Архитектура Аудит Военная наука Иностранные языки Медицина Металлургия Метрология
Образование Политология Производство Психология Стандартизация Технологии


Білім беру саласы«Комуникация». Тақырыбы: «Суретші бол». Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің түрі: Көркем әдебиет.



Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің түрі: Көркем әдебиет.

Тақырыбы: «Суретші бол».

Мақсаты: а) Берілген тапсырмадағы суретті бояй білуге үйрету;

ә) Түстерді ажырата білуге баулы;

б) Әдемілікке, ұқыптылыққа, тазалыққа тәрбиелеу.

Әдіс- тәсілдер: түсіндіру, сұрақ-жауап, әңгімелеу.

Қолданылатын көрнекі құралдар: әртүрлі жанрдағы суреттер, жұмыс дәптері, суреттер.

Оқу іс-әрекетінің кезеңдері Тәрбиешінің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық- қозғаушылық Шаттық шеңбері Қолға қалам аламыз, Әуеде сурет саламыз. Ән айтамыз, би билеп, Күн сәулесін саламыз. Қимыл арқылы жасайды.
Ұйымдастырушылық-ізденістік Кіріспе бөлім: - Балалар, біз бүгін «Суретті бояу» деген тақырыпта жұмыс дәптерінде берілген тапсырмаларды орындаймыз. Суретті бояғанда өте тиянақты, әдемі, бояудың түсін ажырата білуге дағдыландыру. Мысалы, тақырыпта «Күзгі жемістер» деп берілсе, «Алманың түсі – қызыл, шиенің түсі - қызылкүрең», т.б. сол сияқты әрбір суретті бояр алдында түстерге мұқият зейін қою керек. Сергіту сәті: Табиғат неткен көрікті, Гүлдей жайнап өсеміз. Бір отырып, бір тұрып, Билеп-билеп аламыз. Дәптермен жұмыс: Алмаларды бояу. Балалар берілген тапсырмадағы суреттердің түстерін өздері ажырата біледі. Сурет не жайында екенін түсінеді. Қимылдар жасайды. Тапсырманы орындайды.
Рефлексиялық-түзетушілік. Қорытындылау: Жасаған жұмыстарын өздеріне бағалату, мақтап, мадақтау арқылы балалардың қызығушылығын арттыру.  

Күтілетін нәтиже:

Біледі: суреттерді бояуда түстердің ерекешеліктерін ажырата біледі;

Игереді: күз мезгілінің беретін сыйы туралы;

Меңгереді: берілген тапсырманы таза, ұқыпты, әдемі етіп орындауды.

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық карталары.

«Эльзат» сәбилер тобы ----------------

Білім беру саласы«Комуникация»

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің түрі: Көркем әдебиет.

Тақырыбы: «Құмырсқа мен көгершін».

Мақсаты: а) Әңгіменің мазмұнын түсіну;

ә) сұрақтарға жауап беру арқылы өз ойларын жеткізе білу;

б) жақсылық жасауға тәрбиелеу.

Әдіс- тәсілдер: оқу, түсіндіру, сұрақ-жауап, жаттату.

Оқу іс-әрекетінің кезеңдері Тәрбиешінің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық- қозғаушылық Шаттық шеңбері: Біз балдырған тең басқан, Дос құшағын елге ашқан. Тілейміз тыныштық, Ашық болсын көк аспан, Мықты болсын іргеміз, Бәріміз де біргеміз. Балалар шеңбер бойында тұрып, өлеңді қайталап, қимылдар жасайды.

Ұйымдастырушылық-ізденістік

Кіріспе әңгіме:

- Балалар, бігін біз Спандияр Көбеевтің «Құмырсқа мен көгершін» деген әңгімесімен танысамыз.

әңгімені мәнерлеп, нақышына келтіріп оқып беру.

Сұрақ-жауап:

Әңгіме қалай аталады?

Құмырсқа мен көгершін бір-біріне қандай көмек көрсетті?

Құмырсқа қандай жәндік?

Көгершін қандай құс?

Көрдіңдер ме, балалар, екеуі бір-біріне көмек көрсетіп, осындай ауыр сәтте қиындықты жеңіп шықты. Ендеше сендер де, балалар, бір-бірлеріңе мейірімді, қайырымды болып өсулерің керек.

Сергіту сәті:

Құстар сайрап,

Бақтар жайнап.

Дала гүлге толады,

Құстай ұшып,

Аунап- қуанып алады.

Жыландарша иіріліп,

Жорғалап бәрі қалады.

Дәптермен жұмыс:

Сурет бойынша әңгіме құрастыру.

 
Бас бармағым – атам, үйдің данасы, Балаң үйрек - әжем, ошақ анасы. Ортан терек - әкем, отау панасы, Шылдыр – шүмек – шешем, шаңырақ ажары, Титтей бөбек – мен, бәрінің базары. /Ермек Өтетілеуұлы/. Ата, әже, әке, ана, аға, қарындас, іні. Балалар өз отбасы туралы әңгімелейді.     Балаларға өлең шумақтары ұнайды.     Саусақтарын санап, көрсетіп айтады.
Рефлексиялық-түзетушілік. Қорытындылау: Ж.Мұхамеджановтың «Сыйлаймын» өлеңін жаттау.   Балалардың жауаптарына баға беріп, мақтап, мадақтау. Сыйлаймын. Ата менен ананың, Айтқан тілін аламын, Үлкен кісі жұмсаса, Қайда болсын барамын. Төсекті өзім жинаймын, Ешкімді де ұрмаймын, Ешкім маған тимейді.

Күтілетін нәтиже:

Біледі: әңгіменің мазмұнын біледі;

Игереді: өз ойларын еркін айта біледі;

Меңгереді: көмектесу арқылы бір-біріне жақсылық жасай алатыныны.

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық карталары.

«Эльзат» сәбилер тобы ----------------


Поделиться:



Последнее изменение этой страницы: 2019-04-19; Просмотров: 263; Нарушение авторского права страницы


lektsia.com 2007 - 2024 год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! (0.016 с.)
Главная | Случайная страница | Обратная связь