Архитектура Аудит Военная наука Иностранные языки Медицина Металлургия Метрология
Образование Политология Производство Психология Стандартизация Технологии


В. Галлюциногендер (психомиметиктер, психодизлептиктер)



•      Диэтиламид лизергин қышқылы

•      Мескалин

•      Псилоцибин

•      Фенциклидин

Г. Каннабиодтар

•      Тетрагидроканнабинол

•      Каннабигерол

•      Каннабидиол

Д. Никотин

Наркогенділік дәрежесіне қарай:

•      Жоғары (героин, метадон, кокаин)

•      Орташа (алкоголь, тетрагидроканнабинол, кодеин, алпразолам)

•      Төмен (оксазепам, никотин, кофеин)

Наркомания (нашақорлық) синдромы

Наркомания дегеніміз адамдардың психикасына әсер ететін заттарға тәуелділігі. Наркомания (грек тілінен- меңіреу, естен айырылу, құштарлық)- белгілі наркотикалық заттарды қабылдау нәтижесінде туындайтын созылмалы ауру .

Наркоманияда (нашақорлық) комплексті психикалық, неврологиялық, вегето-соматикалық бұзылыстар және жеке тұлғаның терең өзгерістері болады.

Наркомания (нашақорлық) патогенезі

Наркомания дамуында 3-кезеңді ажыратады:

1. Бастапқы кезең (адаптация кезеңі). Бұл кезеңде ұйқы бұзылуы, тез шаршағыштық, тітіркенгіштік, гиперестезия түрінде сезімталдықтың бұзылуы т.б. байқалады. Бірінші кезеңде екі синдром анықталады:

•      Ағза реактивтілігінің өзгерген синдромы. Ол кезде наркотикалық заттарға қорғаныс реакциялары (жүрек айну, құсу) жоғалады.

•      Психикалық тәуелділік синдромы. Бұл кезде наркотикалық заттар көңіл-күйді көтереді.

2. Физикалық тәуелділік кезеңі. Бұл кезең наркотикалық затқа толеранттылық жоғарлаудан пайда болады.

•      Физикалық тәуелділік синдромы.Осы жағдайда науқаста артерияльды гипертензия,тахикардия,көп сөйлегіштік,қозғалғыштық,бозару байқалады.

•      Абстиненция синдромы. Психикалық,неврологиялық,вегетосоматикалық бұзылыстар болады.

3. Жүдеу кезеңі. Бұл наркомания дамуының соңғы кезеңі болып табылады. Организм сезімталдығының , реактивтіліктің төмендеуімен, ОЖЖ және перифериялық жүйке жүйесінің және ішкі органдар бұзылысымен сипатталады

Полинаркомания — бір уақытта екі немесе одан көп ескірткілік заттарды (наркотикалық) қабылдау

Алкогольды паранойд

Маскүнемдік— жүйелі түрде спиртті сусындарды қабылдаумен шақырылатын алкогольге патологиялық құмарлықтың пайда болуымен , психикалық ,физикалық бұзылыстармен сипатталатын созылмалы психикалық ауру.

Маскүнемдік (алкоголизм) — спиртті ішімдіктерге салынушылық.

Маскүнемдік – медициналық тұрғыдан қарағанда, спиртті ішімдіктерді жиі, шектен тыс қабылдаудан және оларға өте әуес болудан туындайтын созылмалы ауруӘлеуметтік тұрғыдан қарағанда, маскүнемдік -денсаулыққа, еңбекке, қоғам өміріне кері әсерін тигізетін спиртті сусындарды көп мөлшерде қолдану.

Маскүнемдік параноид — клиникалық көрінісінде нақты мазмұны бар, қарапайым сандырақпен өтетін галлюцинаторлы- параноидты синдром басты көрініс беретін және анық сана кезінде айқындылық дәрежесі төмен вербальды галлюцинациялармен жүретін алкоголді психоз.Абстиненті синдром фонында немесе қобалжу, сенімсіздік түрінде ұзақ емес продромальді периодттан кейін пайда болады. Клиникалық көрінісінде айқын қорқыныш фонында аңду, физикалық жою, нақты уақытта иллюзорлы қабылдау сандырағы пайда болады. Іс-қимылдарда, айтылған сөздерде өзіне, өміріне қауіп көреді. Әректтерде импульсивті, қашып кету, транспорттан секіру, заң қорғау органдарынан көмек сұрау, туыстарынан көмек сұрау, өз денесіне жарақат салу, сирек жағдайда дұшпандарына қарсы шығу байқалады.

           7. Наркологияық диспансердің негізгі міндеттері:

1.    Біріншлік, екіншілік, үшіншілік алдын алу;

2.    Алкоголизм мен наркомания, токсикоманиямен, ауыратын адамдарды ерте анықтау,емдеу және есепке тұрғызу.

3.    Динамикалық диспансерлік бақылау.

4.    Тұрғындар арасында ауыршандықты зерттеу

5.    Емдік- профилактикалық көмектін эфективтілігінің анализі.

6.    Әлеуметтік- тұрмыстық көмек.

7.    Психологиялық және психопрофилактикалық жұмыс.

8.    Баска ұйымдармен жұмыс істеу.

9.    Лабороториялары бар диагностикалық бөлім

10.  Күндізгі стационар

11.  Емдік-еңбектік шебрханалар.

12.  Емдеудің белсенді тәсілдерінің кабинеттері: процедуралық, физиотерапиялық, психотерапия және гипнозға арнлаған

13.  Ұйымдастыру- методикалық бөлім.

Наркологиялық диспансер миндеттері

1. Жалпы ережелер

1. Наркологиялық ұйымдар (ауруханалар, диспансерлер) (бұдан әрі - наркологиялық ұйымдар) профилактикалық жұмысты жүзеге асыратын және мамандандырылған медициналық көмек көрсететін, сондай-ақ алкоголь және (немесе) психоактивті заттарды (есірткі, психотропты заттар, психостимуляторлар, галлюциногендер, ұшпа ерітінділер, темекі) (бұдан әрі – ПАЗ) зиянды салдарымен тұтынатын әрі алкогольге және (немесе) психоактивті заттарға тәуелді науқастарға медициналық-әлеуметтік оңалтуды жүзеге асыратын денсаулық сақтау ұйымдары болып табылады.

2. Наркологиялық ұйымдар дөңгелек мөрі мен өзінің толық атауы белгіленген мөртабаны бар заңды тұлға болып табылады.

3. Наркологиялық ұйымдардың штаттары денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекіткен үлгі штаттарға және штат нормативтеріне сәйкес белгіленеді.

4. Наркологиялық ұйымдар өзінің қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерін және осы Ережені басшылыққа алады.

2. Наркологиялық ұйымдардың негізгі

міндеттері мен функциялары

5. Наркологиялық ұйымдардың негізгі міндеттері мыналар болып табылады:

1) алкогольді және (немесе) басқа да ПАЗ-ды зиянды салдарымен тұтынатын әрі алкогольге және (немесе) басқа да ПАЗ-ға тәуелді науқастарға сапалы наркологиялық көмек көрсету;

2) республика халқының арасында алкогольге және (немесе) басқа да ПАЗ-дың зиянды салдарымен тұтынатын әрі алкогольге және (немесе) басқа да ПАЗ-ға тәуелді науқастардың таралу үрдісінің дамуын тиімді тежеу және бетін қайтару;

3) ұзақ және тұрақты оңалуға қол жеткізе отырып, алкогольге және (немесе) басқа да ПАЗ-ға тәуелділерді медициналық-әлеуметтік оңалту;

4) алкогольден орташа деңгейдегі мас болу жағдайындағы (уыттанған) пациенттерді уақытша бейімдеу және детоксикациялау;

5) алкогольді және (немесе) басқа да ПАЗ-ды зиянды салдарымен тұтынатын әрі алкогольге және (немесе) басқа да ПАЗ-ға тәуелді науқастарды есепке алу, профилактикалық бақылау.

6. Қойылған міндеттерге сәйкес наркологиялық ұйымдар мынадай қызметтерді жүзеге асырады:

1) алкогольді және (немесе) басқа да ПАЗ-ды зиянды салдарымен тұтынатын әрі алкогольге және (немесе) басқа да ПАЗ-ға тәуелді науқастар сұраныстарына сәйкес наркологиялық көмек көрсетуді (ұсынылатын қызметтердің қауіпсіздігі, қол жетімділігі, көлемі мен сапалық сипаттамалары бойынша) қамтамасыз ету;

2) халықтың әртүрлі топтарының арасында алкогольге және (немесе) басқа да ПАЗ-ға тәуелділікке құмартушылықтың тиімді түрдегі алғашқы профилактикасы (алькогольге және (немесе) басқа да ПАЗ-ға құмарлықтың қауіптілігі жоғары топтарына диагностика және қауіптілігі асқынған түріне тиімді түзету жасауды бірге қоса);

3) халықтың әртүрлі топтарының арасында алкогольді және (немесе) басқа да ПАЗ-ды зиянды салдармен тұтынатын әрі алкогольге және (немесе) басқа да ПАЗ-ға тәуелді науқастар ауруларының алғашқы білінуі мен кең таралған клиникалық сипатына диагностика жүргізу, наркологиялық көмек бағдарламасына қатысуға уәждемелеу;

4) алкогольді және (немесе) басқа да ПАЗ-ды зиянды салдарымен тұтынатын әрі алкогольге және (немесе) басқа да ПАЗ-ға тәуелді науқастарды медициналық-әлеуметтік оңалту уәждемесімен қоса, алғашқы наркологиялық көмек бағдарламаларымен толыққанды қамтуға қол жеткізу;

5) ішкі істер органдары қызметкерлері тарапынан жеткізілген пациенттерді емдеуге жатқызу қажеттігі немесе жатқызуға қарсылық білдіру мәселесін шешу мақсатында алкоголь және (немесе) басқа да ПАЗ-дан мас болу (уыттану) деңгейіне диагностика жасау;

6) ұзақ әрі тұрақты ремиссияға және рецидивке қарсы әрі қолдаушы терапия уәждемесіне қол жеткізе отырып, амбулаториялық және стационарлық жағдайда алкогольді және (немесе) басқа да ПАЗ-ды зиянды салдарымен тұтынатын әрі алкогольге және (немесе) басқа да ПАЗ-ға тәуелді науқастарды тиімді түрде емдеу және медициналық-әлеуметтік оңалту;

7) наркологиялық көмектің соңғы кезеңіндегі ремиссия жағдайында тұрған алкогольге және (немесе) басқа да ПАЗ-ға тәуелді науқастар арасында рецидивтердің тиімді профилактикасы (рецидивке қарсы және қолдаушы терапия);

8) алкогольді және (немесе) басқа да ПАЗ-ды үнемі пайдаланудың мейлінше ауыр асқынулары мен салдарын тиімді профилактикалау (медициналық-коморбидті патологияның дамуы, АИТВ-ны қоса алғанда, мерзімінен бұрын мүгедектену, өлім-жітімділік, әлеуметтік тәртіп нысандарына қарсы әлеуметтік тәртіп үлгісі, қылмыстық белсенділік, күшпен басып алулар, аутоагрессиялар);

9) наркологиялық ұйымның қызмет көрсету аумағындағы алкогольді және (немесе) басқа да ПАЗ-ды зиянды салдарымен тұтынатын әрі алкогольге және (немесе) басқа да ПАЗ-ға тәуелді науқастарға наркологиялық көмек көрсету жағдайына талдау жүргізу және медициналық көмек сапасының индикаторларына сәйкес денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органмен бекітілген есептік және өзге де құжаттардың статистикалық өңделуінің негізінде баға беру;

10) наркологиялық көмекті ұйымдастыру мәселесі бойынша консультациялық және ұйымдастырушылық-әдістемелік көмек көрсету;

11) апиындық есірткілерден тәуелді адамдарға алмастырушы қолдаушы терапия түріндегі есірткіге тәуелділікті емдеуді ұсыну.

 

 

                               

Алкогольдік делирий

Белая горячка, delirium tremens – алкогольді психоздардың ішінде ең жиі кездесетін формасы, 80% жағдайда кездеседі. Ішуді тоқтатқаннан кейін 2-4 кунде басталады. Кешке уақытта симптомдар күшейе түседі. Иллюзарлы-галлюцинаторлы сананың бұлыңғырлануымен сахна тәрізді шынайы галлюцинация және парэйдолиямен жүреді. Екіншілік сандырақ, айқын қорқыныш сезімі, психомоторлы қозу, уақыт пен орынға ориентировканың бұзылуы да байқалуы мүмкін

Ұйқының бұзылысы

Түнде қорқынышты түстер көреді,

Жиі оянады

Иллюзиялар

Елестеу галлюцинациялары

Аффект бұзылыстары

Вербальды галлюцинациялар т.б

Продромалды кезең – бірнеше сағаттан екі күнге дейін созылады. Тремор, тері жабындыларының гиперемиясы, ұйқысының бұзылуы байқалады. Науқастар көп сөйлейді және көңіл-күйі тұрақсыз болып келеді.

Инициальді кезең – парэйдолиялық (фантастикалық) иллюзия, назар аударудың төмендеуі, қорқыныш, дереализация болады.

Делириозды симптоматиканың гүлдену кезеңі – өте көп көру сирек есту галлюцинациялары пайда болады. Науқастар жануарларды да көреді: жылан, кесіртке, ит және т.б. Өздерінің ориентировкаларанын жоғалту арқылы көзге көрінетін дүкенге, цех заводтарға, қаладан тыс дачаларға, милиция бөлімшесіне тап болады. Осындай жағдай бірнеше тәулік бойы сақталады, науқастар мүлдем ұйықтамайды. Рейхардт, Ашаффенбург симптомдары байқалуы мүмкін.

Делирийдің тоқтауы – 2-5 күннен кейін науқас терең ұйқыға кетеді. Ұзақ уақыт тыныққаннан кейін қайта оянады. Есте сақтауы ұзаққа дейін сақталады және айқын галлюцинацияларды айта алады. Психоздан кейін бірнеше күннен соң астениялық симптоматика қосылады.

Ауырлығына байланысты:

Жеңіл дәрежесі – науқас қайда екенін біледі, айналасындағы адамдармен әңгіме құра алады. Иллюзия, оянар алдында байқалатын, жарықты жаққан кезде жойылатын түнгі қорқынышпен байланысты тұрақсыз галлюцинация болады. «делирий без делирий» Ем қабылдамай өз бетімен қайтады және асқынулар болмайды.

Орташа дәрежесі – жоғарыда айтылған клиникалық көріністер тән. Терапиялық емдік-шараларды толғымыен орындаса және қосалқы соматикалық аурулары болмаса ем нәтижелі және толығымен сауығуға мүмкіндік бар.

Ауыр дәрежелі – науқастың өміріне қауіпті. Өлімділік 20 % -ға дейін. Адекватты емдеу нәтижесінде де көптеген науқастарда созылмалы энйефалопатия (корсаков психозы, деменция, неврологиялық бұзылыстар) дамиды.

Ауыр дәрежелі делирийдің көріністері:

физикалық әлсіздік, төсектен тұра алмайды;

Гомеостаздың айқын бұзылысы (гипертермия 40 С жоғары, сусыздану, аритмия, АҚ төмендеуі, айқын ентігу немесе тыныс алудың баяулауы, олигоурия,тері астылық гематома);

Неврологиялық симптоматика (атаксия, гиперкинез, бұлшықет ригидтілігі немесе атония, стереотипті қозғалыстар, патологиялық рефлекстер, эпилептоформды ұстамалар, зәр мен нәжісті ұстай алмаушылық);

Сананың терең бұлыңғырлануы, ориентировканы толығымен жоғалту;

Ойлаудың бұзылуы, ойлаудың байланыссыздығы, маңайындағылардың сөйлеуін түсіне алмайды.

Кәсіптік делирий – өзінің кәсібіне қатысты күнделікті орындалатын жұмысты жасауы.

Мусситирленген делирий (бет – әлпеті сөйлеумен сипатталатын делирий, әлсіз сандырақпен сипатталатын делирий)- бұл делирийде науқас төсектен тұрмай біртекті координацияланбаған күшейген қозғалыстар жасайды,

13.  Маскүнемдікті көрсетіңіз.

Маскүнемдік— жүйелі түрде спиртті сусындарды қабылдаумен шақырылатын алкогольге патологиялық құмарлықтың пайда болуымен , психикалық ,физикалық бұзылыстармен сипатталатын созылмалы психикалық ауру.

Алкоголизм диагностикалық критерилері (МКБ-10):

•      Диагноз қойылу үшін келесі 3 немесе одан артық белгілердің жыл көлемінде дамуы қажет: Алкогольді қолдануға бағынбайтын құштарлық Алкоголь қабылдау көлемін бақылай алмауы, ретсіз қабылдау Болдырмау жағдайы(абстинентті синдром)

Созылмалы алкоголизм жіктелуі

•      1-кезең — невротикалық

•      Психикалық тәуелділік

•      Толеранттылықтың артуы

•      Палимпсест

•      Масаюдың паталогиялық формалары

•      2-кезең — наркоманиялық:

•      Физикалық тәуелділік (абстинентті синдром)

•      Толерантылық платосы

•      Салынып ішу психоздар

•      Маскүнемдіктің даму сатылары:

•      Бірінші сатысы 1ден 4жылға дейін созылуы мүмкін.Бұл кезде адам көп ішкенді көтере алады,артық ішсе де құспайды,ұдайы ішкісі келіп тұрады;

•      Екінші сатысында (5-15ж) ішімдікті көп және күнделікті іше бастайды.ол ішу көңіл-күйінің қобалжуын баспай керісінше қоздырады, жадында сақтау қабілеті жоғалады,ішпеген жағдайда ойлау әрекеттері бұзылады. Есіл дерті ішімдік ішуге ғана ауып тұрады, жұмысқа деген қабілеті жоғалады.

•      Үшінші сатысы (5-10ж) кезінде ішімділікке төзімділік азаяды.Болар-болмас ішкеннің өзінен қатты масаяды.Ішімдіктің денені сергітетін әсері жоғалады,ол тек адамның жалпы жағдайын ұстап тұруға ғана жарайды.Әрбір ішкеннен кейін істегенін ұмытып қалады.Ұдайы ішуге деген ұмтылыс адамның өмірінің мәніне айналады. Ішімділікке организм төзімділігінің аздығынан, өзінің шамасын дұрыс бағалай алмаудан науқас адам жиі өлімге ұшырайды.

 

14-Нашақорлықты көрсетіңіз.

    Нашақорлық-наркомания (грек тілінен narke – мелшию және manіa – ессіздік, құтырыну) – есірткі заттарға патологиялық дағдыланудың нәтижесінде пайда болатын созылмалы ауру.

    Наркомания – үнемі наркотиктерді қолданылғандықтан және реактивностің өзгеруімен, психикалық және физикалық тәуелділікпен өтетін синдром.

    Наркомания дамуында 3-кезеңді ажыратады:

    1. Бастапқы кезең (адаптация кезеңі). Бұл кезеңде ұйқы бұзылуы, тез шаршағыштық, тітіркенгіштік, гиперестезия түрінде сезімталдықтың бұзылуы т.б. байқалады. Бірінші кезеңде екі синдром анықталады: Ағза реактивтілігінің өзгерген синдромы. Ол кезде наркотикалық заттарға қорғаныс реакциялары (жүрек айну, құсу) жоғалады. Психикалық тәуелділік синдромы. Бұл кезде наркотикалық заттар көңіл-күйді көтереді.

    2. Физикалық тәуелділік кезеңі. Бұл кезең наркотикалық затқа толеранттылық жоғарлаудан пайда болады. Физикалық тәуелділік синдромы.Осы жағдайда науқаста артерияльды гипертензия,тахикардия,көп сөйлегіштік,қозғалғыштық,бозару байқалады. Абстиненция синдромы. Психикалық,неврологиялық,вегетосоматикалық бұзылыстар болады.

    3. Жүдеу кезеңі. Бұл наркомания дамуының соңғы кезеңі болып табылады. Организм сезімталдығының , реактивтіліктің төмендеуімен, ОЖЖ және перифериялық жүйке жүйесінің және ішкі органдар бұзылысымен сипатталады

15.Токсикоманияны көрсетіңіз.

Токсикомания-наркотикалық заттар тізіміне кірмейтін заттарды немесе дәрілік препараттарды шектен тыс қолдану нәтижесінде туындайтын ауру.

Токсикалық әсер беретін заттар:

Морфин, опий

   

- Кокаин және оның туындылары

 

- конопли өсімдігінен дайындалған заттар (гашиш, анаша )

 

- Ұйықтататын дәрілер (барбитураттар, бромурал)

 

- Стимуляторлар (кофеин, допинги)

 

- Транквилизаторлар

 

- Атропин (астматол, белладонна).

 

- Наркотикалық емес анальгетиктер (анальгин, амидопирин)

 

- Органикалық ерітінділер және тұрмыстық химия өнімдері

 

- Никотин.

Токсикалық мастану фазалары

1-фаза.Алкогольді мастану сияқты болады.Көңіл-күйдің көтерілуі,баста жағымды дыбыстар пайда болады.Дененің барлық бөлімдерінде жылулық және еркіндік сезімі байқалады.Егер демалуды жалғастырса,2-фазадағы мастануға ауысады.

2-фаза Таусылмайтын жеңілдік және өте жоғары көңіл-күймен сипатталады.Күлу,өлең айту т.с.с

3-фаза Көру және есту галлюцинациялары (мультиктер).Бұл фазадағы мастану 2 сағатқа созылады.Тыныс алуды тоқтатқаннан кейін қатты шаршағыштық және психикалық функциялардың төмендеуі,артық мөлшерде лоқсу,құсу пайда болады.

Жоғары дозадағы тырысулар пайда болады,ол науқастың комаға түсуіне немесе өлуіне дейін апарады.

Токсикоманияның салдары:

Психикалық тәуелділік- қабылдамаса,қатты депрессия,агрессия,ашушаңдық,ті-тітіркенгіштік болады,өздерін қадағалай алмайды.

Фихикалық тәуелділік -Психоактивті заттарды қабылдауды тоқтатқаннан кейін психикалық және вегетативті нерв жүйесінің бұзылыстарымен көрінеді.

Реактивтіліктің өзгеру синдромы- Бұл ,физикалық жағдайда заттардың биотрансформациясының интоксикацияға жауабы ретінде жүреді.Затты әдеттегі дозада қабылдағанда эффект болмайды.Тәуліктік дозасын жоғарылату күнделікті интоксикацияға және интоксикациядан кейінгі жағдайларға алып келеді.

Қолданған кездегі көрсеткіштер:

Токсикоманияның әсерінен бұлшық ет аурулары,

 жүріс-тұрыс бәсеңдеуі, салмақ жоғалту, бауыр мен бүйрек қызметінің бұзылуы, бас миының және жүйке жүйесінің бұзылуы, еске сақтау, ойлау қабілеттерінің әлсіреуі сияқты ауруларға, ал әрі қарай

асфиксияға (дем алудың қиындауы), естен тануға,комаға және кенеттен қайтыс болуға әкеліп соғады.Дәрігермен сөйлескенде,ұстамсыз ,сұрақтарға адекватсыз жауап береді.

16.Маскүнемдік сандырақты көрсетіңіз.

Сандырақты алкогольді психоз

Алкогольді параноид және жұбайлық сенбеушілік сандырағы жатады.

Алкогольді параноид –бұл жедел сандырақты психоз, аффективті қорқынышпен қосарлану арқылы жүреді.

Этиологиясы: созылмалы алкоголизм.

Клиникасы:

Алкогольді параноидты шизофрениядан ажыратамыз.

Абортивті,жедел,созылыңқы түрлері бар.

Абортивті алкоголді параноид ішімдікті шамадан көп қолданғанда,масайғанда дамиды. Бұл психоздың ұзақтығы бірнеше сағатқа созылады. Жедел алкоголді параноид кезінде продромальді кезең 3-5 күнге созылады. Науқастарда абстинентті жағдай дамиды,көңіл күйінің түсуі,ұйқы ж\е тәбеттің бұзылысы, вегетативті бұзылыс-тремор,жүрек соғысы,кешкі ж\е түнгі уақыттарда күшейеді. Созылыңқы алкоголді параноид сандырақ ж\е қорқыныш аффектісімен жүреді. Күдіктенушілік,сенбеушілік болады. Бұл психоздың ұзақтығы бірнеше айға созылады.

Алкогольді қызғану сандырағы –алкогольді сандырақты психоздың созылмалы түрі.Ер адамдарда көп кездеседі.

Этиология: ұзақ алкогольге тәуелділік.

Клиникасы: психоздың дамуы біртіндеп, сатытәрізді болады.Алғашқыда психикалық бұзылыстарға байланысты эмоциональды жағдайлар, сенбеушілік әсерінен қызғаныш сезімі туындайды. Жалпы соматикалық және неврологиялық өзгерістер жоғарылайды, жыныс қызметі төмендейді,жоғары тітіркенгіштік ж\е күдіктенушілік болады. Эмоционалды өзгерістер мына түрде болады: тревога,жоғары қозғыштық,аффективті бұзылыстың дамуына байланысты қызғаныш пайда болады. .

2,1. І жұп - иіс сезу нерві және иіс сезу жүйесі, зақымдану симптомы мен синдромы.

Иіс сезу анализаторы 3 невроннан тұрады. 1ші неврон мұрын шырышты қабықшасында орналасқан клеткалардан басталады да бассүйек қуысына кіріп иіс сезіну жуашықтарында аяқталады. 2ші неврон иіс сезі жуашықтарында орналасқан, аксондары ми қыртысы астындағы иіс сезу орталықтарына келіп жетеді. 3ші неврон клеткалары алдыңғы тесіктелген зат пен мөлдір аралықтағы иіс сезу бұрышында орналасқан. Зақымдану симптомдары: аносмия (иісті мүлде сезінбеу), гипосмия (иісті толық сезінбеу), гиперосмия (шамадан тыс сезіну), дизосмия (иістің сипатын айқындай алмау), иіс елесі (жоқ иісті сезіну).

2,2. ІІ жұп – көру нерві және көру жүйесі, түрлі деңгейдегі көру жүйесінің зақымдалу симптомдары.

Көру анализаторы 4 невроннан тұрады. 1ші неврон – көздің торлы қабықшасындағы таяқшалар мен сауытшалар. 2ші неврон – көздің торлы қабықшасындағы биполярлы клеткалар. 3ші неврон – көздің торлы қабықшасындағы ганглинозды клеткалар. Көру нерві көру тесігі арқылы көз қуысынан бас сүйек қуысына өтеді де түрік ері төмпешігінің алдында жартылай айқасып, көру нервінің айқасуын құрайды. Одан әрі көру нерві жолы болып, ми қыртысасты орталықтарында аяқталады. 4ші неврон – клеткалары сыртқы иінді денеде орналасқан. Көру жолы ішкі капсуланың артқы сирағының артқы бөлігі арқылы өтіп, шүйде бөлігінің іш жағына келіп тоқтайды. Осы аймақта заттың пішіні, шамасы, бояуы, орналасуы айқындалады. Зақымдалу симптомдары. Көру аясының тарылуы, жоғалуы (скотома), жартылай тарылу (гемианопсия). Хиазманың ішкі айқасқан бөлігі зақымданса көру аясының сыртқы жақтары жоғалады- битемпоралды гемианопсия, сыртқы жағы зақымданып көру аясының ішкі жартысы жойылады – биназальды гемианопсия болады. Ішкі капсуланың артқы саны зақымданғанда қарама – ққарсы жағындағы үштік гемисиндром пайда болады: гемиплегия, гемианестезия, гемианопсия. Ахроматопсия – түсті ажырата алмау, дисхроматопсия – 2 түсті ажырата алмау.

2.3. ІІІ жұп – көз қозғалтқыш нерві, зақымдану симптомы.

 Көз қозғалтқыш нервісінің 5 ядросы бар. Олар: екі ірі соматикалық, үш ұсақ клеткалы парасимпатикалық ядролар. Ми аяқшасы мен варолий көпірінен өтіп, бассүйек қуысынан шығады. Бес бұлшық етін (көздің жоғарғы қабағын көтеретін жоғарғы, төменгі, ішкі түзу, төменгі қиғаш бұлшықеттері) және көздің бірыңғай салалы еттерін нервтендіреді. Зақымдану симптомдары. Үстіңгі қабақтың сал болуы – птоз, көздің ішкі тік бұлшықетінің қызметінің бұзылуынан көз екі жақ сыртына және төменірек қылиланады, диплопия пайда болады. Қарашықтың бұлшық еті әлсіресе – мидриаз болады. Үш тік бұлшықеттері күшінің бірден жойылуынан экзофтальм пайда болады. Көз қозғайтын нервтер ми бағаны тұсында зақымданса қарама – қарсылық синдромдар пайда болады: Вебер, Бенедикт, Фовилл синдромдары. Төрт төмпешік тұсында зақымданса Парино синдромы пайда болады.

ІV жұп – шығыршық нерві, зақымдану симптомдары.

Шығыршық нерві. Оның ядросы ортаңғы мидың қақпағында төрт төмпешіктің төменгі төмпешігі маңайында орналасқан. Нерв сильвий су жолын айналып өтіп, ортаңғы мидың қақпағы тұсынан мидың ішінен шығады. Мидың алдыңғы желкенінде екі жағынан айқасып ми аяқшаларының сыртымен үлкен мидың астына түседі де, алға қарай қуыстанған қойнауды қабырғалай өтіп, көз шарасының жоғарғыы саңылауы арқылы бассүйек қуысынан шығады да көз алмасының жоғарғы қиғаш етін нервтендіреді.

Зақымдануы. Көз алмасының жоғарғы қисық бұлшық етінің күшін жояды. Бұл жағдай тек төмен қарағанда ғана білінеді. Сырқат аяғының астына қарағанда онда қосарлана көрінуі (диплегия) байқалады.

VІ жұп - әкетуші нерві, зақымдану симптомдары.

Ядросы варолий көпірдің қақппағында ромбы тәрізді шұңқырдың түбіндегі бет нерві ілмегінің ішінде орналасқан. Варолий көпірі мен сопақша мидың пирамидасы аралығында ми бетіне келеді де қуыстанғанн қойнаудың алдымен көз шарасының жоғары саңылауы арқылы бассүйек қуысынан шығып, көз алмасының сыртқы түзу бұлшықетін нервтендіреді.

Зақымдануы. Көз алмасының сыртқы тік бұлшықетінің күшін жояды. Қызметі бұзылмаған көз алмасының ішкі тік бұлшықеті оны көз аясының ішіне қарай әкетеді. Егер де зақымдану қуыстану қойнауының маңайында немесе жоғары көз саңылауы тұсында болса барлық көз қозғайтын нервтердің қызметі бұзылады да көз алмасы қозғалмай қалады (офталмоплегия), көздің қарашығы кеңиді (мидриаз), қарашық жарыққа, аккомадацияға және конвергенцияға әсер етпейді, көзі бақыраяды (экзофтальм).

2.4. V жұп – үшкіл нерві, зақымдану симптомдары.

Үшкіл аралас нерв, құрамында сезгіш және қимылдатқыш талшықтар бар. Сезгіш бөлігінің 3 невроны, қимылдатқыш бөлігінің екі невроны бар. Үшкіл нерв тармақтары – көздік нерв, жоғарғы және төменгі жақ нервтері. Олар бассүйек қуыстарынан тиісті тесіктер арқылы: 1-сі жоғарғы көз саңылауынан, 2-сі дөңгелек тесіктен, 3-сі сына сүйектің сопақша тесігінен шығады. 1ші, 2ші тармақтары беттің терісін, тілдің алдыңғы 2/3 бөлігін, жақ пен тісті, мұрынның қосалқы қуысын, ми қабықтарын нервтендіреді. 3ші тармағы тілдің алдыңғы 2/3 бөлігінің дәм сезуін қамтамасыз етеді.

Үшкіл нервтің түбірі немесе тармақтары зақымданса беттің сол зақымданған жақтағы жартысында ұстамалы ауырсыну, нерв тармақтарының бетке шығатын тұстарын басып байқағанда ауырсыну, бет терісінде сезімділік өзгерістері (гиперестезия, гипестезия немесе анестезия) пайда болады. Гассер түйіні зақымданса бетте ауырсыну мен қоса қабыршақ тәрізді күлдіреу пайда болады. Шайнау нерві зақымданса зақымданған аймақта шайнау бұлшықеттері сал болып қалады.

 

2.5, VII жұп – бет нерві, зақымдану симптомдары.

Бет нерві мимикалық бұлшықеттерді нервтендіреді. 2 невроннан түзіледі. Орталық неврон прецентралды ирелеңінде орналасқан, сыртқы неврон бет нервісінде орналасқан. Бет нервісі жоғарғы қабақты көтеретін бұлшықеттен басқа барлық бет бұлшықеттерін нервтендіреді.

Бет нервісінің сыртқы невроны зақымданса, беттің зақымданған жағындағы бұлшықеттер сал болып қалады. Қоянның көзі тәрізді белгі, Белл симптомы, Шарко леп белгісі пайда болады. Бұлардан бөлек Мийяр-гублер айқасушы синдромы көрінеді (зақымданған бұлшық ет сал болып, қарсы жағында сіреспелі гемиплегия немесе гемипарез болады) және көпір-мишық бұрышының зақымдануы көрінеді.

 

2.6, VIII жұп – кіреберіс ұлу нерві, есту және вестибулярлы жүйесі, зақымдану симптомдары.

VIII жұп есту және кіреберіс нервтерінен түзіледі, екеуі де сезгіш нервтер. Есту анализаторының құрылымы. 1ші неврон ұлу иірімінде жатыр, аксондары бассүйек қуысына ішкі есту тесігі арқылы өтіп, ми бағанындағы алдыңғы және арқа ядроларына келеді. Бұл ядрода екінші неврон бар. Ішкі иін мен төрт төмпешіктің артқы томпақтарында 3-ші неврон орналасқан. 3ші неврон аксондары жоғары көтеріліп, ми қыртысының самай бөлігінің жоғарғы жағындағы Гешль ирелеңіне келіп тоқтайды.

Зақымдану белгілері. Есту нерві жартылай зақымданса есту қабілеті төмендейді (гипакузия) немесе саңырау болып қалады (анакузия). Есту анализаторының ми қыртысына тоғысатын ұшы зақымданса, жалған дыбыстар естіледі.

 

2,7. ІХ жұп – тіл-жұтқыншақ нерві, зақымдану симптомдары.

Аралас нервке жатады. Құрамында қимылдатқыш, сезгіш, және вегетативтік талшықтар бар. Ядросы сопақша мидың қақпағында орналасқан. Артқы бассүйектегі мойындырық тесігінен шығады. Соматикалық және вегетативтік қызметтерді үйлестіреді. Соматикалық функциясы:жұмсақ таңдай, жұтқыншақ және көмей бұлшықеттерінің жиырылуын, жұтыну және дыбыс шығару актісін үйлестіреді. Тіл түбірі, жұтқыншақ көмей, ортаңғы құлақ сезімділігін қамтамасыз етеді. Вегетативтік функциясы – шықшыт безінен сілекей шығуын реттейді. Зақымдануы: маңқалап сөйлеу (назолалия), дыбысы шықпай қалу (афония), жұтынудың қиындауы (дисфагия), таңдайдың салбырап кетуі, тіл түбірінде дәм сезу баяуулайды – гипогейзия немесе мүлде сезбейді – агейзия. 

Х жұп – кезбе нерві, зақымдану симптомдары.

Nervus vagus, кезбе нерв-төртінші және одан кейінгі келесі желбезек доғаларынан дамыған кең таралағандықтан осылай деп аталады. Бұл бассүйек нервтерінің ішіндегі ең ұзыны. Кезбе нерв тармақтары арқылы тынысалу ағзаларын, асқорыту жолының едәуір бөлігін сигматәрізді ток ішекке дейін нервтендіреді, сондай-ақ ол жүрекке оның соғуын баяулататын тармақтар береді. N.vagus құрамында үш түрлі талшықтар бар: Аталған ішкі ағзалар мен тамырлардың рецепторларынан, сондай-ақ мидың қатты қабығының кейбір бөлігін және құлақ қалқанын қоса сыртқы есту жолынан сезімтал ядроға nucleus solitaries-ке келетін афферентті талшықтар Жұтқыншақ, жұмсақ таңдай мен көмейдің еріткі бұлшықеттеріне баратын эфферентті талшықтар және осы бұлшықеттер рецепторыларынан шығатын талшықтар. Бұл бұлшықеттер талшықтарды қозғалыс ядросынан nucleus ambiguus-тен алады. Вегетативті ядродан, nucleus dorsalis n.vagi-ден шығатын эфферентті талшықтар. Олар жүрек миокардына және тамырлардың бұлшықет қабықшасына келеді. Сонымен қатар кезбе нервтің жүрек тармақтарына n.depressor енеді, ол жүректің бастапқы бөлігі үшін сезімтал нерв және қан қысымын рефлекстік жолмен реттеуді басқарады. Кезбе нервтің парасимпатикалқ бөлігі өте үлкен, сондықтан ол негізінен вегетативті организмнің өмірлік қызметтері үшін маңызды нерв болып есептеледі. Кезбе нервтің негізгі үш ядросымен байланысты талшықтардың барлық түрлері сопақша мидан, оның sulcus lateralis posterior-ынан, тіл-жұтқыншақ нервінен төмендеу, 10-15 түбіршек түрінде шығып, жуан сабау түзеді. Ол тіл-жұтқыншақ және қосалқы нервтермен бірге foramen jugulare арқылы бассүйектен шығады.

Перифериялық немесе ортаңғы нейроны зақымданса дисфагия және дисфония пайда болады. Дауыс байламдары зақымданса афония дамиды. 

2.8 ХІ жұп – қосымша нерв, зақымдану симптомдары.

Таза бірыңғай қимылдатқыш жұлын нерві. Оның ядросы жұлынның біріншіден жетінші мойын сегменттеріне дейінгі алдыңғы мүйізінде орналасқан, ядроның алдыңғы бөлігі сопақша миға кіреді. Нерв көптеген түбіршіктерімен жұлынның түбір бетіне шығады да бір нерв бағанына бірігіп, шүйденің үлкен тесігі арқылы бассүйек қуысына кіреді де одан мойындырықтық тесігі арқыла қайта қайтады. Қосымша нерв екі төс-бұғана –емізіктік және трапеция тәрізді бұлшықеттерді нервтендіреді. Олар басты оңға және солға бұрады, алға қарай еңкейтеді, шынтақты көтереді, жауырынды ортаға қарай қозғайды.

Зақымдануы. Ядросы бір жағынан зақымданса, басты немесе мойынды сау жағына қарай қимылдату, бұру қиындайды. Зақымданған жағындағы жауырын төмен түсіп, иығы салбырап қалады. Қосымша нервтің орталық невроны тітіркенсе, бас зақымданған жаққа бұрылып дірілдейді, мойны қисаяды, басы изеңдейді.

 

2,9. ХІІ жұп – тіласты нерві, зақымдану симптомдары.

Таза қимылдатқыш нерв. Тіласты нервінің ядролары сопақша ми қақпағындағы ромб тәрізді шұңқыр түбінің ортасына таяу орналасқан. Тіл бұлшықеттерін нервтендіреді.

Зақымдануы. Тіласты нервінің немесе оның ми бағанындағы ядросы зақымданса, зақымданған жаққа сәйкес тілдің бөлігі солып, әлсіреп немесе қимылдамай қалады (глоссоплегия), тілін шығарғанда әлсіреген жағына қисаяды. Егер де ядро зақымданса мұнымен қоса тіл бұлшықеттерінің талшықтары жыбырлап дірілдейді, сөйлеу қабілеті қиындайды (дизартрия). Тіласты нерві ядролары екі жағынан зақымданса, тіл қозғалмай қалады (глоссоплегия), сөйлеу мүмкіндігі жойылады (анартрия).

2.10 Кома – бұл сыртқы тітіркендіргіштергереакциялары болмайтын ессіз жағдай.ОЖЖ-ңкоординациялық қызметінің бұзылысымен, тұтас ағза деңгейінде өздігінен реттелуге және гомеостазды ұстап тұруға мүмкіншілігін жоғалтқан жеке жүйелердің автономды қызмет етуімен сипатталатын ОЖЖ-ң жеткіліксіздік жағдайы; естің тануымен, қозғалыс, сезімтал және соматикалық, оның ішінде өмірлік маңызды қызметтердің бұзылысымен көрінеді.Этиология: Біріншілік:бас ми жарақаты(соққы алу, бас ішілік гематома) цереброваскулярлы аурулар(ми ішілік, субарахноидальды қан құйылу, ми инфаркті) , ОНЖ инфекциялары (менингит,энцефалит), ісіктер, қояншық ұстамалар. Екіншілік: метаболикалық бұзылыс(гипогликемиялық диабеттік кетоацидоз, кетоздық емес гипергликемиялық жағдай, уремия, бауыр жетіспеушілігі) гипоксия(өкпе аурулары,анемия,шок,Моргани-Адамс-Стокс синдромы,миокард инфаркті)

Деструктивті кома мидың милық затының бұзылысы. Қан құйылулар,жарақат,кең зонлы инфаркт, қабыну процессі және ісіктер салдарынан пайда болады.

Метаболитикалық кома метаболизм бұзылысына негізделген (гипоксия, гипо- или гипергликемия, гипер- и гипоосмолярностьплазмы,уремия, сепсис, печеночная недостаточность, ацидоз, алкалоз, гипокалиемия, гипераммониемия, недостаточность витамина В1, витамина РР, и т.д.). Коматозды жағдай экзогенді интоксикация наркотикалық,седативті тырысуға қарсы препараттардың,алкоголді пайдаланғанда пайда болуы мүмкін.

3.1 Ми қабықтары. Ми – жұлын сұйықтығы. Ми – жұлын сұйықтығын зерттеу.

Ми қабығы — ми мен жұлынды қаптап жатқан қабық. Ми қабығы — қатты, торлы және жұмсақ қабықтар болып үш қабатқа бөлінеді. Сыртқы қатты қабық тығыз дәнекер ұлпасынан құралған қалың қабық. Ми сауыты сүйектерімен және омыртқа өзегімен байламдар мен қатпарлар арқьшы байланысады. Мидың қатты қабығы бас сүйектің ішкі бетіндегі сүйекқаппен бірігіп кетеді. Жұлын өзегіндегі қатты қабық пен омыртқа бағанасы арасындағы эпидуральды (қаттыүсті) кеңістікте борпылдақ дәнекер ұлпасы мен май ұлпасы орналасады. Қатты қабықтың ішкі беті эндотелиймен астарланған. Ортаңғы өрмелі қабық — борпылдақ дәнекер ұлпасынан түзілген жұқа тамырсыз қабық. Қабықтың екі беті де эндотелиймен қапталған. Ол қатты қабықтан субдуральды (қаттыасты), ал ішкі жұмсақ қабықтан — субарахноидальды (өрмеліасты) кеңістіктер арқылы бөлінген. Бұл кеңістіктерде ми-жұлын сұйығы болады.

Торлы қабық пен жұмсақ қабықтары арасындағы кеңістіктің ішінде ми-жұлын сұйықтығы болады. Негізінен ми қарыншаларындағы қантамыры өрімдерінде өндіріледі. Тәулігіне 500мл ми-жұлын сұйықтығы шығарылады. Ересек адамда сұйықтық орташа мөлшері 110-1145мл, оның 20-30 мл бүйір қарыншаларында, 5мл үшінші қарыншада, 30мл бас миы торлы қабыршақ асты кеңістігінде, 70-90мл жұлынның торлы қабыршақ асты кеңістігінде. Балаларда мөлшері ересектермен салыстырғанда аз, ал қартая келе мидың семуіне байланысты көбейе береді. Ми-жұлын сұйықтығы – мидың қорғаныш жүйесінің құрамдас бөлігі. Сыртқы әсерлерден қорғап, нерв элементтерін, о смотикалық қысымды реттеп отырады. 

 

Дислокациялық синдром бұл бас ми тінінің қозғалуынан жұмсақ қабатының қатты түзілістерге өтуі. Ол өз кезегінде ми ішілік кеңістіктің шектеліп,бөлінуіне алып келеді.

Ми ішілік қысымының жоғарылауына алып келетін жағдайлар:абсцессы,ісіктер,ми ісіну,гематома

Дислокациялық синдром 3стадиясы бар: Томпиып шығуы, жабысуы,қысылып қалуы

Дислокациялық синдром түрлері:

А)бүйірлік дислокация

Б)аксиальды дислокация

 

 

3,3.Бас миы жеке бөліктерінің зақымдалу симптомдары

Маңдай бөлік симптомдары

•      Контралатеральды қол немесе аяқтың орталық параличі немесе тіл бұлшықетінің (орталық алды иірім зақымдалған кезде)

•      Қарсы жаққа қараудың парезі (орталық маңдай иірімнің артқы бөлігі)

•      Паркинсонизм, сирек гиперкинездер

•      Янишевский-Бехтеревтің ұстап алу феномені

•      Маринеску-Родовичи рефлексі Хоботковый рефлексі

•      Маңдай атаксиясы (астазия-абазия)

•      Моторлы афазия (Брок зонасы)

•      «Жекеленген» аграфия (ортаңғы 2-ші маңдай иірімінің артқы бөлігі)

•      Апатико-абулиялық синдром, маңдай юморы (мория) эйфория

Маңдай бөлігі – тітіркені синдромдары

•      Джексонның тартылу ұстамалары – тонико-клоникалық (алдыңғы орталық иірім)

•      Оперкулярлы ұстама– ( төменгі маңдай иірімнің жабатын бөлігі)

•      Адверсивті ұстамалар – (ортаңғы маңдай иірімінің артқы бөлігі )

•      Маңдай автоматизм ұстамасы – күрделі пароксизмді психикалық бұзылыстар, тәртібінің бұзылуы, бұл кезде науқастар қоршаған ортаға қайшы келетін қимыл қозғалыстар жасайды (өртеу, өлім).

•      Кіші эпилепсиялық ұстамалар – лезде, бірнеше секунд ішінде науқас сөзі тоқтап, қолынан заттары құлап, көрініс беретін ұстама.

Төбе бөлік симптомдары

•      Анестезия

•      Астереогноз

•      Апраксия (доминантты жартышарда) – идеаторлы немесе конструктивті

•      Аутотопагнозия – науқас өзінің дене бөліктерін танымау немесе бұрмалап қабылдау, сол мен оңды айыра алмау

•      Төменгіквадратты гемианопсия – төбе бөлігінің тереңінде

•      Псевдополимелия

•      Анозогнозия

Төбе бөлік – тітіркену симптомдары: Соматосенсорлы джексон ұстамасы

Самай бөлік симптомдары

•      Есту агнозиясы

•      Жүйелі бас айналу ұстамасы

•      Контралатеральды астазия-абазия

•      Жоғарыквадратты гемианопсия – самай бөлік тереңінде

•      Сенсорлы афазия

•      Амнестикалық афазия

Самай бөлік – тітіркену симптомдары

•      Галлюцинациялар және үлкен генерализденген ұстамалар әр түрлі аурамен бірге:

•      Иіс сезу (Гешле иірімі)

•      Дәм сезу (аралша бөлігі)

•      есту (жоғарғы самай иірімі)

•      вестибулярлы (самай, шүйде және төбе бөліктерінің түйіскен жері

•      висцеральды (медиобазальды бөлім)

•      Түс көрген тәрізді жағдай– ешқашан көрмеген, ешқашан естімеген

•      Самай автоматизмі – ориентировканың бұзылуы – өз үйін танымайды, мақсатсыз қимылдар жасайды

•      Кейде кіші ұстамалар қимыл қозғалыс бұзылуынсыз болуы мүмкін.

Шүйде бөлік симптомдары

•      Жоғарыквадратты гомонимді контрлатеральды гемианопсия (тіл иірімі, ішкі бөлігі)

•      Төменгіквадратты гомонимді контролатеральды гемианопсия (клин)

•      Көру агнозия (сыртқы бөлімі)

•      Алексия (жазуды түсінбеу) шүйде және төбе бөлік шекарасында

•      Акалькулия (санаудың бұзылу)

•      Контралатеральды атаксия

•      Метаморфоксия (көрген заттарды бұрмалап қабылдау– микропсия, макропсия)

Шүйде бөлік тітіркену синдромы

•      Фотомдар – шүйде бөліктің ішкі беткейінің тітіркенуі

•      Кинофильмдер, мультиктер, кадрлар – шүйде бөліктің сыртқы беткейінің тітіркенуі кезінде

Гнозис және оның бұзылыстары

Гнозис (греч. gnosis — білу, білім) — бұл заттарды сезім мүшелері арқылы қабылдап, тану. Оның бұзылысы– агнозия деп аталады. Көбінесе, екіншілік зоналар деңгейіндегі қандайда бір анализатордың зақымдалуы кезінде пайда болады.

Көру агнозиясы шүйде бөлігінің сыртқы аймақтары зақымдалған кезде пайда болады. Науқас заттарды танымайды, тек олардың кейбір қасиеттерін ғана көреді, соған байланысты сол зат туралы мағлумат жинайды. Жиі науқастар «білмеймін», «көрмеймін» деп жауап береді, бірақ заттарға соғылмай айналып өтеді.

Есту агнозиясы заттарды көрмеу, оларға тән дыбыстар арқылы заттарды ажырата алмау. Бұл кезде есте анализаторы зақымдалмаған. Есту агнозиясы доминатты жарты шардағы самай бөлігіндегі екіншілік зоналар зақымдалған кезде дамиды.

Сенситивті агнозия (астереогноз) – көзді жауып тұрып заттарды ұстау арқылы ажырата білу. Орталық артқы иірімнен кейнгі төбе бөлігіндегі екінші зона зақымдалған кезде пайда болады.

 Иіс және дәм сезу агнозиясы сирек кездеседі жәнеде көбіне аносмиямен агевзиядан айыру өте қиын.

Праксис және оның бұзылыстары

Праксис ( греч. praxis — қимыл) – жоспар бойынша рет-ретімен мақсатты қимыл қозғалыс.

Идеаторлы апраксия жоспар жоқтығынан күрделі қимыл қозғалыстарды жасай алмау, бұл кезде қимылдардың реттілігі бұзылады (Мысалы, науқасқа темекіні тұтатып көрсетуді сұраған кезде, ол темекімен сіріңке қорабын тұтатады, сондан кейін сіріңкені алып аузына салады). Доминантты жарты шардағы (оңанақайларда сол жақ) төбе бөлігіндегі қыр үсті иірім ( gyrus supramarginalis) зақымдалған кезде дамиды және әрдайым екіжақты болады.

Конструктивті апраксия кезінде қимылдың бағыты бұзылады, науқастар бөліктерден бір бүтін нәрсе шығара алмайды. Мысалы: сіріңкелерден геометриялық фигураларды құрастыру (ромб, квадрат, үшбұрыш). Бұл кезде зақымдалу доминантты жарты шардың төбе бөлігінің бұрышты иірімінде (gyrus angularis) орналасады. Апраксиялық бұзылыстар әрдайым екіжақты.

Моторлы апраксия бұл кезде қимылдың тек қана аяқасты еріксіз қозғалысы ғана емес, сонымен қоса бұйрықты орындаумен қайталауы бұзылады. Көбінесе біржақты (мысалы, сүйелді дене зақымдалған кезде тек қана сол жақ қолда).

Бас миы жеке бөліктерінің зақымдану симптомдары

Маңдай бөлігінің жойылу симптомдары

•      Контралатеральды қол немесе аяқтың орталық параличі немесе тіл бұлшықетінің (орталық алды иірім зақымдалған кезде)

•      Қарсы жаққа қараудың парезі (орталық маңдай иірімнің артқы бөлігі)

•      Паркинсонизм, сирек гиперкинездер

•      Янишевский-Бехтеревтің ұстап алу феномені

•      Маринеску-Родовичи рефлексі Хоботковый рефлексі

•      Маңдай атаксиясы (астазия-абазия)

•      Моторлы афазия (Брок зонасы)

•      «Жекеленген» аграфия (ортаңғы 2-ші маңдай иірімінің артқы бөлігі)

•      Апатико-абулиялық синдром, маңдай юморы (мория) эйфория

Маңдай бөлігінің тітіркену синдромдары

•      Джексонның тартылу ұстамалары – тонико-клоникалық (алдыңғы орталық иірім)

•      Оперкулярлы ұстама– ( төменгі маңдай иірімнің жабатын бөлігі)

•      Адверсивті ұстамалар – (ортаңғы маңдай иірімінің артқы бөлігі )

Маңдай автоматизм ұстамасы – күрделі пароксизмді психикалық бұзылыстар, тәртібінің бұзылуы, бұл кезде науқастар қоршаған ортаға қайшы келетін қимыл қозғалыстар жасайды (өртеу, өлтіру).

Кіші эпилепсиялық ұстамалар – тез, бірнеше секунд ішінде науқас сөзі тоқтап, қолынан заттары құлап, тұрып қалатын көрініс беретін ұстама.

Төбе бөлігінің жойылу симптомдары:

•      Анестезия

•      Астереогноз

•      Апраксия (доминантты жартышарда) – идеаторлы немесе конструктивті

•      Аутотопагнозия – науқас өзінің дене бөліктерін танымау немесе бұрмалап қабылдау, сол мен оңды айыра алмау

•      Төменгі квадратты гемианопсия – төбе бөлігінің тереңінде

•      Псевдополимелия

•      Анозогнозия

Төбе бөлігінің тітіркену симптомдары:

•      Соматосенсорлы джексон ұстамасы

Самай бөлігінің жойылу симптомдары:

•      Есту агнозиясы

•      Жүйелі бас айналу ұстамасы

•      Контралатеральды астазия-абазия

•      Жоғары квадратты гемианопсия – самай бөлік тереңінде

•      Сенсорлы афазия

•      Амнестикалық афазия

Самай бөлігінің тітіркену симптомдары:

•      Галлюцинациялар және үлкен генерализденген ұстамалар әр түрлі аурамен бірге сипатталады:

•      Иіс сезу (Гешле иірімі)

•      Дәм сезу (аралша бөлігі)

•      Есту (жоғарғы самай иірімі)

•      Вестибулярлы (самай, шүйде және төбе бөліктерінің түйіскен жері

•      Висцеральды (медиобазальды бөлім)

•      Түс көрген тәрізді жағдай– «ешқашан көрмеген», немесе « бұрын көрген» феномендері кездеседі

•      Самай автоматизмі – ориентировканың бұзылуы – өз үйін танымайды, мақсатсыз қимылдар жасайды

•      Кейде кіші ұстамалар қимыл қозғалыс бұзылуынсыз болуы мүмкін.

Шүйде бөлігінің жойылу симптомдары:

•      Жоғары квадратты гомонимді контрлатеральды гемианопсия (тіл иірімі, ішкі бөлігі)

•      Төменгі квадратты гомонимді контролатеральды гемианопсия (клин)

•      Көру агнозия ( шүйде бөлігінің сыртқы бөлімі)

•      Алексия (жазуды түсінбеу) шүйде және төбе бөлік шекарасында

•      Акалькулия (санаудың бұзылу)

•      Контралатеральды атаксия

•      Метаморфоксия (көрген заттарды бұрмалап қабылдау– микропсия, макропсия)

Шүйде бөлігінің тітіркену синдромдары:

Фотомдар – шүйде бөлігінің ішкі беткейінің тітіркенуі кезінде шүйде бөліктің сыртқы беткейінің тітіркенуі кезінде — кинофильмдер, мультиктер, кадрлар көрінісі болады.

3,4.Бас миының қанмен қамтамасыз етілуі,Жеке тамыр бассейндерінің зақымдану семиотикасы

Бас ми қан айналысы

Қазіргі уақытта бас ми тамырларының аурулары үлкен маңызға ие. Бұл тұрғындар арасындағы қарт және егде жастағы адамдардың жоғарылауымен, сонымен қатар экономикасы дамыған елдердегі урбанизация факторларының кері әсер етуімен байланысты. Ми қан тамырлары зақымдануының клиникалық белгілерін түсіну үшін мидың қанмен қамтамасыз етілу ерекшеліктерін білудің маңызы зор. Ми қан айналысы екі артериялық жүйе: ішкі ұйқы және омыртқа артерияларымен қамтамасыз етіледі.

Бас – ми қан айналысы екі артериялық жүйе: ішкі ұйқы (aa. Carotis internes) және омыртқа артериясымен (a.vertebralis) қамтамасыз етіледі. Ішкі ұйқы артериясы – жалпы ұйқы артериясының тармағы, ол сол жақта – тікелей аортадан (қолқадан), ал оң жақта – оң бұғана асты артериясынан шығады. Аталмыш артерия бас сүйек қуысына үлкен шүйде тесігі арқылы кіріп, одан түрік ершігінің және көру нервтері қиылысының екі жағынан шығады. Ішкі ұйқы артериясының тікелей жалғасы – орталық ми артериясы мидың төбе, маңдай және самай бөліктерінің арасында сильвиев қыртысы бойымен жүреді. Ішкі ұйқы артериясы ми астында алға қарай тік бұрыш жасап, алдыңғы ми артериясына ұласады. Екі алдыңғы ми артериясы алдыңғы біріктіруші артерия (a.communicans anterior) арқылы анастомоз жасайды. Екі артериялық жүйенің (каротидтік пен вертебралдық) байланысы виллизиев артериялық шеңбері арқылы іске асады. Виллизиев шеңбері: негізгі артерия, артқы ми артериясы, артқы біріктіруші, ішкі ұйқы, алдыңғы ми, алдыңғы біріктіруші артериядан пайда болады. Виллизиев шеңберлерінің тармақтары ми ішіне кірмей, оның сыртына жайылады да, тік бұрыш жасап шығатын көптеген жіңішке бұтақшаларға біртіндеп бөлінеді. Олар үлкен жарты шарлар сыртында қан ағымының біркелкі таралуын қамтамасыз етіп, ми қыртысын қан тамырлармен қамтуға қолайлы жағдай жасайды.

Алдыңғы ми артериясы бассейнінде қан айналысының бұзылуы.

Алдыңғы ми артериясы маңдай және төбе бөліктерінің іш жағынан алдыңғы және артқы орталық қатпарлардың үстіңгі бөліктерін, сүйелді денені, иіс сезу даңғылын және иіс сезу миын, құйрықты ядроның басы мен сыртқы бөлігін, ішкі капсуланың алдыңғы санын қанмен қамтамасыз етіледі. Ми қыртысы тармақтары жарты шарлардың сыртынан төмен түсе орталық ми артериясымен анастомоз жасайды. Сөйтіп, алдыңғы және артқы орталық қатпарлардың ортаңғы бөлігі қанмен екі бассейн арқылы қамтамасыз етіледі.

Алдыңғы ми артериясында қан айналысының бұзылу симптомдары:

•      Патологиялық ошаққа қарама – қарсы жақта әркелкі гемипарез бен гемигипестезия және аяқтар жағында парез басымырақ болып, қол парездері тез жойылып кетуі;

•      Бет бұлшық еттері мен тілдің орталықтан парезге ұшырауы;

•      Сүйелді дененің зақымдануынан сол жақтан апраксия болуы;

•      Тепе – теңдігі бұзылуынан патологиялық ошаққа қарама – қарсы жақта гемиатаксияның болуы;

•      Парацентральдік бөліктің жұмсарып кетуіне байланысты зәр тоқтамауы;

•      Психиканың өзгеруі;

•      Бозғылт шардың зақымдануынан бұлшық еттердің ширығып қатаюы;

•      Иіс сезудің бұзылуы;

Ортаңғы ми артериясы бассейнінде қан айналысының бұзылуы

Ортаңғы ми артериясы үлкен жарты шарлардың сыртқы бетінің көптеген бөлігіне орналасқан ми қыртысы мен қыртыс асты ақ заттарын қанмен қамтамасыз етеді. Оның ми табанында ішкі капсуланың тізесі мен артқы санының алдыңғы 2/3 бөлігі құйрықты және вентикулярлық ядролардың жартысын, көру төмпешігін, Грациоле шоғырын, самай бөлігіндегі Вернике орталығын қанмен жабдықтайтын терең орналасқан тармақтары бар.

Алдыңғы ми артериясының айырмашылығы – ортаңғы ми артериясы ми қыртысын ғана емес, ақ заттың бірталай бөлігін, оның ішінде алдыңғы ми артериясының бассейніндегі ми қыртысы астыңдағы орталық бөліктің жоғарғы жағын да қанмен қамтамасыз етеді. Сондықтан ортаңғы ми артериясының тереңдегі орталық тармағының бітелуінен бетті де, қолдарды да, аяқтарды да қамтитын біркелкі гемиплегия, ал орталық алды тармағының бұзылуынан бет пен қолда айқынырақ білінетін бұлшық еттердің әр деңгейдегі гемипарезі пайда болады.

Ортаңғы ми артериясы бассейнінде қан айналысының бұзылу симптомдары:

1.    Патологиялық ошаққа қарама – қарсы жақта гемиплегияның болуы

2.    Патологиялық ошаққа контралатералды гемигипестезия немесе гемианестезия;

3.    Патологиялық ошаққа қарай бастың бұрылуы мен жүз аударылуы;

4.    Маңдай бөлігіндегі Брок орталығының зақымдануынан моторлық афазияның пайда болуы;

5.    Самай бөлігіндегі Вернике орталығы зақымдануына байланысты сенсорлық афазия немесе сөйлеу қабілетінің мүлде бұзылуы;

6.    Төбе бөлігінің сол жақ төменгі полюсі зақымдануынан екі жақты апраксияның болуы;

7.    Төбе бөлігінің жоғарғы зақымдануынан астереогноз, анозогнозия, дене үлгісінің бұзылуы;

8.    Самай бөлігіндегі Грациоле шоғырының зақымдануынан контралатералдық гемианопсия;

9.    Алдыңғы түкті артерия бітелуінен гемиплегия, гемианестезия, гемианопсия, таламустық ауырсыну, қол – аяғы ісінуімен қатар, өрескел вазомоторлық бұзылымдар түріндегі клиникалық синдромның пайда болуы;

Артқы ми артериясы бассейнінде қан айналысының бұзылуы

Артқы ми артериясы ми қыртысы мен шүйде бөлігіндегі субкортикалдық ( қыртыс астындағы) ақ затты, төбе бөлігінің арт жағын, самай бөлігінің төменгі және артқы жақтарын қанмен қамтамасыз етеді. Артқы ми артериясы негізгі артериядан  (a. basillaris) шығатын тұсында көру төмпешігінің артқы бөлімдерін, гипоталамусты, сүйелді денені, құйрықты ядроны, жартылай Грациоле шоғырын, Льюис денесін қанмен қамтамасыз ететін бірнеше терең тармақшаларға бөлінеді. Артқы ми артериясы сонымен қатар төрт төмпешік пен ми аяқшаларына қан келтіруге қатысады. Артқы ми артериясы бассейнінде қан айналысының бұзылуының белгілері:

•      Сол жақ шүйде бөлігінің сырты зақымдануына байланысты көру агнозиясы;

•      Патологиялық ошаққа қарама – қарсы жақта көру агнозиясы

•      Төбе, самай және сол жақ шүйде бөліктерінің көршілес аймақтарының зақымдануынан амнестикалық афазия;

•      Хореатетоз;

•      Орталық ми зақымдауына байланысты альтернативтік синдромдар;

Көру трактыларының артқы бөлімдері зақымдануына байланысты патологиялық ошаққа қарама – қарсы жақта толық, жартылай гомонизмдік гемианопсияның болуы және көз торының көрмейтін бөлігінен көз қарашығы реакциясының білінбеуі.

ОМЫРТҚА АРТЕРИЯСЫ

Бұғана асты артериясынан басталып,мойын омыртқасы көлденең өсіндінің каналына кіреді де , бірінші омыртқа деңгейінде одан шығады. Соңынан үлкен шүйде тесігі арқылы бас сүйек қуысына кіріп, сопақша ми астына орналасады.Сопақша ми мен варолиев көпірі аралығында негізгі артерияның жалпы бағанасымен қосылады.

Әрбір омыртқа артериясынан екі тармақ шығып, төмен қарай жұлынға бағытталады.Олар бірігіп алдыңғы жұлын артериясын құрайды. Сонымен сопақша ми астында “Захарченконың артериялық шеңберінің ромбысы” қалыптасады; оның жоғарғы бұрышы негізгі артерияның, ал төменгісі алдыңғы жұлын артериясының басталған тұсы.

Омыртқа артерия бассейінде қан айналыс бұзылысы

Омыртқа артериясы сопақша миды, мишықтың артқы төменгі жақтарын және жұлынның жоғарғы сегменттерін қамтамасыз етеді.

Омыртқа артерия бассейінде қан айналым бұзылысының симтомдары:

1.    Патологиялық ошаққа қарама қарсы жақта гемиплегия мен гемигипестездің болуы

2.    Патологиялық ошақ жағындағы беттегі үстірт сезімнің бұзылысы және бас сүйек ми нервтерінің бульбар тобының зақымдану белгілері

3.    Захарченко Валленбергтің альтернациялық синдромның даму мүмкіндігі

4.    Статика мен тепе теңдік бұзылысы.

Артқы төменгі мишық артериясы — сопақша мидың жоғарғы бүйір бөлімдерін (жіп тәрізді дене, вестибулярлық ядролар, жұлын көру төмпешігі жолының бағаны) және мишықтың арт жағындағы төменгі бөлігін қанмен жабдықтайды. Аталмыш артерия зақымдалғанда Захарченко Валленгберг синдром байқалады. Патологиялық ошақ жақта бетте үстірт сезімнің бұзылысы, жұмсақ таңдай мен дабыл шектерінің әлсіреуі, көздегі симпатикалық нервтің бұзылысына байланысты Горнер синдромы пайда болады.

Базиллярлық артерия бассейнінде қан айналысының бұзылуы.

Базиллярлық артерия варолиев көпірі мен мишықты қанмен қамтамасыз етеді. Мишық қан айналысы үш жұпты мишық артериялары арқылы іске асады, оның екеуі — негізгі (базиллярлық) артерияның (жоғарғы және алдыңғы төмен), ал біреуі (артқы төмен) — омыртқа артериясының тармақтары. Базиллярлық артерия бітелуінің белгілері:

•      Қол мен аяқтың салдануы;

•      Бір немесе екі жақтан сезімділіктің бұзылуы;

•      Бет, тіл, көз қозғалтқыш, көру бас сүйек ми нервтерінің қосарлана зақымдануынан көбінесе альтерниялық ми бағандық синдромдардың пайда болуы;

•      Бұлшық ет тонусының өзгеруі;

3.Ми қанайналым бұзылыстары. Цереброваскулярлы аурулар

•      Жыл сайын ДДСҰ мәліметтері бойынша 15 млн фатальды және 15 млн фатальды емес инсульттар тіркеледі.

•      Әлімде қазіргі таңда инсультты басынан өткерген 50 миллионнан астам науқас тіркелген.

•      Жыл бойындғы инсульттар жиілігі 1000 тұрғынға есепегенде 1,5-нан 7,4-ке дейін құрайды. (ДДСҰ)

•      Цереброваскулярлы аурулар Қазақсатн мен Ресейде өлімділік себебіне байланысты жүректің ишемиялық ауруларынан кейінгі екінші орын алады.

•      Науқастардың 1/3-і алғашқы 30 күнде, ал 1 жыл ішінде – жартысына дейін өмірден өтеді.

•      Ми инсультына ұшыраған науқастрдың жартысынан көбі – еңбекке жарамды жаста болып келеді. Аман қалған науқастрдың 80 %-ы мүгедек болып қалады.

•      Инсультты басынан өткерген науқастрыдң 31%-ы үнемі күтімді қажет етеді, ал 20% өз бетімен үре алмайды.

Ми қан айналымының бұзылыстары формаларының жіктелуі

А. ми қан айналымынң жеткіліксіздігінің алғашқы көрінсітері.

Б. ми қанайналымынң өткінші бұзылыстары

1.    Транзиторлы ишемиялық шабуыл

2.    Гипертониялық церебральды криз

3.    Жедел гипертониялық энцефалопатия

В. Инсульттер

1. Геморрагиялық инсульт (20-25%):

•      а) субарахноидты қанқұйылу

•      б) миішілік қанқұйылу

•      в) вентрикулярлы қанқұйылу

•      г) аралас қанқұйылу

2. Ишемиялық инсульт (75-80%):

•      а) атеротромбоздық

•      б) кардиоэмболиялық

•      в) гемодинамиялық

•      г) лакунарлы

•      д)гемореологиялық микрооклюзия типі бойынша

Кіші инсульт

4. Бұрын өткен инсульт салдыры (1 жылдан астам)

Г. Ми қан айналымының өрбуші бұзылыстары

1. Сүлелі субдуральды гематома


Поделиться:



Последнее изменение этой страницы: 2019-04-01; Просмотров: 413; Нарушение авторского права страницы


lektsia.com 2007 - 2024 год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! (0.462 с.)
Главная | Случайная страница | Обратная связь