Архитектура Аудит Военная наука Иностранные языки Медицина Металлургия Метрология
Образование Политология Производство Психология Стандартизация Технологии


А. туберкулезді лимфаденит. В. лимфа түйіндерінен диагностикалық пункция. D. жарақаттан кейінгі артерияның жасырын аневризмасы



В. туберкулезді гонит

С. іріңді коксит

D. туберкулезді коксит

Е. буынның шығуы

 

55. Қабылдау бөліміне мойнында ісік тәрізді түзілімнің болуына байланысты шағыммен науқас жеткізілді. Қарау барысында шайнау бұлшықетінде тығыз бұдырлы конгломераты, тері асты май қабатының жабысуы анықталды. Алғашқы диагноз-туберкулезді лимфаденит.

Диагнозды нақтылау үшін қандай зерттеу әдістерін өткізу қажет?

А. УДЗ

В. лимфа түйіндерінен диагностикалық пункция

С. спирография

D. функциональдық сынамалар

Е. термометрия

 

56. Науқаста санның жоғарғы үштен бір бөлігінің ішкі беткейінде болған тесілген – кесілген жарадан соң ауруханадан шығарылғаннан кейін 1,5 айдан соң ісік тәрізді, аздап ауырсынатын, толқынды солқылдаушы түзілім анықталады. Аускультативті – систолалық шу.

Болжамды диагноз қандай?

А. толқынды солқылдаушы гематома

В. жарақаттан кейінгі абсцесс

С. артериовенозды аневризма

D. жарақаттан кейінгі артерияның жасырын аневризмасы

Е. бұлшықет аралық іріңді гематома

 

57. Науқасқа таңертең шап жарығына операция жасалды, кешке жарасындағы таңғышы қанды бөлініспен суланған. Бір сағат көлемінде жергілікті мұзды және қапшықтағы құмды қойғанда әсер болған жоқ.

Ерте операциядан кейінгі кезеңде науқаста қандай асқыныстар пайда болды?

А. эвентерация

В. ерте екіншілік қан кету

С. біріншілік қан кету

D. қатты таңғыш

Е. кеш қан кету

 

58. Травмпунктке жасөспірім мопедтен құлағаннан кейін оң жақ балтырының ауырсынуына және оның ісінуіне шағымданып келді. Жарақатты жарты сағат бұрын алған. Қараған кезде балтырдың ортаңғы үштен бір бөлігі деңгейінде көлемі 10х6х5 см ісіну анықталады, терісі көгерген. Пальпация кезінде ауырсыну және флюктуация байқалады. Оң жақ аяқ басының сыртқы бетінің артерияларында пульсация сақталған.

Болжамды диагноз қандай?

А. аневризма

В. гематома

С. флегмона

D. соғылу

Е. бұлшықеттің жыртылуы

 

59. Операция барысында науқаста асқазанның барлық қабаттарынан өтетін ісік анықталды, регионарлы метастаздары бар, алшақ метастаздары жоқ. Ісік қозғалмалы.

Процестің стадиясы қандай?

А. I

В. II

С. III

D. IV

Е. қатерлі ісікке күдік

 

60. Қабылдау бөліміне қызба жағдайында науқас жеткізілді, ішінің ауырсынуына, өршімелі ригидтілікпен бұлшықет ауырсынуына шағымданады. R-графиясында бұлшықеттерінде көлемі 0,3 – тен 1,0 см-ге дейін ізбестелген түзілімдер анықталады. Дәрігер трихенеллезге күдіктенді.

Науқасқа қандай зерттеу әдістерін өткізу қажет?

А. құрсақ қуысына УДЗ

В. өтті дуоденальды зондтау арқылы микроскопиялық зерттеу

С. құрсақ қуысының және диафрагманың R-графиясы

D . тері ішілік сынама және преципетация реакциясы

Е. спирография

 

61. Ауруханаға тексерілуге келген науқастан дәрігердің анықтауы бойынша ісік тәрізді қалың бұлшық ет, консистенциясы тығыз құрылым анықталды. R-графияда көлемі 0,3 см-ден 1,0 см-ге дейінгі құрылымдар байқалған.

Қандай ауруға күдіктенуге болады?

А. эхинококкоз

В. цистицеркоз

С. трихенелезы

D. альвеококкоз

Е. Ришта

 

62. Қабылдау бөлімшесіне жедел холециститтің клиникасымен науқас түсті. Пальпация барысында бауыры қатты үлкейген, тығыз, өт қапшығы проекциясында ауырсыну күшееді. УДЗ зерттеу кезінде тассыз холецистит анықталған.

Қандай ауруға күдіктенуге болады?

А. эхинококкоз

В. лямблиоз

С. аскаридоз

D. цистицеркоз

Е. энтеробиоз

 

63. Мектепке дейнгі мекемелерді профилактикалық тексеру кезінде 3 жастағы баладан жоғарғы ерінінің бітпей қалуы анықталды.

Болжамды диагноз қандай?

А. макростомия  

В. labium leporinum (“қоян ерін”)

С. “қасқыр аран”

D. эктромелия

Е. гемимелия

 

64. Мектепке дейінгі мекемелерді профилактикалық тексеру кезінде 2 жасар баладан жиі сілекейінің ағыуы, езуі толық жабылмайтындығы анықталды.

Болжамды диагноз қандай?

А. макростомия

В. labium leporinum (“қоян ерін”)

С. “қасқыр аран”

D. эктромелия

Е. гемимелия

 

65. Мектепке дейінгі мекемелерді профилактикалық тексеру кезінде 3 жастағы баладан жұмсақ таңдайының бітпей қалуы анықталды.

Болжамды диагноз қандай?

А. макростомия  

В. labium leporinum (“қоян ерін”)

С. “ қасқыр аран ”

D. эктромелия

Е. гемимелия

 

66. Дәрігердің қабылдауына 3 жастағы баланың анасы қолы қиын қозғалатынына шағымданып келді. Қарау кезінде шынтақты және кәрі жіліктік буындарында симметриялық контрактуралар анықталған.

Болжамды диагноз қандай?

А. туа пайда болған маймақ аяқ

В. туа пайда болған жамбас - сан буынының шығуы

С. полидактилия

D. синдактилия

Е. артрогрипоз

 

67. Ауруханаға 2 айлық нәрестенің анасы бала аяғының қисықтығына шағымданып келді. Қарағанда: екі табаннын да сыртқа қарай бұралуы, аяқты бүккен кезде аяқ басының цшке бұралуы байқалады.

Болжамды диагноз қандай?

А. туа пайда болған маймақ аяқ

В. туа пайда болған жамбас - сан буынының шығуы

С. полидактилия 

D. синдактилия

Е. артрогрипоз

 

68. 5 жастағы қыздан сол жақ сүт безі аймағынан құрылым анықталды. Құрылымның консистенциясы тығыз, ауырсынады, көлемі 0,5х0,5 см, сүт безі емізікшесімен байланысты орналасқан.

Болжамды диагноз қандай?

А. сүт безінің қатерсіз ісігі ( ангиома, лимфангиома және т.б)

В. сүт безінің қатерлі ісігі

С. қабырғаның остеомасы

D. сүт безінің гиперплазиясы

Е. мастит

 

69. Операциядан кейінгі науқаста операциядан соң 3 күннен кейін операциядан кейінгі тыртық аймағында пальпация кезінде ауырсынатын және жергілікті гипертермиясы бар тіндердің тығыз қабынуы анықталды.

Қандай асқыну түрі дамиды?

А. калькулёз

В. гематома

С. жараның іріндеуі

D. инфильтрат

Е. малигнизация

 

70. Операциядан кейінгі науқаста операциядан соң 5 күннен кейін операциядан кейінгі тыртық аймағында пальпация кезінде ауырсынатын, флюктуациясы және жергілікті гипертермиясы бар тіндердің тығыз қабынуы анықталды.

Болжамды диагноз қандай?

А. гематома

В. жараның іріндеуі

С. инфильтрат

D. липома

Е. малигнизация

 

71. Қабылдау бөлімшесіне қол басының кесілген жарасымен науқас түсті. Жарақатты өндіріс орынында алған. 4 күн бұрын болған оқиға. Қарау кезінде жақтың қарысуы, шайнау бұлшықеттерінің шаршағыштығы, тризм, “сардоникалық күлкі” анықталады. Науқас қатты жүдеген.

Қандай асқыныс түрін ойлауға болады?

А. сібір жарасы

В. құтыру

С. сіреспе

D. дифтерия жарасы

Е. оба

 

72. Қабылдау бөлімшесіне қол басының кесілген жарасымен науқас түсті. Жарақатты өндіріс орынында алған. 4 күн бұрын болған оқиға. Қарау кезінде жақтың қарысуы, шайнау бұлшықеттерінің шаршағыштығы, тризм, “сардоникалық күлкі” анықталады. Науқас қатты жүдеген. Қарау кезінде опистотонус байқалады.

Қандай асқыныс түрін ойлауға болады?

А. сібір жарасы

В. құтыру

С. сіреспе

D. дифтерия жарасы

Е. оба

 

73. 17 жастағы жігіттің медициналық тексеру кезінде оң жақ санның алдыңғы бетінің жоғарғы үштен бiр бөлігінде құрылым анықталған, көлемі 2,0 см-ден 1,0 см-ге дейн, жұмсақ-эластикалық консистенциялы, саусақпен сипау кезінде ауырсынусыз.

Қандай зерттеу әдісі диагнозды нақты коюға тиімді?

А. ультрадыбысты флоуметрия

В. артериография

С. флебография

D.  көлемді сфигмография

Е. магнитті-резонанстық томография

 

74. 56 жастағы З. есімді науқас әйел аурухананың жүрек – тамыр бөлімшесінде аяқтарындағы күре тамырларының патологиясына байланысты тұрақты емделіп отырған. Консервативті ем қабылдаған. Ем қабылдауының бесінші күні науқаста өкпе артериясының эмболиясының клиникасы дамыған.

Қандай ауру кезінде осындай асқыныс жиі кездеседі?

А. аяқ көк тамырларының варикоз ауруы

В. аяқтың терең көк тамырларының тромбозы

С. аяқтың жедел тромбофлебит

D. тромбофлебиттен кейінгі синдром

Е. қолдың беткей көк тамырларының қабынуы

 

75. Кеудесін ауыртып алған науқас 1,5 сағаттан кейін кеудесінің ауырсынуына, демалудың қиындығына, қан құсуға шағымданады. Қарау кезінде IV-V қабырғаларының сынғаны анықталды. Тындау кезінде оңнан солға тыныс алуы әлсіреген. АҚҚ - 110/70 мм с.б.б., тамыр соғысы - 96 минутына, эр-4,0.

Қандай зерттеу әдісі диагнозды нақты коюға тиімді болып табылады?

А. өкпе рентгенографиясы

В. УДЗ

С. сыртқы тыныс алу мүшелерінің функциясын тексеру

D. плевра куысының пункциясы

Е. кеуде қуысының рентгенографиясы және КТ

 

76. Науқас 54 жаста, асқазанның антральді бөлімінің эндофитті өсіп келе жатқан ісігінің операциясына алынған. Ревизия барысында тығыз, үлкейген лимфа түйіндері анықталған.

Хирургтың іс әрекеті қандай болу керек?

А. радикальді операциядан бас тартып, паллиативті түрін тандау /анастомоз/

B. операция көлемін ұлғайту, асқазан экстерпациясы спленэктомиямен бірге

C. оперативті емнен бас тартып химия терапия тағайындау

D. оперативті емнен бас тартып сәулелі емді тағайындау

E. лимфа түйіндерінің биопсиясы тез гистологиялық тексерісімен және

радикальді операция

 

77. Науқас 67 жаста, ауруханаға ішінің оң жақ бөлігінің ауырсынуына, іш қатуға, бірнеше реттік құсқаннан соң жағдайының жақсарғанын айтады. Осының алдында ішінің оң жақ бөлігінің тартып ауырғанын, ішінің қатқаның айтады. Қараған кезде: Іші сол жақтан шамалы үлкейген, дем алу актісіне қатысады, жұмсақ, оң жақта ауырсыну байқалады сонымен қатар құрсақ қуысының алдыңғы қабырғасының қатаюы байқалған, перистальтикасы жоғарылаған. Клизмадан соң дәретке отырған, бірақ іштің ісінуі мен ауырсынуы сақталған.

Хирургиялық бөлімшеде науқасқа қандай тактика жүргізіледі?

А. консервативті терапия

B. шұғыл түрдегі операция

C. қысқа уақытты операцияға дайындықтан соң шұғыл операция жасау

D. екі сағат аралығында консервативті ем, егер нәтиже бермесе жедел

  оперативті ем

E. диагнозды нақтылау үшін тереңдетілген тексеріс

 

78. Науқас 67 жаста, ауруханаға ішінің оң жақ бөлігінің ауырсынуына, іш қатуға, бірнеше реттік құсқаннан соң жағдайының жақсарғанын айтады. Осының алдында ішінің оң жақ бөлігінің тартып ауырғанын, ішінің қатқаның айтады. Қараған кезде: Іші сол жақтан шамалы үлкейген, дем алу актісіне қатысады, жұмсақ, оң жақта ауырсыну байқалады сонымен қатар құрсақ қуысының алдыңғы қабырғасының қатаюы байқалған, перистальтикасы жоғарылаған. Клизмадан соң дәретке отырған, бірақ іштің ісінуі мен ауырсынуы сақталған. Консервативті емнің нәтижесінде оң мәнді динамика көрсетіледі. Консервативті ем нәтижесінде науқасты тексеру туралы шешім қабылданды.

Қандай диагностикалық әдіс түрі нақты ақпарат бере алады?

А. УДЗ

B. ректороманоскопия

C. ішек бойынша барийды енгізу

D. фиброколоноскопия

E. лапароскопия

 

79. Қабылдау бөліміне ер кісі мынадай шағымдармен қаралды, есінеу кезінде екі жақты самай төменгі жақ буындарындағы қатты ауырсынуға шағымданады. Қараған кезде науқастың аузы ашық, тістері бір-біріне тек малярларымен түйіседі, жақ асты алдына қарай шығып тұрады, шайнау бұлшықеттері қатайған.

Болжамды диагноз қандай?

А. сіреспе

B. бет жүйкесінің қабынуы

C. үштік жүйкесінің қабынуы

D. төменгі жақтың шығуы

E. паротит

 

80. Травматологиялық пунктке оң алақанның қиғаш көлденең инфицирленген жарасымен науқас қаралды. 2-5 саусақтарының белсенді қимылдары жоқ.

Науқаста қандай анатомиялық құрылымдарының қызметі бұзылған?

А. қол басын жазғыш сіңірлердің зақымдануы

В. кәрі жілік жүйкесінің зақымдануы

С. ортаңғы жүйкенің зақымдануы

D. қол басы сүйектерінің сынуы

Е. қол басын бүккіш сіңірлердің зақымдануы

 

81. Жедел жәрдем бригадасы апат болған жерге шақырумен келді. Сол жерде болған кісілердің айтуынша бірнеше минут бұрын науқас электр тогына түсіп қалды. Есінен таңды. Қалтырау болды. Жұмыстағы достары токты сөндірді. Науқас еденде жатыр. Тынысы жоқ. Пульс сезілмейді, терісі көгерген, көз қарашығы кеңейген, жарыққа сезімталдығы жоқ.

Жарақаттанған науқасқа не болды?

А. кома

В. естен таңу

С. шок

D. клиникалық өлім

Е. предагония

 

82. Ер адам 40 ж, өзінің алдыңғы құрсақ қуысында дөңгелек пішінді қатты эластикалық, терімен жабыспаған, тегіс, ауырсынусыз ісік тәрізді затты анықтаған. Диагноз-липома.

Қандай ем тағайындайды?

А. ісіктің жою одан әрі гистологиялық зерттеуге жіберу

В. ашу және дренаждау

С. ісікті жою, антибиотикотерапия

D. бақылау, онкологкқа кеңеске жіберу

Е. ашу, биопсия, қанды зерттеу

 

83. Ер адам 73 ж, бес жыл ішінде кеуде клеткасында күрең қоңыр түсті дақ қалыптасқан, соңғы жарты жыл ішінде көлемі ұлғайып 50х30 мм дейін жеткен ортасында ойықтар көрініс табады. Қойылған диагноз-меланома.

Қандай ем тағайындайды?


Поделиться:



Последнее изменение этой страницы: 2019-03-22; Просмотров: 403; Нарушение авторского права страницы


lektsia.com 2007 - 2024 год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! (0.078 с.)
Главная | Случайная страница | Обратная связь