Архитектура Аудит Военная наука Иностранные языки Медицина Металлургия Метрология
Образование Политология Производство Психология Стандартизация Технологии


В. облитерлеуші атросклероз



С. Рейно сырқаты

D. күре тамыр қайтымдылығының бұзылуы

Е. Броди абсцессі

 

74. Ауруханаға 25 жастағы науқас екі білезік сүйегінің спастикалық сипатта ауырсынумен, суық күндері кушейе түсуімен шағымданады. Білезігін қарау кезінде көгiлдiр - мәрмәр түске боялған, тамыр соғысы сақталған, суық.

Болжамды диагноз қандай?

А. облитерлеуші эндартериит

В. облитерлеуші атеросклероз

С. Рейно сырқаты

D. күре тамыр қайтымдылығының бұзылуы

Е. Броди абсцессі

 

75. Қабылдау бөлімшесіне қол басының кесілген жарасымен науқас түсті. Жарақатты өндіріс орынында алған. 4 күн бұрын болған оқиға. Қарау кезінде жақтың қарысуының, шайнау бұлшық еттерінің шаршағыштығы байқалады.

Қандай асқыныс түрін бірден еске алуға болады?

А. сібір жарасы

В. құтыру

С. сіреспе

D. дифтерия жарасы

Е. оба

 

76. Науқас жол апатынан соң 10 мин кейін кездейсоқ көлікпен ауруханаға жеткізілген. Аударылған жүк машинасының кабинкасымен қысылып қалған, аккумулятор қышқылы саусақтарына төгіліп күйік алған. Алғашқы көмек ретінде жарақаттанған аймақтарды қармен сүртіп, құрғақ матамен таңған. Жарақаттанған аймақтардағы қатты ашуға шағымданады.

Қабылдау бөлімінде жасалатын алғашқы көмек?

A. жансыздандыру

B. суда еритін майлы дәкемен тану

C. саусақтарын краннан ағып тұрған сумен 30-40 мин шаю

D. күйген аймақтарды сутек асқын тотығымен жуу

E. күйген аймақтарды хлоргекседин ерітіндісмен жуу

 

77. Науқас Г., 45 ж. жұлын миының операциясынан кейін ұзақ уақыт гипостатикалық қалыпта төсекте арқасымен жатқан. Қараған кезде құйымшақ негізінде локальді венозды шеті анық емес гиперемия байқалады. Дәрігер жауыр деп тұжырымдады.

Қандай профилактикалық шараны жүргізбейді?

A. теріні 10% камфорлы спитрпен сүрту

B. құйымшақ астына сулы жастық қою

C. УДЗ терапия

D. электрофорез

E. науқасты аудару

 

78. 70 жастағы науқас сигма тәрізді ішек ісігінің перфорациясы әсерінен пайда болған перитонитпен, жалған жылан көз салынған. 4 тәуліктен соң науқас құйымшақ аймағындағы ауырсынуға шағымдалған. Науқас көп тамақтанған, адинамикалық, төсекте арқасымен қозғалыссыз жатады. Қараған кезде құйымшақ аймағында локальді шектелмеген венозды гиперемия анықталған. Дәрігер жауыр деп тұжырымдады.

Қандай профилактикалық шара жургізу керек?

A. 10% спирт ерітіндісімен теріні өндеу

B. УФО

C. антибактериальді терапия

D. электрофорез

E. микроклизма

 

79. Кесір тілігімен босанған әйелде, асқынған қан кету, операциядан соң жалпы қан айналым жүйесінің дефицитін қалпына келтірген соң қан ұю жүйесін бұзылысы байқалған, қалыпты АҚ кезінде олигурия, орталық көк тамырлық қысымның жоғарылауы, зәрдің тығыздығы төмен.

Қандай дәрілік препараттар арқылы диурезді қалпына келтіреді?

А. 6% гидроксиленген крахмал ерітіндісімен

B. маннитола

C. сорбитола

D. полиглюкина

E. лазикса

 

80. Дәрігерге бір апта бұрын болған күйіктерімен науқас келді. Оң жақ қолының сырт жағы сарғылт-қоңырлау қабыршақпен қапталған, аз ауырсынады. Қышу бақалады.

Хирургтың іс әрекеті?

А. некрэтомия жасау керек

B. некрэктомия жасау содан соң аутодермопластика тағайындау

C. қабыршақтың өздігінен түсуін күтіп содан соң ем тағайындау

D. жараны ашық әдіспен емдеу

E. асептикалық дәке сау

 

81. Реанимация бөліміне науқас гемморагиялық шоктың клиникалық көріністерімен келіп түсті. Тексеріс барысында асқазан жарығынан қан кеткені анықталды /Маллори-Вейс синдромы/. Эндоскопиялық әдіспен қан тоқтатылды. Қан жоғалтақан мөлшері 35%. Қысқа уақыт ішінде жасалған тексерістерден кейін науқасқа қан тобы мен резус-факторына сәйкес 1литр көлемінде натрий цитратымен консервіленген эритроцитарлы масса құйылған. Қан құйылғаннан соң науқаста тремор, қалшылдау, пульсінің жиілеуі, аритмия, АҚ төмендеп кетті. Дәрігердің пайымдауынша бұл цитраттық интоксикация.

Осы асқынысты болдырмау үшін қандай әрекет жасау қажет?

А. глюкозаның 40% ерітіндісін енгізу

В. димедролдың 1% ерітіндісін енгізу

С. антигистаминді заттарды енгізу

D. кальции хлоридінің 10% ерітіндісін енгізу

Е. никотин қышқылының 1% ерітіндісін енгізу

 

82. Хирургқа жас әйел оң жақ қолтық асты аймағының ауырсынуына шағымданады, температура 37,6°С. Жеті күн бойы ауырған. Қарау барысында дәрігердің анықтағаны: оң жақ қолтығы артқа шегіндірілген қалыпта, қолтық асты тері жамылғылары ісінген, тершендік бақалады. Пальпаторлы және визуальді теріден сыртқа қарай шығып тұрған ортасында тесіктері бар ауырсынатын инфильтраттар көрінеді. Инфильтратты пальпациялаған кезде іріңді-сірлі экссудат бөлінеді.

Осы дертті емдеу жоспарына қандай жергілікті ем қолданылмайды?

А. антибиотиктер

В. ашу және дренаждау

С. гемотрансфузия

D. иммунотерапия

Е. 2% борлы спиртпен зақымданған аймақтың терісін өндеу

 

83. Науқас К., 76 ж, емханада кезекті ревматоидты полиартрит ауруымен кезекті ем қабылдап жүрген сонымен қатар дәрілік препараттармен қоса бұлшық етті инъекция алып жүрген. Осы ем барысында сол жақ жамбасы аймағында ауырсыну байқалған, күн өткен сайын көлемі өсіп температура пайда болған. Емхана хирургының консультациясынан кейін – сол жақ жамбасының постинъекционды абсцессы деген диагноз қойылды және хирургия бөлімшесіне жеткізілді.

Қабыну инфильтратының абсцесс кезеңіне жеткен кезде жергілікті емнің қандай түрі қолданылмайды?

А. антибиотиктер

В. ашу және дренаждау

С. УВЧ

D. энзимотерапияa

Е. сорбенттер

 

84. Керосині бар заттың жарылуы мен жануы салдарынан жұмыскерлердің бірінің киімі жана бастады. Брезенттің көмегімен өртті тоқтатты. Жабысып жатқан киіміне су құйылды. Бетінің, денесінің және қол саусақтарының күйіктері бар. Жарақаттанғанның жағдайы күрт нашарлап бара жатыр, тыныс алуы беткей, пульсі жиілеген, сұрақтарға жауап бермейді. Науқас жағдайының нашарлауы күйік шогымен сипатталады.

Осы этапта ағашқы көмек құрамына не кірмейді?

А. жансыздандыру

В. қорғаныш асептикалық дәке салу

С. ыстық шай беру

D. сілтілі сұйықтық

Е. н ейтрализдейтін ерітіндімен өндеу

 

85. Зардап шеккен адам ұзақ уақыт бойы суық әрі дымқыл мезгілде (температура-15°С) далада тар аяқ киіммен және аз қозғалмалы қалыпта жұмыс жасаған. Үйінде Түннің бір уақытында дене қызуы көтеріліп, қалшылдау және табанында ауырсыну байқалған. Табандарының түсі көгеріп, ісіну балтырдың жартысын қамтыған, табаның сыртында көпіршіктер пйда болған. Бақайлары мен табанының сырт жағының сезгіштігі төмендеген. Дәрігердің диагнозы-табан үсуі (траншейной стопы) тектес.

Алғашқы көмек көрсету барысында қандай іс шара жүргізбеген шарт?

А. беткейін антисептикпен өндеу

В. асептикалық дәкемен тану

С. беткейін спиртпен өндеу

D. ауырсынуды басатын препараттар беру

Е. қабынуға қарсы препараттар беру

 

86. Науқас іштің жабық жарақатынан кейін 1 сағ соң ауруханаға жеткізілген. Қарау барысында жағдайы салыстырмалы қанағаттанарлықтай. Пальпация барысында іші жұмсақ, сол жақта жарақат бар жерде сәл ауырсынады, жара 4х1 см шеті тегіс және қатты қанталйды. АҚ - 110/60 мм.рт.ст., пульсі - 88 соққы/мин

Хирургтың әрекеті?

А. жараны хирургиялық өндеу

B. лапаротомия

C. құрсақ қуысы ағзаларының бақыламалы рентгеноскопиясы

D. қызыл қан анализін қайта жасау

E. құрсақ қуысының УДЗ-сы

 

87. Науқас оң жақ асықты жіліктің ығысусыз жабық сынығымен келіп түскен.

Сынықты емдеудің ең тиімді түрі қандай?

А. жамбас бүрінен бастап аяқ бақайларына дейін гипстік таңу

В. қаңқалық созу

С. винттармен остеосинтез

D. беллер шинасына қалып

Е. антиратоциялық етікше

 

88. Қабылдау бөліміне оң жақ иық буынының ауырсынуына шағымданған науқас келді. Ауырсыну 3 сағат бұрын пальтосын шешіп, ілгішке ілемін деген кезде пайда болды. Бір жыл бұрын оң жақ иықтың жарақаттың шығуын басынан өткерген. Қараған кезде қолдың мәжбүрлі қалпы, оң жақ иық тұсында сатылы деформация анықталады. Тоқпан жіліктің бас қолтық астында пальпацияланады. Пассивті қозғалыстар кезінде иық буынында серіппелі қарсылық белгісі анықталады және ауырсынуы күшееді.

Болжамды диагноз қандай?

А. оң жақ тоқпан жіліктің хирургиялық мойнының сынығы

В. оң жақ тоқпан жіліктің үйреншікті шығуы

С. иық буыны байламдарының созылуы

D. бұғананың акромиальды шетінің шығуы

Е. жауырынның сынуы

 

89. Ауруханаға науқас іштің жабық жарақатымен келип түсті. Түскен кезде құрсақтық қан кету симптомдары көрініс береди. Жедел операциядан кейін бауырдың оң жақ бөлігінің жоғарғы бетінің жыртылуы 6х3х4 см, гемоперитонеум. Зақымдалған бауырдан дәрігер қанды толығымен тоқтатты.

Құрсақ қуысына төгілген қанмен не істейді?

А. аутогемотерапия

В. қанның реинфузиясы

С. қанды эвакуациялау

D. қан орталығына тапсыру

Е. консервілеу және сақтау

 

90. Бір жас бала мопедтен құлағанан соң оң жақ балтыры аймағындағы өсіпкеле жатқан ісінуге шағымданды. Жарақат жарты сағат бұрын алынған. Қараған кезде балтыр аймағында көлемі 10х6х5 см ісіну байқалған жан жағы көгерген. Пальпация кезінде ауырсыну және флюктуация байқалады. Оң жақ табаның сырт жағындағы артерияның пульсациясы сақталған. Алғашқы диагноз-гематома.

Зардап шеккен адамға қандай көмек көрсетеді?

А. гипстік иммобилизация

В. антибактериальді терапия

С. консервативті ем

D. қан құю

Е. оперативті ем

 

91. Қабылдау бөліміне мойнында ісік тәрізді түзілістерге шағымы бар науқас түсті. Қараған кезде, теріасты шел майымен жабысқан басты ию бұлшықетінің жүру бойында тығыз төмпешікті конгломерат бар екені анықталды. Болжамды диагнозы-туберкулезді лимфаденит.

Әрі қарай қолданылатын емдеу іс-әрекеті?

А. шұғыл операция

В. консервативті ем

С. туберкулезге қарсы препараттарды қолдану арқылы оперативті алып

тастау

D. динамикалық бақылау

Е. жоспарлы операция

 

92. Қабылдау бөліміне мойын жарасымен науқас келді, тері түсі қызғылт-көкшіл, ойық жарамен. Жарасынан сұр түсті іріңді қалың инфильтрат шығып тұр. Болжамды диагнозы-актиномикоз.

Хирургтың әрекеті?

А. хирургиялық ем және актинолизаттар

В. консервативті ем

С.  туберкулезге қарсы дәрілермен бірге оперативті алып тастау

D. динамикалық бақылау

Е. жоспарлы операция

 

93. Хирургиялық бөлімшеге тізе астының шабылған жарақатымен науқас түсті. Анықтау барысында тізе асты артериясының зақымдалғаны анықталды.

Қандай іс-әрекет жасайды?

А. жарадағы тамырларды байлау

В. аралығын тігу

С. тамырлы тігіс

D. бинттеу

Е. гемостатикалық дәрілер беру

 

94. 35 жастағы К., деген науқас хирургқа сол жақ жамбасында үлкен көлемді қатпарлардың пайда болғанына шағымданып келген. Ісік отыруға кедергі келтіреді, пальпациялағанда аздап қозғалады, ауырсынусыз, консистенциясы жұмсақ.

Науқасқа қандай ем тағайындайды?

А. оперативті

В. химиотерапия

С. сәулелік терапия

D. криотерапия

Е. емді қажет етпейді

 

95. Дәрігерлер конференциясында оң жақ мықынның созылмалы гематогенді остеомиелитімен ауыратын, 23 жастағы ер адамның ауру тарихы талқыланды. Рентгенограммада мықын сүйегінің дистальді метафизінде диаметрі 1,5 см болатын еркін жатқан секвестрі бар қуыс анықталған. Науқасқа оперативті ем тағайындады.

“секвестрлі қабір” санациясы мен секвестрэктомиядан кейінгі секвестральді қуысты толтыруға нені ұсынады?

А. қуысты бұлшықетті лоскутпен тампондау

В. қуысты сүйекті трансплантантпен тампондау

С. тесікті марлі тампонмен бітеу

D. шарбымен тампондау

Е. жараны ашық жасау

 

96. Науқас Е., 45 жаста жүрегіне трансплантация операциясы көрсеткіш бойынша жасалған. 34 жастағы ер адам донор болды.

Қандай трансплантация типіне мына операция жатады ?

А. аутогенді трансплантация

B . аллопластикалық трансплантация

C. сингенді трансплантация

D. ксеногенді трансплантация

E. изогенді трансплантация

 

97. Науқас 56 жаста жамбас сан буынына протездеу операциясы көрсеткіш бойынша жасалған.

Қандай трансплантация типіне мына операция жатады ?

А. аутогенді трансплантация

B. изогенді трансплантация

C. сингенді трансплантация

D. ксеногенді трансплантация

E. эндопротездеу

 

98. 70 жастағы науқаста сигма тәрізді ішектегі ісіктің салдарынан болған перфорациясы перитонтке әкелген, осыған байланысты тоқ ішекке жасанды жыланкөз салынған. Төрт күн өткен соң науқас құйымшақ аймағының ауырсынуына шағымданған. Операциядан кейін тамақтануы шектен тыс, адинамиялық, қозғалыссыз қалыпта төсекте жатады. Қарау кезінде құйымшақ аймағында шектелмеген венозды гиперемия байқалған.

Қандай асқыну туралы ойлауға болады?

А. жауыр

В. құйымшақ жолдарының іріндеуі

С. парапроктит

D. анальды тесіктің жарылуы

Е. геморрой

 

99. Шап аралықтағы қысылған жарық операция жасалған 64 жасар науқас, реанимация бөлімшесінде 4 тәулік бойы ес түссіз жатқан. Объективті қарағанда: дене қызуы 38°С, АҚҚ-110/70 мм рт. ст., ЖСЖ-98 соққы минутына, тыныс алуы 20 рет минутына.

Ойық жараны болдырмау үшін қандай алдын алу шараларын жүргізу қажет?

А. жамбасына және арқасына УФО

В. дене қалпын өзгерту, массаж

С. қабынуға қарсы заттарды енгізу

D. дезагреганттар тағайындау

Е. арқасына гепаринді мазь жағу

 

100. 50 жастағы әйелде 3 күн бұрын холецистэктомия мен интраоперационды холангиография операциялары өткізілген сон, күрт ентігу пайда болған кеуде ауырсынуы, тат секілді түсті қақырықпен жөтел болған. АҚ-110/70 мм рт. ст., пульс-90 рет мин, тыныс алуы 30 рет мин, субфебрилитет.

Асқынудың себебі қандай?

А. өкпе артерияларының сабақтарының эмболиясы

В. аспирационді пневмония

С. бауыр асты абцесс

D. холангит

Е. панкреатит

 

;Қарағанды мемлекеттік медицина университеті

;Жалпы хирургия және травматология кафедрасы

;Қорытынды бағалауды өткізуге арналған емтихандық сұрақтар 3 курс ; ;«Жалпы медицина және стоматология» факультетінің «Жалпы медицина» мамандығының студенттері үшін

 

ВАРИАНТ 3

 

1. Науқаста өкпе эмфиземасымен ауыратын, перфорациялық жараны тіккеннен кейін 4 тәулікте кенеттен пневмоторкс пайда болды. Осыны жоққа шығару үшін плевралық қуысты дренаждау көрсетілген.

Қандай жерді дренаждау ең тиімді болып табылады?

A. артқы колтық асты сызығы бойынша сегізінші қабырғааралық

B. алдынғы қолтық асты сызығы бойынша жетінші қабырғааралықтан

C. алдынғы бұлшық ет сызығы бойынша төртінші қабырғааралық

D. ортанғы бұғана сызығы бойынша бесінші қабырғааралық

E. ортанғы бұғана сызығы бойынша екінші қабырғааралық

 

2. Науқас сол жақтан 3 қабырғааралықтан жаншитын затпен жарақат алған соң бір сағат аралығында жеткізілген. АҚ - 120/80 мм рт ст, эр. - 3,7 г/л. Кеуде клеткасының рентгенографиясы кезінде: жоғары интенсивті көлемі 2 см бөгде зат көлеңкесі көрінеді. Жүрек белі тегістелген.

Хиругтың келесі іс әрекеті?

A. торакотомия

B. арнайы кардиоцентрге науқасты жіберу

C. тамырлы хирургия бөліміне науқасты жіберу

D. кеуде аралықтың пункциясы, антибактериалды терапия

E. эндоскопиялық медиастинотомия

 

3. Травмалық орталықтың қабылдау бөліміне травмалық шок деген диагнозбен науқас жеткізілді. Қабырғалардың сынығы, іштің жабық жарақаты, жабық бас-ми жарақаты. Тыныс алу жеткіліксіздігі анық, оң жақ өкпесі тыныс алуға қатыспайды.

Науқасқа көрсетілетін ең оптимальді ем?


Поделиться:



Последнее изменение этой страницы: 2019-03-22; Просмотров: 540; Нарушение авторского права страницы


lektsia.com 2007 - 2024 год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! (0.085 с.)
Главная | Случайная страница | Обратная связь