Архитектура Аудит Военная наука Иностранные языки Медицина Металлургия Метрология
Образование Политология Производство Психология Стандартизация Технологии


СНХ: Евгений Фетисов - Дыбысрежиссер



- Кезінде түңгі клубтарда диджей болып жұмыс істедім. Жоғарғы дыбыстық қысымдар менің құлағымның есту қызметіне кері әсерін тигізіп, нашар еститін болдым.

Тілші: Елімізде көлік рөлінде ұялы телефонмен сөйлесуге тиым салынды. Алайда блютуз немесе құлаққап арқылы музыка тыңдау, сөйлесу жүргізушінің өз еркінде. Ал Еуропаның көптеген елдерінде бұған да мүлдем тиым салынған.

СНХ: Алмат Нұрадинов – психолог

- Наушникпен музыка тыңдап көлік жүргізу өте қауіпті.

Тілші: Мамандардың айтуынша, 3-4 сағат рок концертті тыңдаған адам, кемінде 2 күн музыка тыңдамауы керек. Ал қоғамда өзекті проблемаға айналған құлаққап мәселесімен күресу, мектептен басталуы тиіс.

СНХ: Гүлнұр Омариева – Астана қаласы №57 қазақ орта мектебі директорының ғылыми-әдістеме жөніндегі орынбасары

- Біз балаларға наушниктің зиянды екенін айта бермейміз, балалар оны өз өмірлеріне қауіп төндіріп жүргендерін түсінулері керек...

Стенд-ап: Айбек Құрметұлы – тілші

Кереңдіктен аулақ болудың қарапайым 3 ережесі бар.

Біріншіден: дыбыстың максималды деңгейге дейінгі мөлшері, 60 пайыздан жоғары болмауы керек.

Екіншіден: музыка айналаңыздағы адамдарға естілмеуі тиіс.

Үшіншіден: егер сіздің дауысыңыз өзгелер үшін қатты естілген болса, музыканың дыбысын әлі де бәсеңдеткен дұрыс.

Дәрігерлердің бұл кеңесіне құлақ түрмесеңіз, уақыт өте құлаққапты, кейін есіту аппаратына алмастыруыңыз әбден мүмкін.

Тақырыптық репортаж көрерменге үнемі қызық болатын әрекетпен байланысты. Ол жол қозғалысы жайлы қала көшелерінен репортаж, шебер ұстаханасынан репортаж, көлік цехынан немесе балет сыныбынан репортаж болуы мүмкін. Бұл жағдайда оқиға деп телетоптың объектіге келіп, бұқараға көрсетуін айтуға болады.

Тақырыптық репортаж белгілі бір оқиғаның нақты сәттегі суреттерімен байланысты жазылады. Репортаждың бұл түрі, анығында жеке тақырыптарға арналады. Әдетте, репортаждың бұл түрі нақты объектінің бір тақырыбын бөліп алып, оқырманға сол жөнінде хабарлау сипатында жиі кездеседі. Демек, тақырыпты тереңдеткен сайын оның танымдық сипаты да көтеріле түседі. Сол себепті мұндай репортаждарды тақырыптық-танымдық деп атаған дұрыс болады.

Тақырыбы: Жылдың үздік оқытушылары

Авторы: Р. Асқарбекұлы

Титр: Мәмбет Қойгелді - тарих ғылымдарының докторы, профессор, 2009 жылдың үздік оқытуышысы 

Титр: Ұлжарқын Әбдіғапбарова - Педагогика ғылымдарының докторы, 2009 жылдың үздік оқытушысы

Титр: Гүлтас Құрманбай – ҚБТУ Қазақ және орыс тілдері кафедрасының меңгерушісі, 2010 жылдың үздік оқытушысы 

Геотитр: Алматы

Жүргізуші: Жақында Алматыда 2010 жылдың «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» мемлекеттік грантын тапсыру рәсімі өтті. Осы қаржылай сыйақыны Білім және ғылым министрі Бақытжан Жұмағұлов өзі табыстады. Өткен жылдың қорытындысы бойынша жоғары оқу орны оқытушы-профессорлар құрамын қолдау грантына 200-ден астам оқытушы ие болған. Алматылық тілшіміз ең үздік оқытушылар өз сыйақыларын қалай және қандай мақсаттарға жұмсайды деген сауалдарға жауап іздеп көрген.

Сюжет Ришат

Тілші: Танымал қайраткер, тарихшы әрі оқытушы Мәмбет Қойгелді өткен жылдың үздік оқытушысы деген атаққа ие болдым. Қомақты гранттың құны 18 мың АҚШ долларына тең. Ғалым мұндай қаржылай сыйақыны бұрын-соңды қолға алып көрмегенін айтады.

ШВ: 01 20 08 Шынын айту керек, бұрын халықаралық деңгейде сыйлықтар алғам. Бірақ біздің үкіметтен мұндай көлемді грантты бірінші алуым. .

Тілші: Елбасының нұсқауымен бөлінетін гранттың сұрауы да бар дейді Мәмбет Қойгелді. Яғни бұл қаржыны оңды-солды шашып, өзінің жеке тұрмыстық қажеттіліктерін өтеуге болмайды. Маман қолына алған қаржылай сыйақыны қолданбалы ғылыми-зерттеулер мен халықаралық ғылыми жобаларға қатысу үшін, оқулықтар мен оқу құралдарына, оқу-әдістемелік кешендер әзірлеу мен басып шығаруға және заманауи технологияларды өз саласына енгізуге жұмсауы шарт. Десе де тарих саласында бұған дейін толағай табыстармен танылған тарихшы Мәмбет Қожабайұлы грант мұғалімнің әлеуметтік мәселесін жанама болса да шешуге әсер етуі тиіс деп санайды.  

СНХ. Мәмбет Қойгелді - тарих ғылымдарының докторы, профессор, 2010 жылдың үздік оқытушысы: 01 16 30 Адам күнделікті өзі өмір сүріп отырған отбасынан, оның әлеуметтік мәселелерінен тәуелсіз емес. Жеке ғалымның ғылыммен айналысуы үшін сапалы жұмыс жасау үшін үкіметтен, мемлекеттен көмек қажет. Мына грант тікелей осының көрінісі.

ШВ. Кабинетіне кіріп келе жатқан сәті.

Тілші: Өткен жылғы байқау бойынша үздік оқытушы деп танылған тағы бір ғалым Ұлжарқын Әбдіғаппарова болатын. Ұстаз-педагог қолына тиген соммаға атқаратын шаруаларын тиянақтап үлгерген. Биыл екі рет шетелге шығып, арнайы семинарларға қатысуды жоспарлап отыр. Одан бөлек өзі еңбек етіп жүрген қазақтың қолданбалы сәндік өнері саласы бойынша жинақтар мен монографияларды баспаға өткізбекші.

СНХ. Ұлжарқын Әбдіғапбарова - Педагогика ғылымдарының докторы, 2009 жылдың үздік оқытушысы 01 48 50 01 48 50 Менің шығара алмай жүрген кітаптарым бар. Қазақтың сәндік қолданбалы өнері туралы, кітаптар көптен бері қаржы тапшылығына орай баспаға жетпей жатыр. Сол сияқты педагогикалық талай еңбектерді студенттерге оқулық ретінде жеткізгім келеді. Міне осыған бұл грант үлкен жол ашпақ.

ШВ: 01 31 15 Дүниежүзінде өз тілін білмейтін бір-ақ ұлт бар екен. Ол-қазақ, ұят қой, балалар!

Тілші: Жоғары оқу орындарының оқытушылық құрамын қолдау гранты соңғы бес жылда үздіксіз беріліп келеді. 2008 жылы осы конкурстың жеңімпазы атанған ұлағатты ұстаз Гүлтас Құрманбай болатын. Грант иегері өткен жылы өзіне жүктелген міндетті абыроймен атқарып, ғылыми потенциалын арттыруға мол мүмкіндік алған. Гүлтас Сайынқызы «жылдың үздік оқытушысы» грантына 30-дан астам жеке еңбегін жарыққа шығарған.

СНХ: Гүлтас Құрманбай – ҚБТУ Қазақ және орыс тілдері кафедрасының меңгерушісі, 2008 жылдың үздік оқытушысы. Абай айтқан «Көңілде алаң басылса» деп. Мұнда көңілге алаң басылса дегені-қаражат. Яғни қарны аш болса, ол қандай керемет дүние туғызады. Егер оның қаражаттық қолдауы болса, шығармашалық жұмыс істеуіне мүмкіндік береді.

Тілші: Оқытушының еңбектері Монғолия, Қытай, Түркия, Әзірбайжан елдерінің тілдерінде жарық көрген. Яғни осы мемлекеттегі этникалық қазақтардың ана тілін меңгеруіне арналған тіл ұстарту құралдары мемлекеттік қаржының қолдауымен басылды, дейді ғалым.

СНХ: 01 36 20 Гүлтас Құрманбай – ҚБТУ Қазақ және орыс тілдері кафедрасының меңгерушісі, 2010 жылдың үздік оқытушысы: Біз бинесмен емеспіз. Жалғыз ақыл-оймен жұмыс жасаймыз. Бізге көлденең табыс деген болмайды. Оқытушыларға осындай көмектің болуы жақсылықтың нышаны деп ойлаймын.

Тілші: Жоғары оқу орнының үздік оқытушысын тағайындау жөніндегі республикалық конкурсқа жыл сайын 200 грант бөлінеді. 2010 жылы байқауға 144 жоғары оқу орнынан барлығынан 900 үміткер қатысқан. «ЖОО-ның 2009 жылғы үздік оқытушысы» атты республикалық байқаудың басты мақсаты - педагогтардың кәсіби біліктілігін арттыруға жағдай жасау. Байқау жеңімпазы атанған әрбір оқытушыға 2000 айлық есептік көрсеткіш көлемінде, яғни 2 млн. 800 мың теңгеден астам қаржы беріледі.

Перизат Ермекқараева, Алматыдан.

Репортер бұрыннан белгілі болып келген тақырыпты зерттей отырып, сол саланың жұртшылыққа таныс емес қырларын ашуға ұмтылады. Мұндай репортаждарды алдын-ала жоспарлап алып жазуға да болады. Тақырыптық-танымдық репортаждардан жеделдік сипаты талап етілмейді.

Мұндай репортаж тиянақты сценарийлық дайындықты, әрекеттің негізгі кезеңдерін және көрсетілім жүйесін анықтауды талап етеді. Репортердің сөзі тікелей эфирде режиссураны қажет етеді. Ол іс-әрекеттің қатысушысы болып кетеді. Репортердің жұмысы – бүкіл ақпаратты танымал, қызықты пішінге келтіру. Жақсы репортер ерекшелігі - болып жатқан жағдайға стандартты емес көзқарас, ондағы қызықты тұстарды анықтау. Соңғысы, тележурналист өзі оқиғаны модельдеуі мүмкін. Бұл жерде адамдардың табиғи реакциясын ұсынуды қарастыруға болады.

Әдіс жасырын камераның көмегімен жанастырылады. Бір күні телевизиялық камералар құрылыс алаңынан қашық емес жерде орналастырылады. Репортер көрермендерге қазір мемлекеттік мүліктің топтық ұрлауы болатынын ескертті. Бұл уақытта көлік тоқтап, жұмысшылар (репортердің достары) құрылыс материалдарын көлікке тией бастайды. Біраз уақыттан кейін жұмысшылардың біреуі не болып жатқанын білуге тырысады. Сол кезде «Басшылықтың бұйрығы» деген қысқа жауап оны қанағаттандырады. Көлік кеткеннен кейін, репортер жасырын жерінен шығып, мүліктің сақтануы жайлы әңгіме қозғайды. Бұл қойылымдық репортаж.

Оқиғалық репортаж ақпараттық функцияны атқаратындықтан, ал тақырыптық репортаж өмірдің құбылыстарын зерттеп, оны мәдени-танымдық және қоғамдық-педагогикалық жақтан көрсететіндіктен, репортаждың жанры ауыспалы болып, сараптамалық публицистикаға тән міндеттерді шеше алады.

Телевизиядағы репортаждың табиғи қасиеті мол жанр. Сондықтан да репортаж ең көп тараған, журналистиканың басты жанры болып табылады. «Репортаж» термині француз тіліндегі «reportage» және ағылшынның «report» деген терминінен шыққан. Ол «хабарлау» деген мағынаны білдіреді. Бұл сөздердің ортақ түбірі латынның «reporto», яғни «жеткіз» деген сөздің мағынасын береді. Бұл термин өткен ғасырдың ортасында пайда болды. Оның мерзімдік баспасөзге шығар алдында да нұсқасы кездескен. Онда репортаждық элементтердің де болғаны айқындалған. Бірақ репортаж өз алдына жеке, сапалы жанр болғанға дейін бірнеше жылдар қажет болды. Содан кейін ғана репортерлік мамандық пайда болды. Ол «жаңалықтарды хабарлау», яғни аудитория мен оқиғаны байланыс-тырушы болды. Сонымен бірге, Отандық журналистиканың өрлеуі осы репортаждың барлық БАҚ-тың ішінен ең алдыңғы орынға шығуына септігін тигізді, оның ішінде теледидарда бұл жанрдың кең таралуына әсер етті.

Репортаж – журналистиканың белсенді жанры болғандықтан баспасөз, радио, телевизия қандай да бір оқиғаны тілшінің көмегімен жедел жеткізеді. Ең соңғы жағдайды ерекше атап өткеніміз дұрыс болар. Өйткені, жаңалықтарды хабарлау басқа да ақпараттық жанрлардың мақсаты болып табылады. Бірақ репортажда автордың оқиғаға деген қөзқарасы, құбылыс, деректерді таңдап алуы бірінші орынға шығады. Ол ақпараттық жанрдың шынайылығын жоққа шығармайды. Журналистиканың тарихында репортаждың орны зор. Себебі, ол өмірге жақындығымен, құбылыстың шындық бет-бейнесін ашуымен ерекшеленеді.

Газет пен радиода репортер оқиғаны сөзбен әрлейтіндіктен, суреттеу функциясы газеттік немесе радиолық репортердің шығармашылық жұмысында басты орын алады. Телевизияда бәрі өзгеше: телекамера өмірдің өзін бақылайды, ал репортер оқиғаға көрермендер көзімен қарайды. Суреттеу функциясы камераның көмегімен жүзеге асатындықтан, репортерге болған оқиғаны тек кадрдан тыс баяндап, толықтыру ғана қалады. Берілуіне қарай репортаж «тікелей» және «түсірілген» (фиксированный) деп екіге бөлінеді. Тікелей репортаж дәл сол кезде болып жатқан оқиғаны көрсетеді, ол қозғалмалы телевизиялық станциялардың көмегімен жүзеге асады. Ал оның дәл сол сәттегі немесе сол уақыттағы оқиғасын көрсете алмауы фиксацияға жатады. Фиксация репортерлік әдіске қарай бейне, кино, фоторепортаж болып бөлінеді.

Деректі нақты берудің ежелгі тәсілі – бейнелеу, сурет салу болып табылады. Бейнерепортаж жанрын телевизияда елестету қиын емес. Бұл тәсілде қазіргі компьютерлік графика мен арнайы эффектілердің көмегін қолдануға болады. Бұрын Америка Құрама Штаттарында заңда қатаң белгіленгендіктен, тележурналистер әрқашан суретшілердің көмегіне жүгінген, бұл әдіс бейнерепортаждың тууына септігін тигізгені мәлім.

Дыбыс сүйемелдеуінің ерекшелігіне орай репортаждың екі түрін атауға болады. Синхронды - табиғи дауыстар мен қатысушылардың сөзінен құралатын репортаж түрі. Инемалық – мұнда кадрдан тыс мәтінді тележүргізуші оқиды. Бұл репортаж түрінің өзінің қолданылу аясы бар. Бұған арнайы репортаждар жатады.

«Хабар» арнасының тілшісі Жайна Сламбектің «Жеті күн» апталық сараптамалық бағдарламасына жасаған ғылымды дамыту мәселесіне арнайы репортажы бейнеқордан алынды.

Бейнеқор

СНХ: Розақұл Халмұрадов - ҚР Парламенті мәжілісінің депутаты

СНХ: Шаймерден Ахметов – Қайта өңдеу өнеркәсібі және аграрлық азық-түлік нарығын дамыту департаменті директорының орынбасары

СНХ: Розақұл Халмұрадов - ҚР Парламенті мәжілісінің депутаты

СНХ: Асылжан Мамытбеков – «ҚазАгро» Ұлттық холдингінің басқарма төрағасы

СНХ: Шаймерден Ахметов – Қайта өңдеу өнеркәсібі және аграрлық азық-түлік нарығын дамыту департаменті директорының орынбасары

СНХ: Розақұл Халмұрадов - ҚР Парламенті мәжілісінің депутаты

ЖҮР: Хош, бұл қаражат мемлекет қазынасынан ғылымды дамытуға бөлінді деп айтсақ та болады. Ғылым қуған адам жетістікке жету үшін басқа проблемаға алаңдамауы керек. Бюджеттің қаражатына телмірген оқытушылардың әлеуметтік мәселелері жоқ деп айтсақ қателескен болар едік. Жеңіп алған сыйақысын әлеуметтік мақсаттарға жұмсағандар алдағы уақытта жауапқа тартылмаса болғаны. Жалпы ғылымның тағы бір жетістігі – биоотын өнеркәсібі. Елімізде жанар-жағармай мұнайдан өндірілетін болса, Еуропа елдері қазірдің өзінде жанармай рыногының белгілі пайызын қалдықтардан дайындайды. Осы биоотын төңірегінде түрлі әңгімелер де шығып жатыр. Бұл мәселе бізде қаншалықты өзекті?

Тілші: 1972 жылы ойлап табылған жаңа отын түрін Қазақстанда дамыту әлі бір жолға қойылған жоқ. Әдетте жеуге жарамсыз қалдықтардан немесе тамақ өнеркәсібінде қолданылмайтын дақылдардан жасалатын биоотынды, жақында біздің мамандар «оны бидайдан өндіру керек» дегенді шығарды. Осыған орай әзірленген заң жобасы, депутаттардың наразылығын туғызады.  

СНХ: Розақұл Халмұрадов - ҚР Парламенті мәжілісінің депутаты

- Астықтың биыл көп шыққанын желеу қылып, оны қайда жоғалтарын білмей, енді биоотын жасай қояйық деген ұсыныс мүлдем дұрыс емес.

Тілші: Биоотын өндірісін дамытудың түпкі мәні – қоршаған ортаны қорғау.

Осы мақсатта елімізде 2 зауыт ашылды. 1-і Петропавлда болса, 2-сі Жамбыл облысында. Алғашқысының өнімі қазір Астана мен Алматының кейбір жанармай құю орталықтарында сатылып жатыр. 

СНХ: Шаймерден Ахметов – Қайта өңдеу өнеркәсібі және аграрлық азық-түлік нарығын дамыту департаменті директорының орынбасары

- Қанша өндірілетінін және ол өнім қоршаған ортаға деген зиянды заттарды 30 пайызға дейін қысқартатынын айтады.

Тілші: Сарапшылардың есебі бойынша, Қазақстанның ішкі рыногында жылына 5 миллион тоннадан астам бензин және дизель отыны тұтынылады. Осы көлемге араластыру арқылы экологиялық сапасы жоғары жанармай алу үшін 250 мың тонна биоотын қажет көрінеді. Жалпы әлемде аталған өндірісінің технологиясы белсенді түрде қолға алынуда. Тек соңғы жылдарда ғана өз өндірісін құруға белсенді түрде кірісіп кеткен мемлекеттер қатары көбейсе, өзінде жоқты сатып алуға тырысып жатқандар да аз емес.

СНХ: Розақұл Халмұрадов - ҚР Парламенті мәжілісінің депутаты

- Біз мұнайы жоқ мемлекет емеспіз. Сондықтан басқа өнімнен болмаса, дәл қазір биоотынды жеп отырған нанымыздан өндірудің еш қажеттілігі жоқ.

Тілші: Ауыл шаруашылығы министрлігі әзірлеген заң жобасында биоотынды 3 санаттағы бидайдан өндіру керек деп көрсетілген. Ал елімізде нан өнімдерін жасауға жарамды астықтың 2 пайызы ғана жоғарғы сұрыпты болса, 85 пайызы 3 санаттағы бидай.

СНХ: Розақұл Халмұрадов - ҚР Парламенті мәжілісінің депутаты

- Кейбір елдер астықтың аздығынан аштықты да көріп отыр. Ал бізде бидай көп деп, оны оңды-солды шашқынымыз орынсыз.

Тілші: Биоотын өндірісі еліміздің азық-түлік қауіпсіздігіне кері әсерін тигізбесе құба-құп. Хош. Енді сол биоотын өндірісіне тоқталсақ. Қазір Қазақстанның жылына 2 жарым миллион тонна экологиялық таза өнім шығаруға мүмкіндігі бар. Еуропа, Қытай мен Жапония бізден биоотын алуға құлшынып отыр. Алайда білетіндердің пайымынша, оны экспорттауда біршама мәселе бар.

СНХ: Асылжан Мамытбеков – «ҚазАгро» Ұлттық холдингінің басқарма төрағасы

- Оны сату бидайдан да қиын...

Тілші: Қазіргі таңда әлемде 40 миллион тонна биоотын өндіріледі. Соның 70 пайызы АҚШ пен Бразилияның еншісінде. Саланы зерттеген мамандардың айтуынша, биоотынды кез-келген көлікке құюға болмайды. Ал біздегі көліктердің қозғалтқыштары тек 20 пайыз биотын қосылған жанармайға жарамды.

СНХ: Шаймерден Ахметов – Қайта өңдеу өнеркәсібі және аграрлық азық-түлік нарығын дамыту департаменті директорының орынбасары

- Мысалға, Швецияда өндірілетін биоотын мен тұтынатын көліктердің үлес салмағын айтады.

Тілші: Биоотын өндірісінің «еліміздегі экологиялық ахуалды оңалтуға көп септігі тиетініне» депутаттар дау айтпайды. Барлығы да келісіп отыр. Тек бидайдан жанар-жағармай жасауға келгенде халық қалаулылары екіге бөлінді. Бірі – квота белгілеу арқылы 3-ші сұрыпты бидайдың белгілі бір бөлігін өндіріске бағыттауды қолдайтындар болса, 2-сі үзілді-кесілді қарсылық білдірген топ.

СНХ: Розақұл Халмұрадов - ҚР Парламенті мәжілісінің депутаты

- Үкімет қандай кісіпорынды қолдау керек, бидайдан биоотын өндіремін дегендерді емес, басқадан неге өндіретіндерді. Мысалы...

Тілші: Біздің елде биоотын мәселесі қызу талқыға түсіп, үкімет «оны қалай өндіреміз» деп бас қатырып жатқанда, британдық ғалымдар «қалдықтардан жасалатын биоотынның жаңа көліктердің қозғалтқыштарына зиян» деген тұжырымға келді.

Жайна Сламбек, «Жеті күн». Астана.

Жайна Сламбектің арнайы репортажы – ғылымда болып жатқан маңызды оқиғаларды талдап, сараптап көрерменге ұсынған. Бағдарламаның мақсаты – бұл тақырыптың өзекті әрі маңызды екенін дәлелдей отырып, биотын мәселесін кеңінен талдап берген. Шынайы деректерге құрылған репортаждың ең басты қыры - журналистің осы салаға қатысты барлық мамандарға сұрақтар қоя отырып, тиісті жауаптарды ала білу жағы ұтымды шыққан. Осындай шулы тақырыптар, көкейкесті мәселелер «Хабар» арнасындағы «Арнайы репортаж» бағдарламасында жиі көрсетіліп тұрады.

Репортаж типологиялық ерекшеліктеріне орай оқиғалық, тақырыптық және қойылымдық болып бөлінетіні туралы айтылды. Алғашқысында ол шын болған оқиғаны көрсетеді. Ол репортерге қатысты емес. Ең бастысы, оны дәл, нақты ақпаратпен қамтамасыз етсе болғаны. Тақырыптық репортажда автор-журналист телевизиялық бағдарламаның тапсырысы бойынша жұмыс істейді. Яғни, тақырыпқа байланысты оқиғаны және көрсетілім орнын түсіреді. Сондықтан ол бұл қойылымдық репортажда оқиғаны ұйымдастырушы рөлін атқарады.

Репортаждың алғашқы қолданылуы тікелей эфирдегі оқиғаны берумен байланысты. Мұндай тікелей эфирдегі репортаж қоғамдық, саяси немесе мәдени оқиғаларды көрсету кезінде қолданылады. Мұнда көрермендерге қызықты болғандықтан осындай репортаждар беріледі. Елдің жоғарғы заң органдарының отырысы, Отандық және шет мемлекет өкілдерінің баспасөз конференциялары, спорттық сайыстар жатады. Кейбір концерттер, қойылымдар телевизиялық репортаждың дәл осы тікелей эфирлік репортаж жанрына жатады. Репортажда оператор, режиссер, репортер үшеуі бірлікте белсенді қызмет атқарады.

Оқиғалық репортажда ең бастысы оқиға және оның одан әрі дамуы. Репортердің сөзі ештеңені жүргізбейді, еш оқиғаны, қимылды ұйымдастырмайды. Бірақ оқиға соңынан жүріп отырады. Кадрдан тыс баяндап отырғандықтан, репортердің жұмысы өте қиын, әрі жауапты. Оған газет журналистерінікі секілді жазған материалын мұқият тексеріп шығуға, әр сөзін тереңірек ойлауға, кейін оны оқып шығуға еш мүмкіндік берілмейді. Ол бағдарламаны «тікелей эфирде» жүргізетіндіктен, дәл телекөрермендер сияқты әртүрлі күтпеген жағдайларға тап болады, көрермен сияқты таңқалып, қиын кезде бірге мұңаяды. Репортажға дайындық ең алдымен сол оқиға жөнінде мағлұмат жинаудан, сонымен қатар, тақырыпты ашатын мәлімет, әрі тез есте сақталатын өткір ойларды жинақтауды қажет етеді.

Репортажды екі жақты қарастыруға болады. Біріншіден, баспасөзге, радиоға немесе телевидениеге берілетін ақпараттар жиынтығы. Екіншіден, біздің жұмысымыздағы маңызды оқиға, жағдай, құбылысты жылдам және мағыналы ақпаратпен жеткізетін ақпараттық жанр. Репортажға қойылатын негізгі талаптар – автордың болған оқиғаға қатысу тиімділігі, шынайы болған оқиғаны көзімен көрген жағдайда ғана репортаж мағыналы болады. Репортаж - ақпарат пен публицистика элементтерін бойына топтастырған жедел жанрлардың бірі. Тілші өзі жүргізген репортажды баяндау арқылы талдау жасап жазады. Репортажды тілші оқиға ортасынан, шеру өтіп жатқан алаңнан, митингіден өткізеді.

3. Авторлық сюжетті дайындағанда журналистің қызметі мынадай кезеңдерден тұрады: тақырып таңдалуы мен расталуы, түсірілім объектісін және сценарийдің жасалуын зерттеу, түсіру үрдісінде, монтаж жасауда және мәтін жазуда толығымен қатысу.

Кез-келген жағдайда мәтін ықшам болып, көрерменде туатын сұрақтарға жауап беруі тиіс. Сюжеттің ауызша бөлімі бейнеқатарды қайталамауы өте маңызды. Бұл жаңадан жұмысын бастаған журналистке түсінікті болғанымен, ақпараттық хабар-ошардағы кадр сыртындағы мәтінде мынандай хабарларды жиі естиміз: «Трибунаға көтеріліп жатқан...»; «Зал бұл сөз сөйлеуді қол шапалақпен қарсы алды...» Бірақ бұл экранда көрсетілгеннен кейін көзбен көріп отырған бейнебаянды қайталап айтудың қажеті жоқ.

Мәтін жазғанда ауызекі тілден жазба сөздің ерекшеліктерін айыра білу қажет. Тіпті ресми материалдардан құрғақтықты алып тастауға болады. Ұзақ, әрі шұбалаңқы сөйлемдерден аулақ болу керек. Телевизиялық лексика канцеляризмді, кәсіби стильді және таза ғылыми терминологияны қабылдамайды.

Ресми сюжеттің кадр сыртындағы мәтінін ақпараттық бағдарламаның жүргізушісі (немесе диктор) оқиды. Әдетте авторлық сюжеттің кадр сыртындағы мәтінін автор-журналист эфирге дейін жазып алады. Дауыстың тембрі ақпараттық материалдың өзгешелігін білдіреді. Радиода ғана емес, телевидениеде де көп журналистерді дауысы арқылы танимыз. Бұл кәсіби шеберлік көрсеткіштерінің бірі болып табылады.

Телеарналардың белгілі ерекшеліктері жайлы көп айтуға болады. Бұл уақыты жағынан ұзаққа созылған «жинақталған» теледидарлық бағдарлама. Оның құрамына кейде өзіндік жеке бағдарламалар (құрамдас бөліктері) кіреді, бірақ соған қарамастан, байқалып тұратын бірлікке ие не аумағы жағынан немесе тақырыбы жағынан, бірнеше танымал жүргізушілері бар, осылардың барлығы әртүрлі элементтерді бір бүтінге қосып тұрады.

Соңында бағдарламалардың «Шоу» деп аталатын түр туралы айту қажет сияқты. Бүгінгі күнде басымдылығы жөнінен музыкалық, ойын-сауық бағдарламалары баршылық. Мұндай бағдарлама сценариін жазу әдеттен тыс техникалық мүмкіндіктерді жетік білуді талап етеді. Бұған көптеген теледидарлық ойындарды жатқызуға болады. Олардың жанрын М.Колцов «Викторина» деген сәтті сөзбен анықтап кеткен. Бұл жанрға толық сенімділікпен қазақстандық «КВН» телеойынын, «Алтын сандық» интелектуальдық ойынын, қарапайым «Азамат», «ХХІ ғасырдың көшбасшысы» бағдарлама-ларын жатқызуға болады.

Мұндай құрылымдық бағдарламаларды жасауда автор рөлі жоғары. Бұл жерде автор редактордың, режиссердің, шығармашылық топтың, басқа мүшелердің де жұмысына араласып отырады. Автор-сценарист кейде мұндай бағдарламалардың жүргізушісі де болады. Оның білімі, эрудициясы, ізеттілігі, көрерменді баурап алуы, тапқырлығы, әзілдеу қабілеті, ойын көпшілік алдында айта білуі, камера алдында студия қонағын әңгімеге тартуы және басқа да көптеген қасиеттері көрінеді. Шеберліктің қыр-сырын меңгерген автор тележурнал, телеарна, шоу, викторинаның сәтті болуын қамтамасыз етеді. Жүргізуші өз кезегінде бағдарламаның кадр сыртында қалатын ұжымы еңбегінің нәтижесін жарыққа шығаратын тұлға болып табылады.

 

 Телерадио дәстүрлік жанрларды игеру жолы арқылы дамиды. Телерадио бағдарламаларында репортаж мен сұхбат қалай үйреншікті болып кетсе, солай тең дәрежеде экрандық ойындар, байқаулар немесе ток-шоулар да пайда болды. Телерадио бағдарламаларының құрылымы қаншалықты күрделі болса да, оның негізінде тұрақты жанр белгілерін табуға болады.

Телерадио публицистикасымен айналысатын әртүрлі шығармашылық бөлімдердің (саяси-қоғамдық, көркем-ғылыми студиялар, бірлестіктер, редакциялар) пайда болуы тікелей үй экраны орындайтын қоғамдық функциялармен, уақыт талабына сай болатын саяси-қоғамдық міндетпен, аудиторияға кіретін демографиялық және қоғамдық топтардың қызығушылығына байланысты.

Журналистика – кәсіби шеберліктің қажетті деңгейін талап ететін саяси-қоғамдық қызметтің және шығармашылықтың қоспасы. Алғашқысы журналистік хабарлардың мазмұнына, мәселенің таңдалуына және нақты тақырыпқа, ақпараттық қоғамның мағынасын түсінуіне тікелей әсерін тигізеді. Екіншісі, мазмұн пішініне, жанрдың таңдалуына және керекті бейнелеу құралдарына әсер етеді.

Телерадио журналистикасының синонимі ретінде танылған «деректі бағдарламалар» түсінігі жиі ақпараттық және көркем-публицистикалық бағдарламаларды біріктіреді. Журналистиканы былай бөлген жөн: ақпарат (объектісі – дара дерек, нақты оқиға, әдісі – болғанның констатациясы) және публицистика (объектісі – қоғам өмірімен байланысты деректер мен тенденциялар тобы, әдісі – зерттеу, сараптама, авторлық баға). Бұл бөліну тарихи түрде қалыптасты. Ақпарат не? қашан? қайда? деген сұрақтарға жауап беріп, қоғамдық-саяси құбылыстар арасындағы себеп-салдар байланысын ашатын, баға беретін публицистика. Сонымен бірге қалай? неге? не мақсатпен? деген сұрақтарға жауап іздейді. Біріншідегі дерек пен оқиға тек объект қана емес мақсат, екіншісінде дерек журналистің позициясын дәлелдейтін құрал, ол алынған дәлелдер тізбегінің аргументі болып табылады. «Пікірді деректен бөлу» принципі ақпарат – бұл өмірдің объективті көрінісі, яғни, біреудің болып жатқан оқиғаға әділ пікір айтуы.

Трансляциялар немесе жоғарғы заң органының отырыстарынан есеп беру, үкімет шешімдеріне комментарий, танымал қоғам қайраткерімен әңгіме, қоғамдық өмірдің өзекті мәселелері туралы журналистік зерттеулер, мамандардың «дөңгелек үстелдері», ресми сапармен келген шетел көшбасшыларының баспасөз-конференциялары – осының барлығы баспасөз, телерадио публицистикасы болып табылады.

Апталық сараптамалық бағдарламалар және экзотикалық елде түсірілген жол-сапар очерктері, спутниктік байланыс арналары арқылы алынған бейнехабарламалардың топтамасы және біздің экономикамыздың дамуына өз капиталын инвестициялайтын батыс бизнесмендерімен әңгіме – бұл да телерадиожурналистер жасаған публицистика.

Экономикалық тақырыптарға комментарий, егін жұмыстарының хроникасы, биржалық жаңалықтар, жұмысшы мен ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің телевизиялық портреті, жаңа заңды қарастырып отырған заңгермен әңгіме – бұл да телевизиялық публицистика.

Өзекті мәселе туралы сөз қозғаған танымал жазушы, киностудияның түсіру алаңынан репортаж, талантты музыкант гастролінен суреттеме, жас суретшілердің вернисажы туралы хабарлама – бұл да телерадио публицистикасы. Қазіргі қазақ телевидениесіндегі телепублицистика жанрын жан-жақты қамтып жүрген мына бағдарламаларды жатқызамыз: «Көзқарас», «Жеті күн», «Түйін сөз», «Апта портреті», «Нысана», «Парламент күнделігі» және т.б. Көріп отырғанымыздай, публицистиканың негізгі дәйектелетін белгісі көпке қаратылып айтылған сөз. Бірақ бұл бағдарламалардың барлығының пішіні және әдісі, журналистік қызмет ерекшеліктері бойынша бірдей емес. Басқаша айтқанда, олар әртүрлі жанрда жасалған.

Журналистиканың жалпы теориясында публицистикалық хабарлардың жанрларға бөліну мәселесі төрт белгісі бар:

1. Түсіну, кейіптеу пәнінің өзіндік ерекшелігі бойынша;

2. Тәрбиелілік-танымдық міндеттер арқылы;

3. Болмысты айқындау кеңдігі бойынша, яғни, қорытындылау және жалпылау масштабы;

4. Өзінің мәнерлі бейнелеу құралдары арқылы ажыратылады.

Телерадио туындысының жанрын анықтау бір ғана белгі арқылы емес, олардың қосылуы арқылы жүзеге асады. Басқаша айтқанда, жанрға тән төрт белгіге тәуелді. Журналистік жанрлар үшін міндетті, анық болу шарты деректілік, шынайылық, яғни, материалдың деректі екенін естен шығармау керек. Болмысты кейіптеудің түрі ретінде жанрды анықтаудан оны кейіптеудің негізінде жатқан объективті үрдістер мен құбылыстар үйлесімділігімен қарастыру қажеттілігі туындайды.

Жанрлар жүйесі туралы айтқанда, телерадио материалдарының ұйымдастырылу композициясына сәйкес бекітілген болмысты бейнелеудің тәсілін негізгі үш ұстаным арқылы ажыратамыз. Біріншіден, болмысты қарапайым тұрақтандыруға ұмтыландыратын жанрлар тобы. Бұл жерде автор нақты оқиғадан, құбылыстан кейін барады. Мұндай материалдардың композициясы, ол болып жатқан оқиғаның құрылымымен белгіленеді. Бұл ақпараттық жанрға қатысты. Екіншіден, өзінің шығармашылық міндетіне сәйкес шынайы деректер мен құбылыстар автордың сараптауы мен жасалатын хабарламалар түрі. Бұл жерде хабарлама композициясы оқиғаның фабуласынан емес, автордың түпкі ойына тәуелді. Бұл сараптамалық публицистиканың жанрлары. Үшіншіден, автор ұсынған бейне жүйесіне тәуелді хабарлама композициясы. Материалдың деректілігін сақтағанда автор көркемдік көрініс құралдарын, тіпті актерлік шеберлікті пайдаланады. Мұндай хабарламаларға көркем публицистика жанрларына жатады. Бейненің бар болуы негіз болып табылады, ал хабарлама және деректі сараптау екінші кезектегі мағынаға ие. Очерк, эссе, суреттеме деректік материалдың көркемдік ұйымдастырудың нәтижесі болса, сараптамалық жанрлар (комментарий, шолу, корреспонденция) деректі, оқиғаны, құбылысты сараптаумен шектеліп, бейнелілікке ұмтылмайды. Көркем публицистиканың функциясы – жеке-дара әдістер арқылы жалпы, типтілікті ашу. Жалпылау толықтығына жете отырып, өзгешелікті айқындау арқылы көркем публицистика болмысты кейіптеудің бейнесін қолданады. Бұл жерде бейне деректі, шынайы материалдан құралады.

 

Тікелей эфирдегі жұмысты жүзеге асыру сипаты өндірістегі жоғарғы қарқынды еңбек ырғағына ұқсайды. Осыған орай тікелей эфирді шығармашылық-өндірістік процесс ретінде қарастыруға болады. Ғылыми зерттеулер көрсетіп бергендей, тікелей эфирдегі жүргізушінің қызметі айрықша, кейді тіпті, төтенше ахуалда жүзеге асады. Демек, келесі кезекте тікелей эфир шығармашылық-техникалық сипаттағы күрделі психологиялық процесс. Сондықтан да, тікелей эфирді жүргізетін тележурналистке кәсіби деңгейдегі даярлықпен қатар, арнайы психологиялық дайындық қажет. Негізінде, тікелей эфирдегі психологиялық ахуалды қалыптастырудың іргетасы камера алдына барғанға дейінгі даярлық кезінде жүзеге асатын нақты әрекеттер мен тынымсыз ізденістер нәтижесінде қаланбақ. 

Бұл туралы белгілі зерттеуші Жидегүл Әбдіжәділқызы «Тікелей эфир табиғаты» еңбегінде былай деп жазады:

«Тікелей эфирдегі жүргізушінің жұмысы айрықша, төтенше, яғни, экстремальды жағдайда жүзеге асатынын ескеріп, ең алдымен, экстремальды факторларға талдау жасауымызға тура келеді. Бұл, біріншіден, жұмысты жүзеге асыратын орындағы физикалық жағдай, (өте күшті электромагнитті сәуленің шығарылтындығы, қолайсыз температура, ылғалдың бөлінуі, тағы сол сияқты). Екіншіден шектен тыс аса жоғары жауапкершілік, үшінші қауіп, қорқыныш, үрей. Ендігі жерде, айрықша «экстремальды» қызметтің өзіне тән ерекшеліктеріне назар аударған абзал. Олар:

а) адамның жүйкесі, психикасы тарапынан күш-қуаттың жұмсалатындығы, яғни энергияның шығындалатындығы,

ә) өзінің резервтік мүмкіндіктерін іске қосатындығы,

б) физикалық немесе психикалық жағынан қалжырауы.

Мұндай ерекшеліктерді ескере отырып, арнайы жүргізілген зерттеу жұмыстары нені көрсетті: «Атап айтқанда, Т. Немчиннің жүйкеге түсетін ауыртпалық жөніндегі Д. Спилбергердің ахуалдық алаңдаулық мөлшері бойынша, М.Люшердің түрлі-түсті тестілеуден жасалған психологияны қадағалау әдістерінің нәтижесінде жүргізушілер, шолушылар, комментаторлар эфирге шығар алдында жағымсыз психикалық ахуалды бастан кешірген екен. Бұл әлдекімдерден ашулану, тітіркену ретінде аңғарылса, кейбіреулерден тұйықталу, шектелу, жаншылу сипатында көрініс табады. Көпшілігіне алаңдаушылық, сәтсіздіктен үрейлену әсері тән. Олардың тән қызуы, қан қысымы көтеріледі. Жүргізушілер көңіл-күйіндегі алаңдаушылықтың негізгі себептері уақыттың тығыздығынан, күтпеген жағдайларға тап болудан, өзін-өзі жеткілікті дәрежеде мойындамаудан, мейлінше қатаң қадағалаудан, өзін-өзі барынша шектеуден туындайды. Ендеше, олар өздерін қолдауды және мақұлдауды қажет етеді».

Тележурналситің хабар дайындағанда алға қоятын негізгі мақсаты – көрерменін ішкі жан дүние әлемімен қоса үйіріп ала жөнелетін тамаша тәсіл тауып, айтайын деген ойын, мақсатын ұтымды әдіспен жеткізе білуінде. Бұл телехабар жанрларының қыры мен сырын жетік біліп, жеделдік танытатын, жалықпай ізденіп, кең алымдылық пен шалымдылыққа ие журналистердің ғана қолынан келеді.

Эфир мерзімінің шектелуі – заңдылық. Қысқа әрі әсерлі ойға толы хабарларда сөйлесуші сөзінің мәнді болғаны абзал. Журналист хабарға қатысушы сөзінің мәтінін қарағанда оның сөйлеу тіліне жақын, артық цифрлар мен терминдерден, жаргон сөздерден таза боуын ойластыруы керек. Автор өзіне тән стилін сақтаса ғана даралыққа ие болады. Кейіпкерлерді ағынан жарылтып сөйлете білу үшін оның көңіл кілтін таба білу қажет. Ал, бұл кілтті табудың жолы әрқилы. Журналист алдымен кейіпкерінің мінез-құлқын, адамдармен қарым-қатынасын, өмірге деген көзқарасын, ой дүниесін байқап, ішкі сезім әлеміне кіре білгенде ғана оның жан сарайын бар қырынан жарқырата аша алады. Өткірлік пен батылдық қатар қонақтап, тоғысып жатса хабар арқауы қиюласып, етек-жеңі жинақтала түседі. Жалаң ой мен сылдыр сөз, ұзақ сонар сірескен тіркестер көрерменді оп-оңай жалықтырып жібіретіндігін ұмытпағайсыз. Нақтылық пен фактіге құрылған дәлдік, серкесөз, көсемсөз, қысқалық және нысаналы ой ғана редакторға шабыт, жүргізушіге қанат бітіре алады. Тікелей эфир кезінде сан құрсаулы ой тізбегінің шебін бұзып, арналы ойдың нөпірінен малтымай шығуға да шын шеберлік керек. Сел дария жүректерден жыр дария болып төгіліп, атогй салған шақтардағы ой жарысының додасынан суырыла шыққан ой тамшыларына, жүргізуші тіліне үйіріле қалған сөз орамдарына не жетсін!

Эфирдегі тербеліс пен тебіреністің жүргізуші бойынана құяр қуаты да тым тегеурінді. Баппен байыбына барлау жасап, жүрек пен миға салқындылық дарытып, шабыттың ойдың айдынынан қажеттісін ғана қармаққа іліндіру керек-ақ!

Рас, эфирге дейін тақырып таңдалады, нысан анықталады, уақыт белгіленеді, алдын-ала шығармашылық байланыстағы қызметкерлермен келісім жасалады. Бірақ, солай бола тұрса да, хабарды сол жоспарлаған қалпында жүзеге асырып, көздеген мақсатқа жету қиынның-қиыны. Демек сахна сыртында қалатын басқа қызметкерлердің еңбегін еш етпестен, тәп-тәуір тамаша тықырыптың берекесін қашырмастан мәнді де сәнді етіп, тыңдарманға жеткізу, жүргізуші-журналистің парызы. Соны түгел дерлік ішкі толғаныспен ой елегінен өткізіп, өзін-өзі алдын-ала даярлап, қысылтаяң шақты қолдануға лайықты азды-көпті сөз қорын әзірлеп, күні бұрын барлық жағдайды келісіп қойғанның өзінде жүргізуші-журналист қандай да бір қателік жіберіп, сәтсіздікке ұшырауы мүмкін. Себебі эфир заңы – қатал. Оның үстіне тікелей эфир қолма-қол ретке келтіруге мүлде мүмкіндік бермейтін өзгеше құбылыс.

Теория мен тәжірибені ұштастыру негізінде тележурналистиканы зерттеп-зерделеп жүрген Құдайберген Тұрсынов өзінің «Сөз сиқыры» деген кітабында микрофон алдында сөйлеудің ең жауапты сәтін сезіну тұрғысынан жүргізуші-журналистке мынадай кеңес береді: «Дауыстың діріліне, әрі үніне, сұлу сөздің сиқырлығына мән бере біл! Өзіңнің табиғилығыңды таныта біл, қазақтың шетсіз де шексіз дариядайтолқын сөздің нақышын, бай ойнақылығын, қорғасындай салмақтылығын, алмас қылыштай алғырлығын кәдеңе жарат. Әр сөздің мәні бар, сөйлемдегі тұрған орнында өзіндік екпіні бар. Соларды іздеп тап та, сол кілтипанды табанда тап баса біл».

телевизияға шығар сәтте, бағдарламаға қатысып, сұхбат берген кезде, өзіңізді қалай ұстау қажеттігі жайлы кеңес бере кетуді жөн санадық.

Бірінші кеңес. Егер сіз қандай да бір телебағдарламаға қатысу жөнінде шешім қабылдасаңыз, оған бармас бұрын, әңгіменің не жөнінде, қай бағытта және қандай формада өрбитінін біліп алыңыз. Керек мәліметті бағдарлама жүргізушісі, не редакторынан білуге болады. Бұл әдіс сіздің алдын-ала кәсіби және психологиялық тұрғыдан сұхбатқа тастүйін дайын болып баруыңызға көмектеседі.

Екінші кеңес. Сонымен, сіз эфирге 15 минут қалғанда, көрікті киініп, жақсы дайындалып, телестудияға келдіңіз делік. Енді не істеу керек? Алдымен хабарды жүргізетін адамның сіздің аты-жөніңіз бен жұмыс істейтін мекеменің атын дұрыс жазып, атайтындығына көз жеткізіңіз. Қажет болса, сіз жайлы барлық мәліметтер көрсетілген қағазшаны да қосып беріңіз. Ол ешқашан артықтық етпейді. Эфирге шықпас бұрын, грим жасату мен шашыңызды ретке келтіру мәселесін де ұмытпағайсыз. Елімздің ірі-ірі телеарналардың барлығында дерлік стилист мамандар бар. Алайда, «өзімнің төл стилисім жасаған имиджбен эфирге шығамын» десеңіз де болады. Ол үшін студияға келмей тұрып, жеке уақыт табуыңыз керек.

Үшінші кеңес. Сұхбатқа шығар алдында жүргізушіге көтерер мәселеңіздің негізгі тұстары туралы әңгімелеп беріңіз. Ол қойған сауалдарға толық жауап беріп, жүргізушінің мүмкіндігінше тақырыпқа енуіне жол ашыңыз. Аталған тәсіл диалогтың мәнді әрі сіз ойлағандай өрбуіне себепкер болады. Эфир кезіндегі сұрақтарды мұқият тыңдап, оларды өзіңізге берілген керемет мүмкіндік ретінде қабылдаңыз. Егер жауабын білмесеңіз «білмеймін» деп айтудың еш сөкеттігі жоқ. Қолдан келгенше, сұхбат барысында есте қаларлық пікірлер айтуға тырысыңыз. Есіңізде болсын. Түсірілім жүріп жатқан кезде – ежіктеп, тоқтап қалуға, олыңыздғаы қалам немесе кітапшамен ойнауға, сақалыңызды сипауға, сондай-ақ галстугыңызды түзей беруге тыйым салынады.

Төртінші кеңес. Бейнекамерадан ешқашан қорықпаңыз. Оған сіз өптен бері араласып жүрген, сүйікті досыңыз ретінде тіке қараңыз. Телережиссер сізге көңіл-күйіңізді көтеріңіз деген ескерту жасауы ықтимал. Олай болып жатса, бар күш-жігеріңізді салып, жиналып, «эфирлік көңіл-күйге» енуге талпыныңыз. Бұл қасиетті күнделікті айнаның алдында тұрып-ақ қалыптастыруға болады. Бет-әлпетіңіз бен қолыңызды жиі қозғалтып, қимылдата берудің қажеті жоқ. Керек кезде қолыңызды әрі-бері қимылдатқанмен де ол иегіңіз бен кеудеңіздің аралығынан аспауы тиіс. Ешқашанда эфирде бетіңізді ұстауға, көзілдірігіңізді түзетуге болмайды. Кез келген іс-қимылдың эфирден құбылмалы көрінетіндігін білгеніңіз жөн.

Бесінші кеңес.Телевизияда киімнің алар орны айрықша. Сол себептен де, телевизияда киімге қатысты қатып қалған бірнеше қағида бар. Ол: камера алдында ешқашанда толығымен қара немесе ақ түсті киім киіп шығуға қатаң тыйым салынады. Өйткені бейнекамераның ашық немесе тым қою қара түстерді өзгертіп беретін қасиеті бар. Неге осы екі түске телекамера қас деген сұрақ туады. Себебі, қара түс назарды адамның тек басы мен бетіне ғана аударса, ақ түсті киім киген адамның бет-әлпеті денесімен үйлесіп, түсініксіз көрініске айналып кетеді. Қара түстер жарықты жұтып, көріністі кішірейтіп жіберетін болса, ақшыл түстер керісінше жарықты шағылыстырып, нысанды үлкейтіп көрсетеді. Жалпы алғанда, мамандар телевизия үшін түстер спектрының ортасына жақын болып табылатын көк, сұр және қоңырқай түсті киімдерді киюді ұсынады.

Тікелей эфир кезіндегі техникалық саланың қырларын жалпы шолып өттік. Ендігі ең басты назарда ұстайтын жайттың бірі – тікелей эфир жүргізушісінің этикасы. Этика – адамгершілік пен мораль туралы теориялық заңдар мен практикалық талап-тілектерді зерттеп, қалыптастыратын ғылым саласы. Яғни, адамдардың қоғамдағы өмір сүру нормалары мен бір-бірімен қарым-қатынасы жайлы ұғымды танытады. Еңбексүйгіштілік, адалдық, достық, сыйластық, сыпайылық, өзіңді-өзің дұрыс ұстай білу, жақсы мінез – осының бәрі этика критерийлерін анықтайды. Сөйтіп, этика жалпы алғанда адамгершілік принципіне бағынады. Этика саналы азамат болуды қалайды. Демек, журналист те осындай қасиеттерге ие болу керек екені түсінікті. Өйткені журналистің кәсіби мамандығы – мұндай қасиеттерсіз табысқа жетуі қиын. Этикалық нормалардың заңды жасалмаған тұстарын журналист өз ақылымен, сан-сезімімен ұғып-білуге тиіс. Ол адамгершілік идеал мен азаматтық парыздан туындайды. Журналист өз борышын адал атқаруы тиіс.

Қазір телеарналарда тікелей эфирде өтетін ток-шоулар көп. «Шоумен» деген ұғым қазақстандық көрермендер санасына еніп үлгерді. Әзірше шоумендікке актерлер тартылуда. Бір жағынан ол да дұрыс шығар. Бірақ актер журналист емес. Ток-шоуды жақсы жүргізіп шығу емес, онда көтерілген басты тақырыпты аша білу керек. Өйткені «ток-шоу-таза журналистік шығармашылық». Оның үстіне тікелей аудармасы – «әңгіме-думан». Әңгіме сұхбатқа құралады. Ал сұхбатты тек арнайы мамандығы бар журналист қана өз деңгейінде жүргізе алады. Сұхбат сәтті шығу үшін журналистке қойылар талап та жоғары. Ол табанды, зерек, әсершіл, жинақы, тапқыр, байқампаз, назаршыл, есте сақтау қабілеті жоғары, психологиялық тұрақты болу керек. Ал актерлер тек жазып бергенді ғана оқып шықпай ма? Сондықтан ток-шоулардың көбінің жасанды шығып жататыны сол. Шоумен-актерлердің кейбірі ғана импровизациялық қабілеттеріне сенеді. Солардың ішінде Қазақстан халқына жақсы таныс ресейлік Леонид Якубович (Поле чудес) пен Дмитрий Нагиев (Окна), Николай Поречников (Запретная зона). Якубовичтің шектен тыс қуақы қылықтары мен Нагиевтің «дау-дамайындағы» анайы қимылдары сырттай жарасымды сияқты, бірақ көрермендер оны жай қалжың ретінде қабылдаса керек. Шоумен-әртістер бізде бар. 2ОО1 жылы НТК арнасында тікелей эфирде «Саз сандық» атты интерактивті ойын-сауық бағдарламасы жүрді. Эфир билігін қолына ұстаған Нұрлан Албан сөзінің мағынасыздығымен және ойының шұбалаңқылығымен көрермендерді ығыр ететін. 2ОО3 жылы Қазақстан Ұлттық арнасында таңертеңгілік «Таңсәрі» бағдарламасына да жүргізуші болып Нұрлан Албан шықты. Әртіс, әнші ретінде халыққа танылып жүргенімен, шоу-мен, тікелей эфир жүргізушісі ретінде еш қырын көрсете алмады. Әрине, актерлік шеберлік журналистің бәріне бітпейді. Бірақ оған үйренуге, үйретуге болады. Тіпті алысқа бармай-ақ көрші Ресейдің тіршілігіне көз салсақ жетіп жатыр. Оларда тіпті репортерларға дейін актерлік шеберлікті меңгеруде. Өйткені Москвада арнайы тележүргізушілерді дайындайтын институт бар. Онда актерлік және журналистік шеберлік деген пән оқытылады. «Әдемі қозғалыс» деген пән бар екен. Ток-шоуларды дайын актерлерге жүргіздіре бергенше, осындай бір шеберлік мектебін бізде де ұйымдастыруға болады. Шоумен – журналиске керек басты қасиетердің бірі- тіл мәдениеті. Ал тіл мәдениетінің өзі көп аспектілі түсінік. Жақсы тіл-дұрыс, қарапайым, мәнерлі болу керек. Тіл мәдениетіне де арнайы үйренеді. Жоғарыда айтылған тележүргізушілердің институтына жетекшілік ететін белгілі тіл стилисі Светлана Макарованың алдына тілдерін дұрыстауға тіпті саясатшылар мен депутаттарға дейін келеді екен. Ол институтта сөйлеу техникасы, эфирде сөйлеу шеберлігі деген сабақтар жүргізіледі.   

 

Лекция

Теледидардағы сөз құдіреті

29.1Телеарнадағы тарихи тақырыптарды қамтитын шығарылымдар

30.2Телевизия – телеөндіріс орталығы

Ұсынылатын әдебиеттер:

1. Есенбекова Ұ.М. Тележурналистика: телехабар жасау технологиясы. – А., 2011

2. Омашев Н.О. Радиожурналистика. – А., 2005

3. Тұрсын Қ. Көгілдір экран құпиясы. – А., 1998

4. Барманкулов М.К. Телевидение: денги или власть - А.,1997

5.Абдраев М.К. Телехабар жасау технологиясы. – А.,2014

Сөз сөйлеу (кадрдағы монолог)

Сөз сөйлеудің кадрдағы түрлерін ауызша ақпараттық хабар (хроникалық хабар-ошар) туралы айтқанда кездестіреміз. Журналистің телеэкраннан көпшілік аудиториясына қаратылып айтылған сөзі, яғни сөйлеушінің өзі көрсетілімнің негізгі объектісі. Мынадай сұрақ туындауы мүмкін. Жоғарыдағы жанрлық анықтама «кадрдағы сөз сөйлеу» терминіне сәйкес келе ме? Сөйлеу жанр емес. Ол - көрерменге кез келген ақпаратты жеткізуге болатын автордың әдісі. Қысқа ақпараттық хабарлардан жарқын, образдық, көркемдік қасиеттері бар, артистизмі жоғары адам туралы телевизиялық очерк – осының барлығы кадрдағы сөз сөйлеу.

Сөз сөйлеу кинокадрдың, суреттердің, графикалық материалдар-дың, құжаттардың көрсетілуімен бірге жүруі мүмкін. Егер сөз сөйлеу студиядан тыс жерде өтіп жатса, онда қоршаған ортаны, ландщафтты көрсетуге болады. Бірақ негізгі мазмұны көрермендерге нақты ақпаратты және оған өзінің қатысын жеткізуге тырысатын адамның монологы болып есептеледі.

Сөз сөйлеу – қоғамдық пікірге әсер ететін қуатты құрал болып табылатын ертеден келе жатқан шешендік өнердің бір тармағы. Біздің дәуірімізге дейінгі 335 жылы өмір сүрген Аристотель «Риторика» атты еңбегінде шешендік өнердің үш түрін көрсеткен. Тілдің құрылу принципі, шешеннің шеберлік қасиеті мен қабілеті, яғни шешеннің өзіндік тұлғасы, шешендік сөзде қолданылатын шеберлік, әдіс, тәсіл. Осындай тәсіл қазіргі таңда да өз күшін жойған жоқ.

Телевидение пайда болғаннан бастап адамдардың жаңа категориясын, жүргізушілерді, белгілеп, анықтау қажеттілігі мәселесі көтерілді. Қазіргі кезде үйреншікті «шешен» сөзін қоғамдық жиналыста (съезд, форум, симпозиум, дәріс) мінберге көтеріліп, залда отырған халыққа сөз сөйлеген адамды айтамыз. Телевидениеде сөз сөйлеуші ойша аудиторияны елестетіп, телекамераның объективіне қарап, үндеу жасайды.

Телеаудиторияда сөз сөйлейтін жүргізуші тұлғасына ерекше талаптар қояды. Ең алдымен, жүргізуші нағыз тұлға болуы керек. Өзінің қоғамдық жағдайына, (саяси, мемлекеттік қызметі), қызметіне (ғалымдар, әртістер, жазушылар) байланысты көрерменнің қызығушылығын туғызатын немесе құнды ақпарат бере алатын адам болуы шарт. Телевидениеде сөз сөйлеуші өз ойын нақты, түсінікті айта алатын, ерекше ойлау қабілеті бар, белгілі құбылыстар мен оқиғаларды сараптап, саралайтын алғырлыққа ие, кез келген жағдайда дұрыс шешім қабылдай алатын қасиеттерді бойына сіңіруі қажет.

Кез-келген бұқаралық ақпарат құралдарында, соның ішінде телевидениеде сөз сөйлеуші арқылы іріктелген деректер, мәліметтер, дәлелдер көмегімен ой, идея ашылады. Міндетті түрде, бұқаралық сөз сөйлеу үрдісінде бір нәрсеге сендіру мүмкіндігі болуы тиіс. Сендіретін және сенетін адам болады, көзқарас пен пікірталасы жүреді, сол кезде жеңіске сенетіндей болу керек. Сондықтан, сөз сөйлеудің мәтіні «белсенді», ал сөз сөйлеудің өзі драматургия заңдарына құрылғаны жөн. 

Мынадай сұрақ қайта туындауы мүмкін. Неге драматургия диалогтік тәсілді талап етсе, сөз сөйлеу әрқашан монолог әдісіне негізделеді. Телевидениенің диалогтік табиғаты сөз сөйлеуші мен аудитория арасындағы диалогты, алдын-ала болатын сұрақтарды болжап, жауап беретін сөз сөйлеушіден үлкен шеберлік талап етіледі.

Кадрдағы сөз сөйлеу, бұқаралық сөз сөйлеудің құрылымы мен ұстанымдары әрқилы. Композиция – кез келген туындыда бүтіндік пен бірлікті дарытады. Оның компоненттерін бір-біріне және бүтінге бағындыратын пішінінің маңызды, ұйымдастырғыш элементі, компоненттердің қисынды, әрі дәлелді орналасуы, олардың өзара әрекеттесуі.

Сөз сөйлеу композициясының негізгі талаптары: тақырыпты анықтау, сөйлесушілерге қойылатын сұрақтарды алдын-ала қарастыру (кіріспе), оны негізгі деректер мен дәлелдермен таныстыру (негізгі бөлім), айтылғаннан қысқа, әрі нақты қорытынды жасау (қорытынды). Сөз сөйлеудің құрамды бөлігі шамалас болу керек. Егер кіріспе негізгі бөлімнен ұзағырақ болса жеңіл және дерексіз болып қалады. Созылып кеткен қорытынды тыңдаушыға автордың өз шешімдеріне сенімсіздігін көрсетеді.

Кадрда сөз сөйлеудің жетістігі көбіне автор сөзінде қолданылатын техника мен тәсілге байланысты. В.Цвик: «Тыңдармандардың көңілін, назарын аудару – ең қиын іс және алғашқы жауапты кезең. Бұқараның көңілі әр адам өмір жолында сезген сезімдерге жақын және қызықты, жай нәрселермен желіктіреді. Сонымен, алғашқы айтылатын сөздер өте жеңіл, түсінікті, қызықты болуы тиіс»[12,69-б],-дейді. Мұндай «оралымдардың» көп болуы мүмкін: өмірден алынған оқиға, парадокс, күтпеген сұрақ. Осындай бастауды табу үшін барлығын алдын-ала ойлап, қай тезисті бірінші орынға қоюға болатынын анықтау керек. Бұл толығымен шығармашылық жұмыс болып табылады.

Кез-келген жағдайда тележурналистке сөз сөйлеуге немесе сөз сөйлейтін адамды дайындауға тура келеді, сол кезде риторикалық операциялардың негізімен (көрсетіліп жатқан бейне қатары мәтін материалымен сәйкес келуі, редукция – күрделіден жайға ауысу және т.б.) және риторикалық пішіндердің түрлерімен (метафора, метонимия, синекдоха, синонимия, гипербола, эвфемизм және т.б.) таныс болғаны жөн. Бұл сөз сөйлеудің мәтініне қатысты. Телевидениеде біз сөйлеушіні тыңдап қана қоймай, көре аламыз. Психологтардың айтуы бойынша, ақпараттың қырық пайызы дауыс ырғағына (интонацияға) байланысты. Осыған тағы мимика, сөз сөйлеушінің образы, қабылдаудың стереотипі қосылады. Осының барлығы телевизиялық сөз сөйлеуді жай іс ретінде емес, жанрлық әртүрлілік деп қарастыруға әкеледі.

Сөз сөйлеудің техникалық тәсіліне дикция, әдеби-көркем сөзді айтудың ережелері, күрделі сөйлемдердің қисынды оқылуы, оның ішінде қисынды үзіліс және қисынды екпін жатады.

Телевидениеде кадрда сөз сөйлеудің негізгі үш пішіні бар:

· Сөз сөйлеушімен бірігіп жазылған және телередактормен редакциялаған мәтіндік сөз сөйлеу;

· Алдын-ала тақырып пен ой жүйесі белгіленген, сөз сөйлеуші қоятын ортақ сұрақтарына қысқаша жауап дайындау. Тезистер – сөз сөйлеудің мазмұнын және бейнелердің сипатын (суреттер, карталар, схемалар, макеттер) анықтайтын өзіндік сценарийлік жоспар.

·  Алдын-ала тек тақырып пен сөйлеу ұзақтығы (хронометраж) белгіленген суырып-салма сөз сөйлеу. Телеэкранда тезистік және суырып-салма сөз сөйлеу жарасымды көрінеді, ал мәтіннен көз алмай оқып сөйлеу – көрерменге жағымсыздау әсер етеді.

Негізінен, кадрдағы сөз сөйлеуді, экрандағы адамның монологын дайындағанда мына жағдайды ескерген жөн. Сөз сөйлеушінің өзі қоғамға танымал болса, басқа бағдарламаларға қарағанда көрермен қызығушылығын туғызады, әрі жоғары бағаланады. Мұндай бағдарламалар ресми түрге жатады. Мысалы, Президенттің халыққа жолдауы, парламент спикерінің мәлімдемесі, қоғам қайраткерінің маңызды оқиғаға орай сөз сөйлеуі. Бұл жағдайда нақтылық өте маңызды, сол себепті сөз сөйлеушілер алдын-ала жазылған мәтін бойынша сөйлейді. Бұл экрандағы адам қағаздан көз алмай оқиды деген сөз емес. Телесуфлердің қызметін пайдалану сөз сөйлеушінің тікелей аудиториямен араласып жатқан иллюзиясын береді. Бұл жағдайға да телевизиялық журналистің редактор ретінде қатысы бар. Сөз сөйлеушінің спичрайтері болса да, журналист мәтінді аудиторияның ыңғайына қарай дұрыстайды.

Телевидениенің бейнелік табиғатын ескере отырып, дайындалған мәтін орынды. Бұл жағдайда бейнелілік жағынан дұрыс шешім табуға болады. Иллюстрацияға сәйкес орнықты сөз сөйленсе ғана көрерменді иландыра алады. Тележурналист керекті бейнеқатарды құрастыруға өз үлесін қосады. Бейнеқатар айтылған сөздің дәлелі болады және көрерменнің ақпаратты қабылдауына ерекше әсерін тигізеді.

Кадрда журналистің өзі сөз сөйлейтін жағдайлар да кездеседі. Журналистің монологы – комментарий және шолу. Соңғы уақытта оқиға орнынан тікелей репортаж кең таралған жанрға жатқызылып жүр. Көрсету техникасы жағынан кадрдағы сөз сөйлеу – бағдарламаның ең жеңіл түрі. Сөз сөйлеуші, соның ішінде журналист үшін бұл рухани және шығармашылық мүмкіндікті жүзеге асырудың оңтайлы тәсілі.

Кадрдағы сөз сөйлеудің табысты болып шығуы – бұқаралық ойдың болуы, күрделі нәрсе туралы түсінікті сөйлеу, көрерменді жеңіл, белсенді, образды сөздермен сендіру. Көрермен сөз сөйлеушінің сөзін ғана емес, оның қалай айтқанын да бағалаушы. Кадрдағы сөз сөйлеу әсерлі болуы үшін журналист тиімді әдіс-тәсілдерге жүгінгені абзал.

Тележурналистиканың бірінші табиғи қасиеті бейнелілігі, болмысты терең суреттеп, көз алдыңа келтіруі, соған қарай бейнеақпаратқа деген сенім өте жоғары. Екінші қасиеті жеделдігі. Соңғы жылдары ақпараттық технологиялардың жетілуіне орай тікелей эфирде хабар тарату, интерактивті пікір таластыру, ойын сауық ұйымдастыру кең қолданысқа енуде. Телеақпараттың тағы бір қасиеті көрерменіне психологиялық әсері, немесе эмоциональдығы, адамның қиялы мен сезіміне әсерінің күштілігі. Сонымен бірге тележурналистік өнім кең аумақты қамтуымен де құнды, радиотолқындар жететін үлкен аймақтағы телеқабылдағыштар осылай миллиондаған адамдарды бір мезгілде біріктіреді. Телевизиялық хабарлардың пәрменділігі оның танымалдығымен, бір мезгілде бағдарламаны көргендердің үлес салмағымен, рейтингпен өлшенетіндігі.

Ғаламдану жағдайында ұлттық мүдде мен көзқарас жойылып кету қаупі де жоқ емес. Қазіргі ақпараттық тасқын әлсізді шайып, жағаға ысырып тастауға бейім. Ақпарат тізгінінен айырылсақ, ұлттық қаймағымыз да бұзылады, рухани дүниеміз ойсырайды, қиялымыз «тобырлық мәдениет» қамауына түседі, тіліміз шұбарланады, діліміз азады, ажарымыз тозады.

Қазіргі қоғамдағы журналистің рөлі арта түсуінің де себебі осында жатыр. Түйткілді мәселе ақпарат арқылы шешіледі. Соған орай тілшінің жауапкершілігі де күшейеді. Жаңа заманның журналистері алғыр болуы шарт. Арпалысқан ортада өз дегенін дәлелдеп, айтқанын өткізетін, ойын батыл қорғай алатын қайсар мінез, ұлтына деген шексіз сүйіспеншілік керек.

Журналистің басты қаруы — білімі және ол ұдайы ізденуі, оқуы, білгенін жетілдіруі тиіс. Сөз иесі, қалам иесі еңбекқор болғаны ләзім. Журналистика тәжірибемен қалыптасып, шеберлігі уақыт тезінен өтіп шыңдалатын, шынығатын мамандық. Шабыт қаншалықты қолға ұстатпайтын сағым болса, шығармашылық та тұңғиық дүние, түбіне ешкім жеткен емес. Журналистік шығармашылықтың рахаты да мол, ол — тыңдарман, көрермен мен оқырман ықыласы, ойыңның өзгелердің көкейінен шыққаны, жақсылыққа жалау болғаның, артыңа ізгілік ізін қалдырғаның.

Журналист жауапкершілігі күн тәртібінен түспейтін мәселе, оның анық-қанығына жету үшін журналистке білім керек, бүгінгі өзгерістерге баға беріп, сараптай алатын сана керек.

Аса күрделі технологиялық өзгерістерді телехабарларды тарату саласы бастан кешіруде. Телеарналардың болашағы туралы жүз маманға сұрау қойсаңыз, жүз бір түрлі болжам естисіз. Өйткені, телевизияның дамуына әсер ететін факторлар өте көп.

Әлемді жақындатуға асыққан сол көрегендік бүгін шынайы өмірге айналды. Жаңа телекоммуникациялық технологиялар жұмыр жерді бір ақпараттық тасқынға біріктірді, тілдік, географиялық, климаттық шекараларға қойылған бөгеттердің құлауына себеп болды. Дүниенің түкпір-түкпірінен кез-келген ақпаратпен таныса алу мүмкіндігіне ие болдық. Ал, ғаламтор арқылы виртуальды саяхат жасауға да болады. Телевизия осындай фантастикалық болмыстың католизаторы болып келеді, бүгінгі қоғамдық серпілістердегі жасампаз ықпалды күш ретінде танылды.

Осыған байланысты теледидардың жауапкершілігі және ондағы шектеулер мәселелер тақырыбы бүгінгі зерттеушілердің жіті назарында екендігі жасырын емес. Мүмкін шынында да, бүгінде телеарналардың ақылы және тегін деп аражігін бөлетін уақыт туған да болар. Зорлық-зомбылық, секс, зиянды жарнама сияқтылардың бәрін шектеп, ақылы, соның ішінде қымбат арналарға ауыстыру керек те, бұқаралық арналарды жеңілдету керек. Мысалы, Батыс Еуропа елдеріндегі қоғамдық телеарналарды үлгі ету жөн болар. Телеарна ақпарат таратып, болмаса қоғамдағы әр түрлі пікірлерді, көзқарастарды білдіріп қана қоймай, оның санаға әсерін, салдарына жауапкершілік жүктейтіндей жаңа талаптар қойылғаны еркіндікті шектеу емес, керісінше, жүгенсіздікті, анайы мәдениетті шектеу деп білеміз.

Теледидардың басқа өнер түрлерінен негізгі артықшылығы миллиондаған адамның назарын өзіне аудара білуінде. Осы артықшылық, яғни, жаман-жақсы танымдылық оны басқа өнер түрлерінен бөле-жара ерекшелендіріп тұрады. Ақпарат арнасының кез келген бөгеуді жарып өтер ең қуатты ағысы болғандықтан теледидар мен интернет салаларының ана тілімізде сауатты түрде игерілуі ең маңызды мәселе. Қазіргі күні тәубә дейік, телеарналардың тілі біраз «түзеліп» қалды. Бірақ әлі де болса кей хабарларды бірден сөйлеу мәдениетінің төмендігі көзге түседі. Оларды мынандай басты екі түрге бөлуге болады: «тіл бұзарлық»-журналистің тіл маманы ретіндегі сауатсыздығы және сөйлеу техникасының негізгі заңдылықтарын білмеуден, әрі туа біткен тіл мүкістігінен сөздің анық айтылмауы. Бір қызығы, «тіл бұзарлардың» көпшілігі ауылда, қазақи ортада өскендер. Олар сөздің әуелі орысша баламасын тауып, қазақшаға аударады. Осыдан келіп, «орын алып отыр-имеет место», жұмыс орнын жоғалтып алды-поерял рабочее место», ағымдағы жылы-в текущем году», «күтілуде-ожидается», «өз жұмысын бастады-начал свою работу», «өз кезегінде-в свою очередь», «белгілі болғандай- как стало известно», «нәтижесінде-в результате», «болып табылады-является» деген сяиқты «шедеврлер» шұбырып кете береді. Сөзід мағынасына қарамай, кез келген жерге қыстырып жіберетініміз тағы бар. Тағы бір «ауру» орынды-орынсыз мақалшылдық, ұйқас қуып тақпақтап кету. Тіл мәдениетіне қатысты журанлист Ғалым Боқаш мынандай тамаша пікір айтады. «Осы «болып табылады» деген жасанды күрделі етістік бірте-бірте  қазақ тілінде есім сөзден кейін міндетті түрде ағылшынның to be етістігінің баламасына айналып кететін тәрізді. Келесі ғасырдың әліппесінде «мынау-бала, анау-дала» деген сияқты тіркестер «мынау бала болып табылады, анау дала болып табылады» немесе «сіз мұғалім болып табыласыз» деп жіктеліп тұрмасына кім кепіл? Бірақ ортаңқол тележүргізушінің, я тележурналистің кемшілігі лексико-синтаксистік ауытқуларда ғана жатсажақсы ғой... Шет елдік, қала берді өзіміздегі орыс тілді салмақты ақпарат құралдарынан байқағаным, әр салаға бөлек мамандандырылған кәсіпқой журналистердің көптігі». /9.6 б./.

Соңғы жылдары қазақ тіліндегі телехабарларда үндестік заңының бар екені мүлдем ұмытылған сияқты. Дауыс ырғағы мен өзін-өзі ұстау қабілетін, әртістігі мен қимыл-ишара өнерін жетік меңгерген қазақтілді талантты тележурналистер мен жүргізушілердің аздығы жоғары оқу орындарындағы тіл маманы болып шығатындар, әсіресе, телевидение, радиоға баратындар дұрыс сөйлеудің қыр-сырын үйрететін, қарапайым ақпараттық мәтіннен бастап, көркем шығарманы дұрыс оқуға машықтандыратын мамандардан дәріс алуы керек. Ал ондай мамандар саны республикамызда бір қолдың саусағындай-ақ. Сол сияқты тележүргізушілердің арасында еліктеу де басым. НТВ, ОРТ- ның белгілі жүргізушілерінің сөйлеу нақышы, қимылдарының көлеңкесі кейбір тележурналистерімізден көрініп тұрады. Тілдің бұзылуына тосқауыл қоюдың бір жолы-журналистерді жыл сайын аттестациядан өткізу. Ілгері ұмтыламын деген адамға бір жыл деген көп уақыт. Эфирге шығатын адамдар жан-жақты сұрыптаудан өтуі тиіс. Халық алдына шығар ұл-қыздар тіл тазалығымен бірге «бұдырайға екі шекелі, қарақат көзді» дегендей ұлттың эстетикалық талғам биігінің белгісіндей кескін-келбеті келіскен, бүгінгі күн адамы да болғаны керек. Лос Анджелесте Теледидар мен Кино өнері ададемиясы бар. Сол сияқты алдыңғы қатарлы елдердің көпшілігінде телехабарларын өнер туындысына айналдыра білген шебер жүргізушілер мен режиссерлер жетерлік. Қазақстандық теледидарды өнер ортасына айналдыру үшін әлі де жетпей жатқан тұстар көп. Мұның себебін тележурналист Асылбек Ықсан былай түсіндіреді: «Өнер шабыттан туады. Журналистер де осы шабытану құпиясына қалай қаныққанына байланысты бірі ала, бірі құла болып келеді.Мәтіндерді «қара жаяу» оқып беретіндер де бар, тақырыбы, жанры сәт сайын өзгеріп отыратын әр қилы ақпараттардың ішіне кіріп, әр оқиғаны көз алдынан өткізіп, өзі көре отырып, ой елегінен екшеп, «пісіреп» бере алатын журналистеріміз бар. Осындай журналистердің арқасында теледидар өнерге айналады деп айта аламыз. Батыстың даңқты, ақшалы артистері қолдары босай салса психо-физикалық жаттығуларға кіріседі. Сондықтан да олар көңіл-күйлерін қалаған кезде сынапша сусытуға үйреткен. Бұл тікелей эфирде жұмыс істейтін тележүргізушілер үшін таптырмайтын құрал. Тележүргізушінің де күн сайын кәсіби шеберлігін шыңдап отыратын жаттығулары болуы керек. Сонда кешегісін бүгін қайталау, бір ізді шиырлай беру болмайды. Бүгінде бұрынғыдай біреудің жазғанын мәнерлеп оқып беріп отыратын дикторлардың заманы өтті. Қазіргі дикторлар- бағдарламаның авторлары. Тележүргізушілерді әртістік шеберлікке қатысты кино мен театр актерларына қарап тағы бағалауға болмайды. Актрелер белгілі бір мектептен өткен, жан-жақты кәсіби дайындығы бар адамдар. Тележүргізушілер де өзінше образ жасайды. Актер қаншама кейіпкер бейнесіне кіргенімен, актер мен образ ешқашан бірігіп кетпейді, арасында саңылау қалады. Кәсіби тележүргізуші де экраннан көрінер бейнесін ой-қиялында сомдаған идеалдық бейнесіне бағыттап, күнбе-күн қырлап, сырлап отырады. Тележүргізушілер актерлердей емін-еркін қимыл-әрекет жасай алмайды, экранға «байлаулы». Бұл ішкі дайындықты, жалғыз ғана бет-әлпет қимылын игеруде үлкен шеберлікті талап етеді. Тележүргізушінің бір артықшылығы осында. Экран алдындағы көрерменді өңменінен итеретін олқылықтардың бірі-журналистің қимыл-ишарасының тақырып желісінен бөлек «сөйлеуінде». Бізде көбінесе бар салмақты сөзге салып, ал қимыл-ишара айтылған ойды долбарлап қайталаумне шектеледі. Ақпараттың 6О пайызы қол, көз, бет-жүз, дене қимыл иишаралары арқылы жететініне ескерсек, қазақ теледидарына осы жан-жақтылық сырын кәсіби тұрғыда ұғындыра алатын мамандар ауадай қажет. Жест- адамның темпераментіне байланысты- флегматик холериктің қимыл-әрекетіне еліктесе, өз мінез-құлқынан тумаған соң ол Марк Твен айтпақшы, «сарафан киген түйенің тайраңдағанындай» әсер қалдырады. Сөз өнері мен қимыл-ишара өнерінің қыр-сырын меңгерген адамды шын «жұлдыз» деп мойындауға болады». /10.5б./. Біз озық технология дәуірінің тамаша мүмкіндіктерін пайдалана алмай, бойымызда бар асыл қасиетті, ұлттық болмысымызды жаңа жүйемен қабыстыра алмай жатқан сяиқтымыз. Сондықтан да кез келген салада жалықпай, жаңылмай ұлттық үнімізді үздіксіз іздеп, жоқтап, тауып отыру бұлжымас парызымыз. Үн- көңілдің айнасы. Үннің бояуы ішкі жан сарайдан хабар береді. Сіздің мінез-құлқыңызды, кім екеніңізді үніңіз айтып тұрады. Жер бетінде қанша адам болса, сонша үн бар. Дауысыңызды қанша құбылтқаныңызбен жүрегіңізде не жатқанын үніңізден білуге болады, үн алдамайды. Біздің үніміздің бояуы, екпін-ырғағы ұлттық аспаптарымыздың үнінде- төкпе күй мен күңіренген қобыз дауысында жатыр. Қазақ тілінің құдіреті осында. Теледидардағы үніміздің екі мағынасында да құмығып, сақауланып шығып жатқанын ести білетін, ескере білетін журналистердің көбеюуі ертеңгі телеарналарымыздың жарқын болашағы.

 

 

ПӘНДІ ОҚЫТУДАҒЫ ӘДІСТЕМЕЛІК ҰСЫНЫСТАР

Әдістемелік нұсқаудың мақсаты студенттердің ақпараттық мәдениетін дамыту болып табылады.

Компьютерді, мультимедиа, аудиовизуальді материалдарға негізделген оқытудың жаңа технологиялары ақпараттарды оңай игеруге, тез арада белсенді түрде сол ақпаратпен жұмыс істеуге жағдай жасайды. Бірақ дегенмен оқытудың негізгі әрі тиімді әдісі болып кітаппен жұмыс жасау.

Лекция. Жоғары мектептің бүкіл тарихи кезеңдерінде – дүниеге келуінен бастап, бүгінгі күнге дейін лекция оқытуды ұйымдастырудың жетекші формасы болып табылады. Студенттің оқу пәнімен алғашқы таныстығы содан басталады, ол жастарды лайықты мамандық пен ғылымға жетелейді, ғылыми білімдердің негізін қалайды.

Жоғары оқу орындарындағы лекция – оқытудың дидактикалық циклінің басты буыны. «Лекция» сөзінің негізінде латынша «lektio» оқу деген сөзі жатыр. Лекция Ертедегі Грецияда пайда болған және ертедегі Римде және орта ғасырларда әрі қарай дамыған.
Жоғары оқу орындарындағы лекция – дәріскердің дәрісханамен шығармашылық қатынасы, осындай қатынастардың тиімділігі, танымдық және эмоциялық тұрғыдан алғанда, студенттердің осындай мәтінді оқығанына қарағанда, өте жоғары саналады. Лекцияларда тыңдаушыларға қайталанбас, күшті әсер қалдыратын, айрықша, тек өзіне ғана тән сипаттар бар. Сонымен қатар, лекция білім негіздерінің сараланған түрін және оқу материалына бағыт алуда өте үнемді тәсіл екендігін атап өтуіміз керек.

Егер лекция ойлау қызметінің белсенділігін арттырған жағдайда, онда оқылатын жаңа оқу материалын студенттер жақсы меңгереді. Сондықтан лекцияда ең басты нәрсе – тыңдаушылардың ынта-ықыласын арттыру, олардың ойының дәріскер ойына ерісіп отыруы.

Студенттерге жалпы әсер етудің арқасында оқу материалын жеткізудің лекциялық тәсілі, әзірге, дәріскердің өзінің ықпалы мен дәрісханамен байланысы арқасында ешқандай басқа әдістермен ауыстырылмайды. Студенттердің танымдық қызметін ұйымдастырудың бұл жетекші түрінің барлық әлуеттік мүмкіндіктерін лекцияда толық мүмкіндігімен пайдалану, оларды ғылыми ойлау жүйесіне және дәріскердің ғылыми мектебіне тарту – оқытушыға байланысты.

Лекция төмендегі дидактикалық міндеттерді орындайтын сабақтың негізгі формасы:

- оқытудың міндеттерін белгілеу және негіздеу;

- жаңа білімді игеру үшін ақпарат алу;

- санаткерлік білігі мен дағдысын қалыптастыру;

- теориялық талдауға қызығушылығын қалыптастыру;

- оқытылатын пәнді басқа пәндермен үйлестіру.

Лекцияны даярлау және оқу: әдістемелік аспект. Қазіргі уақытта жоғары оқу орындарында лекция қанағаттандыруға тиісті жалпы талаптар қалыптасқан: сабақ берудің идеялық бағыттылығын қамтамасыз ету; ғылымилық және ақпараттық, яғни студенттерге қазіргі ғылыми деңгейде ашылатын белгілі бір ғылыми ақпаратты жеткізу; дәлелділік және қисындылық, құжаттар мен ғылыми дәлелдемелердің айқын бұлтартпас мысалдарының, фактілерінің және негіздемелерінің болуы; мазмұндау түрінің эмоциональдығы; тыңдаушылардың ойлау белсенділігін арттыру; ретімен қаралатын мәселелердің нақты құрылымы мен шешу логикасы; әдістемелік өңдеу – басты ойлар мен жағдайларды әр түрлі әдіспен қайталау; түсінікті тілмен оны мазмұндау, жаңадан енгізілген барлық терминдер мен атауларды түсіндіру; мүмкіндігінше дидактикалық есіту-көру материалдарын пайдалану.

Лекциялар бір-бірінен баяндалатын материалдың мазмұны мен сипатына байланысты ерекшеленуі мүмкін. Дегенмен, әрқашан да кейбір жалпы әдістемелік жағдайларды ұстану пайдалы болады. Ең алдымен, бұл – тыңдаушыларға лекцияның жоспарын хабарлау, кейіннен мұны міндетті түрде қатаң қадағалап отыру. Жоспарға, негізінен, лекцияның негізгі түйінді мәселелерінің атаулары енгізіледі, бұл кейіннен емтихан билеттерін жасауда пайдалануы мүмкін.

Лекциялардың негізгі міндеттеріне қарай төмендегі түрлерге бөлуге болады:
Кіріспе, мотивациялық, даярланған, кіріктірілген, бағдар беру, шолу.
Лекцияның дидактикалық элементтерін бөліп көрсетейік:

1) лекция материалдарын баяндау әдістері;

2) студенттердің бұрынғы білімдерінің жиынтығы;

3) лекция материалдарының мазмұны мен құрылымы;

4) студенттердің жаңадан алған білімдерін бақылау;

5) оқу әдебиеттері және оқытудың техникалық құралдары (ОТҚ).

Жоғары оқу орындарында оқылатын лекциялардың кей түріне ерекше талаптар қойылады. Мысалы, кіріспе лекциялар студенттерді курстың мақсатымен, міндетімен, мамандар оқитын оқу пәндері жүйесіндегі оның ролімен және орнымен таныстыру сипатында, курсқа қысқаша шолу түрінде болуға тиіс. Дәріскер ондай лекцияларда оқылатын ғылымның мәні мен әдістерін анықтап қана қоймайды, сонымен қатар ғылыми мәселелер қояды, болжамдар ұсынады, ғылым дамуының болашағын және практикаға қолданылуын көрсетеді. Кіріспе лекцияларда теориялық материалдардың қоғамдық практикамен, студенттердің жеке тәжірибесімен және олардың болашақ жұмыстарының практикасымен байланыстырудың, ғылым тарихындағы атауларын, оның өрлеу және тежелген кезеңдерін айтудың, олардың басқа аралас ғылымдармен байланысын көрсетудің маңызы зор.

Кіріспе лекцияда курспен жұмыс істеудің жалпы әдістерін әңгімелеу, курсқа ұсынылған оқулықтар мен оқу құралдарының сипаттамасын беру, қажетті әдебиеттер тізімімен таныстыру, емтихан талаптары мен басқа да курсты толықтыратын оқу түрлері туралы әңгімелеу пайдалы болады. Осындай кіріспе студенттердің курстың жалпы мазмұны мен құралымын пайымдауына көмектеседі, оларды лекциямен және арнайы әдебиеттермен жұмыс істеуге бағыттайды, курспен жұмыс істеу әдістерімен таныстырады.

Тараудың немесе бүкіл курстың соңында шолу жасау-қайталау (біріктірілген) лекциялары, қосалқы материалдар мен жекелеген мәселелерді қоса алғанда, сол курстың ғылыми-ұғымдық негізін құрайтын, барлық теориялық қағидалардың негізгі мазмұнын алуға тиіс.

Шолу жасау лекциясы – сол оқылған лекция курсының негізгі жағдайларының қысқаша конспектісі емес, білімді анағұрлым жоғары деңгейде жүйелеу. Жүйе түрінде мұқият әзірленген материал есте жақсы сақталатынын және жүйеден тыс берілген фактілер жиынтығына қайталаудан гөрі негізгі тақырыпты жаңа жағдайлармен сабақтастыруға мүмкіндік жасайтынын оқыту психологиясы көрсетіп отыр. Шолу жасау лекцияларында емтихан билеттеріне енгізілген күрделі, өте қиын сұрақтарды нақтылап қарау және бөліп көрсету пайдалы.

Жоғары оқу орындарында дәріскерлердің басты міндеті – тыңдаған лекцияның негізгі мазмұнын тез қалпына келтіруге көмектесетін, алынған ақпаратты қысқаша жазбаша түрге айналдыру және материалды тыңдау, түсіну, пайымдауды жинақтайтын, белсенді процесті негізі етіп алған студенттердің лекциядағы жұмыстарын тиімді ұйымдастыру.
Кейбір дәстүрлік емес лекциялардың қысқаша сипаттамаларын келтірейік.
Проблемалық лекция шынайы өмірдің қарама-қайшылықтарын оларды теориялық тұжырымдамалар негізінде бейнелеу арқылы моделдейді. Осындай лекциялардың мақсаты – студенттердің өз бетінше білім алуы.

Визуализациялық лекцияның өзінің негізгі мазмұны бейне түрінде беріледі (суреттер, графиктер, сызбалар және т.б.). ол пайымдаудың белсенділігін арттыру және әр түрлі белгілік жүйенің көмегімен ақпаратты қайта кодтаудың тәсілі болып табылады.
Кеңес беру лекциясы өзінің мазмұнын дәрісхана сұранысы бойынша анықтайды. Мұндай лекция тыңдаушылардың ынтасын және дәріскердің шеберлік қабілетін толықтай пайдалануға мүмкіндік жасайды.

Әдейі шатастыру лекциясы алдын-ала жоспарланған қателіктер арқылы ақпаратқа талдау жасау, бағдарлау және оны бағалау дағдысын қалыптастырады.

Ойын сәттері қолданылатын лекциялар онда оқушылар мәселелерді өздері қалыптастырып, оны өздері шешуге тырысады.

Бұл негізінде проблемалық принциптері жатқан біріккен лекциялардың жүзеге асыруға шығармашалық тұрғыдан келуге мүмкіндік жасайтын кейбір түрлері ғана. Психологиялық көзқарас тұрғысынан алғанда оқыту ісінің мәні мынады: лекция түріндегі ұйымдастыру нысанының көмегі мен оқу процесін оқытушы есту арналары – құлақ-ми арқылы және ақпарат қабылдаудың тиімдірек арналары – көру, яғни көз-ми арқылы қабылдайтындай етіп беріледі. Сондықтан лекцияны тек тыңдап қана қоймай, дәріскердің ізінше тақтадағы формулалардың, суреттердің сызбасын жүргізу керек. Лекцияның басты кемшілігі – мұнда әрбір оқушының қабылдау қабілетін ескеруге мүмкіндік болмайды, қабылдау жеке адамға ғана қатысты, сондай-ақ көп жағдайда кері байланыс та болмайды, соның негізінде оқытушы әрбір студенттің оқу материалын меңгеру деңгейіне қорытынды жасайды. Бұл кемшіліктер оқытудың практикалық түрлерінде жойылады.

Лекцияның сапасын бағалау. Көп жағдайларда лекцияның сапасын бағалау қажеттігі туындайды. Бағалау үшін арнайы бөлінген сұрақтар оқытушының өз лекциясын жетілдіру мақсатында да оған баға беруге де, жекелеген жағдайларда себептерді анықтау үшін де көмектеседі, ашық лекцияларды, оқыту әдістерін және дәріскердің шебеолігін талқылау жоспары да пайдалы. Т.А. Ильина дайындалып жатқан немесе оқылған лекцияларды бағалауға негіз болатын негізгі факторларды бөліп көрсетті.

Лекция оқу әдістемесі. Лекцияның анық жүйесі және мазмұндау логикасы, жоспардың болуы, оған қатал бағыну, жоспардан ауытқу және т.б. Тақырыпқа байланысты әдебиеттерді айту – лекцияның басында, оның барысында немесе соңында; негізгі және қосымша немесе тек негізгі әдебиет беріледі; ұсынылған әдебиетті таңдаудың дұрыстығын бағалау және т.б. Барлық жаңа терминдердің және ұғымдардың ұғымдылығы мен түсініктілігі. Дәлелділігі мен қисындылығы. Негізгі ойлар мен түйіндерді бөліп көрсету. Пысықтау тәсілдерін пайдалану – қайталау, түсінігін тексеруге сұрақтар қою, игеру және т.б., лекцияның соңында әр мәселені қарап болған соң, қорытындысын шығару және т.б. Көрнекі құралдарды, оқытудың техникалық құралдарын (ОТҚ) пайдалану.

Дәріскердің тірек материалдарды пайдалануы және т.б.

Студенттердің жұмысына басшылық жасау. Лекцияны жазуға қойылатын талап және оның орындалуына бақылау жасау. Студенттерді лекцияны жазу әдістеріне үйрету, оқыту, оларға бұл салада көмек көрсету – оқу екпінін өзгерту, жазуға, бөліп көрсетуге жататын материалды жазу, екпінмен айту, графиктер сызу үшін сәл кідіріс жасау және т.б. Лекция конспектілерін қарау – лекция кезінде, соңынан, семинарлық немесе практикалық сабақтарда. Ынта-ықыласты қолдау тәсілдерін пайдалану – риторикалық сұрақтар, әзілдер, көрші облыстарға саяхаттар, ескертпелер. Дәріскерге сұрақ қоюға рұқсат сұрау – лекция барысында, лекциядан кейін, жазбаша түрде, ауызша және т.б.

Дәріскерлік қабілеттер. Пәнді білу. Идеялық сенімділік. Сезімталдық, дауыс, дыбыс ырғағы (дикция). Сөздің анықтығы, дұрыстығы. Сыртқы келбеті. Тыңдаушылар алдында өзін ұстай білу. Тыңдаушыларды көре және сезе білу, онымен байланыс орнату.
Лекцияның нәтижелері. Лекцияның ақпараттық құндылығы. Тәрбиелік әсер. Дидактикалық мақсаттарға жету.

          Кітаппен жұмыс жасау. Оқытудың кредиттік жүйесінде студент тең жарты оқу жұмысын өз бетімен атқаруға тура келеді. Сондықтан ол әдебиеттерді қалай іздеуді, пайдалануды білуі қажет. Оқытушы студентке қажетті оқу әдебиеттерін табуға көмектесе алады, яғни, негізі әдебиеттер тізімін оқытушыдан алуға болады. Бірақ ең бастысы әрбір кітапты немесе мақаланы оқығанда келесі нұсқауларды пайдалану қажет:

- кітаптың мазмұнын толық түсіну үшін, оны ақылмен оқу қажет. Ол дегеніміз кітапты оқымас бұрын ол кітап оқуға тұра ма, соны анықтаған жөн (кітаптың аннотациясымен, кіріспесімен танысу қажет);

- кітаптың авторы туралы да мәлімдеме білген жөн, кітаптың негізгі міндетін де ұққан жөн;

- қандай тақырыпта ақпарат керек екенін нақты білген жөн, бұл уақытты үнемдейді, кітапты оқығанда керек жерлерді жазып алу үшін қағаз бен қалам пайдаланған жөн;

- кітапты оқып отырып оған өзінше зерттеу жүргізе білу қажет, оның бірнеше түрлері бар, оқыған кітап бойынша жоспар, көшірмелер, тезистер, аннотация, резюме (түйін), конспект.

          Жоспар дегеніміз - оқығаныңыз туралы қысқаша жазба болады, оған кітапта немесе мақалада кездескен негізгі сұрақтар тізімін жазасыз.

          Тезис дегеніміз - одан күрделірек, текст бойынша негізгі тұжырымдар мен теріске шығаруларды теру. Тезис материалды есте жақсы сақтау үшін және пікір-таластың негізі үшін қажет.

          Аннотация дегеніміз – қысқаша мазмұндама, ол мақала, кітап туралы жалпы түсінік береді.

          Резюме шығарманың негізгі қорытындысын сипаттайды.

Практикалық сабақтарға арналған әдістемелік нұсқау

Жоғары мектептердегі практикалық сабақтар. Жоғары мектептердегі оқыту процесі қайсыбір пәнді тереңдетіп оқытуға арналған практика-сабақтарды қамтиды. «Практикалық сабақ» термині педагогикада зертханалық жұыстардан, жаттығулардан, әр түрлі семинарлардан тұратын, жинақтайтын тектес ұғым ретінде пайдаланылады. Дәрісханада өтетін практикалық оқулардың студенттердің оқытушылармен бірлескен қызметінде практикалық міндеттерді шешу үшін алған білімдерін пайдалану дағдысын қалыптастыруда маңызы зор. әр түрлі практикалық сабақтар академиялық жүктемелердің ең сыйымды бөлігі болып табылады. Төменгі курстарда практикалық сабақтар жүйелік сипатта болады, олар әрбір немесе екі-үш лекцияның соңынан үнемі өткізіліп отырады. Күндізгі және кешкі бөлімдерде, барлық лекциялық курс және оның негізгі, күрделірек бөлімдері лекциялар мен практикалық сабақтар арқылы өтеді, олар лекцияда басталған жұмыстарды іштей жалғастырады.

Егер лекция ғылыми білімнің жалпы түріндегі негізін қаласа, практикалық сабақтар осы білімдерді тереңдетеді, кеңейтеді, бөліктерге жіктейді, кәсіби қызмет дағдыларын қалыптастыруға ықпал етеді. Практикалық сабақтар студенттердің ғылыми ойлауы мен оны өз сөзімен жеткізу қабілетін дамытады, олардың білімін тексеруге мүмкіндік жасайды, осыған орай, жаттығулар, семинарлар, зертханалық жұмыстар мейлінше жедел кері байланыстың маңызды құралы ретінде саналады.

Практикалық сабақтардың жоспары – пәнді оқыту жоспарының бір бөлігі. Ережеге сәйкес, ол кафедраның мәжілісінде талқыланады және лекция курсының негізгі ғылыми идеялары мен жалпы бағытына жауап бере отырып, кафедраның барлық оқытушыларына ортақ болып табылады. Алайда, бұл оқытушылардың бастамасы мен педагогикалық шығармашалығы кафедра жоспарына байланысты болады дегенді білдірмейді. Практикалық сабақтардың әдістемесі оқытушының тәжірибесі мен әдістемелік тұжырымдамасына байланысты әр түрлі болуы мүмкін. Мұндағы маңызды нәрсе: студенттердің оқу жұмыстарында білімді меңгеруіне жағдай жасау.
Практикалық сабақтар теория мен практиканың байланысын жүзеге асырудың өзіндік нысаны болып табылады. Практикалық сабақтардың құрылымы негізінен бірдей – оқытушының кіріспе сөзі, студенттердің материал бойынша қосымша түсіндіруді қажет ететін сұрақтары, практикалық бөлігінің өзінен, оқытушының қорытынды сөзі. Рефераттардан, баянадамалардан, пікірталастардан, жаттығу тапсырмаларын орындаудан, міндеттерді шешуден, бақылаудан, эксперименттен және т.б. тұратын негізгі, практикалық бөлігінде әр түрлілік туындайды. Тәжірибе көрсеткендей, практикалық сабақтарда тек практикалық дағдыларын қалыптастырумен, міндеттерді шешудің техникасымен, графиктер құрумен және тағы басқалармен шектеліп қалуға болмайды. Студенттер әрқашан курстың басты идеясын және оның практикасын көре білуі керек. Сабақтың мақсаты тек оқытушыға ғана емес, студенттерге де түсінікті болуы керек. Бұл оқу жұмысына өміршеңдік сипат береді, кәсіби қызметтің тәжірибесін меңгеру қажеттігін паш етеді, оларды практикалық өмірмен байланыстырады.

Оқытушы сабақты барлық студенттер шығармашалық жұмыспен, дұрыс және дәл шешімдер іздестірумен айналысатындай етіп өткізу керек. Әрбір студент өзін «ашып» көрсетуге мүмкіндік алуы керек, сондықтан оқытушы оқу және жеке тапсырмалар жоспарын дайындағанда әр студенттің жұымын қадағалайтын, студенттің бастамасы мен дербестігіне қысым жасамай, дер кезінде лайықты педагогикалық көмек көрсетуге қабілетті кеңесші ретінде көрінеді.

          Конспект дегеніміз – кең таралған жазба түрі. Конспектінің негізі материалы тезистер, қосымша ой-тұжырымдары мен дәлелдер. Конспектінің үш түрі бар: текстуалді, еркін және тақырыптық. Текстуалді конспект кітаптан немесе мақаланың деректерін сол бетінше қысқаша құрылысын өзгертпей көшіру. Еркін конспект оқушының өз ойына, талабына, ыңғайына қатысты жазылады. Тақырыптық конспекте негізге тақырып немесе мәселе алынады да ол бірнеше дерек көздерінен алынуы мүмкін.

          Реферат жаза білу. Әдебиеттермен толық танысып болған соң белгілі бір тақырып немесе мәселе бойынша реферат жазуды үйрену қажет. Реферат кітап пен мақалаларды көшіріп жаза беру емес. Ол кітап пен мақалалардың мазмұнын жеткізе білу, өз бетімен ойлау, сол ойларды ғылыми тілде жаза білу және сараптама (анализ) жасай білу. Конспектке қарағанда реферат шығармашылық белсенділікті, оқыған әдебиеттерді өз бетімен жинақтай білуді және сыни көзқарасты дәлелдей білуді қажет етеді. Рефераттың көлемі компьютерлік текстпен 15-20 бетті құрайды. Оның құрылысы:

Кіріспе

1-Бөлім. § 1, § 2.

2-Бөлім. § 1, § 2.

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

          Рефераттың тақырыбы бөлімдері мен параграфтардың тақырыптарын қайталамау қажет. Тақырып 3-5 сөзден құрылуы тиіс. Рефераттың тақырыбын өзіңізге таныс, қызықтыратын әдебиеттер төңірегінде таңдаған дұрыс. Реферат жазу үшін ең алдымен әдебиеттерге шолу жасалынады, содан кейін жоспар жасайсыз, оны оқытушымен келісіп жасауыңыз қажет. Нақты жоспар бойынша реферат жазу оңайырақ болады. Ең бастысы кіріспе мен қорытынды. Кіріспеде тақырыпты неге таңдадыңыз, оның маңыздылығы және бұл тақырыпты зерттеушілердің еңбектеріне шолу жасауыңыз қажет. Ал қорытынды да өз тұжырымыңыз, қандай нәтижеге қол жеткіздіңіз, бұл мәселе төңірегінде ұсыныстарыңыз болса, тың идеяларыңыз болса, сол туралы жазасыз.

Негізгі жұмысыңыз былай болуы тиіс: кітаптағы немесе мақаладағы тексті оқу – анализ жасау – ақпараттарды жинақтау – жаңа текст шығару:

- терминдер мен символдарға түсінік беру;

Егер кітаптағы немесе мақалады сөзді түпнұсқасын жазғыңыз келсе, оны тырнақша арқылы жазуыңызға болады. Тек ол тексті қайдан алғаныңызды көрсетуді ұмытып кетпеңіз. Пайдаланылған әдебиеттердің тізімін әртүрлі құруға болады: алфавит бойынша, рефератта қолданған кезекке байланысты, немесе шыққан жылдарын қарай. Әрбір бөлімді

 жинақы оймен аяқтаған жөн. Рефераттың сыртқы беті әдістемелік нұсқаудың соңында көрсетілген.

         

Білім алушының оқытушымен жүргізілетін өзіндік жұмысына әдістемелік нұсқау

Оқытушылардың студенттермен өзіндік жұмысы негізгі 3 функцияны қамтиды:

Бірінші, нұсқамалық (мақсат қою, тапсырма беру, материалдарды мазмұндаудың негізгі бөлімдерінің өзара қатынасын анықтау, оқу - әдістемелік құралдармен жұмыс істеуге нұсқау беру және т.б.). Осы берілген нұсқамалық кеңестер студенттердің алдағы уақытта өзіндік жұмысты (СӨЖ) орындауына жеткілікті болуы қажет.

Оқытушының екінші функциясы – консультативтік көмек және жеке консультация беру арқылы студенттің өзіндік жұмысына түзету енгізу.

Оқытушының үшінші функциясы – бақылаушы, бағалаушы функциясы. Студенттің білімін, пәнді меңгеру деңгейін әр түрлі әдістерді (тест, ауызша, жазбаша бақылау жұмыстары, коллоквиум т.б.) қолданып анықтау.

Студенттердің оқытушымен өзіндік жұмысы негізгі 4 – функцияны қамтиды:

Біріншісі, студенттер оқу пәні бойынша сабақ барысында оқытушыдан қабылдаған ақпаратты белсенді түрде жүзеге асыруы керек;

Екіншісі, студенттер оқытушының кеңесін негізге ала отырып, өз беттерімен оқу-әдістемелік құралдарды, әдебиетерді оқып, үй тапсырмаларын, бақылау және курстық жұмыстарды орындайды. Бұл кезеңде студенттер жұмыс атқару әдістерін біле отырып, өздеріне қатаң талап қоя білуі керек;

Үшіншісі, студенттер күрделі ситуацияларды талдай отырып, бір жүйеге келтіріп, бұлардың себептерін түсініп, оқу материалын меңгере отырып, басқа да оқу әрекеттерін орындауы керек. Студенттер шешілмейтін мәселелерді, проблемалық жағдайларды оқытушыға сұрақтар ретінде қояды және бұл сұрақтарға өздеріде жауаптарын дайындайды;

Төртіншісі, студенттер оқытушыдан түсініктеме, кеңес, консультация алу үшін келеді.

Оқытушының басшылығымен студенттің өзіндік жұмысы (ОБСӨЖ) сабақ кестесіне енгізіледі. СӨЖ-дің жалпы көлеміндегі ОБСӨЖ-дің үлесін жоғары оқу орны дербес анықтайды.

Студенттердің өзіндік жұмысы реферат, баяндама, шығармашылық жұмыс, бақылау жұмысы, ғылыми мақала түрінде дайындалуы мүмкін.

Студенттердің өзіндік жұмысының нәтижелері коллоквиум, конференция, іскерлік ойын, жеке сұхбаттасу түрінде өтуі мүмкін.

Студенттің өзіндік жұмысқа қатынасуы, тапсырмаларды орындауы арнайы журналға тіркеліп, әр аптаның соңында нәтижесі тіркеу бөлімінде белгіленеді.

ОБСӨЖ-ын семинар, практика, лаборатория сабақтарымен алмастыруға болмайды.

Студентті өзіндік жұмысты орындауға қажетті белсенді үлестірмелі материалдармен бітіртуші кафедра қамтамасыз етеді.

Рефератты қорғау немесе презентация. Бұл сіздің өздік жұмысыңыздың қорытындысын білдіреді. Яғни, сіз өзіңіздің қандай жұмыс жасағаныңызды, шығармашылық деңгейіңізді көрсете аласыз. Бұған қалай дайындалуға болады? Ол үшін өзіңіз келесі жоспар бойынша дайындалуыңызға болады:

1. Жұмыстың мақсатын анықтау. Өзіңізге қанша уақыт бөлінгенін білу қажет

2. Сіз ауызша сөйлеген кезде негізі ойы-бағытыңыз қандай болмақ.

3. Сіздің сөзіңіз қандай жанрда?

4. Дәлелдерді жинақтау өз күшіңізді анықтап алу. Пікір-талас туып қалған жағдай болса сіз өз ойыңызды дәлелдей ала аласыз.

5. Сөз сөйлеудің де жоспарын дайындап алыңыз. Бірінші, екінші ... деп пунктерге бөліп алыңыз. Үш-төрт пункт жеткілікті.

6. Тыңдаушылар жалығып кетпесін. Мысалдармен көркемдеуге болады. Тек оның бәрі сіздің ойыңызды ашуға көмектесуі тиіс.

7. Сөйлеу жылдамдылығы. Ол не тез, не баяу болмауы қажет, негізгі ойды айтқанда сөз сөйлеу ритмін өзгертуге болады.

8. Егер сіз жалғыз емес топпен бірге сөйлейтін болсаңыз өз текстіңізді басқалармен салыстырып алыңыз. Қайталанулар болмауы қажет.

Реферат тақырыбы бойынша студент семинар сабағында, конференцияда жауап беруге болады.

Рефератты бағалағанда келесі пунктерге баса назар аударылады:

- жазылған материалды толық әрі жүйелі түрде жеткізе білу;

- сұрақтар қойылғанда, өз ойын дәл айтып дәлелдемелерді дұрыс қолдана білу;

- рефератты жазу барысында өзіндік дағдының жоғарғы болуы;

Пікір-таласқа арналған тақырыптар мен сұрақтар

Бұл жұмыс түрі топпен бірге жұмыс жасай білу, ұжымдық жұмыстың ерекшелігін түсіндіреді. Топпен бірге жұмыс жасағанда келесі шарттарды есте ұстау қажет:

1. Алға қандай мақсат пен міндеттер қоясыздар? Сіздерден нені талап етеді?

2. Топ мүшелері қандай рөлдерді ойнауға тура келеді? Рөлдерді қатысушылардың қабілетіне, танымына, көзқарасына байланысты бөлу қажет. Топпен үнемі бірге жұмыс жасасаңыз, рөлдерді ауыстырып отыруға болады.

3. Сіздер біртұтас командасыз. Сондықтан топтың жеңуі әрқайсыңызға тікелей байланысты. Егер араларыңызда келіспеушілік болып жатса, оны жасырмай жеке бір «ерекше пікір» ретінде көрсетуге болады.

4. Топтағы қарым-қатынас еркін түрде болуы қажет, бұл сіздің ертең еңбек ұжымында өзіңізді қалай ұстауға үйретеді.

Келесі тақырыптарды оқытушымен бірге таңдап, семинар сабақтарында өткізуге болады.

 

Білім алушының өзіндік жұмысына әдістемелік нұсқау

 

Студенттердің өз бетінше жұмысы. Жоғары мектептің орта мектептен айырмашылығы – даярлаудың мамандандыруылында ғана емес, ең бастысы, оқу жұмыстарының әдістемелеріне, студенттердің дербестік деңгейіне байланысты. Жоғары оқу орнының оқытушысы тек белгілі бір түрде студенттердің танымдық қызметін ұйымдастырады, ал танымды студент өзі жүзеге асырады.

Өз бетінше атқарылатын жұмыс, ең алдымен, оқу жұмыстарының басқа түрлерінің міндеттерін орындап тамамдайды. Өз қызметінің объектісі бола алмаған ешқандай да білім адамның шын мәніндегі игілігіне айналмайды. Өз бетінше атқарылатын жұмыс практикалық маңыздылығымен қатар, белгілі дағды мен біліктің жиынтығы ретінде ғана емес, қазіргі заманғы жоғары білікті маманның тұлғалық құрылымында белгілі роль атқаратын мінез-құлық белгісі ретінде де маңызы бар. Сондықтан әрбір жоғары оқу орнында, әрбір курста оқытушының басшылығымен барлық студенттердің өз бетінше жұмысы үшін қажетті материалдар тыңғылықты түрде іріктеліп алынады.

Студенттің пәнде оқылатын материалды меңгеруге арналған типтік есептеулер деп аталатын арнайы құрылған есептерді орындау – сонымен қатар рефераттар жазу және студенттердің ғылыми жұмыстардың тақырыбын зерттеу жөніндегі өз бетінше жұмысы да. Дәрісханадан тыс практикалық сабақтарға оқу залдарында, компьютерлік сыныптарда және үй жағдайларында орындалатын практикалық жұмыстар жатады, бұл оқулықтарды, оқу құралдарын, лекция конспектілерін, сонымен қатар ғылыми монографияларды және мерзімді басылым әдебиеттерін қажет етеді. Дербестік тұлғаның сапасы ретінде оқытудағы негізгі көрсеткіш болып табылады және оның дамуы белгілі бір дидактикалық әдістерді талап етеді. Егер студент танымдық қызметтің тәсілдері берілмеген оқу кітаптары бойынша жұмыс істесе, онда ол дербес таңдау жасағаны.

Ал егер ол танымдық қызметті оған бұйырылған әрбір әрекетін қадағалайтын және оның дұрыстығына бақылайтын ережелер арқылы жүзеге асыратын болса, онда бұл дербестік емес, бұл оның белсенділігі. Студент танымдық қызметті материалды меңгерудің шарты ретінде әрқашан өзі жүзеге асырады, бірақ ол барлық уақытта дербес болмауы мүмкін. Типтік есептеулерді орындағанда, танымдық қызметтегі белсенділікті, ал ғылыми жұмыстарды орындағанда – танымдық дербестікті талап ету керек.

Жоғары оқу орындарындағы өз бетінше жұмыс негізгі мақсатты көздейді: студенттерді оқуға үйрету, яғни оқу процесінде олардың білім мен білікті өз бетінше алу қажеттігі мен қабілетін дамыту. Өз бетінше еңбек студенттердің өзінің ойы мен көзқарасының шығармашалық дамуы мен қалыптасуына жағдай жасайтын, ойлаудың дербестігі, белсенділік пен басьама, фактілер мен құбылыстарды талдай білу, ұйымдастырушылық пен тәртіптілік сияқты қасиеттерін дамытады.

Жоғары оқу орындарында семестрге арналған өз бетінше атқарылатын жұмыстың графигі жасалады, оған семестрлік оқу жоспарлары мен оқу бағдарламалары қосылады. График – студенттерді өз уақыттарын жоспарлауға, оны тиімді пайдалануға мәжбүр ететін өзіндік стимул. Студенттер орындаған жұмыстар оқытушылардың жүйелі бақылауында болуға тиіс, ал өте маңызды қателері студенттермен әңгімелесу кезінде талқыланады.

Өз бетінше жұмысқа тиісті ғылыми-теориялық курс, дәлірек айтқанда, студенттердің алған бүкіл білім кешені негіз болады. Жұмыс басталар алдында студенттер өз бетінше жұмысты орындауға арналған арнайы түсініктеме алады – талаптар анықталады, құралдар мен түпнұсқалар көрсетіледі, тиімдірек әдістер ұсынылады.

Лекцияға, семинарларға, зертханалық жұмыстарға, сынақтарға, емтихандарға дайындық, ең алдымен, өз бетінше жеке жұмыс ретінде жиі қарастырылады және ұйымдастырылады. Дегенмен, эксперименттік зерттеулер, жоғары оқу орындарының жұмыс практикасы көрсеткендей, егер оған 2-3 адам қатысатын болса, онда белгілі кезеңдерде тиімдірек болады. Бұл жағдайда екінші және үшінші студент өзара бақылаудың қатысушылары ретінде ғана емес, әрбір қатысушының танымдық қызметінің тиімділігін біршама арттыруды қамтамасыз ететін, өзара санаткерлік белсенділіктің бұлжымас шарты ретінде көрінеді.

Серіктестердің қатысуы дербес дайындық процесінің психологиялық жүйесін біршама қайта құрады. Ол толық құнды және аяқталған ретінде, сонымен бірге оқылатын оқу пәнінің «түсіну» кезеңіндегі жеке дербес оқу жұмыстарының жоғары кезеңі ретінде субъективті бағаланады. Дегенмен, көп жағдайда субъективті баға қате болады. Жоғары оқу орны жағдайында бұл кезең қажетті өз бетінше даярлық жұмыстарының тек бірінші жартысын ғана құрайды: оның екінші бөлігі игерілген материалдарды ретімен баяндау, басқа адамға белгілі бір қағидаларды дәлелдеу қажеттігін көздейді. Осы екінші бөлік ғана оқу материалын толықтай тануды қамтамасыз етеді. Тек өз бетінше оқу қызметінің екінші буыны ғана оның тиімділігі мен біткендігін қамтамасыз етеді.
Өз бетінше оқу жұмыстарының аса жоғары әдістемелік деңгейінде студент жеке екі кезеңді де орындай алады:

1) өз бетінше жеке жұмысты;

2) бұл нәтижелерді серіктесіне – курстасына көрсету, баяндау, талқылау.

СӨЖ (СӨЖО) БОЙЫНША ӘДІСТЕМЕЛІК ҰСЫНЫС

СӨЖ тапсырмалары оқытушының қатысуынсыз аудиториядан тыс орындалады. СӨЖ-тың негізгі міндеті семинарлық сабақтар мен дәрістерге дайындалу. Семинарлық сабақтарда тақырыптың негізгі мәселелері қарастырылады. Семинарлық сабақтын жоспары, негізгі және қосымша әдебиет тізімі, семинарлық сабақ тақырыптарына қатысты әдістемелік кеңестер қалай жүзеге асыру керек деген сұрақтарға жауап береді. Семинарлық сабақ тақырыптарына қатысты әдістемелік кеңестерді мұқият талдап, семинарлық сабақтың тақырыптық жоспарының сұрақтарына дербес түрде жауаптар дайындар. Әрбір сұрақты қысқаша дайындау барысында, негізгі ережелер мен символдарды СӨЖ дәптеріне жазыңдар. Дайындалып болғанан кейін өзін - өзі тексеруге арналған сұрақтардын көмегімен өз білімдерінді тексеріндер. Дербес талдай алмаған сұрақтарыңды жазып алып, дәрісте оқытуға немесе СӨЖО процесіне қойындар.

СӨЖ тапсырмалары дәрісте орындалуы керек. Ал дәрісте дербес оқылып қарастырылған білімдер тереңдетіліп, тереңдетілуі керек.

Алайда семинарлық сабақтарда қарастырылатын сұрақтар көлемі тақырыптың толық мазмұны қамтымайды. Сондықтан могитрант өз білімін тереңдету және кеңейту бойынша әрі қарай жұмыс жасауы қажет. Ол СӨЖО процесінде жүзеге асырылады. Сондықтан СӨЖ – да тақырыптың мазмұның толық ашатын қосымша сұрақтар, мәселе, тапсырмалар қарастырылады.

СӨЖ формалары мен мазмұның өңдеу.

«Журналистика бойныша шеберлік сыныбы» курсының ерекшелігі СӨЖ – дің кең формалар жиынын ашады. Атап айтсақ, мынадай формалар:

- оқытушы берген дәріс конспектілерін талдау;

- семинарлық сабаққа негізгі оқулық бойынша дәріс конспектісін дайындау;

- белгілі тақырып бойынша реферат дайындау;

- курс терминдері бойынша сөздіктер мен сөзжұмбақтар құру;

- таңдалған тақырып бойынша презентация жасау;

- глоссарий жасау;

- тақырып бойынша шолу жасау;

Олардын кейбіреулерінің мазмұны:

Тақырып бойынша шолу жасау – басым мен Интернеттің ақпараттық ресурстарынан қосымша материалдарды тарту арқылы ұсынылатын тақырып бойынша 1- 2 беттік қысқаша шолу жасау.

Глоссарий –мүмкін болса шет тіліне аударып, қазақ және орыс тіліндегі термендер мен түсініктердің қысқаша түсіндірмесі, ол берілген тақырып бойынша орындалады. Глоссарий қүру макроэкономиканың түсініктік аппараттық білімнің қалыптасуына және оны пайдалануға қатысты дағдыларды өңдеуге ықпал етеді.

Реферат – СӨЖ – дің неғұрлым кең таралған формасы бола отырып, әдебиетті міндетті түрде крсете отырып, белгілі тақырыпқа жасалған баяндаманы білдіреді. Рефератты оппенирлеу неғұрлым қызықты да шығармашылық жұмыс болып табылады. Осы жұмыс нәтежесінде пікір – талас жүргізу, оған талдау жасау ептіліктері өңделеді.

Коллоквиум – білімді нақты оқытылатын пәннің түрлі тақырыптары бойынша дайындық деңгейін айқындауға мүмкіндік береді.

Өзін - өзі бақылауға арналған сұрақтар – тәртіп бойынша, спецификалық құрылымға ие, сондықтан жауаптар жинақталған материалды талдау негізінде ғана беріле алады.

Эссе – бұл сын, публицистика сияқты түрлі жанрларда өзекті әлеуметтік-экономикалық мәселерге қатысты өз ойларын баяндау.

Дәріс конспектілерін талдау, өткен материалды өңдеу бағдарламалық материалды игерге, теориялық білімдерді бекітуге ықпал етеді.

Презентация – тыңдаушы өзінің презентациясы үшін кез-келген тақырыпты таңдап, презентацияда қарастырылатын кез-келген аспектіні түсінуін не түсінбеуін білдіре алады; презентация тақырыптың қаншалықты ашылу және қоршағандардан қаншалықты қызығушылық тудыру, тыңдаушының қарастырып отырған мәселесін қаншалықты кәсіби қарастыру критериі бойынша бағаланады.

Білім беруге арналған нақты жағдайлар (кейстер) – тыңдаушыларға жауап беру талап етілетін көптеген қарапайым және күрделі жағдайлар беріледі; неғұрлым дайындалған тыңдаушылар өз кейсін жаза алады.

Іскерлік ойындар болашақ кәсіби іс-әрекет үшін қажетті дағды, ептіліктерді өңдеуге көмектеседі; кей ойындар бойынша үйде дайындалу немесе кітапханада аяқтау қажет.

Топтық жоба – топта 3-5 адамнан құрылып, әрбіреуі өз жобасын өңдеуі керек.

Жеке жоба – неғұрлым дайын тыңдаушылар өз қалауы бойынша орындайды; жұмыс тақырыптың әмбебаптылығымен, зерттеушілік сипатымен ерекшеленуі керек, жоба нәтижелері ғылыми конференцияда қарастырылуы мүмкін.

СӨЖ-ді тиімді ұйымдастыру үшін арналған тыңдаушыға ұсыныстар.

Өткен материалды әрі қарай өңдеу. Өтілген дәріс материалын әрі қарай өңдеу өзіндік жұмыстың неғұлым маңызды түрі болып табылады. Материал неғұрлым терең де толығырақ өңделсе, соғұрлым өзге де өзіндік жұмыстарды орындауда жеңіл болады. Алғашқы сабақтан бастап, өтілген дәріс материалымен жүйелі де үнемі жұмыс жасау кейінгі дәрістер материалдарын түсіну мен семинарлық және лабораториялық сабақтар материалдарын меңгерудің қажетті шарты болып табылады.

Материалды әрі қарай өңдеуге кірісе отырып, мыналар қажет болады:

- жұмыс орнын анықтау;

- егер үйде жұмыс жасауға арналған жағдайлар болмаса, университет немесе қалалық кітапхананың оқырмандар залының қызметіне жүгіну;

- дәріс конспектісі болу;

- курс бағдарламасы болу;

- ұсынылатын әдебиет болу (оқулық, есептер).

Жұмыс жасау әдісі:

- дәріс материалын жаңа оймен өңдеген жөн (оны кейінге қалдыруға болмайды, себебі дәріс мазмұны ұмытылып қалуы мүмкін);

- конспектімен жұмыс жасай отырып, әдебиетке сілтеме жасап, қажетті толықтырулар мен түзетулер енгізген тиімді;

- тақырыппен жұмыс жасау материалды толық түсініп, есте сақтағанға дейін жалғаса беруі қажет;

- тақырыппен жұмыс оқулықтарда келтірілген мысалдар мен есептерді талқылаумен аяқталады;

- егер тақырыппен жұмыс жасағаннан кейін түсініксіз сұрақтар қалса, онда оны оқытушыдан кезекті дәрісте сұрау.

Коллоквиумдарға дайындалу. Кейбір пәндер бойынша курс тарауының теориялық бөлімін игеру дәрежесін бағалау үшін коллоквиум өткізіледі.

Осыдан шығатыны:

- коллоквиумда қарастырылатын сұрақтар бойынша теориялық материал тағы бір рет қайталануы керек.

Бақылау жұмыстарына дайындалу. Бақылау жұмыстарын өткізудің мақсаты:

- магистранттардың ағымдық үлгерімін тексеру;

- үлгірімділігі төмен тыңдаушылармен жұмыс жасау әдістемесін ұйымдастыру.

Тыңдаушылар бақылау жұмысына дайындала отырып:

- бақылау жұмысының тақырыбын білу қажет;

- оқулықтағы мысалдар мен семинар сабақтарында қарастырылған мәселелерді қайта қарастыру.

 










ГЛОССАРИЙ

1. АББРЕВИАТУРА – сөздерді шартты түрде қысқарту немесе оны бастапқы әріптермен белгілеу. Мысалы, АҚШ – Америка Құрама Штаттары.

2. АБЗАЦ – жаңа жолдан әрі кейін шегеріліп басталатын текс бөлігі. Ол бірнеше жолды қамтып, сөйлемдер мағынасын біріктіріп тұрады.

3. АБСТРАКЦИЯ – зат пен құбылыс туралы нақты ойламай, ауытқушылық, дерексіз ұғымға ұрыну.

4. АВТОБИОГРАФИЯ – қандай да бір тұлғаның өмірбаяндық өз туындысы.

5. АВТОР – түрлі салаларда шығарма жасаушы тұлға. Әдебиеттегі, өнердегі, ғылымдағы, т.б. твочестволық еңбек иесі.

6. АГИТАЦИЯ – ауызша немесе баспасөз арқылы қалың көпшілікке идеялар мен лозунгілер таратып, саяси тұрғыдан үгіттеп, әсер ету қызметі.

7. АКСИОМА – дәлелдеуді қажет етпейтін, онысыз да белгілі ақиқат.

8. АКТУАЛЬНЫЙ – бүгінгі күні уақыты пісіп жетілген, тез шешімді қажет ететін, маңызды да, өзнкті мәселе.

9. АНАЛИЗ – тиісті оъектіні жан – жақты талдап көрсететін, ғылыми – логикалық тұрғыдан ой – топшылаулар жасайтын зерттеу әдісі.

10. АНОНИМ - өз есімін жасырушы шығарма авторы.

11. АРГУМЕНТ – бір нәрсені дәлелдеуге негіз болатын логикалық тұжырым.

12. БРИФИНГ – белгілі бір мәселелер жөнінде үкімет ұстаған бағытты арнаулы өкілдің бұқаралық ақпарат құралдары журналистері алдына шағын мәжіліс өткізіп, баяндап беруі. Мысалы, халықаралық келіссөздерде болған мәмілені мәлімдеу, түсіндірме жасау.

13. ВЕРСИЯ – факті немесе оқиға туралы бір-бірінен айырмашылығы бар әрқилы түсіндірмелер, ұғымдар.

14. ВУЛЬГАРИЗМ - әдеби тілде қолданылмайтын дөрекі сөздер.

15. ГОНОРАР – бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған материалдары үшін авторға берілетін қаламақы.

16. ДЕЗИНФОРМАЦИЯ – жалған хабар арқылы жаңылыстыру.

17. ЖАНР - әдеби немесе публицистикалық шығарма түрлері.

18. ЖУРНАЛИСТ – бұқаралық ақпарат қүралдарында тұрақты жұмыс істейтін, арнаулы кәсіби мамандығы бар қызметкер. Оның жұмысы идеологиялық, қоғамдық саланы қамтып, творчестволық тұрғыда еңбек етеді. Отанға, халыққа қызмет етіп, публицистика саласында шығармалар береді. Ішкі-сыртқы мәселелерге белсене араласып, қоғамдық пікір қалыптастыруға қатысады.

19. ЗАМЕТКА – бір оқиғаның, фактінің негізінде жазылатын қысқаша хабар.

20. ИДЕОЛОГИЯ – қоғамдық санадағы идеялар жүйесі, ілім. Саясат, мораль, ғылым, өнер, дін жөніндегі ұғымдар мен көзқарастар жиынтығы. Ол қоғам дамуына белсене әсер етеді. Идеология прогресшіл немесе реакцияшыл болуы да мүмкін.

21. ИНТЕЛЛЕКТ – ақыл, адамның ойлау қабілеттілігі.

22. ИНТЕЛЛИГЕНЦИЯ – ой еңбегінің адамдары. Мәдениет пен ғылымның әр түрлі салаларынан арнаулы білімі бар адамдар.

23. ИНТЕРВЬЮ – сұрақ-жауап түрінде белгілі бір тұлғаның оқиға мен факті жөнінде журналистке айтқан әңгімесі, сұхбаты. Оның зәру мәселе бойынша пікірлері мен көзқарасын, берген мәліметін бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау үшін журналистің жазып алуы.

24. ИНТЕРПРЕТАЦИЯ – бір нәрсенің мәнін ашу, ұғындыру,. Қайсыбір текстке түсіндірме жасау.

25. КАЛЛИГРАФИЯ – анық, әдемі жазу өнері.

26. КОНЦЕПЦИЯ - өмір құбылысына көзқарас білдіріп, тұжырым жасау. Жазушының, ғалымның, журналистің т.б. негізгі түйінді ойлары.

27. КОРРЕСПОНДЕНТ – бұқаралық ақпарат құралдарының жер-жерден хабар жинап беріп тұратын тілші қызметкері.

28. КОПИЯ – түпнұсқаның тура көшірмесі.

29. ЛЕТУЧКА – редакция ұжымының жедел әрі қысқаша өткізетін өндірістік жиналысы.

30. ПАРАДОКС - әдеттегі қалыптасқан жағдайдан бөлек, күтпеген тосын пікір, құбылыс.

31. ПОЛЕМИКА – баспасөзде, жиналыста бір нәрсеніталқылау кезінде болатын айтыстар.

32. ПРЕССА – мерзімді басылымдар, газеттер мен журналдар т.б.

33. ПРИНЦИП – негізгі идеалға сай ауытқымай іс-әрекет көрсету тәртәбі.

34. ПРОБЛЕМА – теориялық және практикалық мақсаттағы шешімін күткен өзектіде, аса қажетті мәселе.

35. ПРОГРЕСС – алға жылжу, қоғамда неғұрлым жақсы жағдайға жету, дамудың жоғары сатысына өту.

36. ПРОПАГАНДА – ілімді, саяси теорияны, көзқарасты, идеяны баспасөзде және ауызша түрде тарату мен түсіндіру, насихаттау.

37. ПУБЛИЦИСТИКА – мерзімді басылымдарда саясат пен қоғамдық өмір мәселелерінің жазылып,жариялануы. Журналистика саласының материалдары.

38. ПСЕВДОНИМ – жазушы. журналистердің

39. баспасөзде шын аты-жөнінің орнына ойдан шығарылған бүркеншік есімді пайдалануы.

40. РЕДАКТОР – мерзімді басылымның жетекшісі, редакция коллективінің басшысы. Газет,журналдардың саяси бағытына, идеясы мен мазмұнына, жалпы оқырмандар үшін тартымды шығуына жауап беретін тұлға. Сонымен бірге тиісті мәселелерді шешіп, ұйымдастыру жұмыстарын жүргізуші.

41. РЕКЛАМА – бұқаралық ақпарат құралдары арқылы әлдебір нәрсені кеңінен білгізу мақсатында жарнамалау.

42. ХРОНИКА - әдетте тақырыпсыз берілетін қысқаша хабар түрі.

43. ЦЕНЗУРА – баспасөзде жарияланатын шығармаларға ерекше бақылау жасау.

44. ЭТИКА – адамдардың моральдық адамгершілік қасиеттер жөніндегі нормалар жүйесі. Отанға, қоғамға және өзара қарым – қатынас мәселелерін, міндеттерін айқындайтын болмыс, әдет-ғұрып.

 

Пәннің оқу-әдістемелік картасы(ПОӘК)

ЭТИКА, ЗАҢНАМА ЖӘНЕ БҰҚАРАЛЫҚ АҚПАРАТ ҚҰРАЛДАРЫ

2013-2014 оқу жылы

Мамандық

Студенттер саны

Оқу және оқу-әдістемелік құралдар

Саны

Лекция конспектісі, практикалық және өзіндік жұмыстарды орындауға арналған нұсқаулық

Саны

В050400-ЖУРНАЛИСТИКА

Семестр

КІТАПХАНАДА

КАФЕДРАДА

КІТАПХАНАДА

КАФЕДРАДА

1 2
24  - 1.Қарымсақова Р. Жаз, бірақ ушықтырма, 2007 10 1 Жиенбаева с. Педагогикалық ғылыми зерттеу теориясы мен әдістемесі, 2003 - 1
2.Красильникова Г. Ақпаратты қалай алу керек? 2005 10 1 Жайтапова А, Исаева З, Тихомирова В. Кәсіби тұрғыдан өсіру мақсатында оқыту үлгілері, 2007 6 1
3.Артикль-19. Ресми ақпараттық ашықтылығы, 2003 - 2 Т.Қожакеев. Жас тілшілер серігі. Сұхбат жанрын конспектілеу, 1991 10 1
4.Жәлелов Ә. Медиалық, авторлық, жарнама, сайлау және еңбек құқығынан, 2010 Электронды нұсқасы бар 25 2 «Жас Алаш» газеті, 1998, 15 қаңтар «Ұлт және ұлтшылдық» 1 1
5. Журналистерінің тәжірибесінен(Тәжиребелік нұсқаулық), 2008 Электронды нұсқасы бар 25 2 БАҚ жəне журналисттердің құқықтық сілтемесі. БАҚ-ң құқықтық қорғау орталығы, 2003(электронды нұсқасы) 25 1
6.Прохоров Е. Журналистика.ГосударствоОбщество,1996ж   15 1 ҚР Еңбек туралы Кодексі мәтінімен танысу, 2007 (электронды нұсқасы) 25 1
7. Айдосов С.Б. Кыдырова Л.К. Журналистердің этикалық кодексі:Қазақстандағы медиа институттарды өзін-өзі реттеуші механизмдерін дамыту мəселелері жəне халықаралық тəжірибе, 2008 Электронды нұсқасы бар 25 1 Сейдолла Садықұлы Қоғам және журналист, 2000 ж - 1
8. Қазақстан Республикасының БАҚ туралы Заңы. А,1999 Электронды нұсқасы бар 25 1 MediaNet Халықаралық журналистика орталығы http://www.medianet.kz Электронды нұсқасы бар 10 1
9. Ворошилов В. Право и этика СМИ. М,1999 ж   10 1 «Əділ сөз» Халықаралық сөз бостандығын қорғау фонды http://www.adilsoz.kz  Электронды нұсқасы бар 10 1
10.Қазақстан Республикасының Конституциясы 1995 жыл, 30 тамыз(1997 жылы 7 қазанда, 2007 жылы 21 мамырда енгізілген өзгерістер мен толықтырулармен) Электронды нұсқасы бар 25 1 ҚР Авторлық және сабақтас құқықтар туралы заңымен танысыңыз, 2006 Электронды нұсқасы бар 10 1
11.Қазақстан Республикасының Мемлекеттік тәуелсіздігі туралы Конституциялық Заңы, 1991 жыл 16 желтоқсан Электронды нұсқасы бар 25 1 ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы заңы А,2007ж Электронды нұсқасы бар 20 1

ОҚУ САБАҚТАРЫНЫҢ БАҒДАРЛАМАЛЫҚ ЖӘНЕ МУЛЬТИМЕДИАЛЫҚ ҚАМТАМСЫЗ ЕТІЛУІ

р/с Сабақ түрі Қолданылатын бағдарлама Мультимедиалық  
1 Лекция Microcoft Office Power Point Слайдтар көрсету
2 Практикалық сабақ Microcoft Office Power Point Picasa Audasity Camstudio Слайдтар көрсетіледі Бейнеролик дайындалады. Дыбыс жазылады. Дыбыс, көрініс, бейне, әуен қатар беріледі.
3 Білім алушының оқытушымен жүргізілетін өзіндік жұмысы Microcoft Office Power Point Picasa Audasity Camstudio Google Drive Слайдтар көрсетіледі Бейнеролик дайындалады. Дыбыс жазылады. Дыбыс, көрініс, бейне, әуен қатар беріледі. Аудиториядан бір мезетте тест тапсырмаларына жауап алады.

Қазақ тілі мен әдебиеті және журналистика кафедрасының арнаулы дәрісханалардың саны

Журналистика пәні бойынша шеберлік сыныбы пәнінен сабақтар жүргізу                                                                                                                                                                                                              

р/с Дәрісхана (кабинет, зертхана) № Дәрісхана (кабинет, зертхана) бекіту Пәнді оқытуда қолданылатын құралдар мен жабдықтар
1 2 3 4
1 131 131 Интерактивті тақта
2 10 1 10 1 Тақта, бор, кітаптар.
3 103 103 Тақта, бор, кітаптар.
4 306 306 Тақта, бор, кітаптар.

 

Пән оқытушы: _____________________________ А.Қ.Әбдіразақова

 


Поделиться:



Последнее изменение этой страницы: 2019-04-20; Просмотров: 286; Нарушение авторского права страницы


lektsia.com 2007 - 2024 год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! (0.845 с.)
Главная | Случайная страница | Обратная связь