Архитектура Аудит Военная наука Иностранные языки Медицина Металлургия Метрология
Образование Политология Производство Психология Стандартизация Технологии


Конспекты лекционных занятий



1- Дәріс . Су ресурстарын тиімді пайдалану және қорғау. Табиғи ресурстарды пайдалану және қрошаған ортаны қорғау кешенді бағдарламасының негізгі бөлігі.

Адам қоғамының дамып, өркендеу негізі табиғи ресурстарды тиімді пайдалану болып табылады. Оның ішінде, әсіресе жер беті мен жер асты сулары. Жер жүзінде, өндірістің қарқынды дамуы, халық санының тең өсуі, суды көптеп талап етуі су бөлудің, жеткізудің кең ауқымды шаралар жүргізуге мәжбүр етеді, әсіресе су көзінің құрғап кетпеуіне, ластанбауына жол берілмеуі керек.

Осындай күрделі істі алдын-ала жан-жақты тексеріп, тиісті инженерлік-техникалық шараларды жасап, іске асыру бүгінгі-ертеңгі су мамандығының міндеті.

Табиғи ресурстарын пайдалану керек, бірақ ол қоршаған ортаға тигізетін әсерін шектен шығармай ғылыми негізде сауатты түрде жүргізе білу керек.

Әр мемелекеттің «Қоршаған табиғи ортаны қорғау» «Су заңы» (кодексі)-заңдарын білу керек, онда табиғи ресурстарды дұрыс пайдаланудың заңды негізі болу қажет. Кейінгі жылдары табиғи ресурстарды пайдалану және қорғау бағдарламалары экономикалық әдістермен реттеу негіздері кіргізіле бастады. Бірінші кезеңде табиғи ресурстарды пайдаланғаны үшін ақы төлеу. Осындай тәртіп әдістерді кейбір мемелекеттер мысалы АҚШ, Жапония, Польша жүргізіп отыр. Нәтижелері жаман емес. Осы негізде –табиғи ресурстарды басқару және бақылау істері жүргізіліп отыр. Нарықтық экономика жағдайында табиғат байлығын пайдаланудың экономикалық механизімін қалыптастыру төменгідей бағытта жүргізіледі.  

Нарықтық экономика жағдайында табиғат байлығын пайдаланудың экономикалық механизмін қалыптастыру төменгідей бағытта жүргізіледі:

1. Табиғи ресурстардың есебі мен әлеуметтік-экономикалық мүмкіншілігі, қаралып отырған ауданның экономикалық жағдайы;

2. Қоршаған ортаны қорғау және табиғи ресурстарды тиімді пайдалануды жоспарлау;

3. Табиғи ресурстарды пайдаланудың – қаражат – несие механизмдері;

4. Экономикалық ынталандыру (салық-несие жеңілдіктер);

5. Табиғи ресурстарға ақы төлеу;

6. Табиғат қорғау заңдарын бұзғандарға экономикалық шара қолдану;

7. Табиғат ресурстарын пайдаланудың ұйымдық-экономикалық әдістерін жетілдіру.

 

Су ресурстарын шаруашылыққа игеру көлемі және қарқыны

Әлемдегі бар су көлемінің 2,5% (31-35 млн.км3) ғана тұщы суды құрайды. Бұларға мұздар, ауа жер қойнауындағы сулар кіреді (көлемі 99,7%) оның пайдаланудағы қолайлы су көлемі өте (0,3%). Кейбір жерлерде осының өзі муссон жаңбыр күйінде кездеседі. Кейінгі 300 жылға су пайдалану көлемі 36 есеге көбейді.

 

1900 г . 1940 г . 1980 г .
0,4 тыс.км3 1,3 тыс.км3 3,4 тыс.км3

 

Егер су пайдалану осы қарқынмен өсетін болса, жер жүзінде келешекте су жетіспеу дағдарысы күтіп тұр деп толық айтуымызға болады. Ғалымдардың зерттеулері бойынша бойынша, егер бір адамға жылына 1,7 мың.м3-тан кем су келген мемлекетке, су қиындығы басталды деуге болады, егер оның көлемі 1,0 мың. Км3 кем болса онда ол су жетіспейтін өңір деп есептеледі. Қазірдің өзінде 230 мллн. халық су жетіспейтін аудандарда өмір сүруде. Мысалы, Жақын Шығыс, Солтүстік Америка елдерінде бір адамға келетін судың жылдық көлемі 500м3 –тан келіп отыр. Бұлар суы өте тапшы мемлекеттер қатарында. Жер шарының халықы жылына 90-94 млн-ға өсіп отырса, оларға қосымша ауыз су, тамақ өндіру үшін, өндірісті дамыту үшін қосымша су табу керек болады. Жоғарыда, айтылғандай өзен сулар тұрақты деп алғанның өзінде, жылда бір адамға келетін су көлемі азаюда. Бұл көрсеткіш бір адамға -1950 жылы 33,0 мың м3 болса, ал 1943 жылы -8,5 мың.м3-ке дейін төмендеді. Осы көрсеткіш 2000 жылы 1950 жылмен салыстырғанда кейбір мемлекеттерде мына дәрежеде төмендеді:

- Африкада  20,6 дан 5,1-ге дейін

- Азияда 9,6 дан 3,3-ке дейін

- Европада 5,9 дан 4,7-ге дейін

- Солтүстік Америкада 37,2 –ге дейін 17,5 –ке дейін

- Латын Америкасында 105,0 -ден 28,3 мың.м3 - қа дейін.

Жер шары халқының 40% дейіні, әсіресе жаңа дамып келетін елдерд қазірде күрделі су проблемаларымен кездесуде. Болжам бойынша осы жүзжылдықтың ішінде осы көрсеткіш, егер тиісті шара қолданбаса -65%-ға жетеді деп күтілуде.  

Қазақстан Республика территориясында табиғи сулардың орналасуы. Тұщы су қоры

Қазақстан табиғи ауа райы әр-түрлі болатын өңірлер қатарына жатады. Негізгі территориясы шөлейт сулары өте шектеулі. Қазіргі уақытта өзен тораптарының сулары тегіске дерлік шаруашылыққа пайдаланады. Оған қоса, өзен суларының ерекшеліктері мен оның біркелкі орналаспауы да су жетіспеушілікке соқтырады. Өзен арналарының көп жерлері солтүстік пен шығыс облыстарында орналасқан. Орталық Қазақстан негізінен шөлді су көздері тапшы аймақ. Оңтүстік және оңтүстік шығыста өзен арналары тығыз орналасқан. Осы өңірдегі өзендер сулары мұздың, қардың еруінен құралады. Батыс, Орталық Қазақстанның өзен сулары қысқы қардың суларынан тұрады. Судың жылдық көлемі тасқын судан тұрады. Көптеген кіші өзендер күзде және қыста құрғап қалады.

Республика су ресурстары көпжылдық орта есеппен 100,5 млрд.м3 деп бағаланады, оның-56,5млрд.м3 өз территориямызда құралады, ал 44,0 млрд.м3 көрші мемелекеттен келеді (ҚХР, Өзбекстан, Қырғыз, және Ресей мемлекеттерінен). Территорияның сулылығы 36,4 мың м3 / км2, бір адамның үлесіне -6,0 мың.м3-тан келеді.

Қазақстан су ресурстары

(км3)

Өзен тораптары Көпжылдық орта есеп бойынша Міндетті түрдегі шығын Пайдалануға болатын су көлемі Қазіргі кездегі су пайдалану көлемі
1. Арал-Сырдария 17,9 5,9 12,0 12,0
2. Балхаш-Алакөл 27,8 19,2 8,6 8,8
3. Ертіс 33,5 21,5 12,0 5,4
4. Есіл 2,6 1,3 1,3 1,0
5.Нура-Сарысу 1,3 0,5 0,8 2,0
6. Тобол-Торғай 2,0 1,2 0,8 0,9
7. Шу-Талас 4,2 0,5 3,7 4,1
8. Орал-Каспий 11,3 9,4 1,9 4,9 (оның 2км3 Каспийден)
Всего 100,5 59,4 41,1 39,1

Жер беті сулары жер беті сулары Республика аудандарында біркелкі орналаспаған, олар жылда, жыл ішінде өзгеріп тұрады. Ең сулы өлке –Шығыс Қазақстан облысы -290 мың.м3/км3, ең суы тапшы облыс –Атырау, Қызылорда, әсіресе Маңғыстау облысы - 0,36 мың.м3/км3.

Республика территориясында ауданы 1 км2 –тан асатын 3700 ден көлдер бар, ал ауданы 100 км3 асатын -17 көл, ондағы сулардың көлемі 190 мрд.м3, жақындайды, осы көлдердің 10%-тұщы көлдер қатарына жатады.

Қысқы және көктемгі өзен суларын реттеу үшін Қазақстанда 180 су қоймалары тұрғызылған, олардың жалпы сыйымдылығы  90 мрд.м3-қа жақын.

Жер асты суларын зерттейтін Қазақстандағы ұйымдардың есебі бойынша бекітілген жер асты сулардың жылдық көлемі 17,3 мрд.м3, оның өндірістік категория үшін бекітілгені А+В=11,9 мрд.м3. Осының қазіргі кезде пайдаланып жүрген су көлемі - 2,0 мрд.м3 шамасында. Ең көп дегенде жер асты суларын пайдалану көлемін -7 мрд.м3-қа жеткізуге болады.  

Қазақстан Республикасы өзен тораптары

Балхан-Алакөл өзен тораптары

1. Балхан-Алакөл тораптарының жалпы сипаттамасы

- территориясы - 400 мың.км2

- координаты - 73-830 ВД, 43-480 СШ

- тұрғындар саны - 2,8 млн. адам.

Ірі қалалары — Алматы, Талдыкорган, Балхаш

Осы өзен торабына Алматы облысы, Қарағанды ,Жамбыл және Шығыс Қазақстан облыстарының біраз жері кіреді.

 

Жер беті суларының жалпы көлемі, км3:

  Торап бойынша барлығы   Балхаш Алакөл  
Орташа көп жылдық 27,8 24,4 3,4
Орташа қуаңшылық (75%) 22,8 20,1 2,7
өте қуаңшылық (95%) 17,8 15,8 2,0

Осы сулардың - 50% мемлекетаралық сулар  (ҚХР)

Тобол-Тор ғай өзендер торабы

Бұл өзендер торабына Қостанай облысы, Ақтөбе облысының Ырғыз өңірі кіреді.       

1.Негізгі өзен көздері –Тобыло, Торғай, Ырғыз және олардың салалары кіреді.

Бұл өңірде -5000 нан астам көлдер бар, оның ең үлкені құсмұрын көлі –көлемі 500 млн.м3 , айдыны 460км2. Ең үлкен су қоймалары Жоғары Тобыл –сыйымдылығы -816млн м3., Қаратомар 586- млн м3. Торғай-Тобыл өзендер торабы –мемлекет аралық өзендер болып есептеледі.

Ертіс өзен торабы

Ертіс өзен торабына Шығыс Қазақстан бұрынғы Семей, Павлодар облыстарының жерлері кіреді. Ертістен басталантын Сәтбаев атындағы канал мен Ертіс суы Қарағанды, Ақмола, Жезқазған облыстарына жетеді. Ертіс өзені мемлекетаралық маңызы бар. Ертіс өзенінің ұзындығы 4280 км, оның 1698 км Қазақстан территориясында. Ертістің су мөлшері Семей мен Павлодар облысының шекарасындағы гипропост бойынша көпжылдық орта есеппен  882 мЗ/сек.

Ертіс өзенінің үлкен салалары Бұхтырма, Уба, Үлбі, Қалжар, Шар және басқалар. Осы өңірде екі мыңға тарта көлдер бар (1967), олардың ең маңыздылары –Зайсан, Марқакөл. Марқакөл -1450 м биіктікте орналасқан табиғаты бай көлдердің бірі.         Ертіс өзенінде үш ірі су қоймалары тұрғызылған. Олар Бұхтырма, Өскемен, Шульба су қоймалары. Қазақстандағы ең үлкен су қоймасы Бұхтырма, су айдынының ауданы 5490км2, оның ішіне Зайсан көлі-3750км2. Жоба бойынша су сыйымдылығы -49,6км3. Үш су қоймаларында ірі элкетр станциялары салынған. Ертіс өзені Қазақстан су тарнспорты үшін пайдаланатын жалғыз өзен. Осы су қоймалары әр-түрлі мақсаттарға пайдаланылады:

- электр энергиясын өндіруге

- өзенмен жүк, жолаушылар тасуға

- қалалар мен елді-мекендерді сумен жабдықтауға;

- егістік, шабындық пен жайылымдарды суландыруға;

- балық шаруашылығына;

- табиғи жүйелерді сақтауға (әсіресе өзен арнасындағы өсімдіктер мен жәндіктерді сақтауға);

- демалыс, спорт істерін дамытуға.

Ертіс суларын Қазақстанмен қатар Ресей Федерациясы және Қытай Халық республикасы пайдаланады.  

Арал-Сырдария өзен торабы

Сырдария өзенінің бойына тек Қазақстан мемлекеті емес, жалпы мұсылман мемлекеттерінің су тарихы бақыланады. Қазыіргі кездегі су жөнінен ең күрделі және маңызды өзен торабы. Сырдария бойында Қырғызстан, Талдықорған, Өзбекстан Қазақстан облыстары орналасқан. Ауа райы және жер жағдайы суармалы жерлерді дамытуға бағытталған. Сондықтан Сырдария суының негізгі бөлігі (80-90%) егістікті суаруға пайдаланылады. Сондықтан осы өңірдің экономикасының тұрақты дамуында судың алатын орны зор. Дарияны реттеу үшін Қырғызстанда-Тоқтағұл, Өзбекстанда –Андижик, Шыршық, Тажікстанда –Қайраққұм, Қазақстанда –Шардара су қоймалары тұрғызылған. Бұл тек ірілері ғана. Сырдарияның негізгі тармақтары –Нарын, Қарадария, Шыршық, Келес, Арыс өзендері. Бүгінгі күннің ең күрделі проблемасы судың жетіспеушілігі. Дарияның тағы бір ерекшелігі, судың негізгі көлемі Қазақстан шекарасына дейін пайда болады. Біздің территориямызда, әсіресе Қызылорда облысында өзен салалары жоқтың қасы. Барлық су көрші мемлекеттің территориясында. Бұл күрделі су торабы әсіресе Совет одағы құлағаннан кейін тіпті шиеленісе түсті. Оған бірнеше  себептер бар. Судың тапшылығы, су басқару жүйесінің қалыптаспауы, артық пікірге келмеушілік осының бәрі Арал дағдарысына келтіріп отыр.  

Шу-Талас өзендер торабы

Бұл екі өзен Қазақстандағы тарихи өзендер қатарына жатады. Өзендер суларын Қырғыз мемлекеті мен біздің Жамбыл облысы мен Оңтүстік Қазақстанның Созақ ауданы (ертеректе су Сырдарияға жеткен) пайдаланады.

Шу өзені бойынша Орта Тоқай (Қырғызстан) және Тасөткел (Қазақстан) су қоймалары салынған. Қазіргі тәртіп бойынша Шу өзенінің суы былай бөлінеді.

Қазақстанға жазда -1540млн.м3 ? күзде-қыста -1250, жылына 2790 немесе -42%.

Қырғызстанда жазда -3017млн.м3, күзде, қыста -83, жылына 3850 немесе -58%. Барлығы 6640 млн.м3.  

Талас өзенінде Киров су қоймасы (Қырғызстанда салынған). Талас өзенінің жылдық су көлемі 1616 млн.м3 оның Қазақстан бөлігі -808 млн.м3. Қырғызстан млн.м3.

Орал Каспий өзен торабы

Бұл Қазақстанның батыс өңірі-Атырау, Ақтөбе, Батыс Қазақстан және Маңғыстау облыстары жатады. Негізінен мұнай –газ, ауыл, балық шаруашылығымен айналысатын облыстар. Каспий теңізінің 1600 км жағалауы немесе 23% Қазақстанның территориясында жатыр. Негізгі өзендер Ор, Елек, Шаған және басқалар. Негізінен мемлекет аралық өзендер көршіміз Ресей Федерациясының Астрахань, Волгоград, Саратов, Орынбор облыстары.. Орал өзенінің жоғарғы жағына Башкария мен Челябы облысының кейбір шаруашылықтары орналасқан. Негізгі өзен Орал өзені. Оның жылдық көлемі 12,4 км3, осының 10,4 км3 Ресейден келеді. Өзеннің жоғарғы ағысында Иреклі су қоймасы (Ресейде) салынған.  Қазақстан жерінде Қарғалы, Ақтөбе су қоймалары бар. Өзендер мен қатар Ресейден Саратов және Паласов каналдары арқылы Қазақстанға су беріледі. Бұл торабтың негізгі суы Каспий теңізіне, балық шаруашылығына беріледі.

Нұра –Сарысу өзен торабы

Бұл өңір Орталық Қазақстан болып табылады. Негізгі өзендер Нұра-Қорғалжың теңіз көлдеріне құяды. Сарысу өзені негізінен көктемгі қар еруінен пайда болады. Суы Сырдарияға дейін жетпейді. Судың көлемі орта есеппен 300млн.м37 Су қоймалары Шерубай, Нұра, Самарканд, Ынтымақ, Кенгир, Жезді және басқа шағын су қоймалары. 1800 тарта көлдер бар. Оның үлкендері Қорғалжың, Теңіз

Жер асты сулары . Жер асты сулары онша көп болмағанымен кез-келген жерде кездеседі, өнімділігі 0,01- ден 2 л/с дейін, ал 10л/с сулар сирек кездеседі. Жер асты суларының жылына зерттелген көлемі жылына 160 млн.м3 -ден аспайды.

Жалпы су ресурсы өте шектеулі, қазірдің өзінде су жетіспеушілігі кездеседі. Осы өңірді суландыру үшін Сәтбаев атындағы канал салынған. Ол Павлодар, Қарағанды облысынан өтеді. Суды Ертіс өзенінен алады. Жоба бойынша Ертістен жылына бірінші кезекте -1км3, екінші кезекте-2км3 су алуға салынған. Қазіргі кезде Астанаға да осы каналдан су беріле бастады. Осы каналдың экономикаға байланысты толық мүмкіншілігі елдің игілігіне пайдаланылмай отыр.

Нұра және Сарысу өзендерінің жалпы бүгінгі күнгі су ресурстары.

1. Барлық шығынды (су қоймаларында) алып тастағандағы табиғи су -0,85 млн.м3/жыл.

2.  Сәтбаев каналынан келетін су– 0,4 млрд. м3/жыл

3. көлдерден алынатын су  – 0,4 млрд.м3/жыл.

4. Жер асты сулары – 0,27 млрд.м3/жыл.

5. Лас сулар – 0,13 млрд.м3/жыл.

    Қосындысы : 2,35 млрд.м3/жыл.

Есіл өзен торабы

Есіл өзен торабы Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстарының территориясна қарайды. Көпжылдық орта есеппен су ресурстары -2,2 (2,6) км3 деп есептеледі. Барлығы 7515 көл-оның су көлемі 2,3 км3. Қазақстан жерінде Есіл бойында салынған су қоймалары;

- Есіл су қоймасы -8,6 млн/м3, Астана -411,0 млн/м3, Сергеев-693,0 млн/м3, Петропавел-19, 4 млн/м3. Есілдің жылдық су көлемі Ресеймен шекарада 1995 пен 2005 жылдар аралығында 400 млн/м3 ден 4100 млн/м3-ге дейін болды. Есілдің суы негізінен ауыз суға пайдаланылады, әсіресе Қазақстанның орталығы Астана қаласы. Оның сыртында өндіріске, ауыл шаруашылығына, әсіресе қала маңындағы суармалы жерлерді суаруға жұмсалады.

Гидрологиялық болжау және оның су шаруашылығына маңызы

Қазіргі жағдайда, әсіресе күрделі су ғимараттарын тұрақты жұмыс істеткізу үшін ең керекті дұрыс ақбарлар керек. Жер беті суларының өзгеруі, жауын-шашын, булану сияқты көрсеткіштер. Сонымен қатар бүгінгі күннің талабысуды тиімді және үнемді пайдалану үшін алдын-ала анықталған болжамдар керек. Қалыптасқан жағдай бойынша ұзақ және қысқа мерзімге болжамдар жасалады.

Ұзақмерзімді болжау, су ресурстарын ұтымды бөлуді бірнеше ай бұрын жоспарлауға мүмкіндік береді, әсіресе су шаруашылық балансы күрделі аудандар үшін.

Қысқамерзімді болжау – негізінен бірнеше күн алдын-ала су ресурстары жағдайы жөніндегі берілетін ақбар. Бұл болжамдарды – тез шешім қабылдау үшін пайдаланады, әсіресе су объектілерінің қауыпсіздігі үшін – суды дұрыс бөлу, немесе суды дұрыс пайдалану үшін қолданылады.

Маңызды болжамдар қатарына жататындар:

күрделі суқоймалары мен энергетикалық маңызды ғимараттарға келетін судың – айлық, тоқсандық және мерзімдік болжамы;

Суармалы жері бар аудандардың егістік суаратын мезгіліндегі өзен су көлемінің болжамы;

Көктем және жазғы-күзгі тасқын кезіндегі болатын өзен суының ең биік деңгейін беретін ұзақмерзімді болжау;

Тасқын кезіндегі өзен суының деңгейі жөніндегі қысқамерзімді болжау;

Су көздерінде мұздың тұра бастау және оның еріп-кете бастауы жөніндегі болжау.

Өзен торабтарының су шаруашылық балансы

Су шаруашылық балансы қаралып отырған өзен торабының жер беті мен жер асты сулары мен жер бетінен булану және өсімдік арқылы ауаға тарау , жауын-шашын қарым-қатынасын білуге жасалады. Сонымен қатар қолда бар су ресурстарымен оған халықшаруашылығына сұраныс пен экологиялық сұраныстарды салыстыру керек.

I, II – аудандар нөмірі

W1 – барлық шаруашылық салаларының су пайдалану көлемі;

W2 – пайдаланғаннан кейін өзен арнасына қайтатын су (пайдаланған кейін)

W3 – қайтатын судың біраз бөлігі 2 ауданда қайта пайдаланады су көлемі, оны былайша көрсетуге де болады: W3=а*W3, “а” – коэффициент =0,1-0,5;

W4 – санитарлық, кеме жүзуге, демалыс аймағына және лас суларды залалсыздандыруға керекті су көлемі;

W5 - өзен арнасында қалатын ең төменгі өлшемдегі су көлемі (мөлшері)

W5= W1 - W3 + W4;

W6 – осы қаралып отырған өзен аймағындағы жалпы шығын:

W6 = W1 - W2

Осы территория ға келетін су көлемі:

V1 = V1' + V1" + V1'" + V1"",

 

V1' – жоғарғы су жыйылатын ауданнан (территориядан) жер бетімен, жер астымен келетін табиғи су;

V1" – жоғарғы су жыйылатын ауданнан келетін қашқын су;

V1"' – осы территорияның өзінде жыйылатын, жербеті және жерасты сулары;

V1"" – көрші өзен торабынан әкелінетін су көлемі.

 

Осы территорияда орналасқан суқоймасынан алынатын судың көлемі:

V2 = V2’ – V2’’ + V2’’’

V2’ – суқоймасының азаю көлемі;

V2’’ – суқоймасына судың жиналуы;

V2’’’ – судың буға және сіңуге кететін көлемі.

 

Сонымен суқоймасында реттелген жалпы су көлемі:

V3 = V1 – W3

Келесі – I - ауданга өзен арқылы өтетін судың көлемі:

V4 = V3 – W6;

 Өзеңдегі ең төменгі судан артық судың көлемі:

V5 = V4 - W4.

Нег.:1 ( 20-23 )

Қос.: 9(19-21 )

Бақылау сұрақтары:

1.

2.

3.

2 Дәріс. Су қоры халық байлығы.

Тірі және өлі табиғатта жүретін түрлі процестер мен құбылыстардың адам тіршілігіне жұмсалатын заттардың ішінде судың маңызы зор. Мұздарды, батпақтарды қосып есептегенде, жер бетінің 77,5% - ын су алып жатыр. Су қорларына – мұхиттар, теңіз, өзен, көл, жер асты сулары, мұздықтар, атмосферадағы ылғал кіреді. Су адамдар мен жануарлардың организміне еніп, онда болатын зат және энергия айналымына тікелей қатысады. Көптеген процестер тек сулы ортада ғана жүре алады. Белок суда пайда болған және осы ортада дами алады, ал белок тірі клетканың негізі болып табылады. Жер бетіндегі биологиялық өнімдердің 43% - ын, ал оттегінің 50% - дан көбін мұхиттар мен теңіздер береді. Су қоры – халық байлығы, өкінішке орай жер бетіндегі тұщы судың қоры өте аз. өзендер мен көлдердегі тұщы сулардың қоры, гидросфера ресурсының бір пайызына да жетпейді екен. Құрлық бетінің әр түрлі жерлеріндегі тұщы сулардың қорлары әр түрлі. Мысалы, Аляскада 1 адамға 2 миллион м3, Жаңа Зеландияда 100 мың м3, бұрыңғы Кеңестер Одағында 18,3 мың м3, ал Қазақстан Республикасы тұщы су қоры тапшы мемлекеттер қатарына жатады. Қазақстанда 1987 жылы халық шаруашылығына жұмсалған судың жалпы мөлшері 38 км3-ге жетті. [2]

Планетамыздағы адамзаттың тұщы суды пайдалануы жыл сайын өсіп келеді. Ал, мұхиттардың, теңіздердің тұзды сулары шаруашылықта мардымсыз болса да қолданылып жүр. Біздің республикамызда су тұщытқыш станциясы Ақтау қаласында ғана бар. Егер ерте кезде, бір адам басына шаққанда, тәулігіне 12-18 литр су пайдаланса, XX ғасырда мәдениеті дамыған елдерде оның шамасы орта есеппен 200-400 литрге жетіп отыр. [1]

Су ресурстарының “мұхит-атмосфера-жер-мұхит” системасындағы айналым процестерінде тамаша бір қасиеті - өздігінен қайта қалпына келу қабілеті. Сондықтан табиғатты қорғаудың аса маңызды міндеттерінің бірі табиғи сулардың осы қасиетін сақтап қалуға барынша мүмкіндік жасау.

Судың өздігінен тазару процесіне әсер ететін физикалық факторлардың ішінде ластаушы заттардың сұйылуы, еруі және араласуы негізгі рөл атқарады.

Қазіргі кезде адамзат қоғамында 1 жылда тұщы судың 3000 км3 шамасындайы жұмсалады. Суды ең көп пайдаланатын ауыл шаруашылығы. Ауыл шаруашылығында пайдаланылған судың төрттен үш бөлігі қайтарылмайды. Мысалы, 1 тонна бидай өсіру үшін барлық вегетациялық кезеңде 7000 тонна, мақтаға 10000 тонна су жұмсалады.

Ауыл шаруашылығында қолданылатын улы химикаттар топырақтан шайылып, суға түседі. Мал шаруашылығында түзілген өлі органикалық заттар (көң, шірінді, мочевина) топырақтан суға түсіп, су жүйелеріне едәуір әсер етеді. Органикалық заттары көп мұндай суларда көк-жасыл, қоңыр балдырлар және жоғары сатыдағы өсімдіктер тез көбейіп, өледі, нәтижесінде судағы органикалық заттардың массасы артады, сондықтан суда оттектің жетіспеушілігі туындайды. Соның нәтижесінде су тіршілікке жарамсыз болып, онда анаэробты процестер басым бола бастайды.

Ағызында суларды оларды ластаушы заттардан тазарту күрделі процесс. Олар – механикалық, химиялық және биологиялық болып бөлінеді.

 

 


Ағызынды суларды тазарту сызбасы.

 

Механикалық әдісі – суды тұндыру және сүзу арқылы ондағы механикалық қоспалардан тазарту. Көлемі әр түрлі бөлшектер мөлшеріне қарай әр түрлі конструкциялық торлармен, су бетілік қоспалар – май, смола, мұнай ұстағыштар арқылы сүзіледі.

Химиялық әдісте суды тазалау үшін химиялық реагенттер, мысалы, хлор, хлорлы ізбес сияқты қосылыстар қолданылады. [5]

Хлор суды қауіпті бактериялогиялық ластардан тамаша, пәрменді қауіпсіздендіреді. Бірақ …соңғы кезде белгілі болғандай, хлорланған ауыз суы ғалымдар дәлелдегендей бауыр, қуық, асқазан ісіктерін, аллергиялық аурулар туындатады. Хлор тағы да біздің ағзамыздағы ақуыздарды бұзып, тері мен шашқа жағымсыз әсер етеді. Жазға кезеңде, микроағзалар жылдам, қарқынды көбейетін шақта су көбірек хлорланады, осы кезде адам денсаулығына қауіп күшейеді.

Суды жекелей тұтынуда хлордан құтылудың ең тиімді әдісі – су тазартқыш (сүзгіш) пайдалану. Егер сүзгі жоқ болса, онда суды бірнеше сағат тұндырып қою керек, сонда хлор ұшып кетеді. [4]

Ағызынды суды тазартудың химиялық әдістерінің ең көп қолданылатын түрі – нейтралдау. Өнеркәсіп орындарының әртүрлі қышқылдарды бөлетін лас суларын нейтралдау үшін магнезит, доломит, ізбестастар қолданылады.

Суды тазалаудың биологиялық әдісі – микроскопиялық өсімдіктер мен жануарлар өсіріп, үстінен ағызынды сумен толтырады да төменгі жағынан қатты ауа ағынымен үрлейді, Оттектің (ауамен үрлегенде) және органикалық заттардың көп мөлшерінде бактериялар мен микрофауна қарқынды өсіп, көбейіп, органикалық ластаушыларды жай минералдық заттарға дейін ыдырататын ферменттер бөле бастайды. Органикалық заттардың минералдану процесі жүреді.

Органикалық заттардың мол қорымен қоректенген бактериялар активті көбейе бастап, массалары ұлғая түседі. Бактериялардың кесектелген массалары біртіндеп судың түбіне шөгіп, ал су тазара береді. Биологиялық тазалауға қатысатын организмдерге әр түрлі бактериялардан басқа балдырлар, саңырауқұлақтар, ең төмен сатыдағы жәндіктер, құрттар және басқалар жатады. [5] Солардың бірқатарына тоқталамыз.

Жамбасқұрт – жамбастап жылжып қозғалатын жәндік. Бұл оның уақытша қозғалысы емес табиғи бейімділігі. Жамбасқұрттар балықтардың сүйікті жемі болумен қатар, өте пайдалы жәндіктер. Олар түрлі организмдердің қалдықтарымен қоректеніп, су түбі тазалығын сақтауда үлкен роль атқарады.

Қоңыздар. Көп жылғы бақылаулар бойынша қоңыздардың негізгі қорегінің 60%-ы маса личинкалары екен. Арнайы жүргізілген тәжірибелерде бір ғана қоңыздың тәулігіне 65-70 маса личинкасын жоятыны осыны дәлелдейді.

Су шаяны. Су шаяны ақпайтын тоқтау суларда, өсімдіктері көп, әрі ластанған өсімдік шірінділері көп көлшіктерде тіршілік етеді. Олардың негізгі қорегі – маса, сона мен басқа да су жәндіктері. Лаборатория жағдайында су шаяндары тәулігіне масаның 85 личинкасын жоятыны анықталған.

Инеліктер. Судағы жәндіктердің ішінде инеліктердің орны ерекше. Барлығы дерліктей жыртқыштар. Тіршілік ету ерекшелігіне байланысты инеліктерді су насекомдарының “қос мекенділері” деп атауға болады. өйткені инеліктердің личинкалары суда дамиды да, ал ересектерінің даму кезеңдері су жағасында өтеді. Ересек инеліктер қорегін тек қана ұшып қуып барып ұстайды. Олардың өткір тырнағына көбіне масалар, шыбындар, соналар т.б. зиянды насекомдар ілінеді.

Су жүйелерін тазалайтын балықтар да бар екен. Арықтар бойын арамшөптерден тазарту үшін маман ғалымдар көп ізденіс жасап, канал бойларына ақ амур, дөң маңдай сияқты балықтарды қолдан жерсіндірді. Ақ амур ересектерінің дене тұрқы 120 см, салмағы 32 кг-ға дейін жететін ірі балық. Денесі ірі бұл балықтың ерекшелігі – ол сондай мешкей. Олар каналда өскен шөптерді жеп, өсімдіктердің қаулап өсуіне жол бермеген.

Арық пен канал бойындағы өсімдіктерден құтылу үшін қолданылып жүрген механикалық әдістерді шөппен қоректенетін балықтармен алмастыру экономикалық жағынан өте тиімді. Сондай-ақ бұл балықтар басқа да маңызды қызмет атқарады. Жағасында қамыс өскен су төңірегінде орналасқан ауыл-село тұрғындары жазда масадан көп зардап шегетіні белгілі. Ондай кезде ақ амурлар суда өскен қамыс құрақты азық етіп, масалардың ұрық салатын орнын құртады. Сондықтан да су жүйелерін тазалайтын бұл балықтарды келешекте канал, арық суларында өсіруді қолға алған жөн. [3]

ӨЗ ӨЛКЕМІЗДІҢ СУ ҚОРЛАРЫНЫҢ ЖАҒДАЙЫ

Өз өлкеміздің су қорларына келетін болсақ Жамбыл облысының барлық өзендері Арал теңізі алабына жатады. Қырғызстан жерінен бастау алатын Шу, Талас, Аса өзендері облыстың негізгі өзендері болып табылады.

Облыс көлеміндегі жерүсті суларының сапасын зертханалық талдауда өткен жылмен салыстырғанда 2006 жылы Шу, Талас, Аса өзендерінде ластану индексінің өскендігі байқалған.

Жалпы облыс бойынша ластағыш заттар төгінділері “Шолақтау” таукен өндіру комбинаты, Шатыркөл руднигі, Ақбақай таукен металургиялық комбинаты, “Монолит ” ашық акционерлік қоғамы сияқты кәсіпорындардан болып отырғандығы расталып отыр.

Қорта айтқанда, су - өмірдің нәрі, ол - өмірдің өзі, сондықтан да оны аялау, оны көзіміздің қарашығындай сақтау – бәріміздің табиғат алдындағы азаматтық борышымыз. Табиғат тепе-теңдігі табиғаттың міндетті заңдылығы, оны оқып-үйрену, танып білу әрбір адамның жоғары саналы, экологиялық мәдениеті қалыптасқан тұлға екендігінің белгісі.

3-Дәріс. Су шаруашылығы кешені. Су пайдалану мен суды тұтыну.

Су тұтынушылар қатарына табиғи суды құрал-жабдықтар ретінде пайдаланатындар жатады. Оларды өндіріс, ауылшаруашылығы, ауыз су , егістік суару жатады.

Су пайдаланушылар қатарына табиғи суды өмір сүру ортасына пайдалану, жол транспорты, су энергиясын өндіру, ағаш ағызу немесе суды алмай пайдалану, өзінен қайтатын су жоқ салалар. Су пайдаланудың негізгі көрсеткіштері:

-табиғи өзендердің өзгеруі ГЭС бөгет салғанда жоғары жағында деңгейдің өсуі, төменгі жағында керісінше төмендеуі.

- су температурасының өзгеруі жазда және қыста;

- су сапасының өзгеруі мұнай қалдықтары кемелерден;

Су тұтынушылардың негізгі көрсеткіштері, бұл дегеніміз суды тұтынғаннан кейін қайтымды сулар  пайда болады. Суды тамақ алу немесе біраз суын қайтару , мысалы жер суару, оған қайтатын су –алған судың 10-50% шамасында

- өндіріс, әлеуметтік-тұрмыстық, суландыру жүйелері.

Су шаруашылық кешеніне қатысушыларға мыналар жатады:

тұрмысты сумен жабдықтау

 өндірістер

жерді мелиорациялау

энергетика

су транспорты

ағаштарды (дайындалған) өзен суымен ағызу

балық шаруашылығы

су спорты, денсаулық сақтау шаралары

су рекреациясы

табиғат комплекстері (көлдер, ветландтар, өзен арналары мен сағалары).

Су шаруашылық кешендерінің негізгі міндеттері:

комплекске қатысушылардың талабын, судың көлемі мен сапасына қойылған талабын мүмкіншілігінше толық орындау.

  Су көздерінің ластануына және құрып кетпеуіне жол бермей отырып, табиғи объектілерді сақтау;

  Осы кешенге қатысушыларға судың экономикалық пайдалылығын көтеруге мүмкіндік жасау;

  Комплекс құрамындағы ғимараттардың (бөгет, насостар, каналдар, құбырлар және басқалар) қалыпты, тұрақты жұмыс істеуін қамтамасыз ету.

    Қалалар мен  елді-мекендерді сумен жабдықтау

Тұрмыстық шаруашылықта суды негізінен ауыз суға, тұрмыстық жағдайға –монша, кір жуу,асхана, көшелерді, гүлдерді суаруға , өрт сөндіруге пайдаланылады.

Ірі қалалардың өсуіне әр адамға пайдаланатын судың көлемі өсе түседі. Әр тұрғынға керекті судың мөлшері тиісті нормативтік құжаттарды басшылыққа ала отырып анықталады. Судың көлемі оның сыртында халық саны мен тығыздығына байланысты.

Жалпы бір адамға тұрмыстық-ауызсуға кететін судың мөлшері:

Q = ( N х qH х Kr х K сөт )/86/4 х 103

 

бұл жердегі:

N – келешектегі халық саны

qH – ортасөткелік су тұтыну мөлшері

Kr – сөтке ішіндегі тұрақсыздық коэффициенті

Kсөт – сағат ішіндегі тұрақсыздық коэффициенті

 

 Тұрмыстық-ауыз су пайдалану мөлшері

Үйдің жайлылық дәрежесі

Бір адамға керекті су мөлшері, qн, л

Тұрақсыздық коэффициент

Орта тәуліктік ең жоғарғы мөлшер Ксот Кr
Суқұбыры мен канализациясы бар және ортадан беретін ыстық су 275-400 300-420 1,09-1,05 1,25-1,20
Суқұбыры мен канализация бар және ванна, газ колонкасымен 180-230 200-250 1,11-1,09 1,30-1,25
Суқұбыры бар, канализация мен ваннасы жоқ 125-150 140-170 1,12-1,13 1,50-1,40
Суқұбыры және канализациясы жоқ, көшедегі колонка 30-50 40-60 1,33-1,20 2,00-1,80

 

Су мөлшерінің үлкен жағы оңтүстік облыстарға, кіші жағы солтүстік облыстарға жатады.

Елді мекендерде су пайдалану (тұтыну) жыл бойына өзгеріп отырады. Көп су жаз айларында керек болады. Мыс: ванна, душ қабылдау, өсімдік және көше суару. Сол секілді тәулік бойына да су пайдалану өзгеріп тұрады. Ең көп пайдалану күндіз, ең аз пайдалану кешке болады. Үй шаруасына ауыз суға тұтынуын судың мөлшері тәулігіне өзгеріп отырады, бірақ жоба жасағанда сағат сайын өзгеріс болмайды, тұрақты деп қабылданады.  Келешекте су тұтыну мөлшерінің өсуі тоқтатылуы керек. Оның негізгі себебі судың тапшылығы қаланың өсуі, халық санының артуы, өндірістің артуы, ауылшаруашылығының дамуы. Сондықтан тұрмыстық шаруашылықта су тұтыну мөлшерін азайту жолдарын іздестіру керек. Ол дегеніміз қала , көше тазалауды судың орнына ауа сорғыш пен тазалау, химиялық және жеңіл өнеркәсіптік ұйымдарда жаңа құралдар шығару керек. Осындай әдістердің арқасында су тұтыну азаяды, лас суларды шығару мөлшері төмендейді. Оның сыртында ауыз суға пайдаланатын су құбыры жеке, техникалық суларға арналған су құбыры бөлек болуы керек.

Жылдан-жылға коммуналдық құбырлардың жылына ұзындығы  артуда. Қазақстанда уақытында 20мың. Шақырым шамасында магистарльды құбырлар, 30 мың шақырымнан астам ауыл ішіндегі құбырлар салынды. Ең ірілері  Есіл, Булаев, Нұра, Селет және басқа құбырлар салынды. Ең үлкен су құбыры –Преснов су құбыры, жалпы ұзындығы -3300 шақырым. Сол кездері осы күрделі су құбырларында су шаруашылық комплексіне жатқызылған. Осы сияқты Сәтбаев атындағы канал (кезіндегі Ертіс –Қарағанды каналы) көптеген су тұтынушыларға су беріп тұрады.

Өндірісті сумен жабдықтау

Өндірістің дамуы су тұтынудың көбеюіне әкеледі. Көптеген өндіріс орындары суды өндіріс процесінің негізгі элементі (құрамы) ретінде пайдаланады:

Электр энергиясын және жылу өндірісінде негізгі күш ретінде;

Кейбір өндірісте су технологиялық компонент болып саналады;

Көптеген химиялық өндірістерде су реаген ретінде жүреді;

Өндірістер территориясында су тазалық, өрт сөндіру , санитарлық мақсатта пайдаланады. Сонымен, су өндіріс жұмыстарының өндіретін өнімдерінің негізгі құрамы. Көптеген жағдайда өндірісте суды құбыр арқылы пайдаланады., лас суды канализацияға тастайды. Егер өндірісте алған таза суды Q деп белгілесек, сонда лас судың мөлшері былай анықталады:

Q ст = Q – Q п – Q ш

ондағы Qп және Qш –қайтпайтын су шығыны, олар буға айналу, шлам мен қоқыс тазалауға кететін су мөлшері. Бұл үлгіден басқа кейбір өндіріс орындары бір пайдаланған суды қайта пайдалану үлгілермен жұмыс істейді.

 

Тұйық (қайталау) супайдалану үлгісі

1 - салқындатқыш қондырғы;

2, 7 – насос станциялары;

3 – су әкелетін канал (құбыр);

4 - өндіріс орны;

5 – пайдаланған суды шығару;

6 – суды қайыратын құбыр;

8 – таза сумен толықтыру каналы немесе құбыры

 

Қара және түсті металлургия химиялық, қағаз өндірістері суды көп пайдаланатын экономика салалары болып саналады. Өндірістен қайтатын сулардың көбеюі, олардың құрамында мырыш, қорғасын, никель тұздары және басқа заттар су көздеріне түсіп, оларды ластайды, залалдандырады. Мұнай өңдейтін өндірістердің қалдықтары, су көздерінің бетіне пленка сияқты жауып оған оттегінің түсуіне жол бермейді. Сондықтан табиғи суларға залады қалдықтардың түспеуі үшін өндіріс технологиясына суды үнемі циркуляцияда ұстау керек. Сондықтан өндірісте жоғары өнімнің бір мөлшеріне кететін суды азайту және қалдық шығармау технологиясына көшу негізгі міндет. Осы бағытта ғылыми-техникалық жұмыстар жүргізуде жылу және атом электр станциялары да суды көп пайдаланатын өндірістер, олардан шыққан сулар экологиялық жүйелерге кері әсерін тигізеді, әсіресе оның жылу әсері. Оны жылумен ластану, залалдану дейді. Сондықтан , пайдаланған суды шығармау, қайта сол технологиялық жүйеде қалдыру керек.

Жылу электр станциялары да суды көп пайдаланушылар қатарына жатады, мысалы 1 квт-тық күшке 0,45м3/сағат. Бүгінгі агрегаттар пардың (будың) температурасын 580-600ºС, күштің қысымы -240-260 кПа жетеді. Егер станцияның қуаты 2400 мВт болса, керекті су көлемі -1кВт=0,15 м3 /сағат, сонда бізге 100м3/с су керек болады. Бұл дегеніміз үлкен бір өзенге тең. Сондықтан осындай жылу электр станцияларын үлкен су қоймаларының, өзендердің жағасына салуды көздейді. Көбінесе бір жылда суды алды, оны өзенге (көлге) тастайды. Осындай станцияларға Екібастұз ГРЭС; Ақсу (бұрынғы Ермак) ГРЭС жатады.

    Су энергиясын пайдалану

    Энергетикалық баланста -су электр станцияларының алатын орны зор, олар басқа электр станцияларымен салыстырғанда әлдеқайда тиімді: біріншіден орын дайындап, тасып, жағуды керек етпейді, су тазалығын сақтайды. Су көзі таусылмайды. Су электр станцияларының қуаттылығы мынадай көрсеткіштерге байланысты.

 

N = 9,8 х Q х H

 

Q - өзеннің осы тұсындағы орташа жылдық су мөлшері, (м3/с);

H – судың құлау биіктігі, (м).

 

    Су электр станциялары автоматты режимде жұмыс істейді, пайдалы жұмыс істеу коэффициентін пайдалану  өте жоғары және жеңіл. Электр тогының өзіндік құны, жылу және атом электр станциясымен салыстырғанда әлдеқайда арзан. Су станцияларын салғанда көптеген шаруашылық мәселелер қысыммен шешіледі, су қоймасы салынады; оның суы электр тогын өндіруге суармалы жер салуға, жайылымдар мен ауыз су мәселесін шешуге мүмкіндік туады. Онымен қатар су транспортын ұйымдастыруға болады.

    Су тасқынын сақтауға, қуаңшылық жылдары сумен жабдықтауға, әсіресе балық шаруашылығын дамытуға көмектеседі. Оның сыртында, спорт , демалыс орындарын ашуға , туризм жұмыстарын дамытуға болады. Электр тогын пайдалану тәулігіне, жетісіне, айына және жыл бойына өзгеріп тұрады. Соның ішінде тәулігіне көп өзгереді. Тұрмыстық коммуналдық шаруашылықта өндірістердің жұмыс істеу кестесіне байланысты. Сондықтан осыған сәйкес электростанцияларының жұмыс істеу кестесі жайлап жүргізіледі.

    Табиғи объектілерді сумен жабдықтау

    Табиғи объектілерді сумен жабдықтау бүгінгі күннің негізгі мәселесі. Осы уақытқа дейін бұл салаға онша көңіл бөлінбей келеді. Оның қоршаған ортаның негізгі бөлігі екені ескерілмеді. Соның салдарынан тек Арал теңізі тағдырымен дәлелдеуге болады. Көптеген мысал Балхаш көлі, Каспий теңізі негізгі өзендер сағасы, ішкі көлдер осыған дәлел.

    Су транспорты

    Су транспорты ең ескі транспорттың бірі. Қазіргі кезде де оның маңызы зор, бірақ өзен транспортының барлық транспорттағы үлес салмағы 4% -тен аспайды. Су транспортының қоятын талабы кеме жүзу кезеңінде қалыпты су деңгейі болу керек. Ол талап өзеннің керекті тереңдігі ені және қалыпты өзен бұрылыстарының радиусы. Осы талаптар кемелердің үлкен-кішілігі және ағаш ағызу құралдарының түріне байланысты. Өзінің үлес салмағының аздығына қарамай су транспортының кейбір шаруашылық түрлерінде маңызы өте зор. Оны су транспортымен үлкен көлемде ағаш, мұнай, астық, тұз, тыңайтқыш, құрылыс материалдары (құм) қашық жерлерге бағамен тиеуге болады, әсіресе бұл транспорттың пайдалы қазбалары бай аудандарда темір және асфальт жолдар жоқ жерлерде маңызы арта түседі. Су транспортының қауіпсіздігі үшін өзен бойына белгілер сигнал беретін құралдар қойылады. Су жолының қалыпты жағдайына өзен арнасын тиісті уақытында тазалау арнасын түзету және басқа керек жұмыстар жүргізіледі. Өзен арнасында әр-түрлі гидроқұрылыстардың салынуына байланысты басқа салалардың талабын ескере отырып су тереңдігін сақтау үшін су қоймасынан керекті уақытта су жіберуді көбейтіп отырады. Су аз жолдары өзен түбін тереңдетуге мәжбүр болады. Үлкен гидроғимараттарда көшелерді жоғары –төмен өткізу үшін арнайы камералар (шлюздер) орналастырылады. Мысалы Бұхтырма, Өскемен, Шульбі су қоймалары. Жүк тасымалдауы көп жерлерде арнайы порттар, вокзалдар салынады. Осында кемелер жөндеуге, жүк алуға, күшті дауылды күндері тоқтауға болады.

    Балық шаруашылығы   

    Ихтнофаунаның өмір сүру ортасы еліміздің ішкі теңіз, өзендер, көлдер, су қоймалары және арнайы салынған көлді балық шаруашылығы. Онда өте бағалы балықтар, қызыл балық, сазан, судак, карп, шортан, алабұғы және де басқа түрлері өсіріледі.

    Көп жылғы тәжірибе балық шаруашылығында судың көлемі мен сапасына өте жоғары талап қоятынын көрсетті. Сондықтан бұл сала су кешеніне қатысушыларының бірі болып есептеледі. Оның талаптары көптеген халықшаруашылық салаларының талаптарына, қарама-қайшы келіп жатады.  Балық шаруашылығының талаптары су көзінде жеткілікті көлемде оттегінің болуы және залалды заттардың болмауы, керекті тереңдік пен су жылулығын сақтау. Оның сыртында жеткілікті тамақ қоры және басқа балықты сақтау шаралары болу керек. Балық шаруашылығының дамуына кері әсерін тигізетін жағдайлар;

- Табиғи сулардың тұрмыс, өндіріс лас суларымен, тынайтқыш, пестицидпен ластануы;

- Су көздерінің деңгейінің жиі өзгеруі және сапасының төмендеуі (Арал және Каспий теңіздері);

- Гидроқұрылыстардың өзен арнасына салынуына байланысты, балықтардың уылдырық шашу мүмкіндігінің азаюы;

- Суқоймаларының салынуына байланысты судың гидрологиялық, гидрохимиялық және гидробиологиялық кестесінің өзгеруі; Бөгеттің жоғарғы жағында судың температурасының өсуі, сутегінің өзгеруі, судың көк-балдырға айналуы. Бөгеттің төменгі жағында – балық шығуының тарылуы.

- Салынған насос станцияларының және басқа су алатын қондырғылардың балық қорғайтын арнайы торлардың және басқа құралдардың болмауынан шабақтардың қырылуы;

- Балық аулау тәртібінің бұзылуы;

- Су ресурстарының тапшылығы (Сырдарья, Іле, Орал...)

    Келешекте балық шаруашылығын дамыту үшін бірінші кезекте жүргізілетін шаралар:

- Табиғи суларды ластауды тоқтату;

- Балхаш, Каспий және Кіші Аралдағы судың деңгейін және ащылығын (тұздылығын) ең керекті төменгі дәрежеде ұстау;

- Балық өсіруге маңызы бар өзендерде – бұрынғы салынған және жаңадан салынатын бөгеттерге балық өтетін қондырғылар орнату;

- Бұрыннан салынған, жаңадан салынатын суқоймаларын балықтандыру, оның өнімділігін арттыру;

- Сушаруашылығын дамытатын, әсіресе бағалы балықтарды, арнайы қондырғылар, гидротехникалық құрылыстар жүргізу (балық көлдері);

- Балық көлдерін жасап, арнайы шаруашылықтар ұйымдастыру, оның ішінде жылу-атом станцияларының жылы суын пайдалану;

- Балықтың жаңа, өнімді түрлерін жер-жерге тарату, оның өнімдерін арттыру.

Су рекреациясы

Жұмыс аяғында адамның шаршап шалдыққаны демалу арқылы немесе су рекреациясы арқылы қалпына келтіріледі. Бұ қажеттілік, ғылыми техникалық революция тереңдеген сайын арта түседі. Осындай аймақтар –теңіз, көлдер, өзендер, су қоймаларының жағалары болады. Су рекреациясы бүгінгі күнде ең үлкен экономика саласына айналды. Сондықтан су шаруашылық комплексінің негізгі мүшесіне айналды, сонымен тиісті техникалық-экономикалық баға беру өте керекті іс. Оның үстіне жылдан-жылға су спорты және су туризмі халық дамуының негізгі негізгі түріне айналуда. Олай болатын себебі ондай мүмкіншіліктің көбейуінде. Сондықтан, осындай демалыс аймақтары тиісті парктермен жақсы дамып сақталуы керек.

Осы келтірілген су комплексіне қатысушылардың талабын кесте түрінде келтірейік. Одан көретініміз талаптар бір-біріне ұқсамайды, тиісті қарама-қайшы. Оны байланыстыру өте күрделі де қиын.

 

Халық шаруашылығы салаларының суға деген талабы

Су ресурстарын реттеу

Су ресурстарын реттеу түрлері

Су ресурстарын реттеудің түрлері әр-түрлі болады. Су ресурстарын реттеудің бірнеше түрлерін қарастырайық. Өзеннен су қышқылдарымен алынатын судың көлемі ауыз суға, балық шаруашылығына, егістік суаруға, жайылымдарды суландыруға және энергетика қажеттілігіне байланысты. Ол үшін тиісті бөгеттермен су реттейтін ғимараттар салынады. Олар судың тиісті жерге беруге мүмкіндік туғызады. Кейде, осы мақсатта насос станцияларын салады.

Су қоймасы су қорларын реттеудің ең көп тараған түрі. Оны салу керекті су көлемін  жинап, бір қатар су шаруашылық комплксіне қатысушыларды сумен жабдықтауға мүмкіндік туғызады.

Басқа өзен тораптарын қосымша су әкелу осы өзен торабтарындағы судың тапшылығы салдарынан жүргізіледі. Кейінгі кезде су реттеудің бұл түрі келешекке белгіленген шараларды іске асыру кең құлаш жайып келеді.Суды бір өзеннен екінші торабқа әкелу –канал, труба, туннель арқылы жүргізіледі. Кейбір шөлейт аудандарды көктемгі жаңбыр суларын ұстап, жазда пайдалану үшін су қоймаларын алады. Жиналған сулар сол жылы – ақ толық пайдаланылады. Негізінен егістік суаруға, балық шаруашылығына тіпті, осы әдіске қар тоқтатуды кіргізуге болады.  

Осн.: 1( 24-25 )

Доп.:6(24-26 )

Контрольные вопросы:

1.Определение и содержание водопользования.

2.Признаки классификации водопользований

 3.Классификация водопользований по целям использования вод.

4. Классификация водопользований по объектам и техническим условиям водопользования.

5.Классификация водопользований по характеру использования воды и по воздействию водопользований на водные объекты

Тема лекции 4 . Су қорын пайдалану мен қорғау саласындағы мемлекеттік басқарудың негізгі принциптері

Су қорлары күйіне антропогендік ықпалдарың әсері халық шаруашылығындағы су қорлармен байланысы ең маңызды орын алады. Қазіргі ғылыми техникалық прогресс қоршаған ортаның адамға әсері өзінің масштабтық әсерімен, жеке суға арналғандағы көптеген өндірістік жағдайда ауқымды өзгерістермен тең келеді.

Су шаруашылығын өз кезегінде техникалық құрал ретінде пайдалануда және су қорларын басқаруда төмендегідей жағдайларды қарастыру қажет:

- табиғаттағы су, ауаның, энергияның және сумен қоспасындағы айналымдары;

- су ортасындағы биологиялық қорлардың қалыптасуы;

- сулы, биологиялық, сауықтыру және қорлар түрін шаруашылықта пайдалану;

- сулы және басқа қорлар түрінің антропогендік ықпалдарының әсері;

Тек қана экономикасы үрдісті жетілдірген – экологиялық жүйе дайындалуда. Мұнда, су тұтынушылар мен пайдаланушылардың жекелеген жеріндегі тәсілдері, келесі экономикалық көрметкіштер мен тетіктері, судың бағасы және оның тасымалдануы, су қорыларының жалпы сапасының төмендеуі мен ластанудағы төлемі, су пайдалану мөлшердің артуы, жерді суғару 1 текше метр судың құны, сондай – ақ, әр түрлі су шаруашылықтарының шаралары су қорларын пайдаланудан келетін кіріс жолдары жатады.

 Сонымен, су шаруашылығының даму бағдарламасын құрастыру және су шаруашылығын негізгі қағидаларын төмендегідей деңгейде қалыптастыруға болады.

- алқаптар шекарасы, су қорларын көбейту және қорғау, көпсалалы бағдарламаны болашаққа пайдалану үшін құрастырылады;

- су шаруашылығының даму жоспары үзіліссіз жүргізілуі керек.

- барлық табиғат қорлары, өлі табиғат, сонымен қатар, онда мекен еткен ағзалар мен өсімдіктер, барлық қоршаған орта элементтерінің экологиялық тұжырымы жергілікті ландшафта жоспарлануы органикалық бірлікте негізделуі қажет.

Жоғарыда аталған шаралар су қорлары көлемінің кеңеюінде, су қорларын пайдалану үшін жарамды элементтедің артуына мүмкіндік береді.

Ауыл шаруашылығында, оның ішінде су шаруашылығы саласында қоршаған ортаны басқару мәселелері, әсіресе, экономикалық және экологияылық тұрғыдан қарастырғанда өз шешімдері бар. Мәселен, судың, ауаның, топырақтың әр түрлі ластанудың түріне шалдығуы, олардан қорғау, экологиялық жүйедегі тепе – теңдікпен қамтамасыз ету мәселелерін туғызады, тіптен, табиғатты қорғау мәселелеріне дейін жеткізеді. [1]

Қоршаған орта және экономиканың өзара әсерлерін басқару жүйесі мен таңдау әдістері төмендегідей мақсаттармен тұжырымдалады:

-қазіргі және болашақ ұрпақтың тіршілігі үшін қоршаған ортаны жақсарту жәнесақтау;

- қоршаған ортаның – оның қорларына арақатынасын адамдар жағдайына қолайлы материалдармен толтыру, экономикалық өсуін, ғылыми-техникалық прогрестің деңгейіндегі тиімділігіне жеткізу;

- қоршаған ортаның сапасын міндетті түрде немесе экономикалық іс-әрекеттің нәтижесінде оның жеке нысандарын жақсарту;

- тек қана аймақтық емес, сондай-ақ, ғаламдық қоршаған ортаны қорғауды қамтамасыз ету.

Су ресурстарын басқарудың принциптері мен әдістері.

Қазақстан Республикасындағы су ресурстарын басқарудың қазіргі тәртібі.

Су ресурстарын торабтық (бассейн) басқару.

Қазақстан Республикасының су кодексі – су ресурстарын пайдалану мен қорғаудың құқық негізі.

Қазақстан Республикасы су заңдарының міндеттері.

Қазақстан Республикасы су ресурстарын пайдалану және қорғаудың нормативтік актілері.

Ø Су қорын пайдалану мен қорғау саласындағы мемлекеттік реттеу мен бақылау;

Ø Тұрақты су пайдалану – суды ұқыпты, ұтымды және кешенді пайдалану мен қорғауды ұштастыру;

Ø Су пайдаланудың оңтайлы жағдайларын жасау, қоршаған ортаның экологиялық тұрақтылығын және халықтың санитарлық-эпидемиологиялық қауіпсіздігін сақтау;

Ø Бассейндік басқару;

Ø Су қорын және қорғау саласындағы мемлекеттік бақылау мен басқару функцияларын және су ресурстарын шаруашылық пайдалану функцияларын бөлу принциптеріне негізделеді.

Су қорын пайдалану мен қорғау саласындағы басқару құрылымы кешенділігі мен қоса бағыныстылығы ескеріле отырып, мынадай деңгейлерге бөлінеді:

мемлекетаралық; мемлекеттік; бассейндік; аумақтық



Су қорын пайдалану және қорғау саласындағы уәкілетті органның құзыреті

- су қорын пайдалану мен қорғау саласындағы мемлекетттік саясатты әзірлеуге және іске асыруға қатысады;

- экономиканың су секторының даму бағдарламаларын әзірлейді;

- негізгі өзендердің бассейндері мен тұтас алғанда республика бойынша басқа да су объектілері бойынша су ресурстарын кешенді пайдалану жене қopғaу схемаларын әзірлейді;

- экономика салаларында су тұтынудың үлестік нормаларын келіседі;

- ортақ су пайдаланудың үлгі ережелерін бекітеді;

- Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен арнайы су пайдалану жөніндегі қызметтің түрлеріне лицензия немесе руқсат беруді, олардың күшін тоқтата тұруды жүзеге асырады;

- бассейндер және су пайдаланушылар;

- ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне су беру және ауыз сумен жабдықтаудың баламасыз көздері болып табылатын ерекше маңызды топтық сумен жабдықтау жүйесінен ауыз су беру жөніндегі қызметтер құнын субсидиялау тертібін әзірлейді;

- су қорын пайдалану мен қоргау сапасындагы мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;

- суды және оның пайдаланылуын мемлекеттік есепке алуды, мемлекеттік су кадастры мен су объектілерінін мемлекеттік мониторингін жүргізуді жүзеге асырады;

- су объектілері деректерінің ақпараттық базасын құрады және оған барлық мүдделі адамдардың қол жеткізуін қамтамасыз етеді;

- су объектілерін пайдалану және республикалық меншіктегі ауыз сумен жабдықтау көздерінің режимін, сондай-ақ тікелей су объектілерінде орналасқан су шаруашылығы құрылыстарын пайдалану ережелерін бекітеді;

- су қорын пайдалану мен қоргау саласындағы жобалау, ізденіс, ғылыми-зерттеу және конструкторлық жұмыстарды ұйымдастырады;

- су шаруашылығы құрылыстарын пайдалануға қабылдау-беру жөніндегі жұмысқа қатысады, су шаруашылығы құрылыстарының және су объектілерінің жай-күйіне әсер ететін құрылыс, түбін тереңдету және өзге де жұмыстарды жүргізу жобаларын келіседі;

- республикалық меншіктегі су объектілерін, су шаруашылығы құрылыстарын пайдалануды ұйымдастырады;

- Қазақстан Республикасының су заңдары саласындағы әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарайды;

- су шаруашылығындағы инвестициялық жобаларды дайындайды және іске асырады;

- су қорын пайдалану және қорғау саласындағы мемлекетаралық ынтымақтастықтың басым бағыттарын әзірлеуге қатысады;

- су қатынастарын реттеу, трансшекаралық су объектілерін ұтымды пайдалану мен қоргау мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен шектес мемлекеттермен ынтымақтастық жасауды жүзеге асырады;

- су қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеу ережелерін әзірлейді;

- су шаруашылығы баланстарын әзірлейді;

- мамандандырылған мемлекеттік мекемелердің суармалы жерлердің мониторингі мен мелиоративтік жай-күйін бағалауды жүргізуін ұйымдастырады.

 

Қазақстан Республикасының бассейндік сушаруашылық басқармалары:

 

Арал-Сырдарья Қызылорда қ.
Балхаш-Алакөл Алматы қ.
Есіл Астана қ.
Ертіс Семей қ.
Нұра-Сарысу Қарағанды қ.
Тобыл-Торғай Қостанай қ.
Орал-Каспий Атырау қ.
Шу-Талас Тараз қ.

Бассейндік басқармалар мынадай функцияларды жүзеге асырады

 

- бассейндік принцип негізінде гидрографиялық бассейннің су ресурстарын кешенді басқару;

- оң экономикалық әсерге, орынды, әділ және экологиялық жағынан тұракты су пайдалануга қол жеткізу мақсатында су қатынастары субъектілерінің су ресурстарын пайдалану жөніндегі қызметін біріктіру;

- тиісті бассейн шегінде келешектік жоспарлар мен даму бағдарламалары негізінде су объектілерін қалпына келтіру мен қорғау туралы бассейндік келісімдер дайындау және іске асыру;

- су қорын пайдалану мен қорғауға, жеке және заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының су заңдарын сақтауына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;

- Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау саласындағы орталық атқарушы органымен, жер қойнауын пайдалану және қорғау жөніндегі уәкілетті органмен бірлесіп бассейндер бойынша мемлекеттік есепті жүргізуді, мемлекеттік су кадастрын және су объектілерінің мемлекеттік мониторингін жүргізу;

- Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен арнайы су пайдалану жөніндегі қызметтің түрлеріне лицензия немесе рұқсат беру, олардың күшін тоқтата тұру;

- су пайдаланушылардың су объектілерін сақтау, олардың жай-күйін жақсарту жөніндегі ic-шаралар жоспарларын келісу;

- мүдделі мемлекеттік органдардың қорытындыларын:

тиісті бассейннің су объектілерін ұтымды пайдалану жөніндегі облыстардың (pecпубликалық маңызы бар қалалардың, астананың) жергілікті атқарушы органдарының жоспарларын;

 - судың жай-кұйіне әсер ететін кәсіпорындардың және басқа да құрылыстардың құрылыс орнын айқындау жөніндегі ұсыныстарды;

судың жай-күйіне әсер ететін кәсіпорындарды және басқа да құрылыстарды салу мен қайта жаңғырту жобаларын;

су объектілерінде, су қорғау белдеулері мен аймақтарында құрылыс, түбін тереңдету, пайдалы қазбалар, су өсімдіктерін өндіру жөніндегі жарылыс жұмыстарын, кабельдер, труба құбырларын және басқа да коммуникацияларды төсеу, ағаш кесу, сондай-ақ бұрғылау, ауыл шаруашылығы және басқа да жұмыстарды жүргізу туралы құжаттарды;

- судың жай-күйіне әсер ететін өндірістік, ауыл шаруашылық және тұрғын үй-азаматтық максаттағы объектілерді пайдалануға қабылдау жөніндегі мемлекеттік комиссиялардың жұмысына, сондай-ақ табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың нәтижесінде туындаған зардаптарды жою жөніндегі жұмыстарға қатысу;

- су пайдаланушылар деңгейінде және тиісті бассейн бойынша су пайдалану лимиттерін айқындау;

- жер асты суларының қорларын бекітуге қатысу;

- бірлесіп пайдаланылатын су қоймаларының салааралық, облысаралық және мемлекетаралық маңызы бар ірі су қоймаларының жұмыс режимін бақылауды жүзеге асыру;

- облысаралық, аймақаралық, мемлекетаралық су объектілері бойынша су алу мен су бөлу жоспарларын әзірлеу және олардың сақталуын бақылау;

- тиісті бассейн суларын кешенді пайдалану мен қорғау схемасын, су объектілері мен су шаруашылығы құрылыстарын пайдалану ережелерін келісу;

- тиісті бассейн бойынша су шаруашылығы баланстарын әзірлеуге қатысу;

- су объектілерін оқшау және бірлесіп пайдалануға беру туралы ұсыныстарды және олармен су пайдалану шарттарын келісу;

- судың жай-күйіне әсер ететін, су қорын пайдалану мен қорғау саласында белгіленген нормалар мен ережелерді бұзып жүзеге асыратын су шаруашылығы объектілері мен өзге де объектілерді қаржыландыруды, жобалауды және салуды тоқтату туралы Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен талаптар қою;

- Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес кінәлілерді жауапкершілікке тарту үшін Қазақстан Республикасы су заңдарының бұзылуы туралы материалдарды құқық қорғау органдарына және сотқа беру;

- Қазақстан Республикасының су заңдары бұзылған жағдайда мемлекетке келтірілген залалды өтеу туралы сотқа талап-арыз беру;

- су қорын ұтымды пайдалану мен қорғау жөнінде жүргізіліп жатқан жұмыс туралы, судың жай-күйі мен сапасын жақсарту жөнінде қолданылып жатқан шаралар туралы халықты хабардар ету;

- су қорын пайдалану мен қорғау мәселелері бойынша облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органдарымен және басқада мүдделі мемлекеттік органдармен өзара ic-қимыл жасау;

- су қорын ұтымды пайдалану мен қорғау халық арасында ағарту және тәрбие жұмыстарын жүргізу.

Қазақстан Республикасы су заңдарының міндеттері:

- Су қорын пайдалану және қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты жүргізу;

- Су қатынастарын реттеу;

- Тұрақты су пайдаланудың және қорғауды қолдау мен дамытудың құқықтық негіздерін қамтамасыз ету;

- Су қорын пайдаланудың және қорғаудың негізгі принциптері мен бағыттарын айқындау;

- Су ресурстарын зерттеу, барлау және осы ресурстар мен су шаруашылығы құрылыстарын ұтымды және кешенді пайдалану мен қорғау саласындағы қатынастарды басқару.



Осн.: ( 1,3,4 )

Доп.:(6,7, 11,13 )

Контрольные вопросы:

1.Предмет дисциплины «Охрана водных ресурсов».

2. Специфика, цель и задачи дисциплины.

3. Сущность экологизации водопользования.

4. Предмет и содержание науки экологизации водопользования.

5. Метод науки экологизации водопользования


Поделиться:



Последнее изменение этой страницы: 2019-05-08; Просмотров: 274; Нарушение авторского права страницы


lektsia.com 2007 - 2024 год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! (0.393 с.)
Главная | Случайная страница | Обратная связь