Архитектура Аудит Военная наука Иностранные языки Медицина Металлургия Метрология
Образование Политология Производство Психология Стандартизация Технологии


MS DOS операциялық жүйесiнд е қолданылатын командалар:



Операциялық жүйе(ОЖ) бұл компьютерді іске қосқан кезде жүктелетін және құрылғылардың жұмысын басқаратын арнайы программа.

Оның негізгі қызметі – прораммалардың бір-бірімен және сыртқы құрылғылармен өзара әрекеттестігін ұйымдастыру, жылдам жадты бөлу, компьютердің жұмыс істеуі кезінде қате жіберу сияқты оқиғаларды анықтау, дискіні жұмыс істеуге дайындау, монитор мен принтердің жұмыс істеу режимдерін орнату, қолданушының программасын іске қосып, орындау, т.б.

MS DOS операциялық жүйесімен жұмыс істейтін компьютерлер іске қосылған кезде монитор экраннының төменгі жағында операциялық жүйенің шақыруы деп аталатын С:\> не осы сияқты белгілеме көрінеді. Әдетте шақыру шыққан жол командалық жол делінеді. Пайдаланушы компьютерге беретін командасын С:\> немесе А:\> шақыру белгісінен соң командалық жолда теріп, Enter (енгізу) пернесін басуы тиіс. 

Дискіде ақпарат файл түрінде сақталады

Файл деп логикалық байланысқа ие сыртқы жадының мәліметтер немесе программалар жиынтығы орналасқан, өз алдына дербес аты бар атаулы бөлігін айтады. Құрылған файлға ат беріледі және ол файлдық жүйеге тіркеледі. Файлдың аты екі бөліктен тұрады: файлдың атауы және файлдың кеңеймесі (типі), олар бір-бірінен нүкте арқылы ажыратылады. Файл сипаттамасы: файл аты және типі, күні және уақыты, файл көлемі, атрибуты. Файл аты мен типі латын алфавитінің үлкен және кіші әріптерімен, араб цифрлары мен келесі символдардан құрылуы мүмкін: _ - S # & @ ! ~ % () {} ^ ?

Кейбір үш символдан құрылған атаулар файл кеңеймесі ретінде берілмеуі керек, олар компьютер құрылғыларының стандартты атауы: PRN, CON, LPT, NUL, COM, AUX.

.exe, .com – бiрден орындалатын файлдар;

.bак – файлдың көшiрмесi;

.bat – командалық файл;

.sys – жүйелiк файл;

.рas – Паскаль тiлiнде жазылған файл;

.bas – Бейсик тiлiнде жазылған файл;

.txt — текстік редакторда жазылған файл;

.arj – архивтiк файл.

Дискiдегi файлдар саны көп болған жағдайда олармен жұмысты жеңiлдету үшiн ерекшелiктерiне қарай топтарға бiрiктiруге болады. Әрбiр топтың өз аты болады және ол каталог деп аталады.

Басқа каталогтың iшiнде орналасқан каталог iшкi каталог деп аталады.

MS DOS операциялық жүйесiнд е қолданылатын командалар:

CD (Change directory – каталогты өзгерту) – каталогке кiру. сd\ - түпкі каталогқа өту. cd.. – алдыңғы каталогқа өту.
MD (Make Directory – каталог құру) – жаңа каталог құру.
RD (Remove directory – каталогты жою) – каталогтi жадыдан өшiру.
DIR Каталогтың мазмұнын экранға шығару. § dir *.exe – кеңейтілмесі .EXE болатын ағымдағы каталогтағы файлдар туралы мәліметтер беру; § dir a: – ағымдағы A: дисководындағы каталог тарауларын көрсет ; § dir / P – ағымдағы каталог туралы мәліметтерді экранның толуына байланысты үзіліспен беру; § dir /W – ағымдағы каталогтағы мәліметтерді кең форматта беру; dir /o /p – ағымдағы каталогтың мәліметтерін сорттау арқылы беру (ең алдымен ішкі каталогтар, сонан соң файл аттары және кеңейтілмесі).
COPY CON Мәтіндік файл құру командасы.
REN Файлдың атын өзгерту командасы. (REN_ kin 1. bas _ Saule. Bas – kin 1.bas файлдың атын Saule.bas деп өзгерту).
COPY Файлдың көшiрмесiн алу командасы. ( COPYV kin 1.bas V tab 1.bas – kin 1.bas файлының көшiрмесi tab 1.bas файлында шығады).
DEL Файлды жадыдан өшiру командасы. (DEL V kin 1. bas – kin 1.bas атты файлды жадыдан өшiредi. Del *.bas – қосымшасы bas болған барлық файлдарды жадыдан өшiредi).
MOVE § Файлдарды екінші бір каталогқа көшіру командасы. Команда форматы: § MOVE (/Y) файл – аты каталог – аты;,  § Бір файлды екінші бір каталогқа көшіру барысында файл атын өзгертуге болады. Команда форматы: MOVE (/Y) файл-аты (дисководJ (жол) файлдың жаңа аты; § Егер ауысатын каталогтың ішінде осы аттас файл бар болатын болса, оны автоматты түрде соңғы файл атына өзгертеді. § MOVE *.doc d: — кеңейтілмесі .doc болатын барлық файлдарды негізгі дискіден D: дискісіне көшіру. § move /y */.doc ARC – негізгі каталогтан кеңейтілмесі .doc файлдарды ARC ішкі каталогына көшіру. ARC – каталогы бұрыннан бар болуы керек және аттас файлдар автоматты түрде ауыстырылады. § move thesis.bak a:thesis.old – thesis.bak файлын A: дискісіне thesis.old деген атпен көшіру. § move .bak a:.old – бұл команда жалған, өйткені файлдар жиынтығының кеңейтілмесі тек біртіндеп ғана ауыстырылады.
FILEFIND Файлдағы символдар қатары немесе файл аты бойынша дискідегі файлды іздеу командасы. Команда форматы: filefind файл-аты (символдар қатары) (универсальды режимі) § Іздеу барысында * және ? символдарын қолдануға болады.
COPY Файлдарды біріктіру (файлдар конкатенациясы) —командасы тек қана көшіру командасы ғана емес, сонымен бірге бірнеше файлдарды бір файлға біріктіретін команда.Команда форматы: Copy файл-аты (+файл-аты) … файл-аты Біріктірілетін файлдар қосу (+) таңбасы арқылы көрсетіледі, сонан соң барып соңғы файл аты жазылады. Мысалы: § Copy *.lst + *.ref *.prn – ағымдағы каталогтағы кеңейтілмесі .lst болатын әрбір файлға нақ осындай атпен, бірақ кеңейтілмесі .ref болатын екінші бір файл қосылады, ал нәтижесі аты өзгерссіз қалатын, бірақ кеңейтілмесі .prn болатын файлға ауыстырылады; § Copy file1.dat + file2.dat all.dat – file1.dat және file2.dat файлдарының конкатенациясы. Соңғыфайл all.dat дегенфайлатыменауыстырылады.
Format А: А: — дискісін форматтау. Format А: /s– А: дискісін форматтап, жүйелі дискета жасау.
DISKCOPY Дискетті көшіру. Команда форматы: diskcopy (дискжетек J (дискжетек J (/V) (/M) Командадағы бірінші параметрде көшірілетін дискжетек көрсетіледі. Екінші параметрде материал көшірілетін дискжетек көрсетіледі. Көшірілу режимдері: /V – көшірілудің дұрыстығын көрсетеді; /M – қатты дисктің көшірілу кезінде қолданылмауын қадағалайды. Мысалы: diskcopy a: b: /v –A: дискжетегін B: дискжетегіне көшірілудің дұрыстығын тексере отырып көшіреді;
Ехіt MSDOS, командалық жолдан шығу командасы.

Жаттығу 1. MSDOS командаларымен жұмыс

1. cd \ ¿                                                              (С:\ дискісіне көшу)

2. С:\>md KURS¿                                               (KURS каталогын құру)

3. С:\>с d KURS¿                                                   (KURS каталогын ашу)

4. С:\>KURS>copy con gruppa.txt ¿                    (gruppa.txt файлын құру)

5. Мәлімет жазу

6. С trl+Z ¿ немесе Ғ6                                           (файлды сақтау)    

7. С:\>KURS> type gruppa.txt¿                     (файл мазмұнын қарау)

8. С:\>KURS>copy con student.txt ¿                    (сtudent.txt файлын құру)

9. Мәлімет жазу

10. С trl+Z ¿ немесе Ғ6                                           (файлды сақтау)    

11. С:\>KURS> copy gruppa.txt  student.txt        (файлды көшіру)

12. С:\>KURS> del *. txt           (кеңеймелері txt болатын барлық файлдарды жою)

13. С:\> KURS dir ¿                                           (Каталог мазмұнын қарау)

14. С:\> rd KURS¿                                              (каталогты жою)

 

 MS Windows операциялық жүйесімен сұхбат құру меню көмегімен немесе тышқан батырмаларын шерту арқылы орындалады. MS Windows жүйесінің негізгі элементтері: бума, жарлық, жұмыс үстелі, файлдық жүйе, тапсырмалар панелі.

Тышқаннаң оң жақ батырмасын шерту кез-келген объектіде меню ашады, ол менюді контекстік деп атайды.

Paint сурет салу бағдарламасы әр түрлі графикалық кескіндерді салуға редакциялауға, күрделі графикалық шығармаларды жасауға арналған.

WordPad текстік редакторы қарапайым мәтіндік құжаттарды жасауға, графикалық кескіндерді қоюға мүмкіндік береді. Суреттің бөлінген бөлігі үзінді деп аталады.

Мәтінді пішімдеу деп символдардың, әріптердің әлпетін өзгертуді, яғни жартылай қалың, курсив, асты сызылған түрге келтіруді айтады. Мәтіннің блогын көшіру деп, алдымен оны мауспен белгілеп, содан кейін <Ctrl> пернесін басып тұрып, оны іліп алып, қажетті орынға апаруды айтады. Блокнот - қарапайым мәтіндік редактор. Калькулятор бағдарламасы электронды калькулятордың жұмысын модельдейді.

Стандарт қосымшаларға Windows операциялық жүйесінің құрамындағы, қолданушыға ең қажет, қарапайым қызмет түрлерін (қарапайым мәтіндік құжат даярлау, суреттер салу, сақтау, баспаға шығару, математикалық қарапайым есептеулер жүргізу және т.б.) көрсететін келесі қосымшалар немесе программалар жатады: мәтіндік редактор WordPad, Блокнот, графиктік редактор Paint, Калькулятор

Өз бетімен орындауға арналған тапсырмалар:

Тапсырма 1. Операциялық жүйе MS DOS немесе командалық жолмен жұмыс.

1. С:\> дискісін белсенді етіңіз.

2. С:\> диск мазмұнын қараңыз.

3. Менің құжаттарым бумасының мазмұнын қараңыз.

4. Менің құжаттарым бумасын ашып GRUPA1 бумасын құрыңыз.

5. GRUPA1 бумасын ашыңыз.

6. Өз атыңызбен жаңа бума құрыңыз.

7. kurs1.txt, kurs2.txt екі текстік файл құрыңыз, мәлімет жазыңыз.

8. Файл мазмұнын бір файлға біріктіріңіз.

9. GRUPA1 бумасының мазмұнын қараңыз. 

10. Жұмысты аяқтаңыз.

Тапсырма 2. Берілген схема бойынша каталогтар ағашын құрыңыз.

1. cd \ ¿                                                                  

2. С:\>md Directory¿

                                  

Тапсырма 3. «Мой компьютер» белгісін белсенді ету.

1. Төменде берілген әдістердің бірін таңдау арқылы «Компьютер» терезесін ашыңыз:

1 әдіс. «Компьютер» терезесін екі рет шерту арқылы ашу;

2 әдіс. Тышқан курсорын «Компьютер» белгісіне қойып оң жақ батырмасына шерту, ашылған контекстік менюден «Открыть» командасын таңдау;

3 әдіс. Бас менюден «Компьютер» командасын таңдау.

2. Берілген әдістердің бірі арқылы «Компьютер» терезесін ашып, көрінген дискілердің мазмұнын қарап шығыңыз.

3. Құжаттар бумасынан GRUPA1 бумасының мазмұнын қараңыз.

4. GRUPA1 бумасының ішіндегі өз бумаңызда құрылған текстік құжат мазмұнын қараңыз.

5. Терезені жабу үшін терезелердің оң жақ бұрышында орналасқан r батырмасына шертсе терезе жабылады.

Тапсырма 4. Тышқан батырмасымен жұмыс.

1. Бас менюді Іске қосу батырмасы арқылы ашыңыз.

2. Тышқан меңзерін Жұмыс үстелінің кез келген жеріне апарып шерту арқылы Бас менюді алып тастаңыз.

3. Ctrl+Esc пернелерінің көмегімен Бас менюді ашыңыз.

4. Барлық программалар бөлімінен мазмұнын (программалар тізімін) қарап шығыңыз.

5. Бас меню терезесінен Стандартты программасынан мәтін құжатты Блокнотты іске қосыңыз, қысқаша тобыңыз туралы мәлімет жазып сақтаңыз, терезені жабыңыз.

6. Құжаттар(Документы) терезесін ашыңыз.

7. Негізгі (Главная )→Создать→Создать папку командасын таңдап Жаңа бума құрыңыз да СТУДЕНТ_*** (*** орнына өз атыңызды) жазыңыз.

8. Студент терезесінің ашық жерінде тышқанның оң жақ батырмасын шертіңіз. Пайда болған контекстік менюде Создать пунктін таңдап, пайда болған ішкі менюден Папку командасын орындаңыз. Студент бумасында жаңа бума ашылуға тиісті Новая папка аты бар жаңа бума ашылады.

9. Новая папка атын өзгерту үшін ат беріп, Enter пернесін басу керек.

10. Текстовый документ(Notepad [Блокнот]) редакторының көмегімен шағын текстік құжат құру.

a.  Файл пиктограммасы бойынша тышқанды екі рет шертіп, құжатты ашыңыз.

(Білім туралы мақал-мәтел жазыңыз).

b. File (Файл) жазуына тышқанмен шертіп, Save (Сохранить) командасын орындаңыз. Нәтижесінде сіз құрған құжат My first text Document.txt файлында сақталады.

c.  Файл пиктограммасына тышқанның оң жақ батырмасын шертіп, контекстік менюде Open (Открыть) командасын таңдаңыз. Файл мазмұнын қарап шығу мүмкіндігі туады.

d. r батырмасында шертіп, Текстовый документ терезесін жабыңыз.

Тапсырма 5. Жарлық құру және пиктограмасын өзгерту.

1. Өз бумаңызды ашыңыз.

2. Өзіңіз құрған текстік файл белгісіне тышқанның оң жақ батырмасын шертіңіз.

3. Пайда болған менюден Создать ярлык командасын.

4. Құрылған жарлықты Жұмыс үстелінде керекті орынға жылжытыңыз.

5. Жарлық белгісінде тышқанның оң жақ батырмасын шертіңіз.

6. Свойства командасын таңдаңыз.

7. Диалогты терезеде Сменить значок батырмасына шертіңіз.

8. Қажетті белгіні таңдаңыз.

9. ОК батырмасында шертіңіз.          

Жарлық белгісін ің атауын өзгерту үшін төменде көрсетілгендей орындаңыз:

10. Жарлық бойынша тышқанның оң жақ батырмасында шертіңіз.

11. Объект менюінің Переименование командасын таңдаңыз.

12. Жаңа ат енгізіңіз.

Тапсырма 6. Өшірілген объектілерді қалпына келтіру.

1. Жұмыс устелінде Корзина белгісіне 2 рет шерту керек.

2. Өз бумаңызда қалпына келтіретін объектіні ерекшелеңіз.

3. Файл менюінде Восстановить командасын таңдаңыз.

Тапсырма 7. Paint стандартты графикалық редакторында жұмыс жасау.

1. Paint графиктік редакторын жүктеңіз.

2. Файлды С:\ СТУДЕНТ_***  бумасына СУРЕТ атымен сақтаңыз.

3.Сурет (Антресоль) салыңдар.

 

4. Барлық енгізілген өзгертулерді сақтай отырып, графикалық редактор терезесін жабыңдар.

5. С:\ СТУДЕНТ_***  бумасын флешкіге көшіріңдер.

6. Флешкі мазмұнын қарап шығыңдар.

7. Ашылған барлық терезелерді жабыңдар.


Тапсырма 8.

Блокнот (Текстовый документ) және Калькулятор бағдарламалары мен жұмыс.

1. Блокнот редакторын іске қосыңдар.

2. С:\СТУДЕНТ  бумасында Тапсырма деген атпен файлды сақтаңдар.

3. Текстовый документ редакторының терезесін жаппай, Калькулятор стандартты программасын іске қосыңдар.

4. Текстік редакторда мысалдар жазамыз да, оларды Калкуляторда есептейміз. Ол үшін:

5. Текстік редактор терезесінде төменде берілген өрнекті ерекшелеңіз, оны алмасу буферіне Правка→Копировать командасы арқылы көшіріңіз (немесе CTRL+C басыңыз).

Мысал:

53+2127-69+133=

 

6. Калькулятор терезесінің кәдімгі түріне көшіңіз.

7. Алмасу буферінен мысалды Правка\Вставить командасының көмегімен қойыңыз (немесе CTRL+V басыңыз).

8. Калькулятор терезесінде жауабын аласыз.

9. Калькулятордағы жауапты алмасу буферіне Правка→Копировать командасының көмегімен көшіріңіз.

10. Блокнот программасына өтіңіз.

11. Мысалдың соңына “=” белгісінен кейін курсорды орналастырыңыз.

12. Жауапты алмасу буферінен Правка→Вставить командасының көмегімен қойыңыз. Блокнот текстік редакторында “2244” жауабын көресіз.

13. Дәл осылай калькуляторда келесі амалдарды орындаңыздар

а) 125.26*63.65 б)456.36/(377-2.58);

б) (456.25 – 35.35 )*(3.658-45.254);

в) 143+83;г) 45.62+323.

Нәтижесін жазыңыз.

14. Тапсырма файлындағы өзгерістерді сақтаңыз.

15. Блокнот терезесін жабыңыз.

16. Проводник ортасында СТУДЕНТ_*** бумасынан Тапсырма құжатын ашып қараңыз. Барлық ашық терезелерді жабыңыз.

Тапсырма 9. Калькулятордың инженерлік түрін қолдану.

1. Ондық санау жүйесінде 585 санын теріп, Bin(екілік) батырмасын шертсе, онда инндикация өрісінде 100 100 100 01 көрінеді, ал Oct(сегіздік) батырмасын шертсе, онда инндикация өрісінде 1111 пайда болады, одан соң Hex( он алтылық) батырмасын шертсе, 249 саны шығады.

Есептеңіз: 1. а) 294(10); б) 723(10); в) 950,25(10); г) 976,625(10);

2. а) 10000011001(2); б) 10101100(2); в)1101100,01(2); г) 1110001100,1(2); д) 1053,2(8); е) 200,6(16).

3. а) 1000111110(2)+10111111(2); б) 1111001(2)+110100110(2); в) 1001110101,00011(2)+1001001000,01(2); г) 104,4(8)+1310,62(8); д) 2BD,3(16)+EB,C(16).

4. а) 11110111(2)-11110100(2); б) 1001100111(2)-101100111(2); в) 1100110111,001(2)-1010001101,0011(2); г) 631,1(8)-263,2(8); д) 262,8(16)-1D6,88(16).

5. а) 111101(2)х 1111(2); б) 1751,2(8)х 77,24(8); в) 40,4(16)х54,6(16).

6. а) 100111000(2) : 1101(2); б) 4120(8) : 23(8); в) 8F6(16) : 1F(16);

 

2. 5 адам тұратын шағын бөлменің қызметкерлерінің орта жалақысын есептейік:

1-ші қызметкердің жалақысы-7500

2-ші қызметкердің жалақысы-6500

3-ші қызметкердің жалақысы-6000

4-ші қызметкердің жалақысы-4000

5-ші қызметкердің жалақысы-3500

Орта жалақыны есептеу үшін мына әрекеттерді орындау керек

1. Инжерерлік калькуляторды ашыңдар.

2. Sta батырмасын басу керек Статистика терезесі ашылады, оны калькулятордың терезесін жаппайтындай етіп тасымалдfп, шетке шығарып қойыңыз.

3. Калькуляторға бірінші санды енгізіп, Dat батырмасын шерт, берілген сан Статистика терезесінде пайда болады.

4. Dat батырмасын шертіп отырып, қалған төрт санды калькуляторға енгіз.

5. Барлық сандар статистика терезесіне енгізіліп болғаннан кейін Ave батырмасын шерту керек.

Калькулятордың индикация өрісінде жалақының орта мәні 5500 теңге көрінеді.

Есеп 2. Нәтежиесінде 100 санын алу үшін, 987654321 санындағы цифрлардың арасына + , - , * , : , белгісін қою керек.    9 8 7 6 5 4 3 2 1 = 100

6. Нәтежиесінде 100 санын алу үшін жеті санның арасына белгісін қойыңдар.

                      1 2 3 4 5 6 7 = 100

Сандардың қатарын өзгертуге болмайды.

Глоссарий

Бума (папка, каталог) – бір дискіде орналасқан, белгілі бір қажеттілік бойынша бір топқа біріктірілген файлдар жиынтығын атау үшін қолданылатын Windows жүйесінің негізгі объектілерінің бірі.

Жарлық (Ярлык)-нақты бір объектіге апаратын жол (маршрут, путь) сақталатын, бір килобайт көлеміндегі шағын файл. Жарлықтар да қажет объектілерді жылдам тауып алу үшін қолданылады.

Жұмыс үстелі (Рабочий стол) – Windows операциялық жүйесінің бумалары мен файлдары, жарлықтары және тағы да басқа жүйені басқару элементтері орналасатын жоғары деңгейдегі объектісі (немесе бума). Windows операциялық жүйесі іске қосылғанда бірден жұмыс үстелінің терезесі ашылады.

Тапсырмалар панелі (Панель задач) – жұмыс үстелінде орналасқан және қолданушының жасап жатырған тапсырмаларын уақытша қоя тұруына арналған Windows операциялық жүйесінің негізгі басқару элементтерінің бірі.

Файлдық жүйе – дискідегі файлдардың орналасуына және олармен жұмыс жасауды басқаруға жауап беретін операциялық жүйенің құрамды бір бөлігі.

Сілтеуіш (Проводник) - файлдық жүйеден кез-келген объектіні іздеуге және олармен басқа да әрекеттерді орындауға арналған операциялық жүйенің қызметші программасы.

Алмасу буфері (Clipboard) - операциялық жүйе жұмысы кезінде қосымшалар мен құжаттар арасындағы мәлімет алмастыруды қамтамасыз етуге арналған жедел жадының арнаулы бөлігі.

Әдебиеттер. [2], [3], [4], [5], [12], [22], [25], [26]

№4 ПРАКТИКАЛЫҚ САБАҚ

Тақырыбы: Microsoft Word редакторын тағайындау, форматтау және редакторлау, беттерді белгілеу.

Сабақ мақсаты: қарапайым құжаттарды құру, мәтін редакторымен жұмыс істеу, мәтінді редактрлеу және форматтау мүмкіндіктерімен машықтану.

Жоспары:

1. Мәтін редакторында жаңа құжат құру және құжатты редакторлау.

2. Гиперсілтеме, сілтеме, бетке номер, колонтитул, символ қою.

Блиц-тест

1. Word редакторында ерекшеленген мәтінді, санды және объектіні сол жақ шетi бойынша тегістеу үшін (Дұрыс емес нұсқаны таңдаңыз!):

A) Ctrl+R пернелер комбинациясын басу керек.

B)  Ctrl+L пернелер комбинациясын басу керек.

C) Жанама менюден <Абзац> қатарын таңдап, <Шегіністер мен
интервалдар> бүктемесінен «сол жақ шеті бойынша» тегістеуді таңдаукерек.

D) <Негізгі-Абзац> командасының <Шегіністер мен интервалдар>
бүктемесінен «сол жақ шеті бойынша» тегістеуді таңдау керек.

E)  Пішімдеу саймандар тақтасының   батырмасын басу керек.

2. Мәтіннің бip бөлігін қиьш алу үшін орындалатын әрекеттер тізімі:

A) Мәтінді белгілеп алу - Негізгі(Главная) - Қиьш алу(Вырезать)

B) Мәтінді белгілеп алу - Файл - Қиып алу(Вырезать)

C)  Мәтінді белгілеп алу - Сервис - Қиып алу(Вырезать)

D) Mәтінді белгілеп алу - Kipicтipy(B ставка) -Қиып алу(Вырезать)

E) Мәтінді белгілеп алу - Пішімдеу(Формат) - Қиьш алу(Вырезать)

3. MS Word редакторында жұмыс жасауда Kөшіpy командасы пайдаланылады:

A) Буферге бөліп алынған үзіндіні көшіреді.

B)  Буферге бөліп алынған үзіндші экраннан өшіреді.

C)  Буферге қиып алынған үзіндіні көшіреді

D) Экранда бұл үзіндінің eкінші көшірмесі жазады.

E)  Бөлініп алынған үзіндіні жаңа файлға жазады.

4. Word. Айналу белдеулері не үшін қажет?

A) Файл бойымен жылжу үшін

B) Файлдарды жою үшін

C) Файлдьң қажет емес фрагментін жасыру үшін

D) Алдын ала керу үшін

E)  Файлды сақтау үшін

5. MS Word редакторында саймандар панеліндегі қайшы белгісінің функциясы:

A) Ерекшеленген фрагментті қиьш және алмасу буферіне сақтау.

B) Алмасу буферіне көшіру.

C) Жаңа құжат құру.

D) Белгіленген фрагментті өшіру.

E) Алмасу буферінен ерекшеленген

Бақылау сұрақтары

1. MS Word-тың ролі және қолданылуы.

2. Word тексттік редакторында терезе элементтері, атқаратын қызметі.

3. Құжат құру қандай жолмен жүзеге асады?

4. Саймандар панелі дегеніміз не?

5. Құжатты сақтау қандай жолмен жасалады? Парақ параметрлерін өзгеру.

6. Туралау дегеніміз не?

7. Word жұмыс ортасына басқа объектілерді қою.

8. Форматтау туралы не білесіз?

9. Парақтарға нумерация қалай қойылады?


Поделиться:



Последнее изменение этой страницы: 2019-04-21; Просмотров: 251; Нарушение авторского права страницы


lektsia.com 2007 - 2024 год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! (0.108 с.)
Главная | Случайная страница | Обратная связь