Архитектура Аудит Военная наука Иностранные языки Медицина Металлургия Метрология
Образование Политология Производство Психология Стандартизация Технологии


А. «ваньк а -встаньк а » симптом ы



B. Пастернацкий симптомы

C. «көйлек» симптомы

D. тахипноэ

E. тахикардия

 

56. Науқас бөлімшеге 3 сағат бұрын дене беткейінің 60% қамтыған көлемді күйіктермен түскен, оның ішінде 30% терең күйіктер. Жалпы жағдайы ауыр, есі сақталған, сұрақтарға адекватты жауап береді. АҚҚ-120/70 мм с.б.б., пульс-100 соққы минутына. Шокқа қарсы терапия жүргізілуде. Түскен кезде қуықтан 200 мл өзгермеген зәр шығарылған. 3 сағат өткен соң -20 мл қою түсті зәр шығарылған. Қанда гематокрит мөлшері жоғарылаған.

Науқастың жағдайын немен түсіндіресіз?

А. жедел токсемия

В. күйіктік шок

С. тыныс алу жолының күйігі

D. көлемді күйік

Е. жедел бауыр жеткіліксіздігі

 

57. Науқас күйік алғаннан кейін бөлімшеде жатқанына 16 тәулік болды. Науқас токсемия сатысында. Бірінші тәуліктен бастап ем толық көлемде жүргізіліп жатыр.

Белгіленген кезең қай кезден басталады?

А. 2-3 тәулік

B. 4-5 тәулік

C. 6-10 тәулік

D. 11-15 тәулік

E. 16-30 тәулік

 

58. Науқас жалынмен күйік алғаннан кейін 2 сағаттан соң түскен. Жалпы күйік көлемі-50%, оның ішінде терең – 30%. Зеңбілмен тасымалдаудан бас тарытып, өз еркімен палатаға келген. Сұрақтарға қысқа жауап береді, палатада жүреді, қозғалыстық қозғаны айқын.

Науқас әрекетін немен түсіндіруге болады?

А. күйіктік шокпен

В. басталып келе жатқан интоксикациямен

С. зақымдалу көлемінің үлкен болуымен

D. іріңді-резорбтивті қызба

Е. қабыршақтанудың іріңдеуімен

 

59. Науқас 40% тік жалынмен көлемді күйікпен ем қабылдауда, соның ішінде терең күйіктер 25%. Жалпы жағдайы орташа. Жарақаттан соң 10 тәулік. Жалпы әлсіздік, тәбетінің төмендеуі, дене температурасының 37,6-38°С дейін жоғарлауы мазалайды. Таңу кезінде терең күйіктің беті қабыршақпен жабылған. Сау тіндер мен қабыршақ арасында қабыршақ жиектерінде демаркация анықталады. 

Науқаста күйік ауруының кай кезеңі?

А. күйіктік токсемия

В. күйіктік септикопиемия

С. күйіктік шок

D. күйіктік азу

Е. күйіктік реконвалесценция

 

60. Нашақор ауруы басталғаннан 7 күн өткен соң сол жақ санының ауырсынуына шағымданып жатқызылды. Оң жақ санымен салыстырғанда сол жақ санының көлемі 17 см үлкейген. Дене температурасы 39,9°С. Қалтырау. Сол жақ жамбаста көк флегмонозды пайда болған. Сол жақ санында көк флегмазия. Сол жақ санның жоғарғы үштен бір бөлігінде жұмсақ тіндері тығыздалған, флюктуация анықталады. Санның овальды ойығының аймағында инъекция іздері қалған. Іш, қол және арқа терісінде көптеген іріңді папулалар бар. Рентгенологиялық тексеру кезінде – екі жакты милиарлы пневмония анықталған. Соңғы 6 сағатта катетермен зәр алынбады.

Қандай болжамды диагноз?

А. сол жақ санның инъекциядан кейінгі флегмонасы. Наркомандағы сепсис

В. наркомандағы сепсис. Септикопиемия

С. санның инъекциядан кейінгі флегмонасы. Фурункулез

D. АИВ-инфекциясы. ЖИТС

Е.  АИВ-инфекциясы. Сол жақ санның инъекциядан кейінгі флегмонасы.

 

61. Науқас шошқа етін бөліп жатқанда сол жақ қол басының бірінші саусағын жарақаттап алды. 1 тәулік өткеннен кейін дене температурасы жоғарлағанын, саусағының керіп ауырғанын байқады. Ісінуге байланысты саусақтың шекарасы айқын емес, белсенді қозғалыстар шектелген, ауырсынады, саусақтың терісі гиперемирленген, пальпацияда ауырмайды.

Болжамды диагноз қандай?

A. пандактилит

B. экзема

C. эризипелоид

D. сүйектік күбіртке

E. паронихия

 

62. Науқас бақшада жұмыс істеген соң оң жақ қол басының алақандық беткейінде ойылудың (мозоль) пайда болғанын байқады, 3 тәуліктен соң ойылу өздігімен ашылды, ішінен ірің бөлінді, ауырсыну күшейді, дене температурасы жоғарлады. Қол басы саусақтары фаланга аралық буындарда бүгілген, аралары ашылған және алақан – фалангалық буындарда жазылған, қол басы “тырма” тәріздес, қол басының сыртқы жағы ісінген, алақандық ойығы анық.

Болжамды диагноз қандай?

А. флегмона thenar

В. флегмона hypothenar

C. саусақ аралық флегмона

D. қол басының алақандық абсцессі

Е. қол басының ағаш тәрізді флегмонасы

 

63. Ағаш шебері (столяр) жұмыс уақытында сол жақ қол басының ІІ саусағын жарақаттап алды. Ауырсыну сезімі пайда болған соң және дене температурасы көтерілген соң хирургке қаралды. Саусақтың тырнақтық фалангасы ісінген, дистальды фалангалық буында қозғалыс көлемі шектелген. Саусақ терісінің гиперемиясы бар, саусақтың бүйірінде ашықтау аймақ анықталады, пальпация кезінде қатты ауырады және ортасында жұмсаруы бар.

Болжамды диагноз қандай?

А. паронихия

В. пандактилит

С. эризипелоид

D . тері астылық күбіртке

Е. тырнақ астылық күбіртке

 

64. Науқас маникюр жасағаннан кейін оң жақ қолдың ІІІ саусағының ауырсынуын байқады. Қараған кезде жалпы жағдайы қанағаттанарлық, дене температурасы 37,0°С, саусақтың тырнақтық фалангасының бүйірінде тырнақтық валик проекциясында ісіну және терінің гиперемиясы анықталады, тырнақтық валиктің астынан аздаған ірің бөлінеді. 

Болжамды диагноз қандай?

А. фурункул

В. тері астылық күбіртке

С. тырнақ астылық күбіртке

D. паронихия

E. эризипелоид

 

65. Науқас оң жақ қолдың 2 саусағының қызаруына, қышымалы ауырсынуға шағымданады. Ауруын балықты бөліп жатқанда сүйегімен тесіп алуымен байланыстырады. Оң жақ қолдың 2 саусағы ісінген, терісі ал қызыл түсті, саусақ негізіндегі сау тіндерден гиперемия айқындалған. Инфильтрация жоқ, дене температурасы 36,9°С.

Болжамды диагноз қандай?

А. оң жақ қолдың 2 саусағының сүйектік күбірткесі

В. оң жақ қолдың 2 саусағының дерматиті

С. оң жақ қолдың 2 саусағының эризипелоиды

D . оң жақ қолдың 2 саусағының тілмесі

Е. оң жақ қолдың 2 саусағының тері астылық күбірткесі

 

66. Науқас дене температурасының 39°-ға дейін көтерілуіне, жалпы әлсіздікке, бастың ауруына, бұлшықеттердің ауырсынуына, анда – санда пайда болатын қалтырауға, сен бұлшықеттерінің тырысуына, оң жақ жамбас – сан және тізе буындарында жүргенде және физикалық күштемеден кейін пайда болатын ауырсынуға, оң жақ санның төменгі үштен бір бөлігінде басқан кезде және соққылағанда күшейетін тұрақты ауырсынуға шағымданады. Кеше санның төменгі үштен бір бөлігі деңгейінде ісіну пайда болған. Үш апта бұрын ЖРВИ ауырған.

 Болжамды диагноз қандай?

А. оң жақ санның терең көк тамырларының жедел тромбофлебиті

В. оң жақ санның флегмонасы

С. оң жақ ортан жіліктің жедел гематогенді остеомиелиті

D. оң жақ санның іріңдеген жарақаттан кейінгі гематомасы

Е. оң жақ жамбас-сан буынының жедел артриті

 

67. Науқас 2 аптадан бері оң жақ мықын аймағында ауырсынуға, өршімелі әлсіздікке, дене температурасының 37,50С дейін, ал соңғы үш күнде 38,4°С-ке дейін көтерілуіне шағымданады, ауырсыну санды жазған кезде күшейеді. ЖРВИмен жиі ауырады. Іші жүмсақ, оң жақ мыкын аймағында ауырады, перитонеальды симптомдары айқын емес. Оң жақ мықын қырының пальпациясында қатты ауырсыну пайда болады. Рентгенологиялық бүйірлік проекцияда сүйектің кемігінде өлшемі 4х3,5см, гомогенді емес қараю ошағы анықталды.

 Болжамды диагноз қандай?

А. аппендикулярлы инфильтрат

В. оң жақ мықын сүйегінің гематогенді остеомиелиті

С. оң жақ мықын сүйегінің остеосаркомасы

D. оң жақ ортан жіліктің гематогенді остеомиелиті

Е. оң жақ жамбас – сан буынының туберкулезі

 

68. Шахтер шап аймағындағы ауырсынуға шағымданып келді. Қараған кезде оң жақта шап қатпарынан төмен ұлғайған, ауырсынатын, қозғалысы шектелген лимфа түйіндері анықталады. Оң жақ аяқ басының бармақ аралықтарында табанның эпидермофитиясына тән өзгерістер бар.

Болжамды диагноз қандай?

A. лимфаденит

B. лимфосаркома

C. лимфогрануломатоз

D. лимфэдема

E. лимфостаз

 

69. Науқаста ерте операциядан кейінгі кезеңде гипоксия салдарынан тілінің түсіп кетуінің нәтижесінде клиникалық өлім пайда болды.

Аталған белгілердің қайсысы қан айналым тоқтауының сенімді белгісі болып табылады?

А. жүректік тондарының болмауы

В. сан артериясында пульстің болмауы

С. тері беткейінің көгеруі

D. артериялық қан қысымының болмауы

Е. естің болмауы

 

70. Туыскандардың айтуынша науқас бел аймағындағы кезекті ауырсынуға шағымданған. Ауырсыну спазмолитиктер мен жылы суға түскен соң басылатын. Осы жолы ауырсыну сезімі басылмады, дәрігер науқасты еденде есінен талып жатқан жерден тауып алды, беті бозарған, пульс жиі, брадикардия.

Болжамды диагноз қандай?

А. бүйректік кома

В. естен тану

С. коллапс

D. шок

Е. жедел бүйрек жеткіліксіздігі

 

71. Қабылдау бөлімшесіне қан кетумен қосарланған аралас жарақатпен науқас жеткізілді. Терісінің және көрінетін шырышты қабаттарының бозаруы, тахикардия байқалады. АҚҚ мен ОВҚ (ЦВД) төмендеген.

Болжамды диагноз қандай?

А. гиповолемиялық шок

В. септикалық шок

С. коллапс

D. естен тану

Е. кардиогенді шок

 

72. 19 жастағы пилонефритпен ауыратын науқас жеткізілді, кең спекторлы антибиотиктің бір реттік жоғары мөлшерін енгізген соң 2 сағаттан кейін науқаста қалтырау, тері беткейінің бозаруы, тахикардия, АҚҚ – 65/50 мм с.б.б., дене температурасының 40,0° дейін көтерілгені байқалды. Зәрден алтын стафилококк табылған.

Болжамды диагноз қандай?

А. анафилактикалық шок

В. гиповолемиялық шок

С. кардиогенді шок

D . инфекциялық-токсикалық шок

Е. полиоргандық жеткіліксіздік

 

73. Екі жақты пневмониямен ауыратын науқаста дене температурасы 39,0° дан 37,2° ге күрт түскен соң, 25 минутан кейін жалпы жағдайы нашарлаған. Қатты әлсіздіккежәне қалтырауға шағымданады. Аяқ – қолдары суық. Терісі бозарған. Пульс минутына-100 соққы. АҚҚ-60/30 мм рт.ст.

Болжамды диагноз қандай?

А. коллапс

В. плевро-пульмоналды шок

С. кардио-пульмоналды шок

D. жүрек жеткіліксіздігі

E. пневмоторакс

 

74. Компрессиядан кейінгі ерте кезеңде ұзақ жаншылу синдромының ауыр түрімен зардап шеккен адамда гемодинамикалық көрсеткіштер тұрақсыз, зардап шегуші қозған.

Компрессиядан кейінгі уақытта қай кезеңге аталған симптомдар тән?

А. жедел бүйрек жеткіліксіздігі кезеңі

В. аралық кезең


Поделиться:



Последнее изменение этой страницы: 2019-03-22; Просмотров: 411; Нарушение авторского права страницы


lektsia.com 2007 - 2024 год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! (0.041 с.)
Главная | Случайная страница | Обратная связь