Архитектура Аудит Военная наука Иностранные языки Медицина Металлургия Метрология
Образование Политология Производство Психология Стандартизация Технологии


Акт расследование пищевого отравления



 

1. Паспортная часть:

Лауазымы, тегі, аты; должность Ф.И.О. ____________________________________________

Дата: «__ » _______ 20__ года

 

2. Констатационная часть:

Констатациялық бөлім:

Бір отбасының екі ересек және бір 6 жастағы баласы тамақтан ұшынды. Үйде өріктен жасалған компотты ішкен соң, 20-30 сағаттан кейін ересектер, ал 5 сағаттан кейін бала ауырған. Аурудың бірінші белгілері бас айналу , қосарланып көріну, ауыздың қурғауы, сусау болды .Екі ауру аздап құсты.Бір тәуліктен кейін ,аурулар халі нашарлаған соң ауруханаға орналастырылды.Ауруханада олардың денесі құрысты, көруі нашарлады, қабақтары түсті, тамағы түйілді, дауыстары қарлықты, өте әлсіреді .Бала ешқандай қозғалысыз қалып,аяқтары шала семді. Олардың еріндері көгерді, ауыздары құрғады тілдері қабықтанды ,көздерінің қарашықтары кеңейді, аккомадациялары бұзылды, дене қызулары жоқ, дәреттері кешікті, естері дұрыс.

Қолданған шараларға қарамастан аурулар 2-3 күннен кейін қайтыс болды. Эпидемиялық тексергенде, олар өте піскен және жаншылған өріктерді базардан өте көп сатып алып, жылы үйде 2 күн сақтаған. Банкаға жабар алдында тазалап жумаған. Компотты шыны банканың ішіндегі 75-80С қайнатылған суға 10 минут батыру арқылы дайындаған. Банкалар жылы үйде 3 ай бойы сақталған.

Компот қалдығынан тышқандарға жасалған биологиялық сынама нәтижесінде тышқандар өлген, олардың лимфалық бездерінен және өлген адамдардың бауырынан, жұлыны мен миының қиықтарынан бір ғана қоздырушының штаммасы табылған.

 

3.Заключительная часть:

Қорытынды бөлім:

Микроб текті жедел улану. Тағамдық интоксикация. Ботулизм (қоздырғышы ботулинус клостридия). Үй жағдайында дайындалған банкадағы өрік шырыны. Банка жабудың технологиясы дұрыс орындалмаған.

 

4. Профилактичесие мероприятия:

Алдын –алу шаралары:

Банка жабудың технологиясын толық білп, оны дайындаудың ережесін қатаң сақтау. Күдікті банкаларды пайдалануға қатаң тыйым салынады. Үй жағдайында банканы стерилдеу керек себебі ботулизм қоздырғышы анаэробты ортада жақсы дамиды, орталық нерв жүйесін зақымдайды.

 

 

Санитарный врач ________________  ____________________________

                              Подпись (қолы)                    Ф.И.О. (тегі, аты) 

5-кезең

Билет№1

1. Денсаулықтың II тобына – дені сау, функционалдық немесе морфологиялық ауытқулары бар, өткерген аурудан кейінгі функционалдық ауытқулары бар, жиі ауыратын балалар жатады. Денсаулықтың осы тобына әлсіз деңгейдегі миопиясы, мүсінінде бұзылыстары бар, табандары жазықталған, аномальды ақаулары бар балалар жатқызылады.

2. Соматометриялық белгілер көрсеткіштерінен тұрған және отырған кездегі дененің ұзындығы (бойы), дене салмағы, кеуде қуысының айнала шеңбері анықталады.

Билет№2

1. Денсаулықтың ІII тобына –компенсация сатысындағы созылмалы аурулары бар (ревматизмнің активсіз фазасы, созылмалы тонзиллиттің жай түрі және т.б.), сонымен қатар еңбекке қабілеттілігін және өмір сүру жағдайларын өзгертпейтін дене кемістігі, жарақаттан кейінгі салдары бар балалар жатады.

2. Физиометриялық белгілер (функционалдық) көрсеткіштерінен – өкпенің тіршілік сиымдылығы (ӨТС), қол бұлшықеттерінің күші анықталады.

                                                                      Билет№3

1. Денсаулықтың І тобына – дені сау, созылмалы аурулары жоқ, үйлесімді, жасына сай дамудағы және физиологиялық көрсеткіштері қалыпты деңгейдегі балалар жатады.

2. Соматоскопиялық белгілер көрсеткіштерінен тірек-қимыл аппаратының жағдайы (омыртқа, кеуде қуысының, аяқтарының, мүсінінің түрлері, бұлшықетінің дамуы), жыныстық жетілу деңгейі анықталады.

Билет№4

1. Денсаулықтың II тобына – дені сау, функционалдық немесе морфологиялық ауытқулары бар, өткерген аурудан кейінгі функционалдық ауытқулары бар, жиі ауыратын балалар жатады. Денсаулықтың осы тобына әлсіз деңгейдегі миопиясы, мүсінінде бұзылыстары бар, табандары жазықталған, аномальды ақаулары бар балалар жатқызылады.

2. Тұрған кездегі ыңғайлы қалып келесі жағдайларда анықталады:

а) өкшелер арасындағы қашықтық 8-10см кезіндегі табандар 300 бұрышқа сыртқа қарай бұрылған;

б) қолдар шынайы денеге төмен түсірілген;

в) көзқарас шексіздікке қарауда, яғни бастың қалпы анықталады;

г) екі аяқ басына күш біркелкі түсірілген;

д) бұлшықеттер максималды босаңсыған.

Билет№ 5

1. 1 жасқа дейінгі балалардың жастық топтастырылуы әр ай сайын жүргізілетіндіктен, баланы 3 айлық топтастыруға жатқызамыз. 

2. Аяқ киім аяқ басын қыспауы керек, қан және лимфа айналымын бұзбауы тиіс, аяқтың өзіндік дамуына бөгет болмауы қажет. Аяқ киім биіктігі оның түрі мен тегіне байланысты қалыптастырылады. Балалар аяқ киімі қозғалысты бөгемей, аяққа нық және қолайлы қонуы тиіс.

Билет№ 6

1. 3 жасқа дейінгі балалардың жастық топтастырылуы әр 3 ай сайын жүргізілетіндіктен, баланы 1 жас 9 айлық топтастыруға жатқызамыз. 

2. Сызбасы келесідей болады:

а) Ойыншықтың атауы және оның қысқаша сипаттамасы;

б) Ойыншықтың өлшемі мен түрі (өткір ұшы, ұсақ және жеңіл бөлінетін қырлары бар ма?);

в) Ойыншықтың беріктілігі, салмағы және т.б.;

г) Ойыншықтың жасалынған өнімі, оның беріктілігі, ластануы;

д) Ойыншықтың бояуы – ойыншықтың боялған бояғыштар саны, барлық бояудың сіңіп қатуы.

Билет№ 7

1. Мектепке дейінгі жастағы балалардың жастық топтастырылуы әр жарты жылда жүргізілетіндіктен, баланы 5 жастық топтастыруға жатқызамыз. 

2. Жиһазды бағалау:

- Жиһаздың оқу-тәрбие және еңбек үдерісінің сипатына сәйкестігі;

- Берілген жиһазды пайдалану кезіндегі дене қалпы;

- Жиһаздың негізгі өлшемдері және олардың жастық-бойлық көрсеткіштеріне сәйкестігі;

- Оқу бөлмелеріндегі жиһаздарды орналастыру;

- Жиһаздың санитарлық құрамы.

Билет№ 8

1. Денсаулықтың ІII тобына –компенсация сатысындағы созылмалы аурулары бар (ревматизмнің активсіз фазасы, созылмалы тонзиллиттің жай түрі және т.б.), сонымен қатар еңбекке қабілеттілігін және өмір сүру жағдайларын өзгертпейтін дене кемістігі, жарақаттан кейінгі салдары бар балалар жатады.

2. Отырған кездегі бойды ағаш бой өлшегішпен анықтаған кезде тексерілуші бой өлшегіштің отырғышында тік, ұзына бойлы тақтайшаға бөкселері мен жауырын аралық аймақтары түйістіріп отырады. Басы тұрып өлшеген кездегідей қалыпта болады. Аяқтары тізе буыны деңгейінде тік бұрыш жасай бүгілген, қолдары санның үстіне жатқызылған. Жылжымалы планкасын басқа түсірген. Өлшемді отырған беткейден бастың жоғарғы нүктесіне дейін жүргізеді.

Отырған кездегі бойды антропометрмен анықтаған кезде тексерілуші сол қалыпта жазық қатты отырғышқа (орындыққа) отырады. Антропометрді оның арт жағынан отырғыш беткейіне орнатады. Тексеруші сол жағынан тұрады. Сызғышты жоғарғы нүктемен түйіскенге дейін жүргізеді.

Билет№ 9

1. Денсаулықтың 4 тобына – созылмалы аурулары ауыр ағымды субкомпенсация сатысындағы балалар жатады.

2. Критерийлері төмендегідей:

- Өсімтал ағзаның қозғалыс кезіндегі және функционалдық мүмкіндіктерінің биологиялық қажеттілігін ескере отырғандағы тиімді қозғалыс тәртібі;

- Балалар мен жасөспірімдердің жасына, жынысына, денсаулық жағдайына және физикалық дайындылығына байланысты дене тәрбиесінің әдістері мен түрлерін сараланып қолданылуы;

- Сабақтардың жүйелілігі, жүктеменің біртіндеп артуы және дене тәрбиесінің әртүрлі әдістері мен түрлерін кешенді түрде қолдану;

- Дене тәрбиесі сабағы кезінде сыртқы орта жағдайларын толыққанды гигиеналық құру.

Билет№1 0

1. Денсаулықтың 5 тобына – созылмалы аурулары ауыр ағымды декомпенсация сатысындағы балалар жатады.

2. Бойды антропометрмен өлшеген кезде тексерілуші жарық жаққа карай «тік тұр» қалпында тұрады. Тексеруші тексерілушінің оң жағына тұрып, антропометрдің штангасын оң қолының 4 саусағымен, 1 саусағымен қозғалмалы муфтасын астыңғы жағынан қапсыра ұстайды. Антропометрді тек вертикалды тексерілушіден кішкене қашақтықта дененің ортаңғы сызығына сәйкестеп алдынан орнатады. Тексеруші сол қолымен тексерілушінің басын дұрыс қалыпқа туралайды, оң қолының 1 саусағымен горизонталды сызғышы бар муфтаны жоғарға нүктеге толық түйіскенге дейін жылжытады. Осы нүктенің антропометр сызғышымен түйісуін тексерілушінің сол қолының бақылауымен жүргізіледі; сол қол сызғыштың соңын алға және артқа қозғай отырып, жоғарғы нүктеге орнатылады және нақты бекілуді қамтамасыз етеді. Өлшем нәтижесін төменнен жоғары қарай жүретін, шкала бойынша муфтаның жоғарғы қырының ойығымен белгілейді.

Емтихан алушыға арналған ақпарат: Студенттің білімін антропометрлік көрсеткіштерін және антрометрлік көрсеткіштерді анықтау әдістерін айтып беруіне қарай бағалаңыз.

 

Қадамды бағалау критерийлері

Балл бойынша бағалау

1. Студент антропометрлік көрсеткіштерін дұрыс айтып берді 5,0-4,0 3,9-2,9 2,8-1,8 Төмен 1,7
2. Студент антрометрлік көрсеткіштерді анықтау әдістерін дұрыс айтып берді. 5,0-4,0 3,9-2,9 2,8-1,8 Төмен 1,7

 

Максималды балл: 10

Тапсырмаға берілген уақыт: 5 мин.

6-кезең

Билет№1

1. Ах1,2 Р1,2 Ма2 Ме12 немесе 0

Ма - сүт бездерінің жетілуі

Ма2 – емшек және емшек үрпі шеңбері конус түрінде шошайған, сүт бездері біршама көтеріңкі.

Р – қасағаның түктенуі

Р1,2 – қасаға түктері бірең сараң немесе сирек өскен.

Ах – қолтықтың түктенуі

Ах1,2 – қолтық түктері бірең сараң немесе сирек өскен.

Ме – алғашқы етеккірдің пайда болған уақыты: егер жоқ болса - Ме0, ал он екі жаста пайда болса - Ме12.   

2. Бас шеңберін сантиметрлік лентамен өлшейді. Бас шеңберін алдыңғы қас үсті доғамен, артқы желке дөңіне лентаны қою арқылы өлшейміз. Лентаның нөл санын алдыңғы қас үсті доғаға қойып оны сол қолмен ұстаймыз, оң қолмен лентаны туралап алып алдымен оң шекеге, одан кейін желкеге, одан кейін сол шеке арқылы алдыңғы қас үсті доғаға қайта әкелеміз.

 

Билет№ 2

1. Ах0 Р0

Ах – қолтықтың түктенуі, егер түк жоқ болса - Ах0

Р – қасағаның түктенуі, егер түк жоқ болса - Р0

2. Кеуде торы шеңберін сантиметрлік лентамен өлшейді. Кеуде шеңберін тыныш тұрған кезде, ауаны барынша ішке жұтқан шақта және ауаны барынша іштен сыртқа шығарған шақта өлшейді. Екі қол екі жаққа көтеріліп тұрған кезде, лентаны артқы жауырынның төменгі бұрышына қойып аламыз. Одан кейін екі қолды жайлап түсіреміз. Лента қолды түсіргеннен кейін сырғып, жауырынның төменгі бұрышының астына түседі.

Алдыңғы жақтан лента көкірек безінің тұсынан өтеді.

Билет№ 3

1. Ах2,3 Р2,3 Ма2,3 Ме13

Ма – сүт бездерінің жетілуі

Ма2,3 – емшек және емшек үрпі шеңбері конус түрінде шошайған, сүт бездері үлкен кеңістікке көтерілген.

Р – қасағаның түктенуі

Р2,3 – қасаға үшбұрышы түгел түктенген

Ах – қолтықтың түктенуі

Ах2,3 – қолтық шұңқыры түгел түктенген

Ме – алғашқы етеккірдің пайда болған уақыты

Ме13 - алғашқы етеккірдің пайда болған уақыты он үш жас

2. Қол бұлшық етінің күші, бұлшық еттің даму дәрежесін көрсетеді. Ол қол динамометрімен өлшенеді. Тексерілуші тік тұрып, динамометрді алақанымен барынша қысып ұстаған күйінше, қолын біршама алға, одан кейін жанына созады.

Билет№ 4

1. Ах1 Р1V0,1L0,1

P – қасағаның түктенуі

P1 – қасаға түктері бірең сараң, қысқа болып өскен.

Ax – қолтықтың түктенуі

Ax1 – қолтық түктері бірең сараң өскен

V – дауыстың мутациялануы

V0 – дауыс өзгеріссіз

V1 – дауыс өзгерген

L – жұтқыншақтың жетілуі

L0 – пальпация кезінде бары білінбейді

L1 – пальпация кезінде бары білінеді, бірақ көзге байқалмайды.

 

2. Бел үшбұрышы дегеніміз бел деңгейіндегі үшбұрыштың ұшы, дене мен қолдың ішкі беткейі арасындағы үш бұрышты құрайтын кеңістік. Қалыпты жағдайда үшбұрыштар түрі бойынша бірдей және биіктігі бойынша тең, яғни симметриялық болуы тиіс. Тізе жамбас буындарындағы туа біткен тайып кету жағдайларында ассиметрия байқалады.

Билет№ 5

1. Ах2,3 Р3 Ма3Menses

Ма – сүт бездерінің жетілуі

Ма3 – емшек және емшек үрпі шеңбері конус түрінде шошайған, сүт бездері үлкен кеңістікке көтерілген.

Р – қасағаның түктенуі

Р3 – қасаға үшбұрышы түгел түктенген

Ах – қолтықтың түктенуі

Ах2,3 – қолтық шұңқыры түгел түктенген

Ме – алғашқы етеккірдің пайда болған уақыты

Menses – етеккір келу уақыты бірқалыпты

2. Дұрыс дене бітімінде, мойын және бел иілімдері тереңдігінің көрсеткіштері мәні жағынан ұқсас болады, кіші мектеп жасындағыларда 3-4см шамасында, ал орта және жоғарғы мектеп жасындағыларда 4-5,5см шамасында болады. Өлшеу кезінде денені тік ұстап, басты көтеріп, иықтарын жазып, екеуін бір деңгейде ұстап, ішті тартып, аяқтарды түзу қойып тұру керек.

Билет№ 6

1. Ах1 Р2V1,2 F0,1 L0,1

Р – қасағаның түктенуі

Р2 – қасаға түктері біршама қалыңырақ, ұзындау болып өскен.

Ах – қолтықтың түктенуі

Ах1 – қолтық түктері бірең сараң өскен

F – беттің түктенуі

F0 – бетте түк әлі өспеген

F1 – бетке бірең сараң түк өскен

L – жұтқыншақтың жетілуі

L0 – пальпация кезінде бары білінбейді

L1 – пальпация кезінде бары білінеді, бірақ көзге байқалмайды.

2. Керн - Ирасек тест тапсырмасына мыналар кіреді: 1 – адам суретін салу керек; 2 – үш сөзден тұратын фразаны көшіру керек; 3 – үштік бұрышы төмен қараған он нүктені салу керек.

Билет№ 7

1. Ах0 Р0,1V1

V – дауыстың мутациялануы

V1 – дауыс өзгерген

Ах – қолтықтың түктенуі

Ах0 – қолтыққа түк өспеген

Р – қасағаның түктенуі

Р0 – қасаға түксіз

Р1 – қасаға түктері бірең сараң, қысқа болып өскен.

2. Табан – тірек және қозғалу мүшесі. Табанның қалыпты, тегіс және жалпақ түрлері бар. Табанның түрін анықтайтын әдіс плантография деп аталады. Алдымен табанның тірек беткейіне және өкше мен табанның алдыңғы жағын қосып тұрған қылта еніне назар аударамыз. Сонымен қатар, ахилл сіңірі мен өкшеге салмақ түскенде тік білікке көңіл аударамыз. Табанның қалыпты түрінде қылта ені жіңішке, тік біліктер табанның тірек беткейіне перпендикулярлы бір сызықта орналасқан. Табанның тегіс түрінде қылта ені жалпақ, сыртқы сызық шеті көтеріңкі, тік біліктер табанның тірек беткейіне перпендикулярлы бір сызықта орналасқан. Табанның жалпақ түрінде қылта барынша жалпайған, өкше білігі мен ахилл сіңірі біліктері сыртқа қараған бұрыш құрайды.

Билет№ 8

1. Ах3 Р3 Ма3 Menses

Ма – сүт бездерінің жетілуі

Ма3 – емшек және емшек үрпі шеңбері конус түрінде шошайған, сүт бездері үлкен кеңістікке көтерілген.

Р – қасағаның түктенуі

Р3 – қасаға үшбұрышы түгел түктенген

Ах – қолтықтың түктенуі

Ах3 – қолтық шұңқыры түгел түктенген

Ме – алғашқы етеккірдің пайда болған уақыты

Menses – етеккір келу уақыты бірқалыпты

 2. Кеуде қуысының цилиндрлі түрінде төменгі қабырғалар орташа иілген, құрсақ үсті бұрышы тік немесе тікке жақын, алдыңғы жағынан овалды сызықпен шектелген, жоғарғы және төменгі бөлімдері біркелкі дамыған болып көрінеді. Жалпақ кеуде қуысы әдетте ұзарған және жазықталған түрде болады, құрсақ үсті бұрышы үштік, кеуде қуысын алдыңғы жағынан шектеп тұрған сызығы тіктеу, төменгі қабырғалар айқын иілген. Конус тәрізді кеуде қуысының төменгі бөлігі кең, алдыңғы овалды сызығы төменгі жағында шығыңқы, құрсақ үсті бұрышы тұйық, қабырғалар аз ғана иілген.

Билет№9

1- денсаулық тобына дені сау, созылмалы аурулары, кемтарлығы, ақаулары жоқ, дене дамуы мен жүйкелік психикалық дамуы жасына сәйкес, үйлесімді, сирек ауыратын, функционалдық ауытқулары жоқ балалар жатады.

Ма – сүт бездерінің жетілуі

Ма1 – емшек үрпі емшек үрпі шеңберінен шығыңқы, сүт бездері әлі білінбейді.

Р – қасағаның түктенуі

Р1- қасаға түктері бірең сараң, қысқа болып өскен.

Ах – қолтықтың түктенуі

Ах0 – қолтыққа түк өспеген

Ме – алғашқы етеккірдің пайда болған уақыты

Ме0 – етеккір жоқ

Қыз баласында жыныстық жетілу белгілерінің 1-дәрежесі.

Билет№10

Қыз үшінші денсаулық тобына жатады: функционалдық мүмкіншіліктері сақталған, компенсация сатысындағы жүре пайда болған созылмалы аурулары бар (тонзилиттің созылмалы түру, ревматизмнің активсіз фазасы), сондай ақ оқуға немесе еңбекке қабілеттілігін бұзбайтын, дене кемістіктері және жарақаттануларының едәуір салдары бар, балалар жатады.

Ма – сүт бездерінің жетілуі

Ма2 – емшек және емшек үрпі шеңбері конус түрінде шошайған, сүт бездері біршама көтеріңкі.

Р – қасағаның түктенуі

Р2– қасаға үшбұрышы түгел түктенген

Ах – қолтықтың түктенуі

Ах1 – қолтық түктері бірең сараң өскен

Ме – алғашқы етеккірдің пайда болған уақыты

Ме12 – алғашқы етеккір он екі жаста пайда болған

Қыз баласында жыныстық жетілу белгілерінің 2-дәрежесі.

             

3 - кезең

Билет№1

1.Нанға органолептикалық қасиеті бойынша зерттеу жүргізіңіз.

2.Консервінің тұмшалылығын анықтаңыз.

 

Уақыт – 5 мин.

Максимальды балл – 10

Билет№ 2

1. Етке органолептикалық қасиеті бойынша зерттеу жүргізіңіз.

2. Ұнды органолептикалық қасиеті бойынша зерттеңіз.

 

Уақыт – 5 мин.

Максимальды балл – 3,0

Билет№ 3

1. Еттің консистенциясын анықтаңыз.

2. Жұмыртқаның балғындығын анықтаңыз.

Уақыт – 5 мин.

Максимальды балл – 10

Билет№ 4

  1. Консерві өнімдерін сыртқы көрінісіне байланысты бағалау әдістемесі.

2. Сүтке органолептикалық қасиеті бойынша зерттеу жүргізіңіз.

 

Уақыт – 5 мин.

Максимальды балл – 10

                                                                   Билет№ 5        

1. Консервінің тұмшалылығын анықтаңыз.

2. Ауыз суының мөлдірлігін анықтаңыз.

Уақыт – 5 мин.

Максимальды балл – 10

Билет№ 6

1. Ұнды органолептикалық қасиеті бойынша зерттеңіз.

2.Балықты органолептикалық қасиеті бойынша зерттеңіз.

Уақыт – 5 мин.

Максимальды балл – 10

Билет№ 7

1. Нанға органолептикалық қасиеті бойынша зерттеу жүргізіңіз.

2. Еттің консистенциясын анықтаңыз.

 

Уақыт – 5 мин.

Максимальды балл – 10

Билет№ 8

1. Етке органолептикалық қасиеті бойынша зерттеу жүргізудің әдістемесін атаңыз.

2.  Сүтке органолептикалық қасиеті бойынша зерттеу жүргізіңіз.

Уақыт – 5 мин.

Максимальды балл – 10

Билет№ 9

1. Еттің консистенциясын анықтаңыз.

2. Ауыз суының мөлдірлігін анықтаңыз.

Уақыт – 5 мин.

Максимальды балл – 10

Билет№1 0

1. Консерві өнімдерін сыртқы көрінісіне байланысты бағалау әдістемесі.

2. Балықты органолептикалық қасиеті бойынша зерттеңіз.

 

 Уақыт – 5 мин.

Максимальды балл – 10

                                                                                                                                              4 - кезең

Билет№1

Студенттер отрядының бөлімшесіне совхоздан бірнеше битон сүт әкелінді. Бірақ, 4 битондағы сүт қышқыл болды. Аспазшы қатық істеу үшін, мырыш шелекке оны құйып, азық-түлік қоймасында 30 сағат бойы 16-18С температурада сақтады. Екі тәуліктен кейін қатық студенттерге кешкі тамақ үшін таратылды. Түнде көптеген студенттерде тоқтаусыз құсу мен іш өту пайда болды, ал дене қызуы байқалмады.

Ауырғандар сусау, іштің ауруы, ал қайсы бірі сұйық нәжіспен азаптанды. Ауырғандар 2-3 стакан қатық ішкендігін айтты, ал оны ішпегендер ауырмаған. Құрылыс отряды дәрігері жедел емдеу шараларын қолданғандықтан студенттер 2-3 күннен кейін жазылып, жұмысқа шықты.

Сұрақтар:

1.Аурудың тез таралуына себепші болған не және ауру тамақ ауруларының қай тобына жатады?

2. Аурулардың алдын алу шаралары.

Максималды балл: 10

Тапсырмаға берілген уақыт: 5 мин.

 

Билет№2

Қалалық дәмханада кешкі тамақтан кейін 7 адам ауырған. Ауырғандардың өздері ауруларын жаңадан дайындалған «ассорти» салатынан көрді. Ауырғандардың 9-13 сағаттан кейін дене қызуы 37,5-37,9С дейін көтерілді. Асқазандағы қолайсыздықты сезіну мен дененің қақсауы пайда болды.

Кейін оған лоқсу, құсу және іш өту қосылды. Ауырғандар мүлде еңбекке жарамсыз болды және амалсыздан медициналық көмекке жүгінді. Оларды қабылдаған аурухана бөлімшесінде асқазанды жуу және дәрі – дәрмекпен емдеу жүргізілді. Асқазан жуындысынан, құсықтан, нәжістен Рroteus микробтары табылды. Осы сияқты микрофлора дәмхана столы мен ыдыстарының шайындысынан да алынды.

Сұрақтар:

1.Табылған микроб қандай ауруды тудырады, оның таралу жолдары қандай?

2.Аурулардың алдын алу шаралары.

Максималды балл: 10

Тапсырмаға берілген уақыт: 5 мин.

Билет№ 3

Спорттық  лагерде бесіндік тамақта шайды кремдік тортпен ішкен соң, спортшылардың көпшілігі 1,5-3 сағаттан кейін лоқсыған, құсқан, эпигастральдың аумағында сыздаған аурулар пайда болған. 6 ауруда коллапс болды, 13-інде өте әлсіздік, нәзік тамыр соғысы, күшті терлеу пайда болды. Ауырғандардың дене қызуы 37,2 -37,6С. Лагерь дәрігері барлық күйзелгендерге жедел жәрдем көрсетті, асқазан мен ішектерді жуу, дәрілерді қолдану т.б. Содан, көбінің жағдайлары әжептеуір жақсарды.

Тексергенде: тортты фолликулярлық баспамен ауырған және үйіне босатылған аспаз дайындағаны анықталды. Тортты ол бір тәулік бұрын дайындап, тамақ бөлімшесінің қоймасына сақтап қойған.

Сұрақтар

1.Спортшыларда қандай ауру дамыған және оның таралу себебі неде?

2.Тамақпен уланудың алдын алу шараларын атаңыз.

Максималды балл: 10

Тапсырмаға берілген уақыт: 5 мин.

Билет№ 4

Санаторияда демалушылардың бір тобы жазғытұрым кезінде саңырауқұлақтарды жинап, аспазшыға кешкі тамаққа қуыруға берді. Саңырауқұлақтар күнбағыс майына пиязбен қосып қуырылды, дәмдік сапалығы қанағаттанарлық болды. Бірақ, тамақтанудан кейін 6-12 сағат өткен соң «саңырауқұлақшылар» мен аспазшы іштерінің ауырғанын байқады, лоқсыды, ептеп құсты. Ертеңінде барлық ауырғандардың көздерінің ағы сарғайып, барлығының терісі жаппай сарғайды. Барлық аурулар санаторийдің оқшаулау бөлмесіне гепатит деген диагнозбен орналастырылды. Өйткені, қарнын сипап қарағанда оң жақ қабырғасының астында аурулық байқалды, дене қызуы 37,8-38,3С дейін көтерілді, жалпы әлсіздік, қалжырағандық, бастың қатты ауруы сияқты ауру нышандары байқалды. Біраз уақыт өткен соң, олардың бәрі қалаға жақын жұқпалы аурулар ауруханасына орналастырды. Бірақ қойылған диагноз дәлелденбеді, тамақтан улану деген диагнозы қойылды. Ауруларға ем тағайындалып қанағаттанарлық жағдайлармен ауруханадан шығарылды.  

Сұрақтар:

1.Уланудың қандай түрі және жиналған саңырауқұлақтарды аспаздың дайындауы дұрыс болды ма?

2.Саңырауқұлақтармен уланудың профилактикалық шараларын атаңыз.

Максималды балл: 10

Тапсырмаға берілген уақыт: 5 мин.

Билет№ 5

Ақпанның 3-і күні 21 сағат 20 минутта ауданның ауруханасына 6 жастағы Савкина мен оның 32 жастағы әкесі Савкин А. жедел жәрдеммен жеткізілді.

Қыздың ауруханаға түскендегі температурасы 36,5 тері мен көрінетін шырышты қабығы өңсіз, қимылсыз, сұрақтарға әрең жауап береді, хәлі ауыр, қарашықтары кеңейген, жарыққа әсері нашарлау. Жұтқан суы мұрнынан кетеді, қою тамақ жегісі келмейді, іші жұмсақ. Екі күн дәретке отырмаған

Савкин А. түрі өңсіз, тілі ақпен үлпектеліген, іші жұмсақ, сипағанда ауырсыну сезімі байқалмайды, тек дене қызуы 36,7С тамырдың соғуы минутына 105 рет. Ауру тым әлсіздікке, көзінің бұлдырауына, аузының құрғауына шағым айтады.

Савкиннің әйелі Антонина Ивановна Савкина 27 жаста, таңертеңнен жалпы әлсіздігіне,жүрегінің айнуына, көзінің көру қабілетінің бұзылғанына шағымданады, бірақ та бұл жағдайын өзінің жүктілігімен байланыстырған. Кешке жақын ауыратын күні оған дәрігерлік түсік жасалған. Әлсіздігі мен көзінің көрмеушілігі көбейе бастаған, тамағының жыбырлауы, аузының құрғауы байқалған. Аурудың жағдайы төмендеген соң оны жүйке жүйесі ауруларының бөлімшесіне ауыстырып,симптомдық ем тағайындайды.

Отбасының ересек мүшелерінен сұрағанда анықталғаны: дәрігерге көрінуге ауырғаннан кейін екінші күні барған. Соңғы екі күнде мынадай азықтар мен тағамдар желінген: диеттік жұмыртқадан дайындалған қуырған жұмыртқа, сүрленген шошқа шұжығы, пельмен, борщ, тұздалған қырыққабат, қарақұмықтан істелген ботқа, картоп, қияр және банкаға жабылған қызанақ. Қияр мен қызанақты үй иесі дүкеннен сатып алып тұздаған. 12-15 күннен соң тұздығы сумен араласқан сүттің түрі сияқты болып кетті. Қиярлар дәмді болды, бірақ жұмсарып, босап кетті.

Сұрақтар

1. Қандай тамақтан улану және қандай жағдай аурудың пайда болуына мүмкіндік жасады?

2. Аурудың алдын алу шаралары.

Максималды балл: 10

Тапсырмаға берілген уақыт: 5 мин.

Билет№ 6

Кудиновтардың отбасындағы кешкі тамағы мынадай: қайнатылған картофель, сары май, хариус балығы, бисквитті пирог, шәй. Тамақтанғандар: анасы-32 жаста, қызы -5 жаста,әжесі – 61 жаста. Ертеңіне әжесі мен немересі өздерін жайсыз сезінген, сонда да әжесі немересін балабақшаға апарды. Балабақшада тәрбиеші қыздың жұтынуының қиын екенін байқады. Тексергенде аузы құрғап, көз алдындағы заттар қосарланып көрінді. Эпигастральдық аумақта ауырсыну, ептеп денесінің құрысуы байқалды. Балабақшаның дәрігері қызға «полиомиелит» деп диагноз қойып, жұқпалы аурулар ауруханасына жатқызуды ұйғарды.

Әжесінің көзі бұлдырап, емханаға әзер жетті. Терапевт шағымын тыңдап, бұрын глукомамен сырқат екенін ескеріп, көз дәрігеріне қаралуын өтінді. Ауру офтальмологқа қаралуға жазылды. Түске таяу халі тым нашарлаған ауруды дәрігер қабылдап, глаукомаға тән ем тағайындады. Үйіне қайтып бара жатқанда құсу ,денесінің құрысуы, ішінің ауруы басталған соң, жедел жәрдеммен ауруханаға жеткізілді.

Түске қарай анасы да ішінің қатты ауырғанын байқады, кейін құса бастады және жұтынуы қиындады. Цех дәрігері шағымдарын тыңдап, жатырдан тыс жүктілік деп диагноз қойып, ауруханаға жөнелтуді ұйғарды.

Әкесі өзін жақсы сезінді. Сұрастырғанда бисквитті бәліш «кулинария» дүкенінінен сатып алынған, ал әкесі хариус балығын үйде дайындаған. Балықшылар балықты құмның үстінде өңдеген, аздап тұздаған, төрт сағат бойы кастрюлде сақтап, кейін күнге кептірген. Кешке а дейін балық пайдаланылмаған. 

Сұрақтар:

1. Қандай тамақтан улану қай түрі және қандай жағдай аурудың пайда болуына мүмкіндік жасады?

2. Осы аурудың алдын алу шаралары.

Максималды балл: 10

Тапсырмаға берілген уақыт: 5 мин.

Билет№ 7

Балабақшаның бір тобының тәрбиешісі балалардың біразы түстік тамақтарды ішкісі келмей, бастары мен іштері ауырғанын, жалпы дімкәстігін байқады. Барлық балалардың дене қызуы 37,4-37,8С. Ауырған 5 баланы дәрігер бөлек бөлмеге жіберді. Күндізгі ұйқы кезінде тағыда 9 бала құсы, ішінің ауыратынын және дене қызуының 37,9С дейін көтерілгеніне шағымданды. Олардың үшеуінің дәреті көбік тәріздес. Барлық ауырған балалар ауруханаға орналастырылды. Кешке қарай осылай осы топтың тәрбиешісі де ауырды. Басқа топтардың балалары мен қызметкерлері ауырған жоқ.

Таңертең балалардың ішкен тамақтары:

1.Сүтке пісірілген ботқа.2. Бутерброт сырмен. 3. Сүтпен кофе 4. Печенье.

5.Ауырған балалар осымен қоса, бір баланың туысы әкелген кремделген бисквит тортын жеген. Ал торт сатылып әкелінген күні үстелдің үстінде тұрған, тек түнде ғана тоңазытқышқа қойылған.

Сұрақтар:

1.Тамақтан уланудың қандай түрі және тамақтан уланудың себебі қандай?

3.Тамақтан уланудың алдын алу шаралары.

Максималды балл: 10

Тапсырмаға берілген уақыт: 5 мин.

Билет№ 8

Аудандық ауруханаға 8 адам 7-сынып оқушылары мен спорт нұсқаушысы түсті. «К» деген көрші елді мекенге жорыққа барған, жорық екі күнге есептелінген. Лагерді құрған соң, мынандай тағамдардан кешкі тамақ дайындалған: макарондар, жарма, қоюлатылған сүт, пакеттегі «ерекше» деген сорпа, қалбырдағы өнімдер, бұқтырылған сиыр еті, спорттық галет.

Ерекше деген сорпаны және макарондарды эмальданған шелекке пісірген, шай қайнатқан. Лагердің жанындағы алаңда балалар саңырауқұлақтарды тауып алып, сыртқы түрінен «сморчок» деп анықтады. Саңырауқұлақтарды жинап, құдықтың суына жуып, шелекте пісірген, сосын саңырауқұлақ пісірген суды төкпей, саңырауқұлақтарды шаймай, 8 адам мен нұсқаушы жеген.

Кешкі тамақ 18-19 сағатта болған, таңға қарай саңырауқұлақ жегендерді ң барлығы іштерінің ауырғанына ,жүрек айнығанына ,әлсіздікке ,бастарының айналғанына шағымданған. Нұсқаушы үш баланың терісінің сарғайғанын байқаған. Балалар тоғайда жол мен елді мекеннен алыс болғандықтан нұсқаушы барлық ауырған балаларды алып, аудандық ауруханаға барған. Аудандық ауруханада барлық ауырғандарды ауруханаға жатқызды.

Сұрақтар

1. Уланудың қандай түрі және тамақтан уланудың себебі неде?

3.Саңырауқұлақтармен уланудың алдын алу шаралары.

Максималды балл: 10

Тапсырмаға берілген уақыт: 5 мин.

Билет№ 9

Пионер лагерінде орманға серуенге шыққанда балалар жинаған жемістен бесіндік тамаққа дейін жергілікті қалайшы қалайлаған металл багіне кисель қайнатылып, суытылған. Кисель балаларға бесіндікте таратылған, кейбіреулер оның ұнамсыз дәмі барын байқаған. Келесі күндері осы бакке алма компоты, қызыл қарақаттан морс және кисель қайнатылды. Дәрігер балалардың лагерьде болу мерзімі біткенде олардың түстерінің өңсіздігін, кейбір балалардың тістері мен қызыл иектері арасында сұр жиектің пайда болғанына назар аударды. Осы кезде ешқандай да ас қорытудың бұзылуынсыз іштерінің қатты түйіліп ауруына шағым жасағандар да болды. Төрт баланы «қатты қарын» диагнозымен, кетуге бір күн қалғанда ауруханаға жөнелтуге тура келді. Дәрігер осы нышандарды ескеріп, тамақтан уланудың барлығына күдіктенді де, тамақ бөлімшесінің ыдыстарын тексерді. Үшінші тағам қайнатылған бакты қарағанда, оның қалайлаған кейбір жерлері бүлінгені анықталған, сірке қышқылымен және йодты калиймен химиялық әсерлесу бактың қабырғаларын өте қанық қызыл сары түске бояды. 

Сұрақтар

1. Уланудың қандай түрі және тамақтан уланудың себебі қандай?

3. Аурудың алдын алу шаралары.

Билет№10

Бір отбасының екі ересек және бір 6 жастағы баласы тамақтан ұшынды. Үйде өріктен жасалған компотты ішкен соң, 20-30 сағаттан кейін ересектер, ал 5 сағаттан кейін бала ауырған. Аурудың бірінші белгілері бас айналу , қосарланып көріну, ауыздың қурғауы, сусау болды .Екі ауру аздап құсты.Бір тәуліктен кейін ,аурулар халі нашарлаған соң ауруханаға орналастырылды.Ауруханада олардың денесі құрысты, көруі нашарлады, қабақтары түсті, тамағы түйілді, дауыстары қарлықты, өте әлсіреді .Бала ешқандай қозғалысыз қалып,аяқтары шала семді. Олардың еріндері көгерді, ауыздары құрғады  тілдері қабықтанды ,көздерінің қарашықтары кеңейді, аккомадациялары бұзылды, дене қызулары жоқ, дәреттері кешікті, естері дұрыс.

Қолданған шараларға қарамастан аурулар 2-3 күннен кейін қайтыс болды. Эпидемиялық тексергенде, олар өте піскен және жаншылған өріктерді базардан өте көп сатып алып, жылы үйде 2 күн сақтаған. Банкаға жабар алдында тазалап жумаған. Компотты шыны банканың ішіндегі 75-80С қайнатылған суға 10 минут батыру арқылы дайындаған. Банкалар жылы үйде 3 ай бойы сақталған.

Компот қалдығынан тышқандарға жасалған биологиялық сынама нәтижесінде тышқандар өлген, олардың лимфалық бездерінен және өлген адамдардың бауырынан, жұлыны мен миының қиықтарынан бір ғана қоздырушының штаммасы табылған.

Сұрақтар:

1. Осы тамақтан улану жалпы уланудың қай тобына жатады және үй жағдайында жемістерді консервілеу дұрыс орындалды ма?

2.Аурудың профилактикасы қалай жүргізіледі?

Максималды балл: 10

Тапсырмаға берілген уақыт: 5 мин.

 

5 - кезең

Билет№1

  1. Миопияның әлсіз деңгейі, мүсінінде бұзылыстары бар, табаны жазықталған 8-жастағы қыз баланы денсаулықтың қай тобына жатқызады?
  2. Соматометриялық белгілер анықтамасына қандай көрсеткіштер енеді?

Максималды балл: 10

Тапсырмаға берілген уақыт: 5 мин.

 

Билет№ 2

1. 13-жастағы жасөспірімдің диагнозы: ревматизмнің активсіз фазасы, созылмалы тонзиллиттің жай түрі. Жасөспірім денсаулықтың қай тобына жатады?

  2. Физиометриялық белгілер анықтамасына қандай көрсеткіштер енеді?

Максималды балл: 10

Тапсырмаға берілген уақыт: 5 мин.

 

Билет№ 3

1. 5-жастағы баланың анамнезінде: созылмалы аурулары жоқ, үйлесімді, жасына сай дамуда және физиологиялық көрсеткіштері қалыпты деңгейде. Бала денсаулықтың қай тобына жатады?

  2. Соматоскопиялық белгілер анықтамасына қандай көрсеткіштер енеді?

Максималды балл: 10

Тапсырмаға берілген уақыт: 5 мин.

 

Билет№ 4

1. Бала жиі ауыратын бала ретінде тізімге енген. Бала денсаулықтың қай тобына жатады?

2. Тұрған кездегі ыңғайлы қалып қандай жағдайда анықталады?

Максималды балл: 10

Тапсырмаға берілген уақыт: 5 мин.

Билет№ 5

1. 3 ай 12 күндік бала қандай жастық топқа енеді?

2. Балалар аяқ киіміне қандай гигиеналық талаптар қойылады?

Максималды балл: 10

Тапсырмаға берілген уақыт: 5 мин.

Билет№ 6

1. 1 жас 10 ай 5 күндік бала қандай жастық топқа енеді?

2. Ойыншықтарды гигиеналық бағалаудың қандай сызбасы бар?

Максималды балл: 10

Тапсырмаға берілген уақыт: 5 мин.

Билет№ 7

1. 5 жас 4 ай 20 күндік бала қандай жастық топқа енеді?

2. Жиһаздарды гигиеналық бағалауға арналған көрсеткіштері.

Максималды балл: 10

Тапсырмаға берілген уақыт: 5 мин.

Билет№ 8

1. Компенсация сатысындағы созылмалы гастрит сияқты созылмалы аурулары бар балалар денсаулықтың қандай тобына жатады?

2. Отырған кездегі бойды өлшеу әдістемесі.

Максималды балл: 10

Тапсырмаға берілген уақыт: 5 мин.

Билет№ 9

1. Субкомпенсация сатысындағы созылмалы аурулары бар балалар денсаулықтың қандай тобына жатады?

2. Оқушылардың дене тәрбиесі сабағын ұйымдастырылуын гигиеналық бағалау қандай критерийлер бойынша жүргізіледі?

Максималды балл: 10

Тапсырмаға берілген уақыт: 5 мин.

                                                                         Билет№1 0

 

1. Декомпенсация сатысындағы созылмалы аурулары бар балалар денсаулықтың қандай тобына жатады?

2. Тұрған кездегі бойды антропометрмен өлшеу әдістемесі.

Максималды балл: 10

Тапсырмаға берілген уақыт: 5 мин.

6 – кезең

Билет№1

1. Он екі жасар қыз балаларда Ах1,2 Р1,2 Ма2 Ме12 немесе 0 мынандай жыныстық жетілудің   

формуласын талдаңыздар.

2. Бас шеңберін анықтау әдісі.

Максималды балл: 10

Тапсырмаға берілген уақыт: 5 мин.

Билет№ 2

1. Он бір жасар ұл балаларда Ах0 Р0 мынандай жыныстық жетілудің формуласын талдаңыздар.

2. Кеуде қуысының шеңберін анықтау әдісі.

Максималды балл: 10

Тапсырмаға берілген уақыт: 5 мин.

Билет№ 3

1. Он үш жасар қыз балаларда Ах2,3 Р2,3 Ма2,3 Ме13 мынандай жыныстық жетілудің формуласын талдаңыздар.

2. Қол бұлшық етінің күшін анықтау әдісі.

Максималды балл: 10

Тапсырмаға берілген уақыт: 5 мин.

Билет№4

1. Он үш жасар ұл балаларда Ах1 Р1V0,1L0,1 мынандай жыныстық жетілудің формуласын талдаңыздар.

2. Бел үшбұрышын анықтау әдісі.

Максималды балл: 10

Тапсырмаға берілген уақыт: 5 мин.

Билет№ 5

 

1. Он төрт жасар қыз балаларда Ах2,3 Р3 Ма3Menses мынандай жыныстық жетілудің формуласын талдаңыздар.

2. Дұрыс дене мүсінінің сипаттамасы.

Максималды балл: 10

Тапсырмаға берілген уақыт: 5 мин.

Билет№ 6

1. Он төрт жасар ұл балаларда Ах1 Р2V1,2 F0,1 L0,1 мынандай жыныстық жетілудің формуласын талдаңыздар.

2. Керн – Ирасек тестінің тапсырмалары.

Максималды балл: 10

Тапсырмаға берілген уақыт: 5 мин.

Билет№7

1. Он екі жасар ұл балаларда Ах0 Р0,1V1 мынандай жыныстық жетілудің формуласын талдаңыздар.

2. Табан пішінін анықтау әдісі.

Максималды балл: 10

Тапсырмаға берілген уақыт: 5 мин.

Билет№ 8

 

1. Он бес жасар қыз балаларда Ах3 Р3 Ма3 Menses мынандай жыныстық жетілудің формуласын талдаңыздар.

2. Кеуде торының пішіні.

Максималды балл: 10

Тапсырмаға берілген уақыт: 5 мин.

Билет№ 9

 

1. Тоғыз жасар қыздың жыныстық жетілу белгілері Ма1Р1 Ах0 Ме0, жыл

бойына ауырмаған, созылмалы аурулары жоқ.

а) Денсаулық тобын анықтаңыз.

б) Жыныстық жетілу дәрежесін анықтаңыз.

Максималды балл: 10

Тапсырмаға берілген уақыт: 5 мин.

Билет№1 0

 

1. Он екі жасар қызда созылмалы тонзилиттің қарапайым түрі, созылмалы

риниті бар, қатты қажитынына шағымданады, жыныстық жетілу 

белгілері Ма2Р2Ах1Ме12.

а) Денсаулық тобын анықтаңыз.

б) Жыныстық жетілу дәрежесін анықтаңыз.


Поделиться:



Последнее изменение этой страницы: 2019-05-06; Просмотров: 300; Нарушение авторского права страницы


lektsia.com 2007 - 2024 год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! (0.347 с.)
Главная | Случайная страница | Обратная связь