Архитектура Аудит Военная наука Иностранные языки Медицина Металлургия Метрология
Образование Политология Производство Психология Стандартизация Технологии


Білім беру саласы«Комуникация»



Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің түрі: Көркем әдебиет

Тақырыбы: «Қыс».

Мақсаты: а) Қыс мезгілі туралы түсінік беру;

ә) Сөздік қорын молайту, тіл байлығын дамыту;

б) Өлеңді жатқа білу арқылы көркем әдебиетке қызықтыру.

Әдіс- тәсілдер: түсіндіру, сұрақ-жауап, әңгімелеу.

Қолданылатын көрнекі құралдар: хрестоматия, суреттер, жұмыс дәптері.

Оқу іс-әрекетінің кезеңдері Тәрбиешінің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық- қозғаушылық

Шаттық шеңбері

Аққала, аққала,

Сені жасап мақтанам,

Аққаламыз жүрмейді,

Ойнап бізбен күлмейді.

-Бәрекелді, тамаша! Енді бәріміз орнымызға барып жайғасып отырайық.

Кіріспе әңгіме

- Бүгінгі оқу іс-әрекетінде жылдың қыс мезгілі туралы әңгімелейміз.

Сұрақ-жауап арқылы әңгіме жүргізу:

- Қыс мезгілінің айларын атаңдар.

- Қыс мезгілінің басқа мезгілдерден айырмашылығы қандай?

Н.Аманжолованың «Қыс» өлеңін мәнерлеп оқу.

Қыс

Аппақ күміс бар әлем,

Зымыраймыз шанамен,

Тоғайлар тон киеді,

Аяз беттен сүйеді.

Жиналып ап бар бала

Тұрғызамыз аққала.

 

Қимылдар жасайда.

 

 

Жайғасып отырады.

 

Желтоқсан, қаңтар, ақпан

Суық, қар жауады

 

Шанамен ойнаймыз, аққала жасаймыз.

 

Өлеңді жаттайды.

Ұйымдастырушылық-ізденістік

Сергіту сәті «Аққала» әні Аула сырты баққа да Тұрғызамыз аққала! Аққаланы айналып Ойнаймыз біз шаттана. Аққала, аққала, Сені жасап мақтана, Қорғауменен жүреміз Бұздырмастан басқаға. Аққаламыз жүрмейді, Бізбен ойнап күлмейді Қалжыңдап қар атсаң да, Сөз қайтару білмейді. Дәптермен жұмыс: 1. Тірек-сызба бойынша өлеңді жаттау. 2. Қыс көрінісін бейнелеу. 3. Сурет бойынша әңгімелеу.   Өлеңді айта отырып, қимылдар жасайды.   Тапсырманы орындайды.
Рефлексиялық-түзетушілік. Қыс мезгілінің суретін салу арқылы оқу іс-әрекетін аяқтау. Әңгімелейді.

Күтілетін нәтиже:

Біледі: өлеңнің мазмұнын дұрыс түсіне біледі;

Игереді: қыс мезгілінің басқа жыл мезгілдерінен айырмашылығын.

Меңгереді: қыс туралы түсінігін кеңейтеді.

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық карталары.

«Эльзат» сәбилер тобы ----------------

Білім беру саласы: Шығармашылық

Бөлімі: Жапыстыру

Тақырыбы: «Біздің үй».

Мақсаты : сәулеті өнері туралы түсінік беру; геометриялық пішіндер үйлестіре отырып, үйдің бөлшектерін сюжетті жапсыруға үйрету; ойлау,есте сақтау, қағазбен жұмыс жасау қабілеттерін дамыту; еңбекқорлыққа тәрбиелеу;шығармашылыққа жетелеу.

Қолданылатын көрнекі құралдар: үлестірмелі материалдар, қайшы,желім, үй макеті,ТОҚ, үнтаспаса.

Алдын ала жүргізілетін жұмыс: құрылыс алаңына саяхат.

Сөздік жұмыс: отбасы,баспана,мұржа.

Билингвальды компонент : менің үйім-мой дом,үлкен үй-большой дом.

Іс-әрекет кезеңдері Тәрбиешінің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық- қозғаушылық Біздің үй» тақырыбына музыка әуенімен психологиялық жаттығу жасалады. Әдемі,үлкен үйдің мақетін көрсете отырып тәрбиеші: -Үй адамға не үшін керек?- сауалымен әңгіме жүргізеді. -Дұрыс айтасындар.Әр адамның үйі,баспанасы болуы керек.Үйді құрылысшылар салады. Үй салу өте үлкен еңбекпен келеді. Бейнетаспадан сәулетті ғимараттарды,үйлерді көрсетіп және олардың құрылысы туралы әңгімелеп түсінік беру. Балалар дөңгелене отырып,көздерін жұмып өз үйін, отбасын көз алдына елестіреді. Көздерін ашып, қандай үйде тұратындықтарын айтады. -Отбасымызбен тұру үшін. -Өмір сүру үшін. -Достарымызды, туыстарымызды үйге шақыру үшін. Балалар тәрбиешінің әңгімесін мұқият тыңдап, бейнетаспаны қарайды.
Ұйымдастырушылық - ізденістік Балалардың назарын 4-беттегі сюжетті суретке аудару. Тәрбиеші кейбір бір қабатты үйлерде қыста от жағатын пеш болатынын, ал ол пештің түтіні мұржадан шығатынывн айтып түсіндіреді. -Мына үй қандай геомерриялық фигуралардан құралған? -Бүгін біз осындай үйді геометриялық фигуралардан құрастырып жапсырамыз. Тәрбиеші кейбір бір қабатты үйлерде қыста от жағатын пеш болатынын, ал ол пештің түтіні мұржадан шығатынын айтып түсіндіреді. -Мына үй қандай геомертиялық фигуралардан құралады? -Бүгін біз осындай үйді геометриялық фигуралардан құрастырып жапсырамыз. Сергіту сәті. Тәрбиешінің қалауы бойынша бір ақының өлеңі оқылады. -Жұмысымызды жалғастырайық. -Балар, үйді қандай геометриялық фигуралардан жасадық? Балалар назарларын үлестірмелі материалдағы сюжетті сутерке аударады. -Үшбұрыш, тіктөртбұрыш, шаршы. Балалар6-беттегі 2.2-тапсырма бойынша жұмыс жасайды. Балалар өлең мазмұнына сәйкес қимыл-қозғалыстар жасайды. Жасап жатқан жұмыстарын әрі қарай жалғастырады. -Қабырғасын төртбұрыштан, шатырын үщбұрыштан, терезесі шаршыдан жасадық.
Рефлекциялық – түзетушілік -Үйдің түтін шығатын бөлшегін қалай атайды? Балаларға бір-бірінің жұмысын талдап, бағалату. -Мінеки, біз де Еңбекқорлығымыздың арқасында әдемі үй жасадық. Жарайсындар! Балалар бір-бірінің жұмыстарын өз білгендерінше бағалайды.

Жасайды: Дайын үлгіні қиып,ретімен жапсырады;

Түсінеді : Геометриялық фигураларды сәйкестендіріп қолдана білу ретін;

Қолданады: Сюжетті толықтыруды қиюдың түрлі әдіс-тәсәлдерін.

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық карталары.

«Эльзат» сәбилер тобы ----------------

Технологиялық карта

Тақырыбы: «Көңілді ойындар»

Білім беру саласы: Таным

Ұйымдастырылған оқу әрекеті: Сенсорика

Мақсаты: Зат құралдарын қолдануға үйретуді жалғастыру, аулағышты су құйылған ыдыстан қалқып жүрген ойыншықтарды аулауға пайдалануды үйрету. Ұйымшылдыққа, достыққа тәрбиелеу. Ұсақ қол маторикасын дамыту.

Әдіс-тәсілдер: Көрсету, сұрақ-жауап, түсіндіру.

Іс-әрекет кезеңдері Тәрбиешінің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық- қозғаушылық Қимыл-қозғалыс жаттығуы…. «Ғажайып қорапша» … Балаларға арналған қызықты тапсырма. Балалар тәрбиешіге қарап қимыл-қозғалыс жаттығуын орындайды. Қорапшаға назар аударады.
Ұйымдастырушылық-ізденістік Балаларды проблеманы шешуге бағдарлау: Балалар бүгін біздер мына суреттегі балалар секілді көңілді ойын ойнағыларың келеме олай болса ойынымызға кірісейік. 1-ші тапсырма Кірпілердің жоғалтқан инелерін тауып беруге көмектесу Кірпілерді көлеміне қарай орналастыру. 2-ші тапсырма Адасқан қояндарды түстеріне қарай өз үйлерін тауып беруге көмектесу 3-ші тапсырма Түстеріне қарай қасықпен моншақтарды ыдыстарға салу 4-ші тапсырма Суда жүзіп жүрген үйректерді аулау (ластанған судан құтқару) 5-ші тапсырма Аюға өз жемістерін тауып беруге көмектесу. (Ғажайып төсеніш) 6-шы тапсырма «Ақылды кітап» тапсырмасы.   Балалар тәрбиеші көрсеткен тапсырмаларды орындайды.     Тапсырманы орындауға қызығушылықтары арта түседі.     Тапсырманы бірлесе отырып орындайды.   Суретке қарап жұмыстанады.   Түстеріне қарап заттарды топтастыруға үйренеді.    
Рефлекциялық – түзетушілік Балалар қызметінің нәтижелерін талдау Ұ. о. іс – әрекетіне жақсы қатысқан балаларды мадақтайды. Көңіл-күй белгілеріне өздерінің алған әсерлерін білдіру үшін адемі гүлдерді орналастырады. Өз жұмыстарына риза болады.

 

Күтілетін нәтиже: Адамгершілік, ұжымшылдық қасиеттерді бойына сіңіреді.

Нені біледі: Балалар заттарды түстеріне қарай топтастыруды біледі.

Меңгеруі: Сенсорлық қасиеттерді ажыратуды меңгереді.


Поделиться:



Последнее изменение этой страницы: 2019-04-19; Просмотров: 354; Нарушение авторского права страницы


lektsia.com 2007 - 2024 год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! (0.016 с.)
Главная | Случайная страница | Обратная связь