Архитектура Аудит Военная наука Иностранные языки Медицина Металлургия Метрология
Образование Политология Производство Психология Стандартизация Технологии


«Паскаль» тілінің программа құрылымы.



Паскаль программасын жүктеу. Программаны жүктеу үшін PASCAL каталогынан PASCAL.EXE файлынан жүктеу керек. Мысалы, D:\PASCAL\PASCAL.EXE немесе Windows ортасында болсаңыз, онда С:\ВР\ВІN\ВР каталогтарын таңдаған дұрыс.

«Паскаль» тілінің программа құрылымы.

Программа программаның тақырыбынан және программа денесінен құрылады.

Программа тақырыбы: program кілттік сөзінен және қолайлы тізімді программа файылынан (input output)

Программа денесі (блок) алты бөліктен құрылады:

- белгілерді сипаттау бөлімі;

- тұрақтыларды сипаттау бөлімі;

- мәліметтер типін сипаттау бөлімі;

- айнымалыларды сипаттау бөлімі;

- процедуралар және функцияларды сипаттау бөлімі;

- операторларды сипаттау бөлімі.

Бөліктердің орналасу орнын өзгертуге болмайды. Кез-келген бөліктер (оператордан басқасы) жоқ бола алады.

Белгілерді сипаттау бөлімі

 label (қызметші сөзі) бөлімінде белгілер үтір арқылы ажыратылып жазылады.

 Мысалы label 3, 11 , 48, 2;

Тұрақтыларды сипаттау бөлімі

 const (қызметші сөзі)

Әрбір тұрақтыны анықтау үшін қандайда бір тұрақты мәнді белгілейтін идентификатор енгізіледі.

Мысалы: e=2,718281828;

              z=’8 Б класс’;

Мәліметтер типін сипаттау бөлімі

 type (қызметші сөзі)

Жұмыс барысында мәліметтердің стандартты типі жие қолданылады:

byte – бүтін (0-ден 255-дейін)

integer - бүтін (32768-ден 32767-дейін)

longint – (2147483648-ден 2147483647-дейін)

real - нақты (2,9Е-39 дан 1,7Е+38-дейін)

char - символьдық (кез-келген символ. Мысалы: f немесе №)

string – жолдық тип (кез-келген мәтін 0 ден бастап 255 символ)

boolean – логикалық тип {екі мәнді қабылдайды: FALSE (жалған) және TRUE (ақиқат)}

Егер өзіңіздің мәліметтер типін сипаттау қажет болса, онда оның типін көрсету қажет. Тип идентификатормен анықталады. Идентификаторды типті хабарлаудың сол жағында көрсетеді және ол осы типті хабарлау үшін сол типтің идентификаторы болып анықталады.

 Мысалы: seasans=(spr, or, kan, pak);

  Типті хабарлау seasans кілттік сөзінен, сипатталып отырған типтің идентификаторынан, = (тең) белгісінен, типтің анықтамасынан және; (нүктелі үтір белгісінен тұрады).

Интерваль тип: реттелген аралықта жазылады.

Мысалы: days =1..31;

manth=1..12;

z=’a’..’w’;

Айнымалыларды сипаттау бөлімі

var (қызметшісөзі)

Осы бөлімде программада берілетін барлық типі көрсетілген айнымалылар болу керек. Бірдей типтегі айнымалылар идентификаторлары үтір арқылы жазылады.

 i, kl, l: integer;

 a, b: real;

 hobidaus: seasans

Паскаль тілінде үш түрлі операторлардың көмегімен қайталанатын фрагменттерді программалауға болады (үш цикл операторы):

- параметр мәні бойынша циклды үйымдастыру цикл FOR;

- алдын-ала шартты тексеру операторы цикл WHILE ;

- шартты соңынан тексеретін цикл REPEAT...UNTIL.

Параметр мәні бойынша циклды үйымдастыруда айнымалылар цикл ішінде автоматты түрде k дан n-ге дейін қадам 1 арқылы өзгеріп отырады (n>k) 

Цикл форматының жазылуы: for i:=k to n do (for -үшін, to-дейін, do-орындау)

Немесе n-нен k-ғадейін (n>k) қадам 1.

Цикл форматының жазылуы: for i:=n dawnto k do (dawn-төмен, t о-дейін, dawnto-керіқарай) түінді сөздері пайдаланылады. Егер +1-ге тең болса, онда операторда to, ал қадам -1-ге тең болса, онда dawnto сөзі қолданылады.

Егер циклда бірнеше оператор орындалатын болса, онда оператор жақшасы қолданылады: begin …. end;

Қайталану саны алдынала белгілі болса цикл FOR операторын қолдану тиімді.

 

Жаттығу 1. Шарттарды қарастыра отырып, төмендегі тапсырмаларды орындап, нәтижесін ДЭЕМ-да алу.

1.1 Әрбір оператордың жұмысына көңіл аудара отырып, төменде көрсетілген программаның нәтижесін алу;

 

    Program prim;

    Var A,B,P,S: real;

    Begin

              read (a,b);

              P:=sqrt (a*b);

              S:=(a+b)/2;

    Writeln ('P=',P);

    Writeln ('S=',S)

    End.

Ескерту: А,В айнымалыларына сандық мәндер енгізуді ұмытпа.

1.2 Программа дұрыс құрылған ба? Қатені дұрыста.

    program pr2;

    var x: real;

    begin

              x:=y/a

    end.

1.3 Меншіктеу операторының жазылуында қандай қате жіберілді. Қатені дұрыста. 

    program pr3;

    var a,b : real;

    begin

              read (a);

              sin(b):=a

    end.

Жаттығу 2. Шарттарды тексере отырып, төмендегі тапсырмаларды орындап, ДЭЕМ-да нәтижелерін алу.

2.1 Қандай процесс жүргізілген және әрбір оператордың жұмысына көңіл бөлу керек.

    PROGRAM BICH;

    VAR X,Y: REAL;

    BEGIN

              READ (X);

    IF X>0 THEN Y:=LN(X)

              ELSE Y:=COS(X);

    WRITE ('Y=',Y);

    END.

2.2 Төмендегі программаның орындалу барысында қандай нәтиже алынады?

    PROGRAM UROK;

    VAR N: INTEGER;

    BEGIN

              READ (N);

    CASE _ N OF (* нач. опер. выб. *)

    1: WRITE LN ('МАТЕМАТИКА');

    2: WRITE LN ('ИНФОРМАТИКА');

    3: WRITE LN ('ФИЗИКА');

    4: WRITE LN ('ИСТОРИЯ');

    5: WRITE LN ('[BVBZ');

    END;

    ЕND.

 

Жаттығу 3. Цикл операторлары.

3.1 1-ден n-ге дейінгі барлық натурал сандардың қосындысын есептейтін программа құрыңыз.

program есеп3_1;

var i,n,s:integer;

Begin

writeln(' n натурал санын енгізіңіз'); readln(n);

s:=0;

for i:=1 to n do

              s:=s+i;

writeln('1-ден n-ге дейінгі қосынды',n,' = ',s);

End.

Берілген циклде I айнымалысы автоматы түрде 1-ден n-ге дейін қадам 1-ге өзгеріп отырады. Сондықтан s айнымалысына I қосылып отырады, басында 1-ге тең, сонан соң 2-ге, 3-ке тағы сол сияқты n-ге дейін есептеледі, s айнымалысына сәйкес 1, 3, 6, 10, 15 ….…мәндері қабылданады.

3.2 S=1 - 1/2 + 1/3 - 1/4 + 1/5-........ ± 1/n тізбегін есептейтін программа құрыңыз. М ұндағы n натурал сан .

program zadacha3_2;

var i,n,a:integer;

s:real;

Begin

writeln('n енгізіңіз');

readln(n);

s:=1;a:=1;

for i:=2 to n do

     begin

           a:=(-1)*a;

           s:=s+a/i;

     end;

writeln('Қатар қосындысы S= ',s);

End.

3.3. Натурал төрт таңбалы сандар санын анықтаңыз, сандардың қосындысы берілген N тең .

program есеп3_3;

var с1,с2,с3,i,n,kol:integer;

Begin

writeln(' n енгізіңіз');

readln(n);

kol:=0;

for i:=100 to 999 do

     begin

c1:=i div 100;

c2:=(i div 10) mod 10;

c3:=i mod 100;

           if c1+c2+c3=n then kol:=kol+1;

     end;

writeln('Мұндай сандардың саны = ',kol);

End.

 

Өз бетінше жұмысқа тапсырмалар:

Тапсырма 1. Төмендегі функцияларды есептеу программаларын құру керек /X,Y,Z – нақты айнымалылар/:

а)              б)

в)                     г)

д)            е)

ж)  х=-20, -15

з)           и)

к)

 

1. Барлық тақ үш таңбалы сандардың қосындысын есептеңіз.

2. 100 кіші, 7-ге еселі оң сандардың қосындысын есептеңіз.

3. N аралығында бөлінетін барлық сандарды табыңыз:

a) барлық екі таңбалы сан;

b) барлық үш ттаңбалы сан.

4. 1 ден n-ге дейінгі сандардың квадраттарының қосындысын есептейтін программа жазыңыз.

5. Екі таңбалы сандар арасында квадраттарының қосындысы 13-ке бөлінетін сандарды табыңыз.

6. n-ге бөлінетін барлық бөлгіштерді табыңыз.

7. n-натурал саны берілген. Есептеңіз:

a) 2n;              b) 3n               c) n!;

8. Төрттаңбалы сандардың ішінен таңдаңыз:

a) Барлық төрт саны әртүрлі болып келетін сандар (мысалы: 3167, 9012);

b) үш бірдей саны болатын (мысалы: 1311, 7779);

c) парымен әр түрлі сандар (мысалы: 1331, 7979, 2255);

d) сандары өспелі тізбектелген (мысалы: 1389, 4678);

 

9. 1000 кіші, 2 бөлгендеқалдық 1, 3 бөлгенде қалдық 2, 4 бөлгенде қалдық 3, 5 бөлгенде қалдық 4, 6 бөлгенде қалдық 5, ал 7 бөлгенде қалдық 6 қалатын сандарды іздеу.

Глоссарий

Программалау тілі – компьютерде өңделетін ақпаратты сипаттайтын және оларды түрлендіру алгоритмдерін жазуға арналған тіл .

Программа - есептің шешу алгаритмін мазмұндайтын өңдеуге келтірілген деректердің келтірілген тізбегі

Программаны мамандандыру - бұйрық компьютер орындайтын операцияларды сипаттау.

Компиляция - программалау тілінде жазылған алгоритмдерді процессор немесе атқару жүйесі командаларына түрлендіру.

Қызметші сөз – 1. Лекциялық бірлік, белгілі бір тілде жазылған қызметші сөз. 2. Сөз немесе табиғи тіл сөз тіркесі , құжат мәтінінен таңдалып және оның қолданылатын индексациясына арналған .

Орындалатын файлдар – кеңейтулері *.com, *.exe, *.bat, *.pif болып келген белгілі бір әрекетті орындай алатын програмалық файлдар.

Орындаушы – алгоритм орындайтын объекті.

Файл – белгілі бір атпен аталған дискідегі біртекті мәліметтер жиыны.

Файл атрибуты – файлды анықтаушыға мінездеме.

Әдебиеттер: [6], [7], [10], [11], [12], [13]

№12 ПРАКТИКАЛЫ Қ САБАҚ

Тақырыбы: Internet желісінде жұмыс. Компьютерлік желілер.

Сабақтың мақсаты: Web-парақтарды олардың URL-адресін броузердің адрестік жолы өрісіне енгізу арқылы жүктеуді және таңдалған сілтемелер көмегімен Web-парақтарды графикалық объектілермен бірге немесе олардан бөлек сақтауды үйрену, WWW-дағы навигация әдістерін гиперсілтемелер және навигация батырмалары көмегімен меңгеру, таңдаулы Web-парақтардың адрестерін таңдаулы сілтемелер тізімінде есте сақтау; кілттік сөздер арқылы ақпаратты іздеуді үйрену, FTP каталогтарын қарауды және Интернеттегі файылдарды жүктеуді үйрену, бетті жүктеуді тездетуді, қажет объектілерді жеке жүктеуді үйрену; Интернеттегі уақытша орын алған файылдардан диск кеңістігін тазарту.  

Жоспары

1. Кілттік сөздер бойынша ақпаратты іздеу.

2. Қарапайым веб-құжат құру.

Блиц-тест

1. Web-сайт жасауға арналған программалау тіліне ұқсас гипермәтіндік белгілеу тілі

a) HTTP;

b) HTML;

c) PASCAL;

d) JAVA;

e) PAINT.

2. Гипермәтінді көру программасы

а) Броузер

б) Блокнот

в) Ауқымды желі

г) Жергілікті желі

д) Интернет

3. FTP деген не:

а) Файлдарды жіберу хаттамасы

б) Ауқымды желі арқылы ақпаратты жіберу қызметі

в) Электрондық пошта қызметі

г) Жаңалықтар қызметі

д) Гипермәтіндік белгілеу тілі

4. Web-беті – бұл ........

a)  желі туралы барлық ақпарат саталатын құжат

b)  қолданушының ақпараты сақталатын құжат

c)  программа өнімдерінің мәлімет мәзері

d)  қолданушының файлы сақталатын құжат

e)   желідегі компьютерлердің әрекетін басқаратын аппараттық құжат

5. Word Wide Web - ……..

а) Дүние жүзілік өрмек

б) Интернет

в) Ақпараттық кеңістік

г) Жеке құжат

д) Гиперсілтеме

Бақылау сұрақтары

1. WWW негізгі түсініктері.

2. Wев парағын қалай құрамыз?

3. Браузер дегеніміз не?

4. Internet Explorer программасы көмегімен Интернеттегі мәліметтердің бірінен біріне қалай ауысуға болады?

5. Web парақтары қандай програманың көмегімен құрылыды?

6. Гиперсілтеме деген не?

7. Протокол дегеніміз не?

8. Веб сервер дегеніміз не?

 


Поделиться:



Последнее изменение этой страницы: 2019-04-21; Просмотров: 328; Нарушение авторского права страницы


lektsia.com 2007 - 2024 год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! (0.066 с.)
Главная | Случайная страница | Обратная связь