Архитектура Аудит Военная наука Иностранные языки Медицина Металлургия Метрология
Образование Политология Производство Психология Стандартизация Технологии


D. антибиотик аутогемотерапиямен, ВЛОК, витаминотерапия



Е. фурункулдың оперативті емі, антибиотиктер

 

27. Бала емізетін әйелде, босанғаннан кейін 1,5 айдан соң, сүт безінің сол жақ жоғарғы – сыртқы квадрантында ауыратын инфильтрат пайда болды. Температурасы 37,5°С-қа дейін жоғарлайды. Қойылған диагноз – жедел іріңді мастит.

Хирургтің емдік тактикасы қандай?

А. жедел операция

В. онкологтың емі

С. физиотерапия, антибиотиктер, компресстер

D. іріңдікті ашу, дренаждау

Е. консервативті терапия

 

28. Науқас А., 35 жаста, клиникаға сол жақ қабырға астындағы ауырсынуға, жалпы әлсіздікке, бас айналуға шағымданып түсті. Түсерден бір сағат бұрын белгісіз біреулер ұрып кеткен. Жағдайы ауыр. Тері жамылғысы бозғылт. АҚҚ 80/60 мм с.б., пульс 110 соққы минутына, әлсіз толуымен. Сол жақ IX-X қабырға астында тұйықталу анықталады. Іші қатайған және жоғарғы бөлігінде ауырсыну. Щеткин-Блюмберг симптомы әлсіз оң. Hb=90 г/л, эритроциттер – 2,7 дейін төмендегені байқалды.

Болжамды диагнозыңыз қандай?

А. іштің тұйық жарақаты. Ащы ішектің жыртылуы. Перитонит

В. алдыңғы құрсақ қабырғасының соғылуы

С. іштің тұйық жарақаты. Көкбауырдың жыртылуы

D. жарақаттық шок

Е. жедел асқазан – ішектен қан кету. Геморрагиялық шок

 

29. Қабылдау бөліміне оң жақ кеуде клеткасының жабық жарақатымен жас ер адам жеткізілді. Тері жамылғысы бозғылт. Пульс - 100 соққы минутына. АҚҚ-110/65 мм с.б. Ортаңғы қолтық асты сызығы бойынша оң жақ VII, IX және X қабырға проекциясында сүйек сынықтарының крепитациясы және ауырсынуы анықталады. Перкуссия кезінде кеуде клеткасының оң жақ төменгі бөлігінде тұйық дыбыс естіледі, тыныс алуы естілмейді (науқас отырған кезде). Рентгенограммада қабырғаның сынуынан басқа, қосымша VII қабырға шекарасында горизонтальды деңгейде интенсивті көлеңке анықталды.

Болжамды диагноз қандай?

А. гемоторакс

В. пневмоторакс

С. өкпенің инфаркті

D. өкпенің туберкулезі

Е. торакотомия

 

30. Емханаға 25 жастағы науқас оң жақ жамбас-сан буынындағы ауырсынуға шағымданып келді. 3 ай көлемінде ауырады. Объективті: аздап ісіну, буынның деформациясы, аяқтың атрофиясы, Александров симптомының оң болуы анықталады (сау жағымен салыстырғанда, зақымданған аяғында тері іркісі (складка) қалыңдау болады).

Қандай патологияға күмәндануға болады?

А. іріңді гонит

В. іріңді коксит

С. туберкулезді коксит

D. буынның шығуы

Е. спондилит

 

31. Қабылдау бөліміне мойнындағы ойық жараға шағымданып науқас келді. Қарағанда: терісі сұр-қошқылт түсті ішінен сұр түйіршікті ірің ағатын ойық жаралары, айналасында тығыз инфильтраты бар.

Болжамды диагноз қандай?

А. туберкулезді лимфаденит

В. туберкулезді гонит

С. іріңді коксит

D. туберкулезді коксит

Е. актиномикоз

 

32. Қабылдау бөліміне мойнындағы ойық жараға шағымданып науқас келді. Қарағанда: терісі сұр-қошқылт түсті ішінен сұр түйіршікті ірің ағатын ойық жаралары, айналасында тығыз инфильтраты бар. Болжамды диагноз – актиномикоз.

Диагнозды нақтылау үшін қандай зерттеу әдістерін өткізу қажет?

А. іріңді микроскопиялық зерттеу

В. лимфа түйіндерінен диагностикалық пункция

С. спирография

D. функциональдық сынамалар

Е. термометрия

 

33. Науқаста мойын тамырларының жарақатына АХӨ жасау кезінде ентігу, мұрын – еріндік үшбұрыштың көгеруі, кеуде клеткасында ауырсыну, АҚҚ төмендеуі байқалды.

Болжамды диагноз қандай?

А. ауалы эмболия, өкпе артериясының эмболиясы

В. ауалы эмболия, бас миы тамырларының эмболиясы

С. жедел миокард инфарктысы

D. ұйқы артериясының тромбозы

Е. мойындырық венаның тромбозы

 

34. Науқас В., клиникаға білектің кесілген жарасынан профузды қан кетумен түсті. Жағдайы ауыр. Тері жамылғысы бозғылт. АҚҚ-70/50 мм с.б. Пульс-120 соққы минутына. Әлсіз толумен.

Геморрагиялық шоктың қандай дәрежесін қою керек?

А. шок жоқ. Коллапс.

В. геморрагиялық шок I дәрежелі

С. шок II дәрежелі

D. шок III дәрежелі

Е. шок IV дәрежелі

 

35. Клиникаға түскен науқас қанды құсыққа, меленаға, кенеттен жалпы әлсіздік шағымданады. Анамнезінде алкогольді қолданады. Оң жақ қабырға астында тығыз, бұдырлы, ұлғайған бауыр пальпацияланады.

Болжамды диагноз қандай?

А. бауыр циррозы. Өңеш веналарынан қан кету

В. гепатит. Жедел асқазан – ішек жарасынан қан кету

С. бауырдағы қатерлі ісік. Өңештен қан кету

D. алкогольды гепатит. Асқазаның ойық жарасы, қан кетумен асқынған

Е. қан кетумен асқынған асқазан қатерлі ісігі

 

36. Емханада науқасты зерттеу барысында, науқастан аяқ басының сыртқы артқы беткейінен көлемі 3 см-ге дейін жететін ойық жара анықталды, ойық жараның жиектері валиктәрізді ортасында құрт көрінеді. Анамнезінде 13 ай бұрын Үндістанда болған.

Қандай ауру жайлы күдіктенуге болады?

А. эхинококкоз

В. цистицеркоз

С. трихенелез

D. альвеококкоз

Е. Ришта

 

37. Қабылдау бөліміне науқас қызба жағдайында жеткізілді, іштегі ауырсынуға, бұлшықеттің өршімелі регидтіліг мен ауырсынуына шағымданады. R-графияда бұлшықет қабатында диамерті 0,3-тен 1 см-ге дейінгі көптеген түзілімдер анықталады.

Қандай ауру жайлы күдіктенуге болады?

А. эхинококкоз

В. цистицеркоз

С. трихенелез

D. альвеококкоз

Е. Ришта

 

38. Қабылдау бөлімшесіне науқас жедел холециститтің клиникасымен түсті. Қараған кезде: пальпацияда бауыры ұлғайған, тығыз, өт қапшығы ауырсынуы байқалады. УДЗ зерттеу кезінде тассыз холецистит анықталған.

Қандай ауруға күдіктенуге болады?

А. эхинококкоз

В. описторхоз

С. аскаридоз

D. альвеококкоз

Е. энтеробиоз

 

39. Қабылдауға мерзімді пайда болатын есекжемге, терісінің қышуына және сарғыштануына шағымданған науқас келді. Науқасты тексеру кезінде бауырдың оң жақ бөлімінде жылауықты бір камералы түзілім анықталды, қабырғасы қалың, өлшемі 9х8,5 см., сұйықтыққа толы екені анықталды.

Болжамды диагноз қандай?  

А. бауырдың эхинококкозы

В. цистицеркоз

С. описторхоз 

D. аскаридоз

Е. бауыр циррозы

 

40. Қабылдауға мерзімді пайда болатын есекжемге, терісінің қышуына және сарғыштануына шағымданған науқас келді. Науқасты тексеру кезінде бауырдың оң жақ бөлімінде жылауықтың көптеген бір камералы түзілімдері анықталды, қабырғалары жұқа, өлшемі 0,9 см-ден 1,2 см-ге дейін, сұйықтыққа толы екені анықталды.

Болжамды диагноз қандай?  

А. бауырдың эхинококкозы

В. бауырдың альвеококкозы

С. амебиаз

D. аскаридоз

Е. бауыр циррозы

 

41. Емханаға 46 жастағы П. есімді науқас төменгі жақ астында белгісіз түзілімнің пайда болуына шағымданып келді. Қарағанда: төменгі жақ астында ортаңғы сызық бойында қалқан шеміршегінің үстінде ісік тәрізді құрылым анықталған. Өлшемі 4,5-3 см, консистенциясы жұмсақ-эластикалық. Ауырсынусыз.

Болжамды диагноз қандай?

А. мойынның ортаңғы жылауығы

В. қисық мойын

С. эктромелия

D. гемимелия

Е. фокомелия

 

42. Мектепке дейінгі мекемеде алдын алулық қарау кезінде 3 жасар баланың басы төмен және оңға түсірілген. Ата – анасының айтуы бойынша балада бұл ақау туылғаннан бері байқалады.

Болжамды диагноз қандай?

А. мойынның ортаңғы жылауығы

В. қисық мойын

С. эктромелия

D. гемимелия

Е. фокомелия

 

43. Емханаға 6 айлық нәрестенің анасы нәрестенің сол жақ қолының толық болмауына шағымданып келді. Анасының айтуы бойынша нәрестеде бұл ақау туғаннан бері байқалған. Қарау кезінде сол жақ қолының толық болмауы анықталды.

Болжамды диагноз қандай?

А. мойынның ортаңғы жылауығы

В. қисық мойын

С. эктромелия

D. гемимелия

Е. фокомелия

 

44. Емханаға 3 айлық нәрестенің анасы нәрестенің сол жақ қолының толық болмауына шағымданып келді. Анасының айтуы бойынша нәрестеде бұл ақау туғаннан бері байқалған. Қарау кезінде сол жақ қолының дистальді бөлімінің болмауы анықталған, иықтың соңы ампутациялық тұқыл тәрізді болып тұр.

Болжамды диагноз қандай?

А. мойынның ортаңғы жылауығы

В. қисық мойын

С. эктромелия

D . гемимелия

Е. фокомелия

 

45. Емханаға 2 айлық нәрестенің анасы нәрестенің сол жақ қолының толық болмауына шағымданып келді. Анасының айтуы бойынша нәрестеде бұл ақау туғаннан бері байқалған. Қарау кезінде: сол қолының проксимальды бөлігінің болмауы (иықтың) анықталды, ал білек тура кеуде тұсынан басталады.

Болжамды диагноз қандай?

А. мойынның ортаңғы жылауығы

В. қисық мойын

С. эктромелия

D. гемимелия

Е. фокомелия

 

46. Механикалық сарғаюы бар науқаста операциядан кейнгі кезеңде құрсақ қуысына орнатылған бақылау дренажынан қан аққан. Геморрагиялық шоктың белгілері жоқ.

Қандай асқыну түрін ойлауға болады?

А. құрсақ ішілік қан кету

В. перитонит

С. аррозивті қан кету

D. асқазаннан қан кету

Е. ішектен қан кету

 

47. Ішек өтімсіздігіне жасалған операциядан кейінгі науқаста жарадан  геморрагиялық бөлінді және ішек ілмектерінің түсіп қалуы байқалған.

Қандай асқыныс түрі дамыған?

А. тері астылық эвентрация

В. операциядан кейінгі жарық

С. қан кету

D. толық эвентрация

Е. жараның іріңдеуі

 

48. Емханаға 60 жастағы науқас мезгілді ақсақтыққа шағымданып келді. Объективті: екі аяғы бозарған реңді, түктенуі жоқ, сан артериясындағы тамыр соғысы әлсіз, дистальді бөлімінде пульсация анықталмайды.

Болжамды диагноз қандай?

А. облитерлеуші эндартериит


Поделиться:



Последнее изменение этой страницы: 2019-03-22; Просмотров: 429; Нарушение авторского права страницы


lektsia.com 2007 - 2024 год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! (0.055 с.)
Главная | Случайная страница | Обратная связь