Архитектура Аудит Военная наука Иностранные языки Медицина Металлургия Метрология Образование Политология Производство Психология Стандартизация Технологии |
Бап. Кабельдік телерадио хабарларын таратуСтр 1 из 2Следующая ⇒
1. Интернет жүйелеріне қолжетімділік қызметін көрсететін абоненттік желілерді қоспағанда, кабельдік телерадио хабарларын тарату кабельдік және эфирлік-кабельдік желілер арқылы теле-, радиоарналарды тарату жүйесін білдіреді. 2. Телерадио хабарларын тарату операторларының теле-, радиоарналарды телерадио хабарларын таратудың кабельдік және эфирлік-кабельдік желілері арқылы таратуы теле-, радиоарналарды тарату жөніндегі қызметті жүзеге асыруға берілген лицензия негізінде жүзеге асырылады. 3. Телерадио хабарларын тарату операторларының эфирлік-кабельдік телерадио хабарларын тарату арқылы теле-, радиоарналарды таратуы осы Заңның 15-бабына сәйкес берілген жиіліктер белдеуін, радиожиіліктерді (радиожиілік арналарын) пайдалануға рұқсат болған кезде жүзеге асырылады. 4. Кабельдік телерадио хабарларын тарату операторлары мен міндетті теле-, радиоарналар құқық иелері арасындағы өзара есепке жатқызу негізінде міндетті теле-, радиоарналардың трансляциясын және (немесе) ретрансляциясын кабельдік телерадио хабарларын тарату операторлары жүзеге асырады. 39-бап. Дара спутниктік қабылдау 1. Жеке және заңды тұлғалардың дара спутниктік қабылдауы одан әрі ретрансляциялау құқығынсыз жүзеге асырылады. 2. Телевизиялық сигналдың дара спутниктік қабылдауын қамтамасыз ету үшін «Техникалық реттеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес сәйкестігі растаудан өткен дара спутниктік қабылдау құрылғылары пайдаланылуға тиіс. 40-бап. Теле-, радиоарналарды ұжымдық қабылдау жүйесі 1.Телерадиоарналарды ұжымдық қабылдау жүйесі – бір үй және (немесе) бірнеше үй шегінде телерадиоарналарды қабылдауды қамтамасыз ететін техникалық құралдар кешені. 2.Телерадиоарналарды ұжымдық қабылдау жүйесін ұйымдастыру жөніндегі коммерциялық мақсаттарды көздейтін қызмет кабельдік телерадио хабарларын таратуға теңестіріледі және теле-, радиоарналарды тарату жөніндегі қызметпен айналысу үшін лицензиялануға жатады. 3.Коммерциялық мақсаттарды көздемейтін, бір үй шегіндегі ұжымдық қабылдау жүйесі үйдің меншік иелерінің жазбаша келісімімен ғана орнатыла алады. Коммерциялық мақсаттарды көздемейтін бірнеше үйлер шегінде ұжымдық қабылдау жүйесі, егер осы үйлердің меншік иесі бір жеке немесе заңды тұлға болып табылса, орнатыла алады. 4.Ұжымдық қабылдау жүйелері телерадио хабарларын таратудың басқа операторларының хабар тарату сапасына әсер етпеуге тиіс.
Лекция Телестудиялық хабар және журналист 27.1Тікелей эфир мәдениеті 27.2Тікелей эфирде хабар жүргізуге қойылатын талаптар Ұсынылатын әдебиеттер: 1. Есенбекова Ұ.М. Тележурналистика: телехабар жасау технологиясы. – А., 2011 2. Омашев Н.О. Радиожурналистика. – А., 2005 3. Тұрсын Қ. Көгілдір экран құпиясы. – А., 1998 4. Барманкулов М.К. Телевидение: денги или власть - А.,1997 5.Абдраев М.К. Телехабар жасау технологиясы. – А.,2014 Лекция Телестудиялық хабар және журналист 27.1Тікелей эфир мәдениеті 27.2Тікелей эфирде хабар жүргізуге қойылатын талаптар Ұсынылатын әдебиеттер: 1. Есенбекова Ұ.М. Тележурналистика: телехабар жасау технологиясы. – А., 2011 2. Омашев Н.О. Радиожурналистика. – А., 2005 3. Тұрсын Қ. Көгілдір экран құпиясы. – А., 1998 4. Барманкулов М.К. Телевидение: денги или власть - А.,1997 5.Абдраев М.К. Телехабар жасау технологиясы. – А.,2014
Халық алдында сөз сөйлеудің түрлері мынадай болуы мүмкін: · Ресми (мемлекеттік немесе қоғамдық институттың пікірін жариялау); · Ұйымдастырылған (алдын-ала дайындалған сценариймен); · Мәтіндік (телевидение, радио немесе баспасөз стиліне сай алдын-ала жазылған сценарий); · Суырып-салмалылық (импровизациялық стильде әңгімелесу); · Тезистік (тезиске сай әңгіме); · Көркемделген (алдын-ала дайындалған бейнеқатар мен суреттермен). Мәтіндік ақпаратқа: · Ақпараттық хабар · Хабар-ошар · Репортаж · Ресми ақпарат жатады.
Тікелей эфир кезінде көбіне мынадай жанрлар жиі пайдаланылады: 1.Студиядағы сұхбат. Сұхбат жанр ретінде телеэкранда ерекше орынды иеленеді. Кез-келген жаңалықты білу үшін журналист құзіретті тұлғаға сұрақ қояды, әртүрлі оқиғалардың қатысушыларымен араласып, маңызды оқиғалар туралы адамдардың пікірлерін сұрайды. Сұхбат – көптеген күрделі телевиялық пішіндердің міндетті элементі. Жеке бағдарламаны дайындау барысында да бұл жанр жиі қолданылады. Телесұхбатты алып отырған репортердің мүмкіндігі мол, сондықтан сұхбат алушы журналист өз тәжірибесіне сүйеніп, бағдарламаның композициясын, стилін анықтай отырып, әңгімелесушінің мінезін зерттеп, әңгіме құруға дағдыланса іс сәтті бітеді. Сұхбат алушы біріншіден, әңгімелесушімен қарым-қатынас орнатуға тырысады. Екеуінің мақсаты әртүрлі: сұхбат беруші жалпы нәтижелерді шығарып, қысқа жауаптар берсе, журналист әр жауапты кеңінен ашуға тырысады. Сұрақ қойғанда, ол бөліктерге бөлінбеуі тиіс. Ондай жағдайда, сұрақтың жартысына, көбінесе соңғы бөлігіне ғана жауап алуға болады. Сол үшін қатарынан бірнеше сұрақ қоймай, қысқа сұрақтар қойып, әңгімені өрбіткен жөн. Кейбір мамандар сұрақтарды жанасқан, адрестік, бағдарламалық және экрандық деп бөледі. Бұл нені білдіреді? Ең алдымен, әңгімелесушілер бір-бірімен танысуы керек. Тәжірибелі журналист, ең алдымен, сұхбат алушымен отырғанда еркін атмосфера орнатуға тырысады. Оның мынадай тәсілдері бар: анекдот, қызықты, не күлкілі әңгіме айту, өзің туралы сөз бастау, кейіпкерге байланысты мәліметтерді келтіру. Мысалы, «Сәлеметсіз бе, сізді көргеніме қуаныштымын! Мен сізді тура осылай елестетіп едім... Айтпақшы, сіз анау Аманжоловтың туысқаны емессіз бе? Бір рет мен басқа Аманжоловтан сұхбат алып едім, ол деген...» т.с. сияқты. Адрестік (немесе анкеталық) сұрақтар телебағдарламада керек болатын әңгімелесушінің биографиялық мәліметтерін білуге жол береді. Әңгіменің бұл бөлімі тергеуге айналып кетпеуі тиіс. Егер анкетадағы мәліметтерді нақты айтпағанда, экрандағы бейне басқаша, суық көрінуі мүмкін. Экрандық әңгіме бөлігіне арналған сұрақтардың қосарлануынан аулақ болу керек. Әйтпесе, сұхбат беруші, айтқысы келгенін айтып, соңында, не журналистке, не көрерменге қызықты болмайды қалады. Журналист алдына қойған міндеттерге байланысты пікір-сұхбат (белгілі бір жағдай бойынша пікір айту) және деректі-сұхбат (танымал нәрсе туралы хабарлама) болып бөлінеді. Сұхбат беруші журналистке қарағанда айтатыны мол болса, не сұхбат беруші сөз сөйлеуімен белгілі бір қоғамдық ұйымды қолдаса, сұхбат жанры қолданылады. Сұхбат берушілерді шартты түрде үшке бөлуге болады: 1) Саяси және мемлекет қайраткерлері, белгілі бір нақты салада арнайы білімі бар мамандар, олардан бір мәселенің мән-жайын білу мақсатында сұхбат алынады; 2) Өмірі көпшілікке таныс танымалы тұлғалар; 3) Үйде, көшеде, қызметте кездесетін қарапайым адамдар, олардан бір оқиға, жағдай туралы қоғамдық ой-пікірді білу мақсатында сұхбат алынады. Экрандағы сұхбат екі адамның еркін әңгімесі ретінде өту керек, соның ішінде біреуі белгілі бір тақырып аясында жақсы ақпараттанған болуы шарт. Бұл адамдар басқа жерде де сұхбат беруі мүмкін. Осы жерде телевидениенің екі жақтылығы көрінеді. Осыны түсіну үшін мақсаты бойынша бөлінетін сұхбаттың түрлері де бар. Хаттамалық сұхбат мемлекеттің ішкі және сыртқы саясаты туралы білу мақсатында ресми мәлімдеме алу үшін өткізіледі. Сұхбат беруші – сәйкесінше жоғары дәрежелі ресми тұлға болып келеді. Хаттамалық сұхбат сырттай қарапайым болып көрінеді. Журналист алдын-ала дайындалған, келісілген, бірақ композициясы бойынша ешқандай байланысы жоқ сұрақтарды қояды. Ресми тұлға ресми жауап қайтарады. Бірақ тәжірибелі журналистердің осы қағиданы бұзған жағдайлары бар. Мысалы, Мәскеуге алғаш сапарында кезіндегі Ұлыбританияның бұрынғы премьер-министрі Маргарет Тэтчерден үш танымал халықаралық журналист сұхбат алады. Бірақ олар хаттамалық сұхбатты пікір-талас сұхбатқа айналдырып жіберуге тырысады. Нәтижесінде, журналистер кәсіби шеберлігін жоғалтып, тәртіпсіз болып көрінген. Хаттамалық сұхбатта емін-еркіндікті бейнелеу, жаттанды сұрақтарды қойған орынсыз. Сұхбат берушінің орнына журналист өз ойын қосуы – әдепсіздікке жатады. Ақпараттық сұхбаттың мақсаты – нақты мәліметтерді алу («пікір-сұхбат», «деректі-сұхбат»); әңгімелесушінің жауабы ресми мәлімдеме болып табылмайды, сол себепті әңгіме екпіні қарапайымға тән, түрлі эмоционалдық құбылыстарға толы болады. Ақпаратты жақсы қабылдауға мүмкіндік береді. Ол ақпараттық-публицистикалық бағдарламалардың құрамына кіреді. Ақпараттық сұхбат – экрандық диалогтың көп тараған түрі. Кез келген ретте де, ақпараттық жаңалықтарда журналистердің әңгімелесушісімен кездесуі бір ақпаратты алу мақсатында өтеді. Осындай сұхбат өзара байланысқан міндетті атқарады: қоғамға қажетті маңызды ақпаратты алу және ақпаратты берушінің тұлғалық ерекшеліктерін ашып көрсетуді мақсат етеді. Барлық адамға бірдей сұрақтар қойылатын анкеталық сұхбатқа қарағанда, ақпараттық сұхбатта әр сұрақтың даралығы болу керек. Журналист ақпараттық сұхбаттан жаңа мағлұмат алмайды. Кәсіби маман әңгімені жүргізгенде қандай жауап алатынын нақты біледі. Бұл дегеніміз әңгімелесушіге эфирге дейін сұрақтар беріледі деген сөз емес. Сұрақтардың қандай болатыны жалпы айтылады. Әйтпесе, көрерменнің көз алдында пайда болып жатқан суырып-салмалық өнер элементін, көрерменнің толық қабылдауы қажет жаңалықты, табиғилықты жоғалтады. Телевизиялық сұхбаттың ең кең тараған түрі – ақпараттық сұхбат. Көп жағдайда мұндай сұхбаттар бірден екі міндет атқарады: әлеуметтік маңызы бар ақпарат алу және осы ақпаратқа жауап бере алатын тұлғалардың ерекшеліктерін ашу. Сұхбаттың бұл пішіні бірдей сұраққа жауап беруді талап ететін сұхбат-сауалнамадан біршама ерекшеленеді. Ақпараттық сұрақта әр сұрақ жеке-дара беріледі, себебі, ол сұрақтар журналист әңгімелесіп отырған адамға бағытталады. Портреттік сұхбат – әңгімелесушінің тұлғасын мүмкіндігінше жан-жақты ашу мақсатында алынатын телевизиялық сұхбаттың ерекше түрі. Маңызды басымдықты қоғамдық-психологиялық эмоционалдық сипатын, сұхбат берушінің құндылықтарын ашу көзделеді. Бұл түр экрандық очерктің құрамдас бөлігі ретінде кездеседі. Проблемалық сұхбаттың (дискуссия) міндеті – қоғамдық маңызы бар мәселе туралы әртүрлі көзқарастарды айқындау және шешу жолдарын табуды көздейді. Анкеталық сұхбатта бір-бірімен өзара әрекеттеспейтін әртүрлі әңгімелесушілердің арасында нақты сұрақ бойынша пікірлері анықталады. Әдетте, бұл барлық қатысушыларға бірдей сұрақтар қойылатын бір үлгіге салынған сұрақтар топтамасы. Жұмысын жаңа бастаған репортердің алғашқы өз бетімен істелген тапсырмасы анкеталық сұхбат болуы мүмкін. Анкеталық сұхбат, ережеге сәйкес, студиядан тыс жерде алынады. Осы тапсырманы орындауда, репортер адамдармен жақсы қарым-қатынас орнатып, сұхбат берушіні бауырына тартып, қойған мақсатына жетуі тиіс. Анкеталық сұхбатта қоғамдық пікірдің объектісі мына белгілерге жауап беруі тиіс: 1) пікірталасқа жақын болуы; 2) қоғамдық қызығушылық туғызуы; 3) қойылатын сұрақ маңызды мәселеге арналуы тиіс. Анкеталық сұхбатты өткізу үшін болашақ әңгімелесуші туралы толық ақпарат пен сұхбаттың болатын жері белгіленіп, негізгі сұрағы бар сценарийлық жоспар құрылады. Мысалы: «Сіз келе жатқан жылдан не күтесіз?» - бұл сұрақ қала тұрғындарына және қала қонақтарына қойылады. Олардың ішінде оқушы, әскербасшы, сатушы, жас жұбайлар, шетел қонағы болуы мүмкін. Жауаптар монтаждалғанда, қарапайым көрінген жауаптардың өзі қызықты болып шығады. Анкеталық сұхбат ақпараттық сюжеттің тірегі ғана емес, публицистикалық фильмнің негізі бола алады. Мысалы, А.Стефанович пен О.Гвасалияның танымал туындысында бір ұрпақтың өкілдері, 14 адам біртекті сұраққа жауап береді. Олардың ішінде студент, оқушы, жас қызметкер мен жұмысшы, лаборант, әдебиеттанушы, шаштаразшы бар. Сұрақтардың барлығы қарапайым болғанымен, жауаптары шынайы, қызықты, әртүрлі, кейде эмоцияға берілген жауаптар да кездеседі. Осының нәтижесінде ұрпақтың жарқын, сенімді портреті шығады. Телевизиялық сұхбат жанрының әртүрлілігі қарапайым көрінгенмен, мүмкіндігі зор. Портреттік сұхбат телехроникада сөз сөйлейтін адамнан, құжаттағы суреттен ерекшеленеді. Портреттік сұхбат болмыс түсінуінің эстетикалық заңдары арқылы жасалған телеөнердің туындысы фильм-очерктің негізгі құрамы болуы мүмкін. Мұндай телевизиялық портрет көп қырлы. Сұхбат беруші өзі туралы айтпаса да, оның тұлғасы, көзқарасы мен рухани құндылықтары көрінеді. Телевизиялық тәжірибеде портреттік сұхбаттың өзгеше уақыт дерегіне айналып, бір адамның бейнесін ғана емес, бүкіл ұрпақты көрсеткен жағдайлар кездеседі. Мәтін өз-өзінен адамды таныстырмайды, кейіпкер бетіндегі шынайы эмоция көрерменді бірге қиналдырады және бұл портреттік сұхбат жанрының мол мүмкіндіктерін көрсетеді. Портреттік сұхбат очерк-фильмдердің негізгі құрамы бола алады. Мұндай портрет кең ауқымды қамтиды. Кейіпкер ел алдына басқа адамдармен қарым-қатынас барысында, мәселелерді талқылау т.б. жағдайларда көрінеді. Жадыра Сейдештің «Жүрекжарды», Әйгерім Сейфолланың «Меншікті мекен», Гүлмира Бықайдың «Кейіпкер» т.б. авторлық бағдарламаларын мысал етуге болады. Проблемалық сұхбат. Егер портреттік сұхбатта журналист ақпарат табушы болса, проблемалықта журналист өз көзқарасын мәлімдеуге мүмкіндігі бар. Журналист белгілі бір мәселенің соңғы нүктесін қоя алмайды. Ең маңыздысы, проблемалық сұхбат әр адамға қатысы бар, маңызды сұрақты демократикалық ұстанымға сәйкес талдайтын, қоғамдық пікірді қалыптастыратын публицистикалық туынды. Проблемалық сұхбатты алуда автор алдын-ала әңгіменің негізгі тезистерін ойлайды, қағазда болашақ бағдарламаның драматургиясын құрастырады. Өзінің сұрағы мен пікірін, әңгімелесуші тарапынан туындайтын қарсы дәлелдер мен сұрақтарға реакциясы және жауаптарға журналистің реакциясы ойша жобаланады. Ережеге сәйкес деректік материалдың жалпылығы тартылады. Бұл тұста жеке бақылаулар, статистика, танымал адамдардың айтқан сөздері ескерілуі тиіс. Логикалық дәлелдермен қатар, әңгімелесуші мен көрермендердің эмоционалдық әсері де есептелген аргументация болуы тиіс. Проблемалық сұхбат сұхбаттардың ішіндегі ең күрделісі. Мұндай диалогты сәтті өткізу үшін тиянақты дайындық керек. Журналист білімділігі, мәдени деңгейі жоғары болғаны жөн. Журналист тақырыпқа қатысты материалдарды әбден мұқият зерттеуі тиіс. Портреттік және проблемалық сұхбат ақпарат шегінен шығып, сараптамалық жанрларға қосылып кету мүмкіндігі бар. Телевидениедегі проблемалық сұхбат біз жоғарыда атап өткен сұхбат түрлерінің ең қиын, әрі күрделі түрі. Сұхбат алушы алдын-ала әңгіме тезисін, қоятын сұрақтарын дайындап алу керек те, сұхбат берушінің іс-әрекетін жіті қадағалауы қажет. Портреттік және проблемалық сұхбат ақпарат жанрынан гөрі кейде сараптамалық жанрға өте жақындығымен ерекшеленеді. Телевизиялық сұхбат жанрының бір ерекшелігі – көзбен көре алу мүмкіндігінің пайда болуымен байытты. Сұхбаттың қайнар көзі радиодағыдай тек қана тіл шеберлігі, сөз ырғағы, эмоционалды бейнесі арқылы ғана емес, қимыл, іс-әрекет, сөйлеушінің өзін-өзі ұстауы, кей жағдайда қоршаған орта болып келеді. Көзге көріну арқылы ғана оның қолжетімділігі түсіндіріледі. Сондықтан телебағдарламалардағы сұхбат жанрының кең таралуы заңды құбылыс. Телеэкранда сұхбат жанры ерекше орын алады. Жаңалықтар қызметі жұмысын алып қарасақ та, әрбір бағдарлама белгілі бір адамға сұрақ қоюдан басталады. Сұхбат – көптеген қиын телевизиялық пішіннің маңызды элементі. Ол авторлық бағдарламаларда өте сирек қолданылады. Сұхбат жанрын сұхбат беруші журналистке қарағанда көп мағлұмат бере алатын жағдайда ғана қолданады. Немесе ол өзінің қатысуы арқылы белгілі бір қоғамдық ұйымдарды қолдағанда, нысанадағы сұрақ қоғам үшін маңызды болғанда және олардың көзқарастарын білу міндеттелгенде пайдалануы мүмкін. Жақсы сұхбат екі адам арасында болған еркін әңгіме. Әңгімелесушілердің біреуі аталмыш тақырыпта өзекті мәселеге қатысты көп дерек бере алатын дәрежеде болуы тиіс. Ресми көріністегі жағдайлар ғана ескерілмейді. Бұл адамдар студияда емес, камерасыз, аппаратурасыз да әңгімелесе алар еді. Осы арқылы телевизиялық сұхбаттың екіжақтылығы көрінеді. Телевизиялық сұхбат бұл журналистика жанрларын таңқаларлық сапамен байытып, дамыта түсті. Интонациялық, көңіл-күй бейнелеуші құралдарынан бөлек телевизияның ақпарат таратудағы аудиовизуалдық күшіне әңгімелесушінің мимикасынан бөлек оның қоршаған ортасы да қосылды. Телебағдарламадағы таңқалдыру-шылық ақпараттың сенімділігін туғызып, бұл жанрдың кең таралуына ықпал етті. Журналистің сұхбаты - бір жағынан, осы ақпаратқа ие болып отырған адамнан мәлімет алудың тәсілі, ал екінші жағынан, телевизиялық бағдарламадағы қозғалып отырған тақырып төңірегінде сұрақ қоюдың көмегімен әрі толыққанды, әрі логикалық ақпарат алатын әңгіме, диалог түріндегі публицистикалық жанр. Сұхбат - екеуара шығармашылықтың жемісі. Жетістікке жету, көбінесе, жүрізушіге байланысты. Журналист әңгімелесушіге сұрақ қою барысында оқырмандардың, радиотыңдаушылардың, телекөрер-мендердің нені сұрағысы келетінін алдын-ала ойластырады. Ол үшін сұхбат алушы жақсылап дайындалуы тиіс. Жиналған мәліметтер ішінен сұрақтар таңдап, әңгімелесушінің алдыңғы берген сұхбаттарындағы ойларын байқап, оның мінезі, әдеті, тіпті ортасы мен отбасы мүшелері туралы біліп алғаны жөн. Сұхбат жанр ретінде телеэкраннан ерекше орын алады. Тіпті, жаңалықтардың бірде-бірі сұхбатсыз болмайды. Оқиғаға қатысушылардың немесе маңызды мәселеге деген адамдар көзқарастары үнемі қолданылады. Сұхбат телевизиядағы бағдарламалардың таптырмайтын құралы. Сұхбат берушіге қойылған нақты сұрақтар кейіпкердің биографиялық мәліметтерін толық білуге көмектеседі. Ол телебағдарламаға қажет болуы мүмкін. Бұл әңгімелесу кезеңі тергеуге айналып кетпеуі керек. Құрғақ анкеталық мәліметтерді тізбектей беру де әңгімелесуші мен сұхбат алушының арасын салқындатып алады. Кейін ол экраннан байқалып тұрады. Бағдарламалық сұрақтар - бұл экрандық сұхбат тақырыбындағы әңгіме. Әңгімелесу барысында сұрақтардың қайталанып келуінен сақ болу қажет. Себебі, эфирге шыққан кезде журналистің алға қойған мақсатына орай сұхбат-ой және сұхбат-дерек болып та келеді. Сұхбат - ақпарат алудың ең негізгі тәсілі болып табылады. Сұхбат - сұхбат беруші мен алушының арасындағы әңгіменің бір түрі. Сұхбат журналистің өзіне тән белгілері мен заңдылықтарын сақтаудың басты принципі - нақты сұраққа нақты жауап алу. Оның әсерлі шығуы сұхбат алушының біліміне, журналист кейіпкермен арадағы әңгімеге лайықты тақырыпты таңдай білуі қажет. Сол мәселе жөнінде сұхбат кезінде білуге болады. Басқа адаммен пікірлесіп одан әсер алады. Мұндай әңгімеде ауызекі стиль қолданылады. Сұхбаттың жүргізілу барысы жүргізушінің (интервьюердің) психологиялық, психо-физикалық және логикалық факторларды игеруіне тікелей байланысты. Ақпараттық жанрларға журналист қойған сұраққа белгілі бір тұлғаның жауабына деген қоғамның қызығушылығын туғызатын сұхбат жанры жатады. Атап кететін жайт, сұхбат тек жанр ғана емес, қойылған сұраққа нақты жауап арқылы ақпарат алудың көзі. Сұхбат әртүрлі болады. Жанр ретінде сұхбат: хабарлама (әңгіменің маңызды тұстары алынып, жауаптар қысқа беріледі), сұхбат – диалог (әңгіменің толық мәтіні), сұхбат – суреттеме (әңгіме мазмұнынан өзге оның қандай жағдайларда алынғаны, сипаты беріледі), сұхбат – пікір (оқиғаға, құбылысқа, дерекке түсіндірме), бұқаралық сұхбат (баспасөз конференцияларынан, брифингтерден беріледі) болып бөлінеді.
2.Репортаж. Телерепортаж – телевидениенің табиғи қасиетін көрсететін жанр. Репортаж – тележурналистиканың кең тарған, ықпалды, көшбасшы жанры. «Репортаж» француз тілінен аударғанда «хабарлау» деген мағына береді, бұл термин журналистикада өткен ғасырдың ортасында пайда болған. Бірақ бұған дейін де репортаждың элементтері бар хабарламалар кездескен. Репортаж жанр ретінде қалыптасуы үшін көп жылдар керек болды. Репортаж – тілші қатысушы немесе куәгер болатын оқиғаны газетке, радиоға, телевидениеге жылдам хабарлайтын журналистика-ның жанры. Жаңалықтарды хабарлау басқа жанрлардың негізі болып есептеледі. Бірақ репортажда тілшінің оқиғаны жеке қабылдауы, деректерді іріктеуі ақпараттық жанрдың объективтілігіне қарсы келмейтіндей алдыңғы қатарға шығады. Шын мәнінде, журналистиканың бар тарихы – шынайы өмірге жақындығын сипаттайтын, шынайы болмысты табиғи дамуды көрсететін репортаждың пайда болуы мен дамуының тарихы. Газет пен радиода репортер оқиғаны сөзбен сипаттайды, сол себепті газеттік және радиорепортердің шығармашылық қызметіндегі негізгі әрекет суреттемелік функциясы. Ал, телевидениеде барлығы басқаша: телекамераның өзі өмірді бақылайды; репортер оқиғаға көрермендердің көзімен қарайды. Суреттеме функциясы телекамераларға жүктелгендіктен, репортерге болып жатқан жағдайды әңгімелеу мен түсіндіру қалады. Телерепортаж бір жағынан шынайы өмірді сол күйінде көрсетеді, яғни, мәні бойынша объективті, шынайы болмысқа максималды түрде жақын болады. Екінші жағынан, репортердің субъективті қабылдауы алдыңғы қатарға шығады, көбінесе, журналист куәгер болады. Эфирде берілу тәсілі бойынша репортаж тікелей және өңделген болып бөлінеді. Тікелей репортаж жылжымалы телевизиялық станцияның көмегімен әрекет басталған кезеңнен бастап беріледі. Оқиғаны болған уақытында көрсетпеу оның өңделуін қажет етеді. Өңделу тәсілі бойынша репортаж бейне, кино, фоторепортаж болып бөлінеді. Суретті өңдеудің ежелгі тәсілі – суретті қайта салу. Телерепортаждың дыбыспен қамтамасыз ету ерекшеліктері оның екі түрін айыруға мүмкіндік береді: синхрондық – қатысушылардың сөзі мен табиғи шу қатысатын репортаж, дыбыссыз – оқиға жерінен дыбыспен қамтамасыз етпейді, бұл көбінесе, ресми хабарламаларда қолданылады. Репортаждың типологиялық ерекшеліктеріне оның оқиғалық, тақырыптық, қойылымдық болып бөлінуі жатады. Бірінші жағдайда, оқиға шынайы көрсетіледі, репортер ақпаратты нақты әрі толығымен жеткізу керек. Тақырыптық репортажда автор-журналист көрсетілім объектісін және онда тақырыпқа сәйкес болып жатқан оқиғаларды таңдайды. Қойылымдық репортажда журналист оқиғаның ұйымдастырушысы ретінде шығады. Мұндай ұйымдастыру қызық әрі пайдалы, кейде зиянды және кәсіби деңгейде болмауы мүмкін. Репортаж қолданылуының алғашқы, бастапқы пішіні комментарийі жоқ көрсетілім немесе оқиғаның берілуі болып аталуы мүмкін. Комментарийі жоқ репортаж (немесе трансляция) тікелей эфирде немесе көрерменге барлығы қызықты болатын маңызды қоғамдық-саяси немесе мәдени оқиғаларды көрсеткенде қолданылады. Оған жоғары заң шығару органдарының отырысы, отандық және шетелдің мемлекет қызметкерлердің баспасөз-конференциясы, түрлі спорттық сайыстар жатады. Сонымен қатар, комментарийі жоқ репортажға кейбір концерттер мен қойылымдардың көрсетілімі жатады. Комментарийі бар репортажда оператор, режиссер, дыбыс режиссерімен қатар репортер белсенді рөл атқарады. Әдетте, журналист кадрдың сыртында қалғанымен, көрерменге оқиғаның куәгері ретінде мәлімет беруші болып табылады. Репортер – көрерменнің «гиді», ол өзінің сөзімен, жан-жақты білімімен, оқиғаға эмоционалдық қарым-қатынасымен экрандық әрекеттің мағынасын түсіндіруге көмектеседі. Оқиғалы репортаж аты айтып тұрғандай, мұның арқауына белгілі бір оқиға алынады. Соған байланысты ол жедел жазылады, тез жарияланады. Бірақ баспасөзде репортаждың бұл түрі көп кездесе бермейді, өйткені мәні зор қоғамдық-саяси оқиғаны табу, оны бірінші болып хабарлау оңай шаруа емес. Біздегі оқиғалы репортаждарға көбіне әлеуметтік деректер арқау болады. Астаналық ата-аналардың бүгінгі күнгі балабақшаға сұранысы мен кезекке таласқаны туралы төмендегі репортаж туралы оқиғалы сюжеттің жазбасы төмендігідей: ДАТА: 05 .0 4 .10 БИН: Балабақша ПЛАШКА: Астаналық ата-ана бүгін таңғы алтыдан балабақша кезегіне таласты. АВТОР: Айбар Олжай |
Последнее изменение этой страницы: 2019-04-20; Просмотров: 391; Нарушение авторского права страницы