Архитектура Аудит Военная наука Иностранные языки Медицина Металлургия Метрология
Образование Политология Производство Психология Стандартизация Технологии


Этап бойынша максималды балл – 20 балл



Тапсырманы орындауға берілген уақыт – 10 минут

№ 4 станциясы

Амбулаторлық кезеңде жедел коронарлық синдромы кезіндегі көмек

 

Емтихан тапсырушыға ақпарат

51 жастағы науқас емханаға келесі шағымдармен жолықты: төс артында қысып ауырсыну, ауырсыну физикалық жүктемеден кейін (2-ші қабатқа көтерілу) басталды, 10 мин ішінде созылды, еш қайда берілмейді, өзінен-өзі басылады. Осындай ауырсыну ұстамалары 2 аптадан бұрын басталды, күнделікті физикалық не эмоционалдық күш түскенде (тәулігіне 8-10 рет) болып тұрады. Медициналық көмекке жолықпады.

Объективті: жалпы жағдайы қанағаттанарлық. Пульс – мин 80 рет, АҚ – 150/90 мм.с.б. Жүрек шектері солға 1 см жайылған. Жүрек тондары үнді, анық. Тынысы везикулярлы, сырылдар жоқ. Бауыры ұлғаймаған.

· Қан анализі: Нв 130г/л, Эр 3,85*10/л, Л 9,2*10/л, эоз 1%, п/яд 4%, т/яд 60%, л 20%, м 6%, ЭТЖ 21 мм/сағ.

· Несеп анализі: салыстырмалы тығыздығы 1,022: ақұыз, қант - жоқ, Л - 2-3 көз алаңында.

ЭКГ:

Амбулаторлық кезеңде жедел коронарлық синдромы кезіндегі көмек бойынша тәжірибелік дағдыларыңызды көрсетіңіз

№ 4 станциясы

Амбулаторлық кезеңде жедел коронарлық синдромы кезіндегі көмек

Бағалау парағы

Қадамдарды бағалау көрсеткіштері

Балмен бағалау

1 Бастапқы қарым-қатынасты дұрыс құрды (сәлемдесті, өзін таныстырды, пациенттің атын сұрады, көзбен контакт құрды) Шағымдарын дұрыс жинады (ауырсынудың орналасуы, сипаты, таралуы, ұзақтығы, ауырсынуды тудырушы және басушы факторлар, қосымша шағымдар) Ауру бойынша анамнезді дұрыс жинады (бірінші рет байқалды ма, бұрын болған ба, басқа аурулары, созылмалы аурулары бар ма, дәрілік заттарды жүйелі қолданады ма, дәрігерде есепте тұрады ма және т.б.) және өмір анамнезі (тұқымқуалаушылық, аллергоанамнез, зиянды әдеттері, қан кету оқиғасы болуы, кәсіби зиянды себептер және басқалар) 2,0 1,0 0
2 Электрокардиограмманы талдады (сол қарынша миокардының алдыңғы қабатының жедел жайылмалы ишемиясы) 2,0 1,0 0
3 Жедел жәрдем бригадасын науқасты ауруханаға жеткізу үшін шақырды 1,0 0,5 0
4 Ангинозды ұстаманы басу үшін тағайындады:      
4.1 - физикалық және эмоционалды тыныштық берді, ауа түсуін қамтамасыз етті 2,0 1,0 0
4.2 Оксигенотерапия тағайындау: оттегімен сатурация 90%-дан төмен немесе айқын ентігу болса 4-8 л/мин оттегін береді 2,0 1,0 0
4.3 β блокаторлар тағайындау: қарсы көрсеткіштер болмаса (коронарлық спазм, кокаин қабылдау, айқын гипотензия, брадикардия, ЭКГ-да өткізгіштік бұзылуы) ЖСЖ және АҚҚ бақылай отырып метопролол тартрат 0,1% ерітіндісі 5 мл 25-50 мг ішке/ сублингвалді немесе пропранолол 20-40 мг ішке/ сублингвалді тағайындайды 2,0 1,0 0
4.4 Нитраттар тағайындау: нитроглицерин сублингвалді 0,5 мг немесе аэрозоль 0,4 мг (1 доза) нәтиже болмаса немесе қарсы көрсеткіштер болмаса (САҚҚ < 90 мм сынап бағанасымен) АҚҚ бақылай отырып 3-5 мин сайын қайталап қолданады 2,0 1,0 0
4.5 Антиагрегантты терапия тағайындау: аспирин 150-300 мг, жіті коронарлық синдром даму қаупі жоғары болса қосымша екінші антиагрегант – тикагрелор 180 мг немесе клопидогрель 300 мг немесе 600 мг қолданылады 2,0 1,0 0
4.4 Антикоагулянтты терапия тағайындау: фондапаринукс 2,5 мг/тәулігіне немесе төменгімолекулярлық гепарин – эноксапарин 0,2 немесе 0,4 мл венаішіне болюс теріастына немесе НФГ 5000 ХБ венаішіне 2,0 1,0 0
4.5 Ауырсыну нитроглицеринді 2 немесе 3 рет қолданғанға басылмаса 3-5 мг венаішіне немесе теріастына ауырсынудың айқындылығына байланысты басылғанша немесе кері әсері пайда болғанша енгізеді 2,0 1,0 0
5 Определил дальнейший путь пациента, завершил беседу (объяснил дальнейший маршрут пациента, попрощался) 1,0 0,5 0

Барлығы

20 10 0

 

Этап бойынша максималды балл – 20 балл

Тапсырманы орындауға берілген уақыт – 10 минут


№ 5 станциясы

«Кенеттен жүрек тоқтағанда жедел медициналық көмек көрсету»

 

 

Клини калық жағдай

Оқиға орны : магазин

Науқас туралы деректер : әйел 44 жаста

Шарты : Сіз жедел жәрдем дәрігерісіз, шақырумен келдіңіз, магазинге келген адамдар сөзінен, әйел көкөніс магазинінде кезекте тұрып 1 минут бұрын құлап есінен танып қалды.

Тапсырма :

1) Зардап шегушіге өз дағдыларыңызды көрсетіп, іс-әрекетіңізді айтып тұрып жедел медициналық көмек көрсету.  


Станция №5

 «Кенеттен жүрек тоқтағанда жедел медициналық көмек көрсету»

 

Бағалау парағы

Қадамдарды бағалау көрсеткіштері

Балмен бағалау

1 Тіршілікке маңызды параметрлерін бағалау: Есін бағалау (иығынан қағып ұрғылау) Қан айналу жүйесін бағалау (екі жақтан ұйқы артериясының пульсациясы) Тынысты бағалау (кеуде торының экскурсиясы) 2,0 1,0 0
2 Пациентті дайындау: Қатты жерге жатқызу, кеуде торын киімнен босату, аяқтарын 30-400 көтеру  2,0 1,0 0
3 Дефибриллятор көмегімен жүрек ырғағын тексеру: Дефибриллятор қосу Электродтарды қою: зардап шегушінің терісіне электродтар қою: біреуін – төстің оң жағына, оң бұғанадан төмен, екіншісі – сол емізікшеден төмен Ырғақты тексеру (дефибриллирленбейтін/дефибриллирленетін) Дефибрилляция жүргізу: Реанимация жасауға қатысушылардың зардап шегушіден алыс тұруын қадағалау және «Науқастан алыс тұрыңыздар!» деп бұйрық беру 1 рет «Разряд» тетігіне басу (бифазды болса 120-200 Дж немесе монофазды болса 200 Дж) 2,0 1,0 0
4 Кеуде торының компрессиясын жүргізу: Оң қолдың алақанын  (тенар және гипотенар) төстің төменгі бөлігіне, екінші қолдың негізін оң қолдың сыртқы бетіне қояды. Қолдар кеуде торына перпендикулярлы орналасады. Тереңдігі 5 см-ден кем емес және 6 см-ден жоғары емес 30 компрессия жасалады. Компрессия жиілігі минутына 100-120. Арақашықтығы минималді болуы қажет. Кеуде торы әр қысудан кейін толық орнына келуі қажет (орындалу техникасы дұрыс жасалмаса қадам есептелмейді) 2,0 1,0 0
5 Тыныс жолдарының өткізгіштігін қамтамасыз ету: басын артқа шалқайту, төменгі жақты төмен ығыстыру, зардап шегушінің аузын ашу   Жасанды өкпе вентиляциясын жүргізу: мұрнын жабу және кеуде торы қалпына келетіндей арақашықтықпен 2 рет жасанды дем беру (әр дем беру 1 сек кеуде торы көтерілуі қажет) (орындалу техникасы дұрыс жасалмаса қадам есептелмейді) 2,0 1,0 0
6 ЖӨР (СЛР) бір кезеңін орындау: ЖӨР (СЛР) бір кезеңі (5 цикл 30 компрессия; 2 ЖӨВ) 2,0 1,0 0
7 Венаны дәрілер енгізуге дайындау: шеткі тамырлар венепункциясы 2,0 1,0 0
8 Жағдайын бақылауға алу: жүрек ырғағын өлшеу, оттегі сатурациясы және капнография 2,0 1,0 0
9 эпинефрин енгізу атропин енгізу Эпинефрин 0,1 % -1,0 мл 10 мл натрий хлоридінің изотониялық ерітіндісінде венаішіне әр 3-5 минут сайын Атропин 0,1% 1,0 мл венаішіне әр 3 минут сайын 2,0 1,0 0
10 Шара нәтижелілігін бағалау: Екі жақтан ұйқы артериясының пульсациясын анықтау арқылы қан айналу жүйесін бағалау   2,0 1,0 0

Барлығы


Поделиться:



Последнее изменение этой страницы: 2019-03-22; Просмотров: 389; Нарушение авторского права страницы


lektsia.com 2007 - 2024 год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! (0.019 с.)
Главная | Случайная страница | Обратная связь