Архитектура Аудит Военная наука Иностранные языки Медицина Металлургия Метрология
Образование Политология Производство Психология Стандартизация Технологии


Бос құжатты даярлау. Құжатты редакторлау.



Мәтін редакторымен келесі жұмыстарды орындауға болады:

- жаңа құжат құру, мәтінді теру, мәтінді сақтау;

- құжатты оқу және редакторлеу;

- құжатта түрлі кестелер дайындау;

- қарапайым геометриялық фигураларды салу;

- басқа қосымшаларда дайындалған түрлі мәліметтік үзінділерді және суреттерді кірістіру;

- дайын құжатты баспадан шығару.

Жаңа құжатты даярлау. Word редакторы іске қосылған соң, экранда Құжат1 деген бос Терезе пайда болады. Құжаттың бұлай аталу себебі Word программасы іске кіріскен кезден бастап, бұл сіздің 1-құжатыңыз болып саналады. Келесі құжат 2-нөмірлі, онан кейін 3-нөмірлі т.с.с. болып әрбір келесі құжат нөмірі осылай өсіп отырады. Егер ашылған 1-құжат жабылса да, осы тереземен жұмыс істеп отырғанда (осы сеанс кезінде) даярланған келесі мәтін 2-құжат болып нөмірленеді. Жаңа құжат ашарда меню жолынан Файл → Создать командасын таңдалып белгілі бір шаблонды (нұсқаны) пайдаланады. Нұсқа жаңа құжатты форматтау параметрлерін анықтайды. Бұл параметрлерге шрифтегі таңбалар сызылымы, парақ айналасындағы бос қалдырылатын өрістер (поля) мәні, табуляция символдары және т.б. жатады. Нұсқалардың бұлардан басқа мынадай элементтері болуы мүмкін:

· мәтін (мысалы, жоғарғы немесе төменгі колонтитулдар немесе бет нөмірлері);

· кестелер (таблицалар);

· төртбұрышты жақтаулар (керегелер);

· графикалық бейнелер;

· кейбір арнайы құралдар (макрокомандалар, батырмалар, айта берсек аспаптар тақтасы) және т.б.

Алдын ала келесім бойынша, жаңадан ашылған құжат «Кәдімгі» нұсқа (шаблон «Обычный») бойынша жасалады. Word редакторын алғашқы рет компьютерге орналастырғанда оның құрамына мынадай стандартты нұсқалар кіруі тиіс, олар: іс қағаздары, қызмет жазбалары; газет беттері; т.б. типтегі құжат түрлері. Бұл нұсқалар ішінде бірден толтырылуға тиіс стандарты өріс жолдары (Кімге, Кімнен, Дата) мен дайын сөз тіркестері болғандықтан, олар әркімнің уақыттарын тиімді пайдалануды қамтамасыз етеді. Арнаулы нұсқаларды пайдалану дайындалған құжаттарға біркелкі стиль береді.

Бос құжатты даярлау

Бірінші құжатты даярлау үшін «Кәдімгі» нұсқасын пайдаланайық. Бұл нұсқа кейін информация енгізетін, ал әзірге бос құжат терезесін ашарда қажет. Өйткені әзірше бұл құжатқа оның мәтінін форматтау немесе безендіру жөнінде арнайы талап қойылған жоқ. «Кәдімгі» нұсқасымен бос құжатты даярлау үшін:

1. Файл → құру (Файл → Создать→Доступные шаблоны терезесінен →Новый документ шаблонын) таңдау қажет. Немесе құжатты Ctrl + N пернелерінің көмегімен де құруға болады

2. Құжатты сақтау (Файл →Сахранить как... немесе F12 пернесін басу).

Құжат сақтауда әртүрлі файл типтері бар:*.doc, *.html, *.xml, *.dotm . . .

3. Файл аты деген өріс жолына құжаттқа қойылатын аты енгізу, әйтпесе Word-тың ұсынған атын (мысалы, Документ1) қабылдау.

Құжатты редакторлау.

Құжатты редакторлау дегеніміз құжатқа өзгерістер енгізу.

1. Главная панелінің қаріп тобынан қаріп түсін, стилін, өлшемін, жартылай қарайтылған, курсив, асты сызылған т.б. мүмкіндіктерді таңдау. 

2. Стилдер терезесінен ерекшеленген мәтінді өзгертуге болады.

3. Алмастыру терезесінен кесіп алу, таңдалған үзіндіні буферге көшіріп, өшіру, көшіру, таңдалған үзіндінің көшірмесін буферге енгізу, кірістіру, буфермен кірістіру, тазалау, таңдалған үзіндіні өшіру.

Тапсырма 1. Мәтін құжатын құру және сақтау.

1. Жаңа құжатқа мәтінді енгізуден бұрын парақ бетінің параметрін орнатып алу қажет:

- парақ бетінің параметрін: верхнее – 1,5, нижнее – 2, левое – 2,5, правое – 1,5 (Разметка страницы →Параметры страницы→Поля);

- шрифтің атын, стилін, түсін, өлшемін таңдау үшін Абзац сұқбат терезесінен текст тақырыбын ортаға, қарайтылған, қатар ортасына қарай туралу, шрифтің аты – Times New Roman, – 24, асты сызылған стильдерді таңдау (Главная →Абзац).

- Әрбір 3 минут сайын сақтау опциясын қосыңдар(Файл→Параметры → Сохранение → Автосохранение каждые → ОК).

2. Тексте арнайы маркерлерді қолданыңыз (Главная қосымшасындағы маркеры).

3. Қатар аралықтарын өзгертіңдер (Главная немесе Разметка страницы→Абзац).

4. Файлды пернелердің көмегімен сақтаңдар және жабыңдар (Shift+F12 және ALT+F4 пернелері)

5. Сақталған файлды ашыңыз. Төменде берілген мәтінді ерекшелеп Алмастыру буферіне көшіріп алыңыз да құжат бетіне орналастырыңыз. Копировать (Ctrl+) →Вставить (Shift+ Ins)

Шаршаған жағдайда қолданылатын жаттығулар Студентті компьютермен жұмыс жасай отырып, шаршаған жағдайда келтірілген жаттығуларды пайдалануы қажет: 1. Шаршаған кездегі көздің қарау бағытын өзгерту ( ауыстыру ): · Алысқа-жақынға, оңға-солға, жоғары-төменқарау; · Сағаттілінің бағытымен және керісінше көзді айналдыра, қозғалыс жасау; · Көзді қолмен жауып 1-1,5 минут отыру. 2. Басты бұру жаттығуларын жасау: · Басты сағат тілі бағытымен және керісінше бұрып айналдыру; · Басты жан-жаққа бұру. 3. Саусақтарды жұмып-ашу және қолдың білезігін босаңсыту. Денені босаңсыту және оны керіліп шынықтыру.

3. Біріккен текстің шрифт өлшемін – 12, шрифт атын – Arial өзгертіңіз.

4. Текст маркерлерін өзгертіңіз.

5. Текстке стиль кітапханасын қолданыңыз (Главная →Стили ).

6. Текстке колонканы қолданыңыз, типі –3 (Разметка страницы → Колонки)

 

3. Жаңа бумаға құжатты сақтау .

1. Құжат құрыңыз.

2. Өз бумаңызда құжатты «Интернет» атымен сақтаңыз.

3. Әрбір 5 минут сайын автосохранение опциясын қосыңдар.

4. Төмендегі мәтінді теріңіз (шрифт өлшемі–14, шрифт аты - ТimesNewRoman):

Интернет дегеніміз не? Интернет – кез-келген компьютерді жер шарында орналасқан басқа жұмыс станциясымен, яғни телефон арнасына қосылған басқа компьютермен жылдам байланыстыратын Дүниежүзілік Желі. Оны дүниедегі ең үлкен (большой) ауқымды желі деп атайды. WorldWideWeb(WWW) дүниежүзілік тармақталған желісі - бұл Интернеттің ең кең таралған, күннен күнге тоқтаусыз өсіп жатқан қызмет түрі. WWWИнтернет мәліметтерін жеңіл көруге болатын графикалық интерфейс мүмкіндігін береді. Ондағы мәліметтер мен олардың бір-бірімен байланысын ақпараттық өрмек деп айтса да болады.

5. Бірінші жолға Заголовок 1 стилін қолданыңыз (Главная →Стили).

6. Негізгі тексті (ұзындығы) ені бойынша тегістеңдер (Главная→ Абзац→ Отступы и интервалы→Выравнивание→По ширине).

7. Негізгі текст үшін 1 см-ге тең абзац орнатыңдар. (Главная→Абзац→ Отступы и интервалы→Первая строка→Отступ – на 1см).

8. Негізгі текст үшін сол және оң шегіністер орнатыңдар (Главная→ Абзац→ Отступы и интервалы→Отступ→слева: 0,5см; справа: 1,5см).

9. Жоларалық интервалды 17 пункткетең орнатыңдар (Главная→Абзац→ Отступы и интервалы→межстрочный→точно - значение 17 ).

10. Абзац арасында қосымша интервалдар орнатыңдар (Главная→Абзац→ Отступы и интервалы→Интервал→перед: 12пт)

11. Негізгі тексте Интернет сөзін курсивпен жазыңдар.

12. «большой» сөзін оның синонимы «крупный» сөзімен ауыстырыңдар, ол үшін оны ерекшелеп Рецензирование→Тезарус командасын орындаңыз немесе Shift+F7 пернелерін басыңыз.

13. Қателерін түзетіңдер F7.

14. Өзгертулерді ескеріп, құжатты сақтаңдар

 

Тапсырма 2. Парақ бойынша көшу.

1) CTRL + →бір сөзге оңға көшу, CTRL + ←бір сөзге солға көшу, CTRL + ↓келесі абзац басына көшу, CTRL +↑ағымдағы абзац басына көшу, CTRL + PAGE UP келесі бетке көшу, CTRL + PAGE DOWN алдыңғы бетке көшу, CTRL + HOME курсорды құжат басына апару, CTRL + END құжаттың соңғы символына қояды. Сол жақ ALT +↓келесі колонканың басына қояды.

2) TAB кесте ұяшықтарына көшеді, ALT + HOME курсорды жолдың бірінші ұяшығына көшеді, ALT + END жолдың соңғы ұяшығына көшеді, ALT + PAGE UP курсорды бағанның жоғарғы ұяшығына көшеді, ALT + PAGE DOWN курсорды бағанның төменгі ұяшығына көшеді.

3) Сөзді ауыстыру:

- Ауыстырылатын сөзді ерекшелеп Главная →Редактирование → Заменить(CTRL +Н) командаларын таңдаңыз;

- ашылған терезенің Заменить на терезесіне ауыстыратын сөзді жазыңыз.

- сол сияқты Найти, Перейти сұхбат терезелерін қолданыңыз.

4) Вид → Перейти в другое окно. Командаларын қолданып нәтижесін түсіндіріңіз.

Тапсырма 3. Закладканы қолдану.

Закладка қолдану таңдалған объектіге тез көшуге мүмкіндік береді.

1. Құжат фрагментін ерекшелеңіз;

2. Вставка →Закладка→Имя закладки өрісіне қажетті атты енгізіңізде Добавить батырмасын таңдаңыз.

3. Закладка бойынша Көшу Закладка → енгізілген Закладка атын таңдап Перейти батырмасын таңдаңыз.

4. Закладканы жою үшін Удалить командасы таңдаңыз.

Тапсырма 4. Гиперсілтемені қолдану.

Гиперсілтеме – асты сызылған, түске боялған мәтін немесе графикалық объект. 

1) Мәтін немесе графикалық объектіні ерекшелеп Вставка →Ссылка→Гиперссылка(CTRL +К) →ашылған сұхбат терезесінен файл адресін таңдаңыз→ ОК.

2) Гиперсілтемені алыптастау үшін қайта ерекшелеп Вставка →ССылка→Гиперссылка сұхбат терезесінен Удалитьссылку батырмасын таңдаңыз.

3) Нәтижесін түсіндіріңіз.

 

Тапсырма 5. Сілтемені (Сносканы) қолдану

Сноска құжатта түсініктеме беру үшін қолданылады.

Ссылка→Вставить сноску(ALT +CTRL+Ғ) түсініктеме мәтінді енгізіңіз.

Сносканы алып тастау үшін мәтіндегі сноска белгісін жою керек.

 

Тапсырма 6. Бетті номерлеу.

1. Вставка →Номер страницы→қажетті бағытты таңдаңыз.

 

Тапсырма 7. Колонтитул қою.

Вставка →Жоғарғы немесе төменгі колонтитул →қажетті жағдайды таңдаңыз.

Тапсырма 8. Символ қою.

Вставка →Символы→Символ → қажетті символды таңдаңыз. Қажетті символ жоқ болған жағдайда Вставка → Символы →Символ→Другие символы...

 

Тапсырма 9 Буквица қою.

Мәтіннің бас әрпін ерекшелеп Вставка → Буквица таңдаңыз;

Нәтижесін түсіндіріңіз.

Глоссарий

CTRL+S пернелерін басу арқылы құжатты сақтауға болады.

Page Up және Page Down – парақтан параққа сәйкесінше жоғары және төмен жылжуға болады.

Әдебиеттер: [1], [2], [3], [22], [25].

 

№5 ПРАКТИКАЛЫҚ САБАҚ

Тақырыбы: Кестелер және шекаралар. Формула редакторы.

Сабақтың мақсаты: Windows ОЖ-де MS Word редакторының көмегімен кестелер жасауды және оларды қалай форматтау керектігін үйрету. Формулар редакторын қолдану.

Жоспары

1. Кесте құру.

2. Кесте бөліктерін және оның ішіндегі тексті форматтау.

3. Формула редакторын қосу.

Блиц-тест

1. Word құжаттарында кестені жою үшін

a) кестені ерекшелеп алып, “Макет” қосымшасынан “Удалить - Удалить таблицу” командасын таңдау қажет;

b) кестені ерекшелеп алу және BackSpace пернесін басу;

c) кестені ерекшелеп алу және Tab пернесін басу;

d) кестені ерекшелеп алу және Delete пернесін басу;

e) кестені ерекшелеп алу және Esc пернесін басу.

2. Word текстік редакторында “Таблица” менюі не үшін қолданылады.

a) Microsoft Excel-мен байланысу үшін;

b) кестедегі информацияны өңдеу үшін;

c) MS Access мәліметтер қорына мәліметтерді орналастыру үшін;

d) MS Excel немесе MS Access кестесінен мәліметтерді сыртқа шығару үшін;

e) текстік құжатқа кестені енгізу үшін.

3. MS Word тексттік редакторында кесте қосу үшін қай команда қолданылады?

a) Вставка/Таблица/Добавить строки;

b) Вставка/Таблица/Вставить таблицу...;

c) Таблица/Добавить столбцы;

d) Вставка/Таблица/Выделить таблицу;

e) Вставка/Таблица/Преобразовать в таблицу.

4. MS Word-та кестемен жұмыс істегенде келесі ұяшыққа өту үшін... қолданылды


a) Enter;       

b) Delete;                   

c) курсорды басқарушы клавишалар;

d) Caps Lock;  

e) Backspace.


5. Алдын ала қарау батырмасы не үшін қажет?

a) құжат құрылымын қарау үшін, яғни осы құжаттың тараулар, параграфтар және т.с.с. тақырыптарын қарау үшін;

b) баспадан шығарғанда қандай түрде болатынын көру үшін;

c) құжаттың парақтар санын қару үшін;

d) құжатты баспадан шығару үшін;

e) құжатты автоформаттау үшін.

6. Word құжатындағы формула дегеніміз не?


a) текст;

b) объект;

c) құрамдас графика;

d) символ;

e) арнайы кірістірме.


7. MS Word -та формула редакторы қалай аталады?


a) программа WEB

b) программа Word ART

c) программа MS Equation 

d) программа Visual Basic

e) программа MS Graph


Бақылау сұрақтары

1. Кестені құру қандай жолмен жасалады?

2. Текстік редакторда кестені неше жолмен тұрғызуға болады?

3. Екі ұяшықты біріктіру қандай жолмен орындалады?

4. Ұяшықтағы сөзді тігінен жазу үшін қандай команданы орындау керек?

5. Кестедегі бағанды автоматты түрде қай жолмен нөмірлейміз?

6. Жұмыс жасап отырған кестеге баған немесе жолды қосу үшін қандай әрекеттер орындалады?

7. Біріктірілген ұяшықты қайтадан қалпына келтіру үшін саймандар панелінің қандай батырмасын қолданамыз?

8. Кестелердің түсін, өлшемін өзгерту қандай жолмен орындалады?

9. Тізімдер. Тізімдердің түрлері, қолданылуы.

10. Кестелер, кестелермен жұмыс. Жай кестелерді қою.

 


Поделиться:



Последнее изменение этой страницы: 2019-04-21; Просмотров: 271; Нарушение авторского права страницы


lektsia.com 2007 - 2024 год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! (0.074 с.)
Главная | Случайная страница | Обратная связь