Архитектура Аудит Военная наука Иностранные языки Медицина Металлургия Метрология
Образование Политология Производство Психология Стандартизация Технологии


Т апсырма 1. Кесте кұру. Сабаққа қатысым туралы жалпы ведомость



Word редакторы жұмыс кезінде көптеген практикалық есептердің орындалуын жеңілдетіп, әр түрлі амалдар жиынын орындай алатын, сақталынған мәліметтерді реттеу мен форматтауға мүмкіндік беретін кестелерді ыңғайлы пайдалану жолдарын ұсынады.

Кестелерді құру және редактілеу.

Кез келген кесте (электронды болуы міндетті емес) ұяшықтарды құрайтын жолдар мен бағандарға бөлінген. Бұл ұяшықтарға әр түрлі ақпараттар жазылады, мысалы, сандар, формулалар, мәтіндер және т.б.

Кестемен жұмыс әдетте оны құрудан басталады. Word бағдарламасында кесте құру үшін келесі тәсілдердің бірін пайдаланыңыз:

- Кірістіру (Вставка) қосымшасындағы Кесте тобында Кесте батырмасын таңдап жолдар мен бағандардың санын таңдау арқылы немесе Таблица→Вставка таблицы командасын таңдау арқылы баған, жол санын таңдап ОК батырмасын таңдау арқылы орындалады. Сонымен бірге кестеде баған, жолдар қосу, ұяшықтарды біріктіру, жою, жол бойынша сұрыптау, енін, ұзындығын өзгерту орындалады.

Т апсырма 1. Кесте кұру

1. Жаңа құжат құрып, оған «Қатысым ведомості» депат қойыңыз.

2. Құжаттағы кесте қоятын орынға курсорды орналастырыңыз.

3. Тақырып атын ортаға, қарайтылған, қатар ортасына қарай туралаңыз, шрифт – KZ Аrial, өлшемі – 18, асты сызылған.

4. Тексті екі жақ шетке туралау, шрифтің аты – KZ Times New Roman, өлшемі – 14.

5. Әрбір 5 минут сайын автосохранение опциясын қосыңдар.

6. Студенттер журналының кестесін құрыңыз (Сабаққа қатысым туралы жалпы ведомость деп аталатын кесте төменде келтірілген). Ол үшін лентада Кірістіру қосымшасындағы Кесте тобында Кесте батырмасын басыңыз Кестені кірістіру командасын таңдаңыз. Кестелерді кірістіру диалогтық терезесінде жолдармен бағандардың санын таңдаңыз және ОК батырмасын басыңыз.

 

Лента

Лента - бұл Word бағдарламасының бұрыңғы нұсқаларында бар жол менюін және құрал саймандар панелін алмастыратын терезесінің басты элементтерінің бірі.

 

Сабаққа қатысым туралы жалпы ведомость

 

 

Студенттің 

аты-жөні

Аптада қатыспаған сабақтар саны

Ескертпе

Екінші жарты жылдықтағы апталар

                                                     
1                                                        
2                                                        
                                                       
15                                                        

 

7. Кестелерді редактілеу кезінде оған қосымша элементтерді, мысалы, жолдар немесе бағандар қосу қажет болса, онда келесі әрекеттерді орындаңыз:

а. Қанша қосу қажет сонша жолды немесе бағанды ерекшелеңіз;

б. Макет қосымшасына өтіңіз және Жолдар және бағандар тобында қажетті батырманы басыңыз:

o Сол жағына қою;

o Оң жағына қою;

o Төбесіне қою;

o Астына қою

8. Кестенің ішіндегі мәтінің өз ерекшелігі бар. Мысалы, оған кез келген бағытты келесі түрде беруге болады:

а. Мәтіннің бағытын өзгерткіңіз келген ұяшыққа курсорды орналастырыңыз, немесе кестенің қажет үзіндісін ерекшелеңіз;

б. Макет қосымшасына өтіңіз, Мәтін бағыты батырмасын басыңыз. Қажетті бағытты таңдау үшін Мәтін бағыты батырмасын басыңыз;

9. Студенттіңаты-жөнібатырмасына 15 студенттіңаты-жөніненгізіңіз.

10. Кестеге туралауды қолданыңыз.

Т апсырма 2.

1. Жаңа құжат құрыңыз. Оған «Сабақ кестесі» деп ат қойып, құжатты өз бумаңызда сақтаңыз.

2. Құжаттағы кесте қоятын орынға курсорды орналастырыңыз.

3. Тақырып атын ортаға, қарайтылған, қатар ортасына қарай туралаңыз, шрифтің аты – KZ Décor, өлшемі – 22, асты сызылған.

4. Тексті екі жақ шетке туралау, шрифтің аты – KZ Times New Roman, өлшемі –12.

5. Әрбір 7 минут сайын автосохранение опциясын қосыңдар.

6. Студенттер сабағының кестесін құрыңыз.

7. Дүйсенбіден сенбіге дейін толтырыңыз.

8. Сабақ аттарын тік бағытта жазыңыз.

9. Кестенің ішін төмендегідей етіп сандармен толтырыңыз.

10. Ұяшық іштерін әр түрлі түстерге бояңыз.

 

 

№2

 

Апта күндері

Сабақ түрлері

химия Физика Биолог. Қаз.тіл. Ағыл.т тарих эконом Инфор. Құқық Д/ш
1. Дүйсенбі 1   1     1   2   1
2. Сейсенбі 1 1         2   1  
3. Сәрсенбі     2 1 2         2
4. Бейсенбі   1       1 1 2    
5. Жұма 1   1   1   2   2  
6. Сенбі   1   2   1   1   2
7. Апта сағ.                    

11. Microsoft Word 2007 бағдарламасында Кестелер қасиеті диалогтық терезесіне біріктірілген өте қолайлы функциялар жиыны бар. Оны лентада Макет қосымшасындағы Кестелер тобында Қасиет батырмасын басу арқылы ашуға болады.

Кестелер қасиеті диалогтық терезесінде келесі параметрлерді анықтауға болады:

 Мәтінге сәйкес кестелердің орналасуы;

 Көлеңкелер және шекаралар;

 Кестенің әрбір жолының және бағандарының параметрлері;

 Ұяшыққа мәтінің орналасуы.

12. Әр пән бойынша аптасына қанша сағат болатынын анықтаңыз. Ол үшін кестеге соңғы жол қосып, курсорды нәтиже алынатын ұяшыққа орналастырыңыз. Лентада Макет қосымшасындағы Мәліметтер тобында Формула батырмасын басыңыз. Ашылған Формула терезесінің формула жолына =SUM(ABOVE) енгізіп, ОК батырмасын басыңыз.

Т апсырма 3 .

1. Жаңа құжат –

2. құрыңыз. Оған «Амал» деп ат қойыңыз да, оны өз бумаңызда сақтаңыз.

3. Құжаттағы кесте қоятын орынға курсорды орналастырыңыз.

4. Сандарды ортаға, қарайтылған, көлемі – 16.

5. Әрбір5 минут сайын автосохранение опциясын қосыңдар.

6. Кесте сызып, кестенің ішін көрсетілген сандармен толтырыңыз.

 

56 486 -256 654
42 512 -35 258
65 545 58 951
25 -256 548 -852

 

7. Кестеге тағы бір жол қосыңыз.

8. 1-ші қатардың қосындысын, 2-ші қатардың көбейтіндісін, 3-ші қатардың максимум (ең үлкен) мәнін, 4-ші қатардың минимум (ең кіші) мәнін табыңыз.Ол үшін Макет қосымшасындағы Мәліметтер тобында Формула командасын пайдаланыңыз.

Тапсырма 4. Формула редакторын қолдану

1-әдіс. Формулалар редакторын іске косыңыз Кірістіру(Вставка) → Формула.

 Мысалы, дәрежелі түбірді таңдаңыз:

 

 

2-әдіс. Формулалар редакторын іске косыңыз(Вставка – Объект- Объект.. – Microsoft Equation3.0). Мысалы дәрежелі түбірді таңдау:

Формула редактрінің көмегімен келесі өрнектерді енгізіңіз:

 

1. , ,

2. ;

3. ;

4.

 

5.

Осылай толтырылған құжатты Объект деген атпен файл ретіне сақтап жазып қойыңыз.

Глоссарий

Кесте – жолдар мен бағандарда реттеліп берілген ақпарат.

Жол – көршілес ұяшықтардың көлденең бірлестігі.

Баған - көршілес ұяшықтардың тік бірлестігі.

<Delete> – ерекшеленгенсөздіжою үшін қолданылатын батырма.

<Alt+F4> – Жұмыс жасап отырған терезені жабу үшін қолданылады.

Ұяшық – жолдар мен бағандардың қиылысуы

Графиканың екі негізгі типі бар: векторлық және растрлық.

Растрлық графиканың объектілері жекелеген нүкетелердің яғни пиксельдердің көмегімен құрылған.

Векторлық графика қисықтар геометрисына негізделген кескінді кодпен жазу түрін ұсынады. Векторлық графиканың негізгі түсінігі қисық болып табылады. Сонымен қатар векторлық графиканы оңай пішімдеуге болады (мысалы, масштабтауға және айналдыруға). Бұл жағдайда сапа өзгерусіз қалады. Microsoft Word бағдарламасында растрлық кескіндерге қарағанда векторлық графиканың объектілерін өңдеу мүмкіндігі өте көп. Растрлық кескіндерді бағдарламаға тек импорттауға ғана болады, ал векторлық кескінді құруға да және редактілеуге де болады.

Формула – мәліметтерді талдау мен өңдеудің негізгі құралы.

Ұяшық сілтемесі – ағымдағы ұяшықты анықтайтын ерекшеленген тіктөртбұрышты белгі.

<Shift+Tab> - алдыңғы ұяшыққа қайтып келу.

Home және End – тексттің басына және соңына апаруға мүмкіндік береді.

WordArt - фигуралық мәтін кірістіру.

 

Әдебиеттер: [1], [2], [3], [22], [25].

№6 ПРАКТИКАЛЫҚ САБАҚ

Тақырыбы: MS EXCEL кестелік процессорымен жұмыс. Мәліметтерді енгізу және редакциялау. Ұяшықтың адресі. Диаграмма тұрғызу.

Cабақтың мақсаты: Электрондық кестенің негізгі ұғымдарымен танысу, кестеге мәліметтер енгізу және оларды өңдеу, кестені файл ретінде сақтау және жүктеу әрекеттерін орындауды үйрену, есептеу формуласында салыстырмалы және абсолюттік сілтемелерді қолдану.

Жоспары:

1. Microsoft Excel қолданушы интерфейсінің негізгі элементтері.

2. Ұяшыққа енгізілетін мәліметтер және оны өзгерту.

3. Авто толтыру.

4. Ұяшық адрестері.

5. Формуланы енгізу.

6. Конкатенация операторы.


Поделиться:



Последнее изменение этой страницы: 2019-04-21; Просмотров: 220; Нарушение авторского права страницы


lektsia.com 2007 - 2024 год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! (0.036 с.)
Главная | Случайная страница | Обратная связь