Архитектура Аудит Военная наука Иностранные языки Медицина Металлургия Метрология
Образование Политология Производство Психология Стандартизация Технологии


Дисциркуляторлы энцефалопатия



Транзиторлы ишемиялық шабуыл – тұрақсыз жалпы милық және ошақтық белгілермен көрінетін, 24 сағат ішінде өткінші болып өтетін ми қанайналым бұзылысы.

Инсульт

Инсульт – бір тәуліктен артық уақыт сақталатын жалпы милық және тұрақты ошақты белгілермен көрінетін жедел ми қанайналым бұзылысы.

Кіші инсульт – ошақты неврологиялық симптоматика 3 апта ішінде толығымен жойылатын жедел ми қан айналым бұзылысы.

Ми инсультына ұшырау қауіп-қатер факторлары

1.    Артериальды гипертензия (140/90 мм сын.бағ.-нан жоғары)

Темекі шегу

3.    Жыпылық аритмиясы және басқа да жүрек аурулары

Анамнезінде миокард инфаркты

5.    Гиперхолестеринемия (> 6,5 ммоль/л)

6.    Қантты диабет (> 7 ммоль/л)

7.    Ұйқы және омыртқа артерияларының атеросклерозды стеноз

8.    Бұран басынан өткерген инсульт

9.    Фибриноген мөлшерінің жоғарлауы

10.  Алкогольды шектен тыс қолдану

11.  Өмір сүру ерекшеліктері (артық салмақ, физикалық белсенділіктің болмауы, тамақтану бұзылыстары, жедел күйзеліс немесе ұзаққас созылған психоэмоционалды жүктеме: депрессия немесе алаңдаушылық)

12.  Оральды контрацептивтер (құрамында эстрогені бар)

13.  Асқынған тұқымқуалаушылық (ата-анасында, аға-әпкелерінде инсульт, миокард инфаркты және АГ)

Ишемиялық инсульт-ми қан айналымының жедел бұзылысы,тромбоз, эмболия, тамырлардың қысылуы мен стенозы жəне жалпы гемодинамиканың төмендеуінде мидағы белгілі бір бөліктің қанмен қамтамасыз етілуінің төмендеуі немесе тоқтауына алып келетін ауру.

Ишемиялық инсульт критерилері

1.    Қауіп-қатре факторлары – артериальды гипертония, атеросклероз, кардиогенді эмболия

2.    Жасы – 50 жастан кейін, жиі қарттық шақ

3.    Басталуы – жедел, 30% жағдайда бірітіндеп не сатылы түрде.

4.    Инсульт ұйқы кезінде не бірден ұйқыыдан ояна салып дамуы мүмкін.

5.    Хабаршы белгілерінің болуы

6.    Бас ауруы – әлсіз, орташа немесе жоқ

7.    Құсу – тән емес

8.    Есі – әдетте сақталған

9.    Бет терісі қуқыл тартуы

10.  Пульс – әлсірген

11.  Менингиальды симптомдар – байқалмайды

12.  Қан қысымы – төмендеген, қалыпты, 70-80% науқастрада инсульттан кейінгі алғашқы күндері жоғарлайды

13.  Ошақты симптомдар (қозғалыс, сезімтал, сөйлеу және т.б.) жалпы милық симптомдардан басымырақ

14.  Дене температурасының көтерілуі тән емес

15.  Ликвор – түссіз

16.  Бас ми компьтерлі томографиясы – төмен тығыздықты аймақ анықталады

Ишемиялық инсульттың КТ-диагностикасы

Субарахноидальды қанқұйылу критерийлері

1.    Этиология – қалта тәрізді аневризманың жыртылуы (70-85%)

2.    Қауіп-қатер факторлар – артериальды гипертензия, темекі шегу, алкоголь

Кенеттен басталу

4.    Жасы – көбінесе 25-50 жас аралығы

5.    Қарқынды бас ауруы (85-100%)

6.    Құсу

7.    Психомоторлы қозу

8.    Ес бұзылыстары – сопор не кома

9.    Орында, уақытта және өз басына деген дезориентация

10.  Эпилепсиялық ұстамалар (10%)

11.  Менингеальды симптомдар – алғашқы 3-12 сағат ішінде

12.  Терең және беткей рефлекстердің тежелуі

13.  Бассүйек нервтернің түбіршектернің шектелген зақымданулары

14.  Болуы мүмкін – табан патологиялық рефлекстері

15.  Жалпы милық белгілердің ошақтық белгілерден басым болуы

16.  Ликворда қаның болуы

17.  КТ – 95% жағдайда субарахноидальды кеңістікте қанның болуы

Инсульт диагностикасы

•      Көп жағдайда қиындық туғызбайды.

•      Ауруханаға жатқызуға дейінгі кезеңдңгі инсульт түрін анықтаудағы қателік әртүрлі авторлар бойынша 30% дан 60%-ға дейін құрайды.

•      Тіпті неврологиялық стационар жағдайында нейровизуализациясыз (бас миы компьютерлік және/немесе магниттік-резонансты томография) 20-30% жағдайда инсульт түрін анықтауға мүмкіндік болмайды.

Ауруханаға дейінгі шаралардың негізгі міндеттері

Инсульт диагностикасы

2.    Шұғыл түрде емдік шаралар комплексін жүргізу

3.    Шұғыл түрде науқасты госпитализацциялау

Госпитальды этаптағы (ауруханадағы) емдік шаралар

•      Адекватты оксигенацияны қамтамассыз ету (жоғарғы тыныс жолдарын тазалау, ауа өткізу, жасанды тынысалдыру аппартатарын қолдану)

•      Жүйелі түрде артериальды қан қысымының оптимальды деңгейінде ұстау (АҚҚ тек 220/120 мм.сын.бағ асқан жағдайда ғана төмендету)

•      Тырысу ұстамаларын басу

•      Психомоторлы қозу ды басу

•      Гипертермияны басу (аспизол, физикалық әдістер)

•      Үдемелі құсу мен ықылықты басу

•      Ми құрылымдарындағы метаболизм бұзылыстарын коррекциялау

•      Ауруханаға дейінгі кезеңде қателік кету қаупі жоғары болуына байланысты дифференцирленген терапияны жүргізбеген дұрыс

 Инсультті анықтауда FAST тесті қолданылады

Инсультті анықтайтын 4 қадам бар:

-адамнан күлуін өтініңіз (ол айтқанды орындай алмайды);

-қарапайым сөйлемді айтуын сұраңыз (сөйлеген сөзі түсініксіз);

-екі қолын көтеруді сұраңыз (қолдарын көтере алмайды болмаса жартылай ғана көтереді);

-тілін шығаруды өтініңіз (егер тілі қисайған немесе қайырылған болса, ол да инсульттің белгісі).

Диагностикалық тексерулер және процедуралар

•      Мидың компьютерлік томографиясы (КТ)

•      Мидың компьютерлік томографиясы (КТ) – рентген сәулелерінің көмегімен мидың айқын, толық суретін алуға мүмкіндік беретін, ауырсынусыз тексеріс. Тексерудің бұл түрі, көбінесе, инсульт болғаннан кейін бірден өткізіледі.

•      КТ инсульт кезіндегі қан кетуін немесе ми жасушаларының зақымдануын көрсетеді. Сондай-ақ, тексеру симптомдардың себебін құрайтын басқа да мидың ауруларын анықтауға мүмкіндік береді.

•      Мидың магниттік-резонанстық томографиясы (МРТ)

•      Ағзалар мен дененің құрылымының айқын суретін алу үшін МРТ кезінде радиотолқындар және магниттер қолданылады. Бұл тексеріс кезінде ми тінінің өзгерістері және ми жасушаларының зақымдануы анықталуы мүмкін.

•      МРТ тексерісі КТорнына немесе оған қосымша түрде тағайындалуы мүмкін.

•      Компьютерлік томографиялық ангиография және магниттік-резонанстық ангиография

•      КТ-ангиографияда (КТА) және магниттік-резонанстық ангиографияда (МРА) мидағы ірі қан тамырларын көруге болады. Бұл тексерулер дәрігерге тромбының орналасуы және мидағы қан ағымы туралы ақпарат береді.

•      Каротидтік сонография

•      Каротидтік сонография – ауырсынусыз және зиянсыз тексеру, бұл кезде ұйқы артериясының қабырғасын ішінен тексеру үшін ультрадыбыс қолданылады. Бұл артериялар миға оттегімен қаныққан қанды жеткізеді.

•      Каротидтік сонографияда ұйқы артериясындағы атеросклероздық түйіндақтар және тарылулар болуын көруге болады.

•      Бұл тексеруге ультрадыбыстық допплерография жатады. Ультрадыбыстық допплерография – арнайы тест, ол арқылы тамырлардағы қан ағымының жылдамдығы мен бағыты туралы айтуға болады.

•      Каротидтік ангиография

•      Каротидтік ангиография – бұл ұйқы артериясын көрнекі ету үшін бояғыш және арнайы рентген сәулелері қолданылатын әдіс.

•      Бұл тексерудің барысында катетер аталатын түтік шаптың аумағында (жамбастың жоғары тұсында) орналасқан артерияға орнатылады. Осыдан кейін түтік жоғары қарай ұйқы артериясының біреуіне жылжиды. Дәрігер контрастылық заттекті осы арқылы ұйқы артериясына енгізеді.

•      Бояғыш артерияларды рентген суреттерінде көрінетіндей етуге көмектеседі.

Ми қанайналымынң жедел бұзылыстары кезіндегі базисты терапия принциптері

1. Ауыр халдегі науқасты қарауға жатады:

•      әрбір 2 сағат сайын бир қырынан екінші қырына ауыстырып жатқызу;

•      әр 12 сағат сайын науұас денесін камфор спиртынмен сүрту;

•      клизмалар;

•      тәулігіне 1 кг дене массасына 30-35 мл есебімен сұйықтық енгізу;

•      әрбір 2-4 сағат сайын ауыз және мұрын-жұтқыншақты тазалау;

•      калориялығы жағынан теңдестірілген тамақтану, жұтыну мүмкін болмаған жағдайда – 2 тәуліктен кеш емес зондпен тамақтандыру;

•      кеуде торына вибрациялық массаж;

•      іш киімді күнделікті ауыстыру;

•      зәр қуықты катетеризациялау (қажет жағдайда);

•      аяқтарын серпімді бинттермен таңу

2. Тыныс алу және жүрек-қантамыр қызметінің бұзылыстарны коррекциялау

3. Қышқылды –негіздік және осмостық гомеостазды қалыптандыру

4. су-электролиттік балансты қалыптандыру

5. Ми ісінуі мен жоғарлаған басүйек ішілік қысымды емдеу мен алдын алу

6. Вегетативті-трофикалық бұзылыстар мен инсульттын соматикалық асқынуларын емдеу және олардың алдын алу

мидағы ишемиялық инсульт аймағы

«Ишемиялық каскад» кезеңдері

•      1. кезең – ми қан айналымының баяулауы

•      2. кезең – глутаматты “эксайтуыттылық”

•      3. кезең – жасушаішілік кальцийдың жинақталуы

•      4. кезең – жасушаішілік ферменттердің белсенділенуі

•      5. кезең – NO синтезінің жоғарлауы және оксидантты стресс дамуы

•      6. кезең – ерте жауап қайтару гендерінің экспрессиясы

•      7. ишемияның “жекеленген” салдары (жергілікті қабыну реакциялары, микроваскулярлы бұзылыстар)

•      8 этап — апоптоз

Ишемиялық инсульттің патогенетикалық терепиясы

1.    Реперфузия — ишемия маңындағы қанағысының қалпына келуі

2.    Нейропротекция — ми тінінің метоболизімін ұстап тұру және құрылысының бұзылуын қорғау

Терапевттік реперфузия

1.Тромболизис (атеротромботикалық и кардиоэмболиялық инсульттерде): плазминогеннің рекомбинантты тіндік активаторын алғашқы 3 сағатта инсульт дамығаннан кейін (rtPA, урокиназа, проурокиназа)

2. Антикоагулянттар:

тура (бірінші 2-5 күндері):

•      гепарин (фракционирленген емес)

•      фраксипарин немесе клексан (ұсақмолекулярлы гепариндер)

тура емес:

•      варфарин

3. Гемодилюция: ұсақмолекулярлы декстран, көбінесе гематокриттің 40% жоғарлауында: реополиглюкин, реомакродекс. Гемодилюцияның негізгі критерийі гематокриттің 33-35% ке төмендеуінің тиімділігі болып табылады.


Поделиться:



Последнее изменение этой страницы: 2019-04-01; Просмотров: 381; Нарушение авторского права страницы


lektsia.com 2007 - 2024 год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! (0.051 с.)
Главная | Случайная страница | Обратная связь