Архитектура Аудит Военная наука Иностранные языки Медицина Металлургия Метрология
Образование Политология Производство Психология Стандартизация Технологии


Серозды менингит- этиология, патогенез, клиника, диагностика, емі.



Серозды менингиттер: туберкулезді және сифилистік менингиттер

Сероздық менингит біріншілік және екіншілік болып бөлінеді. Біріншілік сероздык менингиттің қоздырғышы көбінесе Армстронгтың лимфоцитарлық хориоменингитінің вирусы және Коксаки мен ЕСНО энтеровирустары болып саналады. Екіншілік сероздық менингит әр түрлі инфекциялық ауруларда пайда болады. Олар: эпидемиялық паротит, полиомиелит, герпес, қызылша, тұмау, аденовирустық инфекция, т.б. Бактериялар да (туберкулез, бруцеллез, листериоз, сифилис, паратиф, т.б.) сероздық менингитке себепші болуы мүмкін. Менингококктық менингиттің 6—8 %-ы сероздык сипатта білінеді, Сероздық менингит іріңді менингиттің алғашқы белгісі болуы да ықтимал.

Шұғыл лимфоцитарлық хориоменингит. 1934 жылы Армстронг пен Лили осы аурумен сырқаттанғандардың ми-жұлын сұйығынан сүзбелі вирусты бөліп шығарған. Ол аталған менингиттің қоздырушысы болып есептеледі. Шұғыл лимфоцитарлық хориоменингит аса кең көлемде басталып, өрбімегенімен, қыс айларында жиірек кездеседі. Вирустың көзі - үй тышқаны. Адамға вирус тышқан арқылы былғанған тамақтардан (қант, нан) жұғады.

Ауру жедел басталады. Менингеалдық синдром айқын білінеді. Сырқаттардың 1/3-інде көз түбі іркілуімен қабаттасатъш гиперпродуктивтік гидроцефалия болады. Ми-жұлын сұйығы түссіз, мөлдір, ондағы плеоцитоз — 1мм3-де 1000-нан көбірек лимфоцитарлық клеткалар, белок I %-ға дейін өсуі мүмкін, қант мөлшері қалыпты жағдайдан өзгермейді немесе көбейеді.

Менингиттің ағымы қатерсіз. Ауру басталғаннан 7—10 күн өткенде бас ауыруы бәсеңдейді, ликвор бір айдан кейін қалыпты жағдайға келеді, сырқат сауығып кетеді. Ми-жұлын сұйығын алу сырқатқа жеңілдік тудырады.

Аурудың алғашқы күндері ми-жұлын сұйығынан вирусты анықтауға болады, екінші аптадан бастап комплементтерді байланыстыру (КБР) реакциясы, Рһ, РТГА айқын білінеді де, үш айға дейін күшін сақтайды.

Энтеровирустық-серозды менингитгер өте жұқпалы, олар әдетте кең көлемде бұрқ етіп өршиді. Мектеп пен балабақша балаларының 1/3-тен 1/2-ге дейінгісі және бүкіл отбасы да науқастанады. Инфекция ауа-тамшы жолымен таралады. Инкубациялық кезең — 3 тәулік. Ауру өте шұғыл басталады. Сырқат басы қатты ауырғандықтан айқайлап жылап жібереді, дене қызуы көтеріледі, құсады. Беті қызарыңқы, мұрын-ерін бұрышы қуқыл, көз ағы қаншымақталған, терісінде полиморфтық бөртпелер көрініс береді, бұлшық еттер мен эпигастралдық аймақта ауырсыну болады.

Люмбалдық пункциядан кейін сырқат жеңілдік сезінеді. Ми-жұлын сұйығы түссіз, мөлдір, оның қысымы әдәуір көтерілген. Плеоцитоз 1мм3-де 500-ден 1000-ға дейін, алғашқы күндері аралас клеткалар болса, соңынан бірыңғай лимфоциттер байқалады. Плеоцитоз алғашқы күндері білінбей, тек 5—6 күн өткенде ғана пайда болуы мүмкін. Кейбір сырқаттарда ликвордың құрамы өзгермей, тек оның қысымы ғана көтеріледі.

Ауру ағымы қатерсіз. Ауру басталғаннан 20 күн өткенде ликвор қалыпты жағдайға келеді. 50 %-ға дейінгі сырқаттарда 2—3 ай өткенде ауру қайталанады. Аурудың ақыры сауығып кетумен аяқталады.

Эпидемияға қарсы қолданылатын шаралар: барлық ауырғандарды бір стационарға оқшаулау; аурудың қатты өршіген кезіңде балалардың бір жерге жиналмауын қадағалау.

Серозды менингиттің еміне сипаттама беріңіз-

Емі: Гаммаглобулин 1рет 3күн 4-6мөлшер дозада б.етке.Табиғи плазма(50-100)в.в тамшылап,алғашқы 2-3күнде қайталап тағайындау. Б.етке тәулігіне2ден 4-6ретке дейін 10-14күн 25-50мг РНКаза мен ДНКаза жіберіледі.Интерферон,интоксикация синдромында в.в200-400мл гемодез,глюкозаның,натри хлоридтін изотоникалық,Рингер-локк ерітіндісін құю.симптоматикалық ем,егер тұмау,пневмония қосарланса антибиток тағайындаймыз.

Емі. Профилактикасы. менингит және менингоэнцефалитте Міндетті түрде ауруханаға жатқызылады.тәртіп және диета (клиникалық формаға байланысты) -этиотропты ем,-патогенетикалық, дезинтоксикациялық,дегидратациялық (менингит және менингоэнцефалитте), гормонотерапия (көрсеткіш бойынша),-симптоматикалық ем,-оксигенотерапия.Этиотропты ем (негізгі) барлықнауқастарғаміндеттітүрдежүргізіледі. Таңдаулыпрепараттары: Пенициллин (300-500 мг ЕД(кг/тәул) 4-8 күнішінде. Ампициллин (200/300 мг/кг тәуг) Левомицетин (50-100 мг/кг тәул)Роцефин (50 мг/кг тәулігінебірақ 4 таблеткаданкөпемес 10 күнішінде) жәнебасқаантибиотиктермонотерапиятүрінде.

Профилактикасы 1)Науқастарды уақытында анықтау және изоляциялау, ошақта басқа да эпидемияға қарсы шаралар өткізу 2)Вакцинациялау (эпидемиологиялық көрсеткіштер бойынша).


Поделиться:



Последнее изменение этой страницы: 2019-04-01; Просмотров: 505; Нарушение авторского права страницы


lektsia.com 2007 - 2024 год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! (0.009 с.)
Главная | Случайная страница | Обратная связь