Архитектура Аудит Военная наука Иностранные языки Медицина Металлургия Метрология
Образование Политология Производство Психология Стандартизация Технологии


Тапсырма 1. «Деканат» деректер қорын жасау.



 

Деректер қорындағы мәліметтерді белгілі бір критерий бойынша бірнеше кестелерге бөліп, оларды бір-бірімен байланыстырған дұрыс. Access ДҚБЖ-де кестелерді байланыстыру үшін «Деректер сүлбісі» қолданылады.

Кесте жолдар мен бағандардан құралып, деректер қорында өрістердің айрықша атауы болады. Деректер қорының құрамында бір-біріне сәйкес келетін өрістердің көмегімен орнатылатын байланыстары бар көп кестелер болады. MS Access-те кесте арасындағы байланыстың төрт түрін қолдануға болады:

Бірден бірге (бірінші кестедегі әрбір өріс екінші кестедегі тек бір ғана өріске сәйкес келеді).

Бірден көпке (бірінші кестедегі әрбір өріс екінші кестенің бірнеше өрістерге сәйкес келеді).

Көптен бірге («один – ко – многим» жазбасына сәйкес)

Көптен көпке (бірінші кестедегі бір өріс екінші кестенің тек бір өріспен ғана байланыста болмайды немесе екінші кестедегі бір өріс бірінші кестенің тек бір өріспен ғана байланыста болмайды).

    MS Access реляциялық деректер қорын басқару жүйесі болып табылады. Реляциялық деректер қоры – қазіргі уақытта едәуір кең таралған және ақиқат өнеркәсіптік стандарт. Реляциялық деректер қорында барлық деректер тікбұрышты кесте түрінде сақталады әрі деректер қорымен орындалатын барлық операциялар кестелерде қолмен жасалып беріледі.

Тапсырма 1. «Деканат» деректер қорын жасау.

1. Жаңа «Деканат» деректер қорын жасаңыз. Жаңа деректер қорын жасау үшін:

·  «Жаңа деректер қоры» пунктін басыңыз;

· «Жаңа деректер қоры файлы» терезесінде Файл атауы өрісіне деректер қорының атауы ретінде Деканат атын беріңіз.

· Создать батырмасын басыңыз.

2.Деректер қорының кестесін жасау. Деректер қорының кестесінің алдымен құрылымын (жобасын) жасайды. Оны жасау үшін:

  • Ашылған терезеде «Деректер қоры» терезесінде СозданиеКонструктор таблиц таңдаңыз.
  • Ашылған Конструктор терезесінде жасалынатын кестенің өрістерін 1-кестеге сәйкес анықтаңыз. Кестенің өрістерін анықтау үшін:
  • «Өрістің аты» бағанындағы жолға бірінші өрістің атын Оқытушы_коды деп енгізіңіз;
  • «Деректер типі» бағанындағы жолда тізім батырмасына басып, деректердің Сандық (Числовые) типін таңдаңыз, ал «Өрістің өлшемін» Общие – Целое деп анықтаңыз.
  • Оқытушы_коды өрісін кілттік өріс етіңіз. Ол үшін саймандар панеліндегі кілттің суретіне басыңыз немесе жанама менюді шақырыңыз.
  • «Код» өрісіндегі деректерге шектеу енгізіңіз. Бұл деректер қайталанбауы қажет, өйткені оқытушылардың кодтары қайталанбауы тиіс, әрі оларды өзгерту мүмкіндігі қамтамсыз етілуі тиіс.
  • Общие бөліміндегі Индексированное поле параметрінің жолын шертіңіз. Тізімнен «ДА» пунктін таңдаңыз (бірдей болмау үшін)
  • «Оқытушылар» деректер қоры кестесіндегі қалған барлық өрістерді анықтау үшін 1- кестеге сәйкес жоғарыдағыдай әрекеттерді орындаңыз.

                                                                                      1-кесте 

Өрістің аты Деректер типі Өрістің өлшемі
Фамилиясы Мәтіндік 20
Аты Мәтіндік 15
Әкесінің_аты Мәтіндік 25
Туған_күні Күн/уақыт Өрістің форматы: Қысқа
Қызметі Мәтіндік 9
Пән_коды Сандық Бүтін
Пән Мәтіндік 11
Телефон Мәтіндік 9
Жалақы Ақшалық Өрістің форматы: Негізгі

 

· Жасалған кестені Оқытушылар деген атпен сақтаңыз. Ол үшін «Жабу» белгісін басыңыз. Ашылған терезеде кестенің атын сұрайды, сіз Оқытушылар деп теріп, ОК батырмасын басыңыз.

Тапсырма 2. Деректер қорын өңдеу (редакторлау).

Ол үшін жобасын жасаған кестенің Конструктор режиміне өтіңіз. Егер сіз деректер қоры терезесінде болсаңыз, онда Оқытушылар кестесінде тышқанның оң жақ батырмасын басып, тізімнен Конструкторды таңдаңыз.

«Қызметі» өрісіне енгізілетін деректерге шектеу қойыңыз; тек қана Профессор, Доцент немесе Ассистент сөздері енгізілуі керек.

    Енгізілетін деректердің мәніне шарт қою үшін үшін:

· «Қызметі» өрісін шертіп, Общие бөлімінің терезесінің төменгі жағындағы Условие на значение дегенге өтіңіз.

· Өрнекті құрастырушы арқылы мәндерге шарт қою үшін мынадай ¼ батырманы шертіңіз.

· Пайда болған терезеде Профессор сөзін жазып, одан соң Or батырмасын шертіңіз (бұл батырма НЕМЕСЕ деген қызметті атқарады), одан соң Доцент сөзін жазып тағы да осы батырманы шертіңіз, Ассистент сөзін жазып <ОК> батырмасын шертіңіз. Осылайша «Қызметі» өрісіне тек Профессор, Доцент, Ассистент мәндері ғана енгізіледі.

· «Қызметі» өрісіне дұрыс емес деректер енгізілген жағдайда экранға шығатын қате туралы хабарламаның мәтінін анықтау. Қате туралы хабарлама (Сообщение об ошибке) жолына «Ондай қызмет жоқ, деректерді дұрыс енгізіңіз» деген сөйлем енгізіңіз.

· «Қызметі» өрісіне үнсіз келісім бойынша шығатын мән етіп Доцент сөзін анықтаңыз.

· Конструктор режимінен шығыңыз.

Тапсырма 3. Кесте режимінде жұмыс.

1. Кесте режимінде деректерді енгізу мен редакторлау жүреді. Жобаланған кестеңіздің Кесте (Таблица) режиміне өтіңіз. Ол үшін кесте атауында екі рет шертіңіз

2. Кестеңізді төмендегі 2-ші кесте сияқты етіп толтырыңыз. «Қызметі» өрісіне дұрыс емес деректер енгізілген жағдайда (мысалы, Лаборант сөзін) не болатынын байқаңыз. Экранда «Ондай қызмет жоқ, деректерді дұрыс енгізіңіз» деген хабарлама шығады. Дұрыс сөзді енгізіңіз.

                                                                                               2-кесте

Код Фамилия Аты Әкесінің аты Туған жылы Қызметі Пән коды Пән Жала- қысы
1 Жарасов Саят Байболович 23.10.1954 Професcор   Статистика 89000
2 Айтов Орал Айтович 25.07.1940 Доцент   Экономика 72000
3 Омаров Назар Маратович 05.12.1967 Доцент   Математика 77600
4 Сергеева Ольга Ивановна 12.02.1972 Ассистент   Математика 54500
5 Иванов Павел Петрович 16.02.1951 Доцент   Экономика 78900
6 Салимова Раушан Ахановна 30.05.1966 Доцент   информатика 77900
7 Омаров Оспан Маратович 30.071948 Доцент   Физика 78900

 

Кестеде іздеу жасау.

Мысалы, Оқытушы Омаровқа іздеу жасау үшін:

· «Фамилия» өрісінің бірінші жолына курсорды орналастырыңыз;

· Главная – Найти командасын орындаңыз;

· Пайда болған терезенің Образец параметрінің жолында Омаров деп теріңіз;

· <Найти> батырмасын шертіңіз. Омаров сөзі белгіленіп, курсор сол сөз орналасқан 3 –жолға ауысады;

· <Найти далее> батырмасын шертіңіз. Курсор соңғы жазбаға, 7-жолға ауысып, келесі Омаровты айрықшалайды;

· <Закрыть> батырмасын шертіп, іздеу режимінен шығыңыз.

4. Деректерді алмастыру. Ассистент Сергееваның жалақысын 54500-ден 60000-ға алмастыру керек. Ол үшін:

· «Жалақысы» өрісінің бірінші жолына курсорды қойыңыз;

· Главная – Заменить командасын орындаңыз.

· Пайда болған терезенің Образец жолында 54500 санын теріңіз;

· Заменит на жолына 60000 санын теріңіз.

· < Заменить все > батырмасын шертіңіз. Нәтижесінде деректер алмастырылады.

Тапсырма 4. Үш кесте жасаңыз: Студенттер, Бағалар және Пәндер.

1. Студенттер кестесін жасау үшін төменде берілген 3-кестеге сәйкес кестенің өрістерін анықтап алып, Студенттер кестесінің құрылымын Конструктор арқылы жасаңыз.

                                                                                                          3-кесте.

Өрістің аты Деректер типі Өрістің өлшемі
Студенттің коды Сандық Бүтін
Фамилия Мәтіндік 15
Аты Мәтіндік 12
Әкесінің аты Мәтіндік 15
Топ номері Сандық  
Телефон Мәтіндік  
Стипендия Логикалық  

 

Кілттік өріс ретінде «Студенттің кодын белгілеңіз» беріңіз. Ол үшін «Студенттің кодын» өрісін шертіп, одан соң саймандар панеліндегі батырмасын шертіңіз немесе Конструтор-Ключевое поле командаларын орындаңыз. Кестені Студенттер деген атпен сақтап, кестені жабыңыз.

1. Пәндер кестесін төмендегі 4-ші кестеге сәйкес жасаңыз.

                                                                 4-кесте

Өрістің аты Деректер типі Өрістің өлшемі
Пән коды Сандық Бүтін
Пән аты Мәтіндік 30

 

Кілттік өріс ретінде «Пән кодын беріңіз» Кестелер кейін форма режимінде толтырылады. Кестені Пәндер деген атпен сақтап, кестені жабыңыз.

2. Бағалар кестесінің құрылымын төмендегі 5-ші кестеге сәйкес жасаңыз.

                                                                             5-кесте

Өрістің аты Деректер типі Өрістің өлшемі
Студент коды Сандық Бүтін
Пән коды Сандық Бүтін
Бағалар Сандық Бүтін

 

Ескерту: Бұл кестеде кілттік өрісті жазудың керегі жоқ, өйткені деректер қайталануы мүмкін. Кестені Бағалар деген атпен сақтап, кестені жабыңыз.

Құрылымы анықталған бұл кестелер кейін форма режимінде толтырылады.

Тапсырма 5. Деректер схемасын құру, яғни кестелер арасындағы байланыстарды орнату. Оқытушылар, Студенттер, Бағалар, Пәндер кестелерін өзара байланыстыру керек. Ол үшін:

· Работа с базами данных – Схема данных командаларын таңдаңыз, сонда экран «Схема данных» терезесі шығады;

· Пайда болған терезе кестенің атын белгілеп, <Добавить> батырмасын басып, келесі кестенің атын белгілеп қайтадан <Добавить> батырмасын басыңыз. Осылайша қалған кестелердің барлығын экранға шығарып, схемаға қосыңыз.

· <Закрыть> батырмасын басып терезені жабыңыз.

· Енді Пәндер мен Бағалар кестелерінің арасындағы байланысты орнату керек. Ол үшін курсорды Пәндер кестесіндегі Пән коды өрісінің атына апарып, тышқанның сол жақ батырмасын шертіп, жібермей басқан күйі Бағалар кестесінің Пән коды өрісінің атына апарыңыз, тышқан батырмасын босатыңыз. Экранда «Связи» терезесі ашылады;

· Обеспечение целостности данных қасиетінің тұсына тышқанның сол жақ батырмасын шертіп жалауша (Ö) орнатыңыз.Егер екі өрістіңтиптері бірдей болмаса, бұл жалаушаны орната алмайсыз. Сондықтан олардың типтері бірдей болуы керек.

· Каскадное обнавление связанных полей және Каскадное удаление связанных записей қасиеттеріне де жалауша орнатыңыз.

· <Создать> батырмасын шертсеңіз байланыс орнатылады.

· Осындай ретпен Пәндер кестесіндегі және Оқытушылар кестесіндегі «Пәндер коды» өрістерін өзара байланыстырыңыз.

· Студенттер кестесі мен Бағалар кестесіндегі Студент коды өрістерін өзара байланыстырыңыз.

Макетті сақтап терезені жабыңыз.

Тапсырма 6. Пішін шебері көмегімен Пәндер пішінін жасау.

· Деректер қоры терезесінде Создание – Формы- Мастер форм бөлімін таңдаңыз.

· Ашылған Создание форм атты сұхбат терезесінде Таблицы и запросы бөлімінен төменгі жағындағы тізімдегі тілше батырмасын басып пайда болған тізімнен Пәндер кестесін таңдаңыз;

· Доступные поля бөлімінен пішінге орналастыратын өрістерді таңдаңыз. Бұл жаттығуда барлық өрістер қажет, сондықтан алдымен >>, одан соң Далее  батырмаларын басыңыз

· Енді пішіннің сыртқы түрін – кестелік (табличный) етіп беріңіз. Далее батырмасын басыңыз.

· Өзіңіз қалаған стиль түрін таңдап, тағы да  Далее батырмасын басыңыз.

· Пішінге Пәндер деп ат беріп, Готово батырмасын басыңыз. Жасалынған пішінді 6-кестедегідей етіп толтырыңыз. Сақтап, пішінді жабыңыз.

 6-кесте

Пән коды Пән аты
1 Информатика
2 Математика
3 Физика
4 Экономика

Тапсырма 7. Кесте режимінде Оқытушылар кестесін толтыру керек. Ол үшін:

· Деректер базасының терезесінде Таблицы бөліміндегі өздеріңіз алдыңғы практикалық тапсырмаларда құрылымын жасаған Оқытушылар кестесін тышқанның сол жақ батырмасын екі рет шертіп басыңыз.

· Пән коды өрісін 6-кестедегідей етіп толтырыңыз. Кестені сақтап жабыңыз.

Тапсырма 8. П ішін режимінде Студенттер кестесін толтыру керек.

А) Студенттер пішінін жасау үшін:

· Деректер базасының терезесіндегі Создание – Формы- Конструктор форм батырмасын басыңыз;

· Ашылған терезенің төменгі жағынан Студенттер кестесін таңдаңыз;

· Автопішін (Автоформа) пунктінен: ленталық түрін белгілеп, <ОК> батырмасын басыңыз. Нәтижесінде деректер енгізілетін пішін жасалынды.

Б) Студенттер кестесін 7-кестеге сәйкес пішін көмегімен .

                                                                                                 7-кесте

Студент коды Фамилиясы Аты Әкесінің аты Топ Телефон Стипендия
1 Арбузов Николай Николаевич ФК-1 21-27-24 Иә
2 Киршин Петр Иванович ФК-2 22-03-05 Иә
3 Аманов Самат Сагинович ФК-3 21-29-30 Жоқ
4 Алиев Қанат Жанатович ФК-4 24-25-21 Иә
5 Асанов Аман Алиевич ФК-5 52-23-21 Иә
6 Жолдасов Жұмабек Бакытович МК-1 25-21-52 Жоқ

 

В) Пішінге Студенттер деген ат беріп сақтап, пішінді жабыңыз.

Тапсырма 9. Конструктор арқылы пішін жасау.

Осы тәсілмен Бағалар пішінін жасап үйренейік. Ол үшін:

· Создание – Формы- Конструктор таңдаңыз. Пайда болған терезеден Бағалар кестесін таңдап, ОК батырмасын басыңыз. Осы кестенің негізінде пішін жасалады.

· Экранға Конструктор режиміндегі пішіннің терезесі шығады. Саймандар панеліндегі Список полей (өрістер тізімі) батырмасын басыңыз. Ctrl клавишасын сол қолыңызбен жібермей басып отырып, барлық өрістерді белгілеңіз. Бұл өрістерді тышқанның сол жағын басқан күйі деректер облысына жылжытып алып барыңыз.

· өрістер тізімі терезесін жабыңыз. Енді элементтерді пішіннің алаңына қалауыңызша ыңғайлы орналастырыңыз.

· Студент коды өрісіндегі текстің өлшемін 18 деп беріңіз. Жазбаның өлшеміне сәйкес элементтің өлшемін ұлғайту үшін Формат – размер – по размеру данных командасын орындаңыз. Пішінде Бағалар деген атпен сақтап, жабыңыз.

А) Деректер базасының терезесінде Бағалар деген пішін пайда болды. Осы пішіннің атына тышқан курсорын курсорын апарып екі рет шертіңіз. Ашылған пішін терезесінде Бағалар кестесін төмендегі 3-кестеге сәйкес толтырыңыз.

Студент коды Пән коды Бағалар
1 1 4
1 2 5
1 3 4
1 4 4
2 1 5
2 2 5
2 3 4
2 4 4
3 1 3
3 2 5
3 3 4
3 4 3
4 1 4
4 2 4
4 3 5
4 4 4
5 1 5
5 2 5
5 3 5
5 4 5
6 1 5
6 2 4
6 3 5
6 4 4

 

Консруктор режимінде элементтер панелінің көмегімен заставка түріндегі пішінді өз бетіңізбен жасап көріңіз. Бұл пішінде өздеріңіз жасаған бар жасалынған пішіндерді ашатын батырмалар орналасады.

 

Глоссарий.

Мәліметтер қоры дегеніміз ақпаратты сақтауға жәнежинақтауға арналған ұйымдасқан құрылым.

Кесте – бұл объект деректерді жол және баған түрінде сақтауға арналған, әдетте кесте нақты мағлұматты сақтау үшін пайдаланады.

Сұраныс – керекті деректерді бір немесе бірнеше кестелерден алуға рұқсат беретін объект.

Кодтау - деректерді олардың кодтық комбинациясымен теңестіру. Деректер элементі мен символдар жиынтығының арасындағы теңестіру.

Логикалық – логикалық мәліметтерді сақтауға арналған тип (Иә немесе Жоқ деген мәліметтерді қабылдайды). Байланыс түйіндері бір-бірінен онша қашық орналаспаған, жалпы мақсаттағы байланыс құралдарын пайдаланбайтын компьютер желісі. Мамандандырылған есептерді шығаруға арналған.

Мәліметтерді сұрыптау - белгіленген ережелер бойынша белгілі бір жиын элементтерін топтарға жіктеу.

Санауыш – жазбаларды автоматты түрде нөмірлеуге арналған мәліметтер типі.

Фильтрлеу – деректердің нақты мәндерінің алдын-ала қабылданған мәндерге сәйкестігін тексеру.

Әдебиеттер: [1], [2], [3], [19], [22], [24], [25]

№10 ПРАКТИКАЛЫҚ САБАҚ

Тақырыбы: Алгоритмдер. Блок-схеманы құру. Сызықтық, тармақтық және циклдық алгоритмдер.

Сабақтың мақсаты: Алгоритм ұғымы, алгоритм қасиеттері, алгоритмдерді жазу түрлері мен құрылымдарымен студенттерді таныстыру; сызықтық, тармақталған және циклдық құрылымды алгоритмдерді құрастыру дағдылары мен іскерліктерін қалыптастыру.

Жоспары:

1. Сызықтық құрылымды алгоритмдер.

2. Тармақталған құрылымды алгоритмдер.

3. Циклдық құрылымды алгоритмдер.

Блиц – тест:

1. «Алгоритм» термині қашан қайда пайда болды?

A) ІХ ғасыр, Франция;        B) ХІХ ғасыр, Англия;

C) ХХ ғасыр, АҚШ;     D) ІХ ғасыр, Хорезм;       E) ІХ ғасыр, Грекия.

2. Алгоритмнің негізгі қасиеттері:

A) дәлдігі, дискреттілік, жалпылық;  B) дәлдігі, нәтижелік, ақырғылық;

C) дәлдігі, дискреттілік, жалпылық;

D) дәлдігі, дискреттілік, жалпылық, ақырғылық;

E) дәлдігі, дискреттілік, жалпылық, нәтижелік, түсініктілігі.

3. Алгоритмнің берілу әістері:

A) блок-схема; B) формула, кесте;   C) блок-схема, формулалар, кестелер, сөзбен, нртация; D) блок-схема, арнайы символдар;

E) ілесу, тармақталу, цикл.

4. Алгоритмдердің қайсы түрінде командалар ретімен орындалады?

A) тармақталған;            B) циклды;     C) ағаш тәріздес;

D) дұрыс жауабы жоқ;       E) сызықты.

5. Аталғандардың ішінен алгоритмнің типтерін көрсетіңіз:

A) бір рет қолданатын, екі жақты, қайталанатын;

B) бір деңгейлік, көп деңгейлік, циклдық;

С) бір функционалдық, көп функционалдық, дөңгелек;

D) сызықтық, тармақталған, циклдық;

E) сызықтық, квадраттық, сатылық.

6. Алгоритм циклдық болып аталады, егер:

A)алгоритмдік командалар тізбегі реті бойынша бір рет қана орындалса;

B)кейбір шарттың ақиқаттығы немесе жалғандығына байланысты командалар сериясының бірі немесе екіншісі орындалатын болса;

C)кейбір шартқа байланысты цмкл денесі қайталанып орындалатын болса;

D)кейбір шарттың ақиқаттығы немесе жалғандығына байланысты командалардың реті шексіз қайталанса;

E)нәтиже кейбір шартқа тәуелді болса.

7. Алгоритм тармақталған болып аталады, егер:

A)алгоритмдік командалар тізбегі реті бойынша бір рет қана орындалса;

B)кейбір шарттың ақиқаттығы немесе жалғандығына байланысты командалар        

сериясының бірі немесе екіншісі орындалатын болса;

C)кейбір шартқа байланысты цикл денесі қайталанып орындалатын болса;

D)кейбір шарттың ақиқаттығы немесе жалғандығына байланысты командалардың реті шексіз қайталанса;

E)нәтиже кейбір шартқа тәуелді болса.

8. Қайталанатын командалар цикл – дейін деп аталады, егер:

A)командалар шексіз қайталанатын болса;

B)белгілі бір шартқа бағыныңқы болса;

C)цикл денесі шарт тексерілгенге дейін ең болмағанда бір рет орындалатын болса;

D) шарт орындалғанға дейін бірде бір рет орындалмауы мүмкін болса;

E)барлық жауаптар дұрыс емес болса.

9. Қайталанатын командалар цикл - әзір деп аталады, егер:

A)командалар шексіз қайталанатын болса;

B)белгілі бір шартқа бағыныңқы болса;

C)цикл денесі шарт тексерілгенге дейін ең болмағанда бір рет             орындалатын болса;

D) шарт орындалғанға дейін бірде бір рет орындалмауы мүмкін болса;

E)барлық жауаптар дұрыс емес болса.

Бақылау сұрақтары:

1. ЭЕМ көмегімен есеп шығару технологиялық тізбегін атаңыз.

2. Алгоритм ұғымына анықтама беріңіз.

3. Алгоритмдердің негізгі қасиеттерін атаңыздар.

4. Алгоритмдердердің негізгі құрылымдарын және құрылымдық элементтерін атаңыздар.

5. Алгоритмдерді жазу түрлерін көрсетіңіздер.


Поделиться:



Последнее изменение этой страницы: 2019-04-21; Просмотров: 270; Нарушение авторского права страницы


lektsia.com 2007 - 2024 год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! (0.119 с.)
Главная | Случайная страница | Обратная связь