e, al, ar – мен аяқталған зат есiмдерге, 2) II-топтағы сын есiмдерге, 3) sis-пен аяқталған грек зат есiмдерi мен tussis, is f, ferbis, is f, pelvis, is f латын зат есiмдерiне жалғанады. Латын тiлiнде кейбiр префикстер табыс және шығыс септiктер iнде шылау сөздер болып қолданылады.
1. Табыс септiгiнде қолданылатын шылау сөздер: Ad – дейiн, үшiн; ad. 20,0 – 20, граммға дейiн да, де ad usum externum – iшу үшiн contra – қарсы; contra tussim – жөтелге қарсы per – арқылы, per os – ауыз арқылы көмегiмен; per inhalationem – ингаляция көмегiмен post – кейiн; post mortem - өлгеннен кейiн.
2. Шығыс септiгiнде қолданылатын шылау сөздер cum – бiрге cum extracto – экстрактпен бiрге ex – дан, ден жалғ. ex aqua – судан pro - үшiн pro injectionibus – инъекция алу үшiн
3. Табыс және шығыс септiктерiнде бiрдей қолданылатын шылау сөздер 1. in, sub егер қайда? Неге? деген с±раққа жауап берсе, онда табыс септiгiнде болады. Мысалы: in vitrum – ыдысқа, sub linguam – тiл астына. 2. in, sub – егер қай жерде? неде? деген с±раққа жауап берсе, онда шығыс септiгiнде болады. Мысалы: in vitro – ыдыста, sub lingua – тiл астында. Рецепте жиi қолданылатын табыс және шығыс септiктерiндегi сөздер Ex tempore – талапқа сай In ampullis – ампулаларда In capsulis – капсулаларда In tabulettis obductis - қапталған таблеткаларда In vitro – пробиркада (лаб. жағд.) In vitro nigro - қара ыдыста In vivo – тiрi организмге Per inhalationem – ингаляция арқылы Per os – ауыз арқылы Per reсtum – тiк iшек арқылы Per se – таза күйiнде Pro auctore (pro me) – автор үшiн (мен үшiн) Pro die – 1 күн үшiн, күндiк мөлшер Pro dosi – 1 рет қабылдау үшiн, 1 қабылдауға арналған Pro infantibus – балалар үшiн Pro inhalatione – ингаляция үшiн Pro narcosi – наркоз үшiн Pro rentgeno – рентген үшiн Іn oblatis - қапталған күйiнде Іn spritz-tubаlis- шприц-түтiкте Іn tabulettis – таблеткаларда 23 - сабақ Тақырыбы: Рецепт . Оның қ ± рылымы . Рецептег i қосымша белг i лер . Рецепт Рецепт (receptum – алынған, recepio, ere - алу) – дәрiгердiң фармацевтке жазбаша түрде жазған жүктемесi. Ол белгiлi формада жазылады. Онда дәрi-дәрмектердiң қалай дайындалуы, берiлуi және дәрiнi қабылдау тәсiлдерi көрсетiледi. Рецепт құрылымы Рецепт мынандай бөлiктерден тұрады: 1. Inscriptio – мекеменiң бұрыштамасы және шифры жазылады, 2. Datum – рецептiң жазылған күнi көрсетiлдi, 3. Nomen aegroti – аурудың аты-жөнi жазылады, 4. Aеtas aegroti – аурудың жасы, кµрсетіледі 5. Nomen medici – дәрiгердiң аты-жөнi, 6. Praescriptio – латын тiлiнде жазылады. Бұл бөлiм дәрiгердiң invacatio деген – қаратпа сөзiнен басталады: (Rp:) және designatio materiarum – дәрiлiк заттар мөлшерiмен көрсетiледi. 7. Subscriptio – бұл бөлiмiнде дәрiгер фармацевтке қандай дәрiлiк формада, қанша мөлшерде, қандай қорапта беру керектігiн көрсетедi. 8. Signaturа – белгiлеме; бұл бөлiмде латын тiлiнде Signa- "белгiле", немесе Signetur – "белгiленсiн" сөздерi жазылады. Одан кейiн ұлттық тiлде дәрiнi қалай қабылдау керек тәсiлдерi айтылады. Рецептегi қосымша жазулар 1. Рецептiң жоғары бөлiгiнде: Cito! Тез! немесе Statim! Жедел түрде! 2. Repete! - Қайтала! немесе Bis repetatur! – екi рет қайталансын! деген сөздерi жазылуы мүмкiн.
Рецептегi сөздердiң жазылу тәртiбi Рецептегi сөздердiң жазылу тәртiбi 5 және 6 бөлiмде көрсетiледi. Рецепт – Recipe: - Ал: сөзiнен басталады. Сосын латын грамматикасы тәртiбiмен жазылады.
Ненi? Қанша?
Ненiң?
Әрбiр дәрi-дәрмек рецепте жеке қатарда жазылады. Rp: (ал) – сөзiнен кейiн дәрiлiк заттар және өсiмдiктер атаулары бас әрiппен жазылады. Дәрiлiк заттар, препараттар мөлшеріне (санына) байланысты болғандықтан iлiк септiгiнде жазылады, ал мөлшерi (саны) Recipe-ал – сөзiне қатысты болғандықтан табыс септiгiнде жазылады. Мысалы: Recipe: Infusi herbae Thermopsidis 0.1-100ml. Licuoris Ammonii anisatis 1 ml. Natrii benzoatis 0.6 ml. Sirupi Althacae 20 ml. Misceatur, Detur, Signetur: 1 шєй ќасыќпен күніне 3 рет
Рецепте қатты және ұнтақ дәрiлiк заттар граммен берiледi. Бiрақ грамм сөзi жазылмайды, ол ондық бөлiкпен кµрсетіледі. Мысалы: Recipe: Unguenti Zinci 30,0. Recipe: Anaesthesini 0,3. Recipe: Exracti Belladonnae 0,015.
Сұйық дәрiлiк заттар мл көлемiнде берiледi. Мысалы: Recipe: Olei Vaselini 30 ml (30,0). Recipe: Extracti Cratoegi fluidi 20 ml. Егер сұйық дәрiлiк заттар 1 мл аз болса, онда олар тамшы мөлшерiнде берiледi де, табыс септiгiнде жекеше түрде – guttam, ал кµпше түрде - guttаs деп жазылады. Мөлшерi римдік цифрмен берiледi. Мысалы: Recipe: Solutionis Adrenalini hydrochloridi 0.1% guttam 1. Recipe: Olei Mentae piperitae guttas V. Антибиотиктер мөлшерi көп жағдайда әсер ету бiрлiгiне қарай берiледi. Мысалы: Recipe: Benzulpenicilini-natrii 250000ED. Егер 2 немесе бiрнеше дәрi-дәрмектер атаулары бiрдей мөлшерде берiлсе, онда тек соңғысына а n а сөзi арқылы саны көрсетiледi. Мысалы: Recipe: Amidopirini . Analgini ana 0.25. Da tales doses numero 12 in tabulettis. Signa: Бас ауырған кезде 1 таблеткадан.
Дәрiлiк препараттардың рецепте жазылу тәсiлi 1. Дәрiлiк препараттардың атауларыныњ кең түрде жасалу тәсiлi бар. Бұл кезде сол дәрiнiң құрамына енетiн барлық ингредиенттердi мөлшерiмен бiрге жазады. Бұндай жазу, көп жағдайда misce, fiat ……. деп аяқталады. Мысалы: Recipe: Xeroformi 1,0. Zinci oxіdi 5,0. Lanolini . Vaselini ana 10,0. Misce, fiat unguentum. Da Signa: Терiнiң залалданған жерiне жаѓу үшін. 2. Дәрiлiк препараттардың қысқа түрде жазылу тәсiлi. Бұл кезде рецепт қатарына дәрiлiк форма, әсер етушi дәрлiк зат және оның мөлшерi көрсетiледi. Мысалы: Recipe: Unguenti Xeroformii 3%-10,0. Detur. Signetur: Көзге жаѓуѓа арналѓан май. Таблеткалар мен балауыздар атауларын рецепте жазған кезде, табыс септiгiнде қолданылуы 1. Құрамында бiрнеше әсер етушi дәрiлiк заттар бар, дәрiлiк препараттар тырнақшаға алынып жазылады. Бұл кезде мөлшерi көрсетiлмейдi, себебi ол белгiлi. Мысалы: tabulettae "Сodterpinum" "Кодтерпин" таблеткалары. Suppositoria "Neo-Anusolum" "Нео-Анузол" балауыздары 2. Егер таблеткалар 1 әсер етушi дәрiлiк заттан тұрса, онда дәрiлiк формадан кейiн олар iлiк септiгiнде жазылады, сосын мөлшерi көрсетiледi. Мысалы: Tabuletta Cordigiti 0,008 – кордигит таблеткалары 3. Егер балауыздар 1 әсер етушi дәрiлiк-заттан тұрса, онда оның атауы дәрiлiк формаға cum- шылау сөзi арқылы байланысады да, шығыс септiгiнде жазылады. Мысалы: tabulettas, tabulettas obductas, suppositoria, suppositoria vaginalia.
1. Rp: Tabulettas numero… Қандай?
Қанша?
2 Rp: Suppositoria numero…
Дәрiлiк-өсiмдiктер атаулары: Belladonna, ae f – итжидек Crataegus, i f – долана Frangula, ae f – ит шомырт Rheum, i n – рауғаш Urtica, ae f - қалақай Дәрiлiк заттар атаулары: Aether, eris m – эфир Barbitalum-natrium, i n – барбитал-натрий Cacao - какао Cordigitum, i n – кордигит Dimedrolum, i n – димедрол Diprophyllinum, i n – дипрофинил Euphyllinum, i n – эуфилин Furacilinum, i n – фурацилин Mentolum, i n – ментол Nitroglycerinum, i n – нитроглицерин Phenacetinum, i n – фенацитин Saccharum, i n – ќант Tetracyclinum, i n – тетрациклин Validolum, i n – валидол Басқа сөздер : Aethylicus, a, um – этилдi Aqua, ae f – су Destilallatus, a, um – дистилденген Fluidus, a, um - сұйық Obductus, a, um - қапталған Oleosus, a, um – майлы Quantum satis - қанша керек Sipritus, us m – спирт
24 – сабақ Тақырыбы: Химиялық элементтер атаулары . Қышқылдар . Оксидтер . Латын тiлiндегi барлық химиялық элементтер 2-шi жiктеу орта тектегi зат есiмдер; тек Sulfur,uris n (III),Phosphorus,i m элементтерi ғана ережеге бағынбайды. Көң i л бөл i ңдер . Менделеев таблицасындағы химиялық белгiлер латын атауларымен берiледi: Ca – Calcium, K – kalium, P – Phosphorus. Негiзгi химиялық элементтер атаулары
Химиялық мағына беретiн төмендегi сөздiк бөлiктердi еске сақтау керек. Hydr= грек hydro – су – сутегiнiң, судың немесе гидроксидi топтың бар екендiгiн бiлдiредi. Ох(у)+грек oxy - қышқыл, оттегiнiң бар екендiгiн көрсетедi. Қышқыл атауларының жасалуы Латын тiлiнде, қышқылдар атаулары атау септiгiндегi acidum,i - қышқыл сөзiнен және байланысқан сын есiмнен тұрады. Бұл сын есiм қышқыл жасаушы элементтiң негiзiне icum және osum жұрнақтары жалғану арқылы жасалады. Iс – жұрнағы көп мөлшерде қышқылданғанын көрсетедi. Мысалы: Acidum Sulfur – iс – um күкiрт қышқылы. Acidum barbitur – ic – um – барбитур қышқылы. Os – ж±рнаѓы аз мµлшерде ќышќылданѓанын білдіреді. Оксид атауларының жасалуы Оксидтер атаулары 2 сөзден тұрады. Бiрiншi iлiк септiгiнде элемент атауы, екiншi – оксидтердiң атаулары атау септiгiнде қолданылады. Оху – сөздiк бөлiк оттегiнiң бар екендiгiн көрсетедi, ал префикстер қосылыстардың құрамын көрсетедi. Мысалы: Oxydum,i n – оксид Peroxydum,i n - пироксид Hydroxydum,i n – гидроксид ZnO – Zinci oxydum – мырыш оксидi H O = Hydrogenii peroxydum – сутегi пероксидi AL (OH) - Aluminii h y droxydum – Алюминий гидроксидi. Маңызды қышқылдардың атаулары: Acidum aceticum – сiрке қышқылы Acidum acetylsalicylicum – ацетилсалицил қышқылы Acidum adenosintriphosphoricum – аденозинтрифосфор қышқылы Acidum ascorbinicum – аскорбин қышқылы Acidum benzoicum – бензой қышқылы Acidum carbolicum – карбол қышқылы Acidum carbonicum – көмiр қышқылы Acidum citricum – лимон қышқылы Acidum folicum – фоли қышқылы Acidum glutaminicum – глютамин қышқылы Acidum lacticum – сүт қышқылы Acidum lipoicum - липа қышқылы Acidum nicotincum – никотин қышқылы Acidum nitricum – азот қышқылы Acidum phosphoricum – фосфор қышқылы Acidum salicуlicum – салицил қышқылы Acidum arseniosum – мышяк қышқылы Acidum nitrosum – азот қышқылы Acidum sulfurosum – күкiрт қышқылы Acidum hydrochloricum – тұз қышқылы Acidum hydrocyanicum – синил қышқылы Acidum hydrosulfuricum – күкiрттісутегi қышқылы Дәрiлiк заттар атаулары: Amylum Tritiсi – бидай крахмалы Coffeinum, i n – кофейн Hydrocortisonum, i n – гидрокортизон Oleum Persicorum – шабдалы майы Oxacillinum, i n – оксациллин Sulfacylum, i n – сульфацил Talcum, i n – тальк Vaselinum, i n – вазелин Басқа сөздер : Albus, a, um – ақ Concentratus, a, um – концентратталған Depuratus, a, um – тазартылған Dilutus, a, um – араластырған Flavus, a, um – сары I. Аударың дар Recipe: Tabulettas «Citramonumn» numero 10 Detur. Signetur:
Recipe: Tabulettas Monomycini 0,25 numero 50 Detur. Signetur:
Recipe: Tabulettas «Quadevitum» obductas numero 25 Detur. Signetur:
Recipe: Suppositoria cum Ichthyolo 0,2 numero 10 Detur. Signetur:
Recipe: Suppositoria vaginalia cum Synthomycino 0,25 numero 10 Detur. Signa:
Recipe: Suppositoria «Anaesthesolum» numero 12 Detur. Signa:
Recipe: Dragee2 «Revitum» numero 6 Detur. Signetur:
Recipe: Tabulettas Furacilini 0,02 ad usum externum numero 10 Da. Signa:
Recipe: Aetheris pro narcosi 100 ml Da tales doses numero 6 in ampullis Signa:
Recipe: Solutionis Diprophyllini 10% 5 ml Da tales doses numero 6 in ampullis Signa:
Recipe: Suppositoria cum extracto Belladonnae 0,015 numero 6 Detur. Signetur: I І . Бер i лген сөздер нег i з i нен қышқыл атауларын жасаң дар borum, i n – бор; las, lactis, n – сүт; acetum, i n – сiрке суы; carbo, onis m – көмiр; citrus, i m - лимон; nicotinum, i n - никотин; sulfur, uris n – күкiрт; formica, ae f - құмырсқа.
II І . Бер i лген элементтермен оксидтер атауларын жасањдар Сынап, мыс, мырыш, магний, кальций, темір I V . Рецептердi аударың дар Recipe: Unguenti Hydrargyri albi 5% 25.0 Detur. Sugnetur:
Recipe: Acidi folici 0.0008 Acidi ascorbinici 0.1 Dentur tales doses numero 30 in tabulettis Signetur:
Recipe: Solutionis Iodi spirituosae 5% 20 ml Tannini 3.0 Glycerini 10.0 Misce. Da. Signa:
Recipe: Sulfuris depurati Magnesii oxydi Sacchari ana 10.0 Misce, fiat pulvis Detur. Signetur:
Recipe: Solutionis Hydrogenii peroxydi dilutae 50 ml Detur. Signetur:
Recipe: Tabulettas Acidi glutaminici 0.25 obductas Da. Signa. 25 - сабақ Тақырыбы: Тұздар атаулары . Рецептег i қысқартулар . Тұздар атаулары екi зат зат есiмнен тұрады. Бiрiншi iлiк септiгiнде тұрған катион жазылады, екiншi атау септiгiнде анион жазылады. Мыс: Calcii glycerophosphas – кальцийдiң глицерофосфоты. Adrenalini hydrochloridum – адреналиннiң гидрохлоридi. Methylii salicylas – метилсалицилат.(эфир). Аниондар атаулары белгiлi бiр қышқыл атауларының латын тiлiндегi негiзiне as; is; idum – жұрнақтары жалғану арқылы жасалады. Сутегiсiз қышқыл тұздар аниондарының атаулары, орта текте II – жiктеуде жiктеледi, ал сутекті қышқыл тұздар аниондар атаулары, ер тегiнде III-жiктеуде жiктеледi. Аниондар ат а улары:
Негiзгi тұздар аниондарының атаулары sub –префиксi жалғану арқылы жасалады, ал қышқыл тұздар аниондарының атаулары hydro – префиксi жалғану арқылы жасалады. Мысалы: hydrocarbonas,atis m –гидрокарбонат. Subgallas,atis m – негiзгi галлат. Тұздар атаулары : Magnesii sulfas – магнийдiң сульфаты. Cupri citras – мыстың цитраты. Natrii nitris – нартийдiң нитритi. Kalii arsenis – калийдiң арсенитi. Gydrargyri cyanidum – сынаптың цианидi Thiamini chloridum – тиаминнiң хлоридi. Көмiртектiк радикалдар атауларында қолданылатын сөздiк бөлiктер 1. Көмiртектiњ радикалдар атаулары –yl – жұрнағы арқылы жасалып күрделi сөздер қатарына кiредi. Мысалы: Benzylpenicillinum, Aethуlmorphinum. 2. Радикалдар атаулары өз алдына сөз болып, өте сирек қолданылады. Ол кезде олар атау септiгiнде ium, ал iлiк септiгiнде – ii болып аяқталады. Мысалы: Methуlii salicylas – метил салицилат (силицил қышқылының метильдi эфирi). 3. Мына сөздiк бөлiктердi еске сақтаныздар: а) meth – метил топтары. в) phen – фенил топтары б) aeth – этил топтары г) benz – бензол топтары Дәрiлiк заттар атаулары: Aethylmorphinum, i n – этилморфин Atrophinum, i n – атропин Barbamylum, i n – барбамил Benzylpenicillinum, i n – бензилпеницилин Camphora, ae f – комфора Chloformium, i n – хлороформ Codeinum, i n – кодейн Coffeinum-natrii benzoatis – натрийдiң кофейн-бензоаты Ephederinum, i n – эфедерин Glucosum, i n – глюкоза Lincomycinum, i n – линкомицин Methylii salycylas – метилсалицилат Morphinum, i n – морфин Oleandomycinum, i n – олеандомицин Oleum Helianthi – күнбағыс майы Oleum Olivarum – оливка майы Phenobarbitalum, i n – фенобарбитал Phenoxymethylpenicilinum, i n – феноксиметилпенициллин Phenylii Salicylas – фенилсалицилат Pilorocarpinum, i n – пилокарпин Platyphillinum, i n – платифиллин Rutinum, i n – рутин Streptocidum, i n –стрептоцид Strychninum, i n – стрихнин Synoestrolum, i n – синэстрол Басқа сөздер : Glycepophosphas, atis m – глицефосфат Nydrotartas, atis m – гидротартат Isotonicus, a, um – изотониқалық Tio sulfat, atis m – тиосульфат Рецептег i қысқартулар Рецепт жазған кезде, дәрiгерлер қысқартып жазу әдiстерiн қолданады. Тек дәрiлiк формаларды, өсiмдiк бөлiктерiнiң атауларын, етiстiктердi және белгiлi рецептiк формаларды қысқартуға болады. Дәрiлiк заттарды және өсiмдiк атауларын қысқартуға болмайды. Рецепте қысқартылатын сөздер т i з i м i:
Химиялық мағынаны беретiн сөздiк бөлiктер Thi- (грек. theion – күкiрт) - құрамында атомды араластыратын күкiрттiң бар екендiгiн көрсетедi: Thiaminum, Thiopentalum. Az, zol, (a)zin, (a)zid – (Азот-сөзi грек: azot-азот. a – жоқ , zoon - өмiр) - құрамында азот немесе азоттоптарды бар екендiгiн көрсетедi: Corazolum, Aminazinum. Phthor- (грек: phthoros – талқандау, бұзу) – құрамында фтор қосылысы бар екендiгiн көрсетедi: Phthoracizinun, Phthorothanum.
I.Аударып, iлiк септiгiне қойың ыз Калидiң иодидi, темiрдiң лактаты, мыстың цитраты, гидрокартизонның ацетаты, адреналиннiң гидрохлоридi, стрихниннің гидротартраты, висмуттың негізгі нитраты, олеандомициннің фосфаты, папавериннің гидрохлориді, кальцийдің ацетаты, кальцийдің хлориды, магнийдің сульфаты.
ІІ. Тұздар мен эфирлер атауларын жасаң ыз Салициат (сынаптың, метилдің, фенилдің, натрийдің) Гидрохлорид (этиллюрфиннің, адреналиннің, окситетрациклиннің) Фосфат ( кодеиннің, кальцийдің, натрийдің) Нитрат (срихиннің, күмістің, натрийдің) Сульфат (мырыштың, атропиннің, баридің, стрептомициннің)
ІII. Латын тіліне жазбаша аударың ыз Мыстың цитратының жағылмасы, натрийдің арсенатының ерітіндісі инъекция үшін, метионнің қапталған таблеткалары, этакридиннің лактатының таблеткалары, кодеиннің фосфаты таблеткаларда, натрийдің нитритінің ерітіндісі ампулаларда, тетрациклиннің хлоридінің жағылмасы, глицерофосфаттың түйіршіктері, натрийдің гидроцитраты инъекция үшін.
IV.Төмендегi рецептердi аударың ыз I. Қатты дәрiлiк формалар: Ал: Ацетисалцил қышқылының Цинкофеннiң бiрдей 0,3 Барбитолдың 0,05 Кодеиннiң фосфатының 0,02 Араластырылсын, ұнтақ жасалынсын Осындай мөлшерде 12 данасы берiлсiн Белгiленсін: Күнiге 1 ұнтақтан 2-3 рет
Ал: Атропиннiң сульфатын 0,015 Ақ майдың 4,0 Тазартылған суды керегiнше, араластырылсын, пилюлалардың 30 данасы жасалынсын. Берiлсін Белгiленсін, ұйқы алдында 1 таблеткадан.
Ал: Фитиннiң 1,5 Осындай мөлшерде 8 данасы таблеткаларда берілсін Белгiленсін. Күнiне 1 таблеткадан 4 рет
Ал: Плазмоцидтiң 0,01 Менакриннiң гидрохлоридiнiң 0,1 Араластырылсын, ұнтақ жасалынсын Осындай мөлшерде 15 данасы берiлсiн Белгiленсін: 1 ұнтақтан күнiне 2 рет (ересектер үшiн)
Ал: Анальгиннiң 0,05 Осындай мөлшерлерде 10 данасы таблеткаларда берiлсiн. Белгiленсiн: Кұнiге 1 таблеткадан 2-3 рет
Ал: Үшжапырақ жапырақтарының 15.0 Жалбыз жапырақтарының 10,0 Кориандра өнiмiнiң 5,0 Араластырылсын, өсiмдiк жиынтығы жасалынсын. Берiлсін. Белгiленсін:
II. Жұмсақ дәрiлiк формалар: Ал: Протеиннiң күмiсiнiң 1,5 Мырыштың тотығының Крахмалдың бiрдей 0.5 Вазелиннiң 10,0 Араластырылсын. Берілсін. Белгiлеңiз: көз қабағының жиегiне жазу үшiн арналған мазь.
Ал: Валерианның экстрактының 0,015 Какао-майы керегiнше Араластырылсын, кынаптық кiшi шарлар жасалынсын Осындай мөлшерде 10 данасы берiлсiн. Белгiленсін: Түнге қарай 1 кiшi шардан iшу керек
Ал: Опиум экстрактының 0,005 Какао-майын керегiнше, Араластырылсын, балауыз жасалынсын Осындай мөлшерде 8 данасы берiлсiн Белгiлеленсін: Түнде 1 балуаздан
Ал: Хлороформның Ақ майдың Оливка майының бiрдей 30,0 Араластырылсын: сұйық май жасалынсын Берiлсін. Белгiленсін. Түнде терiнi ысқыла
Ал: Ұнтақ тәрiздi таза дала шөбiнiң Сусыз ланолиннiң Вазелиннiң бiрдей 10,0 Карбол қышықылының ертiндiсiнiң 0,25% Х тамшының Араластырылсын, паста жасалансын Берiлсін Белгiленсін: Iрiңдi жерге жағу үшін
Ал: Талии пластырының 3% 30,0 Берiңiз Белгiленсін жараққаттанған жерге жағу үшін III. Сұйық дәрiлiк формалар Ал: Желатиннiң 2,0 Натрий хлоридiнiң ертiндiсiнiң 100,0 Араластырыңыз. Тазартылсын. Берiлсін Белгiленсін: Терi асты инъекциясы үшiн
Ал: Дала шөбi тұнбасының 15,0; 200,0 нан Берiлсін Белгiленсін: 1 ас қасықтан күнiне 2-4 рет.
Ал: Жалбыз суының Хлороформ суының бiрдей 100,0 Резоциннiң 4,0 Индия опиiнiң экстрактының 0,2 Араластырылсын. Берiлсін. Белгiленсін. Күнiне 3 рет 1 шай қасықтан.
Ал: Миндалдың тәттi ұрығының 200,0 Тазартылған судың 200,0 дейiн Араластырылсын, эмульсия жасалынсын Берiлсін Белгiленсін. Күнiге ас қасықпен 3 рет.
Ал: Термопис шөбiнiң тұнбасының 0,5; 150 нен Берiлсін. Белгiленсін: 1 ас қасықтан күнiге бiрнеше рет.
Ал: Сутегi перекисiнiң концентриленген ертiндiсiнiң 3,0 Тазартылған судың 10,0 Араластырылсын. Берiлсін Белгiленсін: Күнiне құлаққа екi тамшыдан.
26 – сабақ Сан есiм, үстеу, есiмдiк, шылау, жалғаулық Тақырыптың оқытылу мақсаты: Болашақ мамандар осы тақырыптарды оқып түсiну арқылы рецептегi дәрiлердiң мөлшерiн, санын, берiлуiн қатесiз өз тәжiрибесiнде қолдана алуын; оның топқа бөлiнуiн, есiмдiктердiң рецепте қолдануын, үстеу мен жалғаулық шылауларды қатесiз оқып, жазуды үшiн бiлуi керек. |
Последнее изменение этой страницы: 2019-04-19; Просмотров: 446; Нарушение авторского права страницы