Архитектура Аудит Военная наука Иностранные языки Медицина Металлургия Метрология
Образование Политология Производство Психология Стандартизация Технологии


D. лапароцентез, катетер орнату



Е. iшектерге барийдың пассажын тағайындау

 

72. 6 сағат бұрын бел аймағынан зақым алған науқас, ішінің қатты ауруына, ішектерінің үрілуіне шағымдалып ауруханаға түсті. Объективті қарауда: АҚ-110/70 мм.сын.бағ., пульс-98 соғыс/мин. Іші біркелкі үрілген, жұмсақ, тыныс алуға байланысты жоғарғы жағының кішігірім ауырсынуы. Көкірек қуысының тітіркену симптомдары байқалмайды.

болжамды диагноз қандай?

А. бауыр зақымымен қосарланған іштің жабық жарасы

В. құрсақ артындағы гематомасымен қосарланған іштің жабық жарасы

С. жыныс мүшелерінің зақымымен қосарланған іштің жабық жарасы

D. қуық зақымымен қосарланған іштің жабық жарасы

Е. жұмсақ тіндердің зқымымен қосарланған іштің жабық жарасы

 

73. Науқас 40 мин бұрын ішінен зақымым алған, қатты ауырсыну сезімімен ауыр жағдайда ауруханаға түсті. Іштің барлық аймағының ауырсынуына шағымдалады. Тыныс алуы кезінде қатты ауырсынады. Пальпациялау кезінде іштің тырысуы байқалады. Тік ішекті зерттегенде, алдыңғы қабырғасы ауырсынады, ауырсыну сезімі ішектің саңылауына қарай беріледі. АҚ-90/60 мм.сын.бағ., пульс-132 соғыс/мин.

болжамды диагноз қандай?

А. аш ішектің зақымдалуы

В. жыныс мүшесінің зақымдалуы

С. құрсақішілік қан кету

D. қуықтың жыртылуы

Е. құрсақ алды бұлшықеттерінің жыртылуы

 

74. Ұл бала 3 метр биіктіктен жерге сол жақ ішмен құлаған. Ауыр жағдайымен ауруханаға түседі. Тері жамылғысы және көрінетін шырышты қабықшасы бозарған. Ақ-70/40 мм.сын.бағ. Іші симметриялы, сол жақ қабырға асты мен сол жақ аймақтың ауырсынуы мен тырысуы байқалады. Қан анализінде – ауыр дәрежелі анемия, зәр анализінде еш өзгеріссіз.

болжамды диагноз қандай?

А. аш ішектің зақымдалуы

В. бауырдың зақымдалуы

С. көк бауырдың зақымдалуы

D. асқазан асты безінің зақымдалуы

Е. сол жақ бүйректің зақымдалуы

 

75. Ер адам уйінде тайып құлап, оң аяғын қайырып алды. Қарау кезінде: аяғы сыртқа еніп орналасқан, 3-4 см қысқарған, шап аймағының ауырсынуы, өкшенің «жабыспалы өкше» симптомы, жамбас-сан осі бойына күш түскенде ауырсынады.

болжамды диагноз қандай?

А. оң жақ ортан жіліктің жоғарғы 1/3 бөлігінің сынуы

В. ортан жіліктің орталық шығуы

С. ортан жіліктің шығуы

D. ортан жілік мойнының сынуы

Е. ортан жіліктің проксимальды бөлігінің соғылуы

 

76. Науқас 54 жаста, асқазанның антральді бөлімінің эндофитті өсіп келе жатқан ісігінң операциясына алынған. Ревизия барысында тығыз, үлкейген лимфа түйіндері анықталған.

Хирургтың іс әрекеті қандай болу керек?

А. радикальді операциядан бас тартып, паллиативті түрін тандау /анастомоз/

B. операция көлемін ұлғайту, асқазан экстерпациясы спленэктомиямен бірге

C. оперативті емнен бас тартып химия терапия тағайындау

D. оперативті емнен бас тартып сәулелі емді тағайындау

E. лимфа түйіндерінің биопсиясы тез гистологиялық тексерісімен және

радикальді операция

 

77. Науқас 67 жаста, ауруханаға ішінің оң жақ бөлігінің ауырсынуына, іш қатуға, бірнеше реттік құсқаннан соң жағдайынынң жақсарғанын айтады. Осының алдында ішінің оң жақ бөлігінің тартып ауырғаның, ішінің қатқаның айтады. Қараған кезде: Іш сол жақтан шамалы үлкейген, дем алу актісіне қатысады, жұмсақ, оң жақта ауырсыну байқалады сонымен қатар құрсақ қуысының алдынғы қабырғасының қатаюы байқалған, перистальтикасы жоғарылаған. Клизмадан соң дәретке отырған, бірақ іштің ісінуі мен ауырсынуы сақталған.

Хирургиялық бөлімшеде науқасқа қандай тактика жүргізіледі?

А. консервативті терапия

B. шұғыл түрдегі операция

C. қысқа уақытты операцияға дайындықтан соң шұғыл операция жасау

D. екі сағат аралығында консервативті ем, егер нәтиже бермесе жедел

  оперативті ем

E. диагнозды нақтылау үшін тереңдетілген тексеріс

 

78. Науқас 67 жаста, ауруханаға ішінің оң жақ бөлігінің ауырсынуына, іш қатуға, бірнеше реттік құсқаннан соң жағдайынынң жақсарғанын айтады. Осының алдында ішінің оң жақ бөлігінің тартып ауырғаның, ішінің қатқаның айтады. Қараған кезде: Іш сол жақтан шамалы үлкейген, дем алу актісіне қатысады, жұмсақ, оң жақта ауырсыну байқалады сонымен қатар құрсақ қуысының алдынғы қабырғасының қатаюы байқалған, перистальтикасы жоғарылаған. Клизмадан соң дәретке отырған, бірақ іштің ісінуі мен ауырсынуы сақталған. Консервативті емнің нәтижесінде оң мәнді динамика көрсетіледі. Консервативті ем көрінісінде науқасты тексеру туралы шешім қабылданды.

Қандай диагностикалық әдіс түрі бізге нақты ақпарат бере алады?

А. УДЗ

B. ректороманоскопия

C. ішек бойынша бариды енгізу

D. фиброколоноскопия

E. лапароскопия

 

79. Қабылдау бөліміне ер кісі мынадай шағымдармен қаралды, есінеу кезінде екі жақтық самай төменгі жақ буындарындағы қатты ауырсынуға шағымданады. Қараған кезде науқастың аузы ашық, тістері бір-біріне тек малярлар түйіседі, жақ асты алдына қарай шығып тұрады, шайнау бұлшық еттері қатайған.

Болжамды диагноз қандай?

А. сіреспе

B. бет жүйкесінің қабынуы

C. үштік жүйкесінің қабынуы

D. төменгі жақтың шығуы

E. паротит

 

80. Травматологиялық пунктке оң алақанның қиғаш көлденең инфицирленген жарасымен науқас қаралды. 2-5 саусақтарының белсенді қимылдары жоқ.

Науқаста қандай анатомиялық құрылымдарының қызметі бұзылған?

А. қол басын жазғыш сіңірлердің зақымдануы

В. кәрі жілік жүйкесінің зақымдануы

С. ортаңғы жүйкенің зақымдануы

D. қол басы сүйектерінің сынуы

Е. қол басын бүккіш сіңірлердің зақымдануы

 

81. Жедел жәрдем бригадасы апат болған жерге шақырумен келді. Сол жерде болған кісілердің айтуынша бірнеше минут бұрын науқас электр тогына түсіп қалды. Есінен таңды. Қалтырау болды. Жұмыстағы достары токты сөндірді. Науқас еденде жатыр. Тынысы жоқ. Пульс сезілмейді, терісі көгерген, көз қарашығы кеңейген, жарыққа сезімталдығы жоқ.

Жарақаттанған науқасқа не болды?

А. кома

В. естен таңу

С. шок

D. клиникалық өлім

Е. предагония

 

82. Ер адам 40 ж, озінің алдынғы құрсақ қуысында дөңгелек пішінді қатты эластикалық, терімен жабыспаған, тегіс, ауырсынусыз ісік тәрізді затты анықтаған. Диагноз-липома.

Қандай ем тағайындайды?

А. ісіктің жою одан әрі гистологиялық зерттеуге жіберу

В. ашу және дренаждау

С. ісікті жою, антибиотикотерапия

D. бақылау, онкологкқа кеңеске жіберу

Е. ашу, биопсия, қанды зерттеу

 

83. Ер адам 73 ж, бес жыл ішінде кеуде клеткасында күрең қоңыр түсті дақ қалыптасқан, соңғы жарты жыл ішінде көлемі ұлғайып 50х30 мм дейін жеткен ортасында ойықтар көрініс табады. Қойылған диагноз-меланома.

Қандай ем тағайындайды?


Поделиться:



Последнее изменение этой страницы: 2019-03-22; Просмотров: 436; Нарушение авторского права страницы


lektsia.com 2007 - 2024 год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! (0.019 с.)
Главная | Случайная страница | Обратная связь