Архитектура Аудит Военная наука Иностранные языки Медицина Металлургия Метрология
Образование Политология Производство Психология Стандартизация Технологии


С. созылмалы екіншілік остеомиелит



D. Гарре остеомиелиті

Е. созылмалы біріншілік остеомиелит

44. Науқас А., 66 жаста, оң жақ аяқ басының диабеттік гангренасы мен ортан жіліктің ортаңғы 3/1 бөлігінің ампутациясын жасаған. 4-ші тәулікте іріңдеуге байланысты тұқылдан тігіс шешіліп, жара ажырап, дренаж жасалды. 10 күн өткен соң жарадан іріңді бөліністер бөлінуі тоқтады, бірақ гарнуляция бозарған, әлсіз, тұқылы ісінген. Жалпы жағдайы ауыр, тері жамылғысы қоңыр сұр түсті, склерасының сарғаюы байқалады. Дене температурасы 39-40˚С, АҚҚ-110/70 мм с.б, пульсі минутына 120-130 соққы. Тахипноэ. Оң жақ қабырға астында 5 см-дей бауыр шеті пальпацияланады.

Ортан жілік тұқылы жарасының іріңдеуінен қандай асқыныс пайда болды?

А. жедел жаралы сепсис

В. септикопиемия

С. криптогенді сепсис

D. септицемия

Е. колибациллярлы сепсис

 

45. Науқас А., 66 жаста, оң жақ аяқ басының диабеттік гангренасы мен ортан жіліктің ортаңғы 3/1 бөлігінің ампутациясын жасаған. 4-ші тәулікте іріңдеуге байланысты тұқылдан тігіс шешіліп, жара ажырап, дренаж жасалды. 10 күн өткен соң жарадан іріңді бөліністер бөлінуі тоқтады, бірақ гарнуляция бозарған, әлсіз, тұқылы ісінген. Жалпы жағдайы ауыр, тері жамылғысы қоңыр сұр түсті, склерасының сарғаюы байқалады. Дене температурасы 39-40˚С, АҚҚ-110/70 мм с.б, пульсі минутына 120-130 соққы. Тахипноэ. Оң жақ қабырға астында 5 см-дей бауыр шеті пальпацияланады. Науқасқа-жедел жаралы сепсис деген диагноз қойылды.

Қандай себеп осы асқынуға міндетті емес?

А. қан айналым бұзылысымен көрінген диабеттік ангиопатия

В. иммунитеттің төмендеуі

С. қан ағымымен микробты инвазия

D. кеңейген беткейлік жара

Е. жараның іріңдеуі

 

46. Науқасқа бұлшықет астына 2 мл анальгин еккен соң 20 минуттан соң ауыр жағдайда басының кенеттен ауыруымен интенсивті терапия бөлімшесіне түсті. Есі қалпында, әлсіздікке шағымданады. Тері жамылғысы суық, дымқыл. АҚҚ-40/0 мм с.б, пульсі минутына -156 соққы, жіп тәрізді.

Науқаста қандай жағдай болуы мүмкін?

А. жедел жүрек жеткілісіздігі

В. коллапс

С. септикалық шок

D. мидың инсульті

Е. анафилактикалық шок

 

47. Қабылдау бөліміне кеңістік бағытын таба алмайтын науқас түсті. Сұрақ қойғанда көзін ашады. Ауырсыну тітіркендіргіштеріне жауап ретінде қорғанышты орталық жауап қайтарады. Әңгімелесу кезінде жауап қайтарады.

Болжамды диагноз қандай?

А. сопор

В. кома

С. ступор

D. анық ес

Е. сомноленция

 

48. Бөлімшеде клиникалық өлімнен кейінгі науқас жатыр. Жүрек қызметі қалпына келтірілген. АҚ-80/40 мм с.б. Есі жоғалған. Көз қарашығы айқын ұлғайған, әлсіз рефракцияланған. ӨЖЖ (өкпені жасанды желдету) жалғасуда.

Кома жағдайында бас ми жасушаларының қалпына келуін қалай арттыруға болады?

А. гипотермия

В. гемодинамиканың қалпын сақтау

С. аналептиктерді енгізу

D. неотропты препараттарды қолдану

E. дегидратация

 

49. Жыныс бездерінің ісігіне лапароцентез арқылы шемендік сұйықтықтығын жою кезінде кенеттен әлсіреу, терісінің бозаруы байқалды. АҚҚ - 80/40 мм-ге дейін төмендеді. Жүрек тондары әлсіз. Пульс минутына 115 соққы.

Болжамды диагноз қандай?

А. коллапс

В. естен тану

С. септикалық шок

D. жүрек жеткіліксіздігі

Е. ішектердің тесілуі

 

50. Науқас 3 күн бойы сол жақ санында жайылған ауырсынуға, дене температурасының 39,2˚С-қа дейін көтерілуіне, қалтырауына шағымданады. Соңғы түнде ұйықтамаған. 1 ай бұрын ұзақ уақытқа созылған вирусты инфекциялы баспамен ауырған. Сол жақ тізе буын аймағы ісінген, бұндағы қозғалыс ауырсыну әсерінен шектелген. Санның бүккіш бұлшықетінің тырысуы байқалады. Науқас жарақат болмаған деді. Рентгенологиялық белгілері: ортан жіліктің ортаңғы 3/1 бөлігінің тегіс емес қараюы және ортан жіліктің ортаңғы 1/3-ң “жарылмалы периоститі”.

Болжамды диагноз қандай?

А. сол жақ ортан жіліктің саркомасы

В. сол жақ санның терең көк тамырларының жедел тробофлебиті

С. сол жақ ортан жіліктің жедел гематогенді остеомиелиті

D. сол жақ ортан жіліктің созылмалы жарақаттан кейінгі остеомиелиті

Е. сол жақ ортан жіліктің созылмалы гематогенді остеомиелиті

 

51. Поликлиникаға 25 жастағы науқас оң жақ жамбас-сан буынындағы ауырсыну шағымымен келді. 3 ай көлеміндей ауырады. Объективті: аздап ісіну, буынның деформациясы, төменгі жақтың атрофиясы, Александров симптомының оң болуы (зақымданған төменгі жақтың терісі жиырылған, қалыңдаған, зақымданбаған бөлігіне қарағанда). Болжамды диагноз-туберкулезді коксит.

Диагнозды нақтылау үшін қандай зерттеу әдістерін өткізу қажет?

А. УДЗ

В. R-графия

С. спирография

D. функциональдық сынамалар

Е. термометрия

 

52. Поликлиникаға 25 жастағы науқас оң жақ жамбас-сан буынындағы ауырсыну шағымымен келді. 3 ай көлеміндей ауырады. Объективті: аздап ісіну, буынның деформациясы, төменгі жақтың атрофиясы, Александров симптомының оң болуы (зақымданған төменгі жақтың терісі жиырылған, қалыңдаған, зақымданбаған бөлігіне қарағанда).

Қандай патология жайлы ойлауға болады?

А. туберкулезді гонит

В. іріңді коксит

С. туберкулезді коксит

D. буынның шығуы

Е. спондилит

 

53. Емханаға 35 жастағы науқас оң жақ тізе буынының ауырсыну шағымымен келді, 3 ай көлеміндей ауырады. Объективті: аздап ісіну, буынның деформациясы, аяқтың атрофиясы, Александров симптомының оң болуы (сау аяғымен салыстырғанда зақымданған аяқ терісі қатпарының қалыңдауы). Дәрігерде - туберкулезді гонитке күдік туды.

Диагнозды нақтылау үшін қандай зерттеу әдістерін өткізу қажет?

А. УДЗ

В. R-графия

С. спирография

D. функциональдық сынамалар

Е. термометрия

 

54. Қабылдау бөліміне мойнында ісік тәрізді түзілімнің болуына байланысты шағыммен науқас жеткізілді. Қарау барысында шайнау бұлшықетінде тығыз бұдырлы конгломераты, тері асты май қабатының жабысуы анықталды.

Болжамды диагноз қандай?


Поделиться:



Последнее изменение этой страницы: 2019-03-22; Просмотров: 319; Нарушение авторского права страницы


lektsia.com 2007 - 2024 год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! (0.019 с.)
Главная | Случайная страница | Обратная связь