Архитектура Аудит Военная наука Иностранные языки Медицина Металлургия Метрология Образование Политология Производство Психология Стандартизация Технологии |
Сызбалар, есептер, ситуациялар. Бұдан басқа жаңа кітап жасау үшін Құру (Создать) батырмасын шертеміз
MS Excel электрондық кестесі іске қосылғаннан кейін автоматты түрде 1-кітап (Книга1) деген атпен жаңа кітап ашылады. Бұл кітаптың атын файлды сақтау кезінде өзгертуге болады. Бұдан басқа жаңа кітап жасау үшін Құру (Создать) батырмасын шертеміз немесе (Ctrl+N) қос пернесін басамыз. Жаңадан құрылған кітаптың аты 2-кітап, 3-кітап (Книга 2, Книга 3) т.с.с. болады. Microsoft Excel қолданушы интерфейсінің негізгі элементі дәстүрлі меню және құрал-саймандар панелінің орнына әр қосымша терезесінің жоғарғы бөлігінде тұратын лентаны көрсетеді. Онда үнемі қосымшалар көрініп тұрады: Негізгі, Қою, Бетті белгілеу, Формулалар, Мәліметтер, Рецензиялау, Түр, Өңдеуші. Лентаның көмегімен қажетті командаларды тез тауып алуға болады (басқару элементтері: батырмалар, ашылатын тізімдер, санауыштар, жалаушалар және т.б). Ерекшеленіп алынған ұяшықтағы мәліметті өңдеу және көру үшін формула жолының биіктігін үлкейтуге болады. Ол үшін Формула жолын ашу батырмасын немесе Ctrl+Shift+U батырмаларын таңдаңыз. Формулалар жолынан кейін кестенің соңына дейінгі аралықты электрондық кестенің жұмыс аймағы алып тұрады. Кестенің жолдары (қатарлары) санмен, ал бағаналары әріптермен таңбаланады. Төменгі қатар – Қалып-күй қатары, оған үстіміздегі уақыттағы компьютердің жұмысы немесе MS Excel кестесі жөнінде ақпарат шығып тұрады. Microsoft Excel кітабы жеке беттерден тұрады. Жаңа құрылған кітап 3 беттен тұрады. Кітапқа беттер қосуға болады. Беттердің максималды саны шектеусіз. Беттерді өшіруге болады. Кітаптағы минималды беттер саны- біреу. Беттерді көшіруге және орындарын ауыстыруға болады. Әрбір беттің атын өзгертуге болады. Кітаптағы беттер аты қайталанбайды. Беттерде кестелер, диаграммалар, суреттер және т.б. болуы мүмкін. Бір бетте 16834 баған, 1048576 жол болады. Бағандар ағылшын алфавитінің әріптерімен белгіленеді. Ал, жолдар араб цифрларымен аталады. Бірінші бағанның атауы А, соңғысы- XFD. Әрбір ұяшықтың баған атауынан және жол атауынан тұратын мекен-жайы болады. Мысалы, беттің ең жоғарғы сол жақ ұяшықтың адресі А1, ал ең оң жақ төменгі- XFD1048576. Ұяшыққа кез келген символдарды енгізгенде ол мәтін ретінде қабылданады, егер мәтіннің бірінші сөзі сан болса, міндетті түрде ‘(апостроф) белгісімен бастап жазу керек. Егер мәтін енгізіліп отырған ұяшықа сыймай қалса, оның оң жағандағы көрші ұяшық бос болған жағдайда, сол ұяшыққа жалғасып жазылады. Көршілес ұяшыққа босқа мәлімет енгізу кезінде, алдыңғы енгізілген мәтіннің ұяшыққа сыйып тұрған бөлігі ғана көрініп тұрады. Ал сыймай қалған бөлігін де көру үшін, мәлімет сол ұяшыққа сыятындай етіп, бағананың өлшемін кеңейту, үлкейту қажет. Форматтарды Главная → Число командасын орындағанда ашылған сұхбат терезенің Сан (Число) ішкі бетіндегі тізімнен Дата жолын таңдау арқылы көріп, өзгерте аламыз. Ұяшыққа енгізілетін уақыт шамасының форматтарын осы ішкі беттегі Уақыт (Время) жолын таңдау арқылы көріп, өзгертуге болады. Формулаларды міндетті түрде “=” теңдік немесе “+” қосу белгісінен бастап жазу керек. Мысалы, =2*3 немесе +2*3 формуласын жазу керек. Ал, С1 және Ғ5 ұяшықтарындағы сандардың қосындысын есептеу үшін, нәтиже орналасатын ұяшыққа кестелік курсорды орналастырып, =C1+F5 немесе +С1+Ғ5 формуласын теріп жазамыз. Есептеу нәтижесін формула енгізілгеннен кейін, кестелік курсор тұрған ұяшыққа жазылады. Формулалардағы амалдардың орындалу реті операторлардың көмегімен жазылады. Операторлар дегеніміз – іс әрекеттің орындалу ретін анықтайтын шартты белгілеулер. Көбейту, бөлу, азайту, қосу операторлары, яғни әр түрлі амалдарды орындау, шартты белгілеулер түрінде өте қысқа болып жазылады. Автотолтыруды күнтүзбелі мәліметтер тізімінің, уақытының, санының, сандар және мәтін қисынын ұяшықтың бір жолының немесе бір бағанның көршілес ұяшықтарына енгізу үшін қолдануға болады. Сонымен қатар, автотолтырудың өз тізімін жасауға болады. 1. Бірінші толтырылатын ұяшыққа тізімнің бастапқы мәнін енгізіңіз. 2. Ұяшықты ерекшелеңіз. 3. Автотолтыру маркеріне тышқан сілтегішін алып барыңыз (ерекшеленіп алынған ұяшықтың оң жақ төменгі бұрышындағы кішкентай қара төртбұрыш). Тышқан сілтегішін маркерге алып барғанда қара түсті крестке айналады. 4. Тышқанның сол жақ батырмасын басып тұрып, автотолтыру маркерін мәнді өзгерту жағына алып барыңыз. Оңға немесе төменге орын ауыстыру кезінде мәндер үлкейеді. Ұяшық ішіндегі мәліметті өзгерту үшін ұяшықты тышқанның сол жақ батырмасымен екі рет шерту қажет немесе ұяшықты ерекшелеп F2 пернесін басу керек. Одан кейін қажетті редактрлеу және мәліметті енгізуді растау жасау керек. Арифметикалық операторлар қосу, көбейту, алу сияқты арифметикалық операцияларды орындау үшін қолданылады. Келесі арифметикалық операторлар қолданылады.
(&) амперсант мәтіндік операторы бірнеше мәтіндік мәндерді біріктіру үшін қолданылады. Мысалы, “Тегі” & “Аты” & “Әкесінің аты” Сілтеме операторлары Ұяшық ауқымында сілтемелерді сипаттау үшін сілтеме операторлары қолданылады. (:)- ауқымның соңғы және бірінші сілтемелерінің арасына қойылады. Мысалы, В5:В15 (;)- біріктіру операторы. Мысалы, В5:В15; D5:D15 Бос орын- екі ауқымның бір ұяшықтарына сілтеме жасау үшін қолданылады. Мысалы, В7:D7 C6:С8. Excel программасында ұяшықтардың үш түрлі адрестері пайдаланылады: абсолюттік, салыстырмалы және аралас адрестер. Егер түрлі операцияларды орындау барысында операцияға қатысатын ұяшықтардың адрестері сәйкесінше автоматты түрде өзгеріп отыратын болса мұндай ұяшықтар салыстырмалы адресті болып есептелінеді. Әдетте (по умолчанию) Excel программасы іске қосылған кезде ұяшықтардың адрестері салыстырмалы адрестер болып тұрады. Ұяшықтармен жасалатын операциялар барысында ұяшықтың адресі тәуелсіз, өзгермейтін болса мұндай ұяшықтарды абсолют адресті деп атайды. Ұяшықтың абсолют адресін көрсету үшін сәйкесінше жол және баған аттарының алдына доллар ($) белгісін қойып жазады (мысалы, $A$2). Мұны бірден жазу үшін ұяшықты белгілеп, пернесін басу тәсілі де қолданылады. Аралас адресті деп ұяшықтың адресін көрсетуде салыстырмалы және абсолют адрестердің қатар қолданылған жағдайын айтады (мысалы, $A1, B$2). Ұяшықтардағы формулаларды көшіруде абсолют адрестер өзгермейді, салыстырмалы адрестер өзгереді.
|
Последнее изменение этой страницы: 2019-04-21; Просмотров: 275; Нарушение авторского права страницы