Архитектура Аудит Военная наука Иностранные языки Медицина Металлургия Метрология
Образование Политология Производство Психология Стандартизация Технологии


Білім беру саласы«Комуникация». Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің түрі: Көркем әдебиет. Тақырыбы: «Ойыншықтар» /өлең/.



Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің түрі: Көркем әдебиет.

Тақырыбы: «Ойыншықтар» /өлең/.

Мақсаты: а) Өлең мәтінін түсініп, жатқа айта білуге үйрету;

ә) Ойыншықтардың түрлерін ажырата білуге баулу;

б) Ой-өрісін дамытып, ойыншықтарды күтіп ұстауға тәрбиелеу.

Қолданылатын көрнекі құралдар: хрестоматия, ойыншықтар, жұмыс дәптері.

Оқу іс-әрекетінің кезеңдері Тәрбиешінің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық- қозғаушылық Жылулық шеңбері: Кел, балалар, күлейік, Күлкіменен түлейік. Күлкі көңіл ашады, Күліп өмір сүрейік!   Қимыл арқылы жасаайды.
Ұйымдастырушылық-ізденістік Кіріспе әңгіме: Оқу іс-әрекеті жұмбақ жасырудан басталады. *Шіркіннің өзіне обал-ақ, Жүреді аяқта домалап.   *Аяғы бар, жүрмейді, Аузы бар, күлмейді. Айнымайды бөпемнен,тек Сөйлеуді білмейді. Балалар, доп, қуыршақты біз бір сөзбен не дейміз? Біздің бөлмемізде қандай ойыншықтар бар? Ендеше ақын Нұрсұлтан Әлімқұловтың «Ойыншықтар» өлеңімен танысып, жаттаймыз. Өлеңді мәнерлеп оқу. Ойыншықтар. Біздерде бар қуыршақ, Бұзау, қозы, құлыншақ. Ойыншықтар тыңдайды, Ақыл айтсақ, бұйырсақ. Қуыршақ ұйықтайды, Айтқаныңнан шыұпайды. Бұзау, қозы, құлыншақ, «Ұйықта» десең, ұқпайды. Тыңдамайды ұрысса, Осылары дұрыс па? Тентектігін қоймаса, Тұрғызармын бұрышқа. /Н.Әлімқұлоа/.   Сергіту сәті: Биік болып өсеміз, Жапырақтай жайқалып. Шетімізден шеберміз, Біз тынығып аламыз, әсем сурет саламыз.   Сұрақ-жауап: балалар, өлең сендерге ұнады ма?     Өлеңде не туралы айтылған? Ойыншықтармен қалай ойнау керек? Ойыншықтар неден жасалады? Өлеңді жаттау.   Дәптермен жұмыс: Суретке қарап әңгімеле. Ойыншықтарды түріне қарай берілген белгілер арқылы қорша.   Жұмбақтың шешуін табады.   Доп.     Қуыршақ.   Ойыншықтар.     Өлең жолдарын мұқият, зейін қойып тыңдайды. Мағынасын түсінеді.   Жаттығу жасайды.     Ұнады.     Ойыншықтар Ұқыпты әртүрлі заттардан. Дәптермен жұмысты аяқтау, берілген тапсырманы орындайды.
Рефлексиялық-түзетушілік. Қорытындылау: Сюжетті желілі ойын: «Ойыншықтар әлеміне саяхат» жасау. Мақтау, мадақтау, жұлдызшалар беру. Балалар қызықтап ойнайды.

Күтілетін нәтиже:

Біледі: өлеңнің мазмұнын түсініп, жатқа айта біледі;

Игереді: ойыншықтар туралы тақпақ, жұмбақ, суретке қарап әңгіме құрауды;

Меңгереді: ойыншықтардың түрлерін ажыратуды.

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық карталары.

«Эльзат» сәбилер тобы ----------------

Білім беру саласы«Комуникация»

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің түрі: Көркем әдебиет.

Тақырыбы: «Күзде».

Мақсаты: а) Күз мезгілі туралы түсінік беру;

ә) Өлеңді тыңдап, өз түсінігн жүйелі айтып беруге баулу;

б) Табиғатқа деген сүйіспеншілігін арттыру.

Әдіс- тәсілдер: оқу, түсіндіру, сұарақ-жауап, жаттату.

Қолданылатын көрнекі құралдар: хрестоматия, жұмыс дәптері, суреттер.

Оқу іс-әрекетінің кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық- қозғаушылық

Жылулық шеңбері:

Күлімде, күн, күлімде,

Жер жасарып көгерсін.

Кешегідей бүгін де

Қанат қақсын көгершін.

Күлімде, күн, күлімде,

Жайнай түсті күнім де.

Жарқыраған жұлдыздай,

Жарқ-жұрқ еткен түнімде.

 

Балалар шеңбер бойына тұрып, өлең жолдарына сай қимылдар жасайды

Кіріспе әңгіме

«Алтын күз» туралы әңгіме жүргізу. Күзді неліктен алтынға теңейтіндігі айтылады.

Қазір жылдың қай мезгілі?

Күз мезгілі бізге қандай сый береді?

Ендеше, балалар, бүгін біз

Байжұманованың «Күзде» өлеңімен Күзде өлеңін 2-3 рет оқып беру.

Күзде

Алма пісіп, алмұрт түсіп,

Күзде бақтар жайнайды.

Құстар қайтып, қош айтысып,

Қимас үнмен сайрайды.

танысып, жаттаймыз.

Сұрақ-жауап:

Өлеңде не туралы айтылған?

Құстар қай жаққа ұшып кетеді?

Жемістер қайда өседі?

Өлеңді жаттатып, 2-3 баладан сұрау.

Дәптермен жұмыс:

Жұмбақтар шешу;

Сурет бойынша әңгімелеу;

Берілген тапсырмадағы көкөністерді қоршап белгілеу.

 

Күз. Жеміс-жидек піседі. Қайталап жаттайды.   Күз мезгілі Жылы жаққа Бақта Қимылдар жасайд Тапсырманы орындайды.ы.

 

Қорытындылау: - Жемістің барлығы үлкен еңбектің арқасында келеді. Біз оларды күтіп-баптасақ, жемістер бізге мәуесн береді. «Еңбекпен келген жемістің дәмі тәтті» деген мәтел осыдан шыққан.    
       

 

Күтілетін нәтиже:

Біледі: өлеңді жатқа айтуға үйренеді;

Игереді: күз мезгілінің ерекшеліктерін;

Меңгереді: табиғатқа сүйіспеншілікпен қарауды.

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық карталары.

«Эльзат» сәбилер тобы ----------------


Поделиться:



Последнее изменение этой страницы: 2019-04-19; Просмотров: 296; Нарушение авторского права страницы


lektsia.com 2007 - 2024 год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! (0.014 с.)
Главная | Случайная страница | Обратная связь