![]() |
Архитектура Аудит Военная наука Иностранные языки Медицина Металлургия Метрология Образование Политология Производство Психология Стандартизация Технологии |
Мәліметтер қорындағы өрістердің қасиеттері
Мәліметтер қоры – ақпаратты ұйымдастырылған түрде сақтауға арналған құрылым. Мәліметтер қоры ұғымымен деректер қорын басқару жүйесі тығыз байланысты. МҚБЖ деп жаңа қордың құрылымн жасауға, оны мәліметпен толтыру, түзету және визуализциялауға мүмкіндік беретін программалық кешенді айтады. Егер де деректер қорында ешбір мәлімет болмаса бұл – бос деректер қоры деп атайды. Қорда мәлімет болмағанымен, онда қордың құрылымы бойынша ақпарат бар деп айтады. Кез келген деректер қорының негізгі объектісі – кесте болып саналады. Әрбір кестенің өзінің бағандары мен жолдары болады, деректер қорында оларды өрістер(поля) мен жазбалар(записи) деп атайды.
Мәліметтер қорындағы өрістердің қасиеттері 1. Өріс аты (имя поля) – автоматты операцияларды жүргізген кезде өрістерді хабарлау. 2. Өріс типі (тип поля) – берілген өрісте сақталатын деректердің типін анықтайды. 3. Өріс өлшемі (размер поля) – берілген өрісте сақталатын деректердің ені бойынша шектелуін көрсетеді. (символдар бойынша) 4. Өріс форматы (формат поля) – ұяшықтардағы мәліметтерді форматтау тәсілін анықтайды. 5. Енгізу маскасы (маска ввода) – ұяшықтарға деректердің енгізілу түрін анықтайды. 6. Жазылуы (подпись) – берілген өрістің кестедегі хабарлануын анықтайды. 7. (значение по умолчанию) – көрсетілетін мән ұяшықтарға автоматты түрде енгізіледі. 8. (условие на значение) – енгізілетін мәліметті тексеру мақсатында қойылатын шектеу. 9. Қате туралы хабар (сообщение об ошибке) – ұяшыққа қате мәліметті енгізген кезде автоматты түрде шығатын сұхбаттық хабар. 10. Міндетті өріс (обязательное поле) – деректер қорын толтырғанда бұл өрістердің міндетті толтыруын анықтайды. Мәліметтер типі Мәтіндік (текстовый) – мәтіндік ақпаратты сақтауға арналған тип (255 символға дейін). Мемо өрісі (поле Мемо) – үлкен көлемді мәліметті сақтауға арналған арнайы тип (65535 символға дейін). Сандық (числовой) – нақты сандық мәліметті сақтауға арналған тип. Дата/время – календарлық күндер мен ағымды уақытты сақтауға арналған тип. Ақшалық (денежный) – ақшалық мәнді сақтайтын тип. Счетчик – автоматты түрде өсірілетін натуралды сандарды сақтайтын арнайы тип. (мәндері қайталанбайды). Логикалық – логикалық мәліметті сақтайтын тип. Екі мәнді қабылдайды: Иә - Жоқ OLE объектісінің өрісі (поле объекта OLE)- мультимедиялық ақпаратты сақтауға арналған арнайы тип. (Excel кестесі, Word құжаты, т.б.) Гиперссылка – Интернеттің Web-объектілерінің адрестерін сақтауға арналған тип.
Мәліметтер қорын басқару жүйесінің негізгі объектілері Кесте – біріншіден, кестеде мәліметтер сақталады, екіншіден, қордың құрылымын сақтайды (өрістер, олардың типтері мен қасиеттері). Сұраныс(Запросы) – бұл объект кестедегі ақпаратты пайдаланушыға ыңғайлы түрде алып шығуға мүмкіндік береді. Сұраныстың көмегімен ақпаратты сұрыптайды, сүзгілейді және қажетті алгоритм бойынша жаңа кестелерді құруға болады. Форма – мәліметті енгізу құралы, бұның көмегімен пайдаланушыға тек толтыруға қажетті өрістерді көрсетіп, артығын жасырып тастауға болады. Форманы қалауымызша безендіруге болады. Отчет - өзінің қасиеті бойынша формаларға ұқсас, бірақ ең басты айырмашылығы отчет мәліметтерді баспаға (қағазға) шығаруға дайындайды. Сондықтан да оның бет нөмірін, колонтитулды, отчеттың жасалған күнін көрсететін арнайы мүмкіндіктері бар. Макрос және модуль – қайталанатын операцияларды автоматтандыру мақсатында қолданады. Макростар ДҚБЖ-ң ішкі командалар тізбегінен тұратын және деректер қорымен жұмысты автоматтандыратын негізгі құралы болып табылады. Модульдер Visual Basic for Applications программалу тілінің көмегімен жасалынады. Құрастырушы бұның көмегімен деректер қорына бейстандарт мүмкіндіктерді енгізе алады. 1 тапсырма. Access МҚБЖ-інде жаңа мәліметтер қорын құру. 1. Программаны іске қосу үшін: Пуск →Все программы- MS Access . . . 2. Файл→Создать→Новая база данных(Имя файла терезесіне Database1.accdb орнына өз тобыңыздың атын және атыңызды жазыңыз, мәселен, 1ГМК_***. Accdb)→Создать. 3. Таблица1 атын Автосалон деп сақтаңыз. 4. Таблица1 сұхбат терезесінде өрістердің аты мен берілгендердің типін жазамыз. Ол үшін Щелкните для добавления батырмасын басқанда пайда болған тізімнен өріске енгізілетін мәліметтің типін таңдаймыз. Мысалы, Кестедегі Модель өрісі (баған) текст, жүрген жолы число және т.с.с. болады. Поле1 жазуын Модель деп өзгертеміз. 5. Кестені толтырыңыз. Автосалон кестесі
2 тапсырма. Конструктор режимінде кесте құру. Конструктор — мәліметтер базасы объектілерінің (кестелер, мұраныстар, формалар, басылымдар, макростар, модульдер) қасиеттерін анықтау режимі. Конструктор — кесте өріс аттарының тізімін құрастыру және әрбір өрістің қасиеттерін беру арқылы жазылады. 1.Создание→Конструктор таблиц батырмасын таңдаңыз. 2.Кестеге өріс аттарын, сәйкес өріс типтерімен бірге белгілеп толтырыңыз. 3. Барлық кестені 10 жолдан толтырыңыз.
Автор
2.Баспа түрі
Баспа
Баспагер
5.Оқырмандар
Глоссарий. Мәліметтер қоры дегеніміз ақпаратты сақтауға жәнежинақтауға арналған ұйымдасқан құрылым. Кесте – бұл объект деректерді жол және баған түрінде сақтауға арналған, әдетте кесте нақты мағлұматты сақтау үшін пайдаланады. Сұраныс – керекті деректерді бір немесе бірнеше кестелерден алуға рұқсат беретін объект. Форма - Microsoft Access объектісі негізінен деректерді енгізу үшін арналған. Форма тек қолданушыға тек толтыруға рұқсат етілген өрістерді толтыру құралдарын ұсынады. Есептер – Microsoft Access деректер базасының объектісіндегі деректерді басып шығаруға арналған. Макростар – бұл макрокомандалар. Макрокоманда – бірнеше командалардың бір командаға топталған және оған клавиштар комбинация бөлінген. Модульдер – бұл Visual Basic тілінде жазылған програмалық процедуралар. Деректер базасының көбісінде кестелік құрылым бар. Өріс – бұл кестенің элементі. Әрбір өрістің аты бар. Өрісте оның типі беріледі. Өрістің типтері: текстік, сандық, күні, уақыты, ақшалық, OLE объектінің типі ( суреттер, клиптер және т.б. ), МEMO (ұзақ текст) типі, санаушы (счетчик) өрісі. Әдебиеттер: [1], [2], [3], [19], [22], [25] №9 ПРАКТИКАЛЫҚ САБАҚ Сабақтың тақырыбы: Кестелер арасында байланыстар құру. Access МҚБЖ-де формалар құру. Жұмыстың мақсаты: МҚБЖ Access –де кестелер арасында байланыс орнатуды үйрену және ақпарат іздеу үшін өзара байланысқан кестелерді қолдану. Жоспары: 1. Деректер сұлбасы (Схема данных). 2. Кестелер арасындағы байланыс түрлері. 3. Кестелер арасында байланыстар орнату. Блиц-тест 1. Мәліметтер қорында бағандар қалай аталады? А) жазбалар В) өрістер С) бағаналар Д) ұяшықтар Е) жолдар. 2. ACCESS МҚБЖ қай терезесінде байланыс орнатылады. А) негізгі терезеде; В) «Байланыс» терезесінде; С) МҚ терезесінде; Д) туынды терезесінде; Е) «Берілгендер схемасы» терезесінде. 3. Кесте өрісінің типі: А) берілген өріске енгізілетін символдардың ақырғы ұзындығын анықтайды; В) берілген өрістегі мәліметтер типін анықтайды; С) енгізудің түрін анықтайды; Д) кестенің бағанының тақырыбын анықтайды; Е) мәліметтерді енгізудің дұрыстығын тексереді Бақылау сұрақтары: 1. Кестелер арасында байланыс қалай құрылады? 2. Кестелер арасында байланыс қандай мақсаттар үшін орнатылады? 3. «Берілгендер схемасы» терезесі не үшін қажет? 4. Белгілі шарттарды қанағаттандырып құрылған кестені не деп атайды? 5. Өрістердің атын қандай команданың көмегімен өзгертуге болады, тағы қандай амалдар жасауға болады? |
Последнее изменение этой страницы: 2019-04-21; Просмотров: 239; Нарушение авторского права страницы