Архитектура Аудит Военная наука Иностранные языки Медицина Металлургия Метрология
Образование Политология Производство Психология Стандартизация Технологии


Антиагреганттар: Аспирин, дипиридамол, тиклид



5. Ангиопротекторлар:

•      ангинин (пармидин, продектин)

•      троксевазин 0,3 по 1 капс. × 2 рет күніне

•      вобензим 1табл. × 3 рет күніне

6. Вазоактивті препараттар: эуфиллин, папаверин, дибазол, но-шпа, винпоцетин, ницерголин в ишемиялық инсульттің жеделдеу кезеңінде қолданбау керек!!!

Нейропротекцияның негізгі әдістері

1.    Гомеостазды қалпына келтіру және ұстап тұру

2.    Миды дәрі-дәрмекпен қорғау

3.    Дәрі-дәрмексіз әдістер: баротерапия, церебральді гипотермия, селективті плазмаферез.

Біріншілік нейропротекция.

•      Мақсаты– глутамат-кальций каскаданың реакциясының механизмін жедел үзу.

•      Терапияның басталуы – ишемияның бірінші минутында

•      Жалғасы – бірінші 3-5 кунде

•      Магний сульфаты, магне В6, магвит В6, глицин

Екіншілік нейропротекция

•      Мақсаты – ишемияның ауыр зардаптарының айқындылығын азайту, трофиканы қамтамасыз етуді күшейту, апоптозды үзу.

•      Басталуы – дамығаннан кейін 3-6 сағат өткен соң.

•      Жалғасы – 7 күн ішінде

Антиоксиданттар

•      цитофлавин

•      мексидол

•      тиоктацид (альфа — тиоктовая кислота)

•      альфа-токоферол

Нейротрофиктер- нейромодуляторлар

•      церебролизин

•      актовегин

•      цераксон (цитиколин)

•      глиатилин

•      семакс

•      кортексин

Субарахноидальды қан құйылулардың емі

•      Гемостатикалық мақсатпен – дицинон және эпсилон-аминокапрон қышқылы

•      Гипотензивті терапия айқын артериальды гипертензия (200/110 мм с.б. жоғары) кезінде, 160-170/130-140 мм с.б. дейін төмендету.

•      Уақытынан бұрын ишемияның алдын алу – нимодипин

•      Жедел гидроцефалияны емдеу

•      Қайталама қан құйылу рецидивтерінің алдын алу – минимум 3 апта бойы қатаң төсектік тәртіп

•      Хирургиялық ем – қан айналыстан аневризманы жою

Ишемиялық инсульттің екіншілік алдын-алуы

Транзиторлы ишемиялық шабуылды немесе ишемиялық инсультты басынан өткізген науқастарға ишемиялық инсульттің екіншілік профилактикасы ишемиялық инсульттің қауіп факторларын жоюға немесе азайтуға бағытталады.

Негізгі бағыттар:

•      Артериальды гипертензияны емдеу;

•      Шылым шегуді тоқтату немесе азайту;

•      диета және/немесе гиполипидемиялық препараттарды қабылдау;

•      Антиагреганттарды қабылдау;

•      Антикоагулянттарды қабылдау;

•      Каротидті эндартерэктомия.

Инсульттің асқынулары

Инсульттен кейін сізде келесі асқынулар пайда болуы мүмкін:

•      Тромбы және бұлшық ет әлсіздігі. Ұзақ төсекте болу аяқтың терең көктамырында (венада) тромбы даму қаупін арттырады. Сондай-ақ, бұл бұлшық етінің әлсіздігіне және икемділігінің азаюына апаруы мүмкін.

•      Жұтудағы мәселелер және пневмония. Егер инсультте жұту кезінде қатысатын бұлшық еттер зақымданса, тағам тұтыну және ішуде қиындықтар пайда болуы мүмкін. Сондай-ақ, өкпеге тағамның және сусынның бөліктері түсу қаупіне ұшырауыңыз мүмкін. Осылай болғанда пневмония дамуы мүмкін.

•      Несеп қабын бақылай алмау. Кейде инсульт кезінде несеп шығару актісіне жауапты бұлшық еттер зақымданады. Өздігінше несеп шығара алатын болғанға дейін несеп катетерін (несепқапқа қойылатын түтік) қою қажет болуы мүмкін. Бұл катетерлерді қолдану несеп жолдарының инфекциясына апаруы мүмкін. Сондай-ақ, инсульттен кейін ішекті бақылауды жоғалту немесе іштің қатуы пайда болуы мүмкін.

                 4. Геморрагиялық инсульт (Миға қан құйылу)

Геморрагиялық инсульт ми мен оның қарыншаларына немесе қабықасты кеңістігіне кенеттен қан құйылудың салдарынан болады.

Геморрагиялық инсультке адетте артериялық гипертония немесе оның атеросклерозбен қаббаттаса келуі, сирегірек геморрагиялық диатездер (лейкоз, анемия, жүкті әйелдер токсикозы және басқалар), ми тамырларында туа біткен немесе жарақат салдарынан болған аневризмалар, инфекциялы – аллергиялық васкулиттер себеп болады.

Қан құйылу ошақтары 2 топқа бөлінеді:

1.    Ішкі капсуланың сыртынан семиовалдық орталыққа таралатын латералдық қан құйылу;

2.    Ми қарыншаларына өтетін ішкі капсуланың ішкі жағына қан құйылу;

Миішіне қанқұйылу критерийлері (геморрагиялық инсульт)

1.    Этиологиясы – артериальды гипертензия (60%), аневризма, амилоидты ангиопатия, уремия, СКВ, лейкоз, гемофилия

Жасы — 45-65 жас

3.    Кенеттен басталу, көбінесе күндіз, психомоторлы қозу кезінде

4.    Кенеттен пайда болатын қарқынды бас ауру

5.    Құсу

6.    Сананың бұзылысы – сопор және кома

7.    Өрескел ошақтық симптомдардың дамуы (гемиплегия)

8.    Терінің гиперемиясы және қызғылт-көкшіл түске енуі

Пульс толымды, сирек

Тынысы шулы, сырылды

Менингеальды симптомдар

12.  Қан қысымы 200 мм.сын.бағ астам (систолалық)

13.  Горметониялық тырысулар

14.  Көз алмасының жүзбелі қозғалстары

15.  Дене температурасы 37,7° С және одан жоғары

16.  Ликворда қанның болуы

17.  Бас миы компьтерлі томографиясы – 100% жағдайда жоғары тығыздықты ошақтың анықталуы

                       Патогенез

  Геморрагиялық инсульттің даму механизмі екі жағдайға байланысты. Олардың біріншісі- тамырлардың қоректенуін бұзатын ангиоспазм,

ал екіншісі – ми тамырларының иннерварциясы бұзылуы мен қан қысымының кенеттен көтеріліуіне байланысты оттегіні тасымалдау жеткіліксіз болғандықтан оларда дистрофиялық өзгерістердің пайда болуы.

Осы өзгерістердің салдарынан қан қысымы күрт көтеріледі де, миға қанның ақырын сіңуі немесе тамыр жарылуына байланысты құйылуы байқалады. Геморрагиялық инсульттің пайда болуына осы факторлардың екеуі де ықпал етуі мүмкін.

ПАТАЛОГИЯЛЫҚ АНАТОМИЯСЫ, Қан құйылған ми жарты шары біршама үлкейген. Аурудың шұғыл кезеңінде ми кесіндісі мен ми қыртысы астындағы түйіндерден ұйыған қан көрінеді. Ми ісінген, ондағы сұр және ақ зат арасы әрең ажыратылады, кейде тіпті байқалмайды. Бүйірлік қарыншалар кеңейген, ал үшінші қарынша бір жағына ауытқыған.

  Гистологиялық тексеріс көмегімен жаңадан қан құйылған ошақтарда өзгерген эритроциттерді, шіріген ми ткані мен тамыр жобаларын ұшыратуға болады. Ми тканіне жайылған қан ішке қарай периваскулярлық кеңістіктерге кіреді де, оны қабат – қабатқа бөледі. Қан құйылған қуыс қопсыған ми тканімен қоршалған. Онда қан құйылғаннан 24 сағат өткенде жеке шарлар пайда болады. Қан құйылған ошақтарда екі және одан көп аптадан кейін сілтіленген эритроциттер байқалады.

                                 КЛИНИКАСЫ

•      Көбінесе күндіз көңіл – күйі тынышсызданады, қатты шаршағанда ешбір себепсіз сырқат кейде есінен танып қалады. Сырқат кома жағдайында болады, онымен тілдесу мүмкін емес.

•      Сырқат құлаған жерінде қимылсыз жатады. Беті қызарған, қан қысымы көтерілген, тамырының соғуы баяу, тынысы тарылған. Науқаста зәр мен нәжіс өздігінен шығып кету жиі кездеседі. Дене қызуы аздап көтерілуі мүмкін.

•      Бас сүйек – ми нервтерін тексергенде көз қарашығының кеңуі мен екі қарашықтың біркелкі еместігі, оның жарыққа әсерінің азайғандығы, көз алмасының патологиялыө ошаққа қарай бұрылуы (көз қарасының салдануы) , өздігінен нистагм, бет бұлшықеттерінің парезі байқалады.

Қалыпқа келу кезеңі Инсульт басталғаннан 1 – 3 күн өткенде сырқат комалық жағдайдан шығуы мүмкін. Оның есі кіріп, тамақ жұтып, салданбаған қол – аяғын қимылдата бастайды. Нәжіс пен зәр шығару қалыптасады.

12-15 күннен соң бұлшық ет атониясы гипертонияға ауысады, сырқатта Вернике – Манн кейіпі қалыптасады, жүрісі гемипарездік. Салданған жағында қолында бүгетін бұлшық еттердің тонусы, ал аяғында жазатын бұлшық еттер тонусы артады. Патологиялық рефлекстер мен гемигипестезия пайда болады.

Зерттеу әдістері

Инсульттің сипатын анықтауда қан мен ми – жұлын сұйығындағы өзгерістер жөнінде

•      Электроэнцефалография- геморрагиялық инсульттің жедел кезеңінде ми қыртысының барлық аймақтарында биоэлектрлік белсенділік өрескел өзгерістерге ұшырайды.

•      Эхоэнцефалография – қарыншалар кеңейеді. (3 тен 6-7 мм-ге дейін)

•      Допплерография

•      Реоэнцефалография

•      Ангиография-инсульттің сипатын барлық жағдайда анықтауға көмектеседі.

•      Компьютерлік томография- миға қан қүйылу мен ондағы ишемия ошақтарын ажырататын бірден бір аспап.

•      Магнитті – резонанстық томография- көлемі аса кіші қан құйылу ошақтарын, инсультке ұқсас басқа да ауруларды анқтайды.

Осы аспаптар арқылы алынған деректердің маңызы өте зор

                                                         Емі

Геморрагиялық инсультті емдеу үшін коагулянттар: венаға 10% - 10 мл хлорлы кальций, 10% - дық 2,0 мг викасол;

Бұлшық етке 10%-дық 10 мл кальций глюконаты, тәулігіне 2 рет 1 мл рутамин, 0,02 мл рутин апта бойы күніне 2-3 рет.

Антифибринолиздік препараттар: 20-30млн бірлік контрикал тамшы түрінде 2-4 сағ бойы,

100 мың бірлік тразилол 4-10кун бойы 12 сағ сайын.

Азепрамин 3-6 сағ аралығында тәулігіне 3 рет,

250 мг дицинон венаға немесе 250-500 мг бұлшық етке жиберіледі. Тәуліктің доза – 500-1000мг

Синтетикалық ингибиторлар ми тамырларының аневризмі жарылуынан тор қабық асты кеңістігіне кеп қан құйылған жағдайда қажет болады.

Миға қан құйылуларды емдеу

•      Базисті терапияның принциптері ишемиялық инсулттікіндей

•      Миға қан құйылулар кезіндегі гипотензивті терапияның қауіптілігі төмендеу – егер АҚ 170/100 мм с.б. жоғары болмаса оны қолданбайды

•      Ми ісінуін емдеу

•      Антиоксиданттар және нейротрофиктер

•      Дәстүрлі гемостатиктерді енгізудің мәні жоқ. Аурудың алғашқы сағаттарында гемофилияны емдеуде қолданатын(зерттеу жалғасуда) рекомбинантнты гемостатикалық VIIa факторын жергілікті енгізуге болады

•      Хирургиялық ем (гематоманы жою) – алдын ала тромболитиктерді енгізіп, жарты шарлар гематомаларының көлемі 40 мл-ден асқан кезде, және мишық гематомалары 3 см3 –тан үлкен болса

•      Вентрикулярлы тромболизис – қарыншаларға плазминогеннің тіндік активаторын енгізу

1.    Созылмалы бас ми қан айналым бұзылысы. Тамырлы деменция. Альцгеймер дифференциалды диагностика.

Хроническое нарушение мозгового кровообращения – дисциркуляторная энцефалопатия – это медленно прогрессирующая цереброваскулярная недостаточность, недостаточность кровообращения головного мозга, приводящая к развитию множества мелкоочаговых некрозов мозговой ткани и нарушениям функций мозга.


Поделиться:



Последнее изменение этой страницы: 2019-04-01; Просмотров: 361; Нарушение авторского права страницы


lektsia.com 2007 - 2024 год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! (0.042 с.)
Главная | Случайная страница | Обратная связь